Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
- шығындар туралы деректерді жинау;
- шығындар объектілерінің арасындағы шығындарды бөлу.
Шығындар деп нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған (тура немесе жанама) барлық ресурстардың (ақпараттық-технологиялық және еңбек ресурстарын қоса алғанда, материалдық) құндық көрінісі, сондай-ақ мәлімделген нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін берешектерді өтеуге төлеу қажет ақшалай қаражат түсініледі.
Шығындар іс жүзінде өзіне бюджеттік ұйымның күрделі қаржыларын да, сондай-ақ нақты мемлекеттік қызметті көрсетуге немесе мәлімделген нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталатын шығыстарды да қамтиды.
Есепті кезеңге тиістілігіне қарай ағымдағы қаржы жылының шығындарын және жоспарлы кезеңнің шығындарын айырады. Сонымен, шығындар өзіне бір қаржы жылының ішінде де (ағымдағы қаржы жылының) қойылған мақсаттарды (міндеттерді) орындауға бағытталатын, сонымен бірге бірнеше жылдың (ағымдағы қаржы жылы және жоспарлы кезең) ішінде мәлімделген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталатын ресурстарды қамтуы мүмкін.
Өзінің экономикалық мазмұны бойынша шығындар ағымдағы немесе күрделі болуы мүмкін.
Басқарушылық есеп жүйесіндегі шығындарды есепке алу объектілері шығындардың баптары мен экономикалық элементтері, құрылымдық бөлімшелер (шығындар туындайтын орындар; шығындар орталықтары – топтамаларды басқару үшін барынша маңызды шығындар; шығындарды тасушылар – атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері) болып табылады.
Шығындар орталығы деп мемлекеттік ведомствоның құрылымдық бөлімшесі, оның аумақтық басқармасы, басқарушылық мақсаттар үшін барынша маңызды шығындарды жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстағы ұйым түсініледі. Шығындарды нақтылау, бақылауды күшейту және оларды калькуляциялаудың дәлдігін арттыру мақсатында объект ретінде шығындарды жоспарлау мен есепке алуды бөледі.
Шығындар орталығы ұйымдастырушылық бірлікпен (басқармамен, бөліммен, мекемемен және т.б.) сәйкес келуі немесе осы ұйымдастырушылық бірліктің құрамындағы құрылымдық бөлімше болуы мүмкін. Шығындар орталықтары орындалатын операциялардың немесе функциялардың бірлігі негізінде бөлінеді. Шығындар орталықтарын бөлшектеу дәрежесін басшылық белгілейді және есе жүргізудің еңбекті қажетсінетіндігіне және алынатын ақпаратты тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне байланысты болады. Басқарушылық есепте шығындар объектілері мен шығындар орталықтарын бірдейлендіру мақсатында оларға басқарушылық есеп шотының кодында жеке кодтар беріледі.
Шығындардың факторы, немесе шығындардың элементі – толық (бүтін) шығындардың құрамдас бөлігі, мысалы, материалдық шығындар, еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.
Шығындардың қалыптастырылуы факторы, немесе шығындардың драйвері – шығындар шамасының өзгеруін айқындайтын себеп. Шығындардың факторы өлшенетін, яғни сандық айқындауға көнетін болуға тиіс. Олардың бірлігіне бюджет қаражаты (мысалы, сел жүру қаупі бар объектілердің болжанатын және іс жүзіндегі саны, оларға селге қарсы іс-шаралар жүргізілуге тиіс) бөлінетін объектілер және т.б. тура шығындардың факторлары болып табылады.
Тура шығындар факторларының сандық және құндық сипаттамалары болады (сандық – қандай да бір факторлардың бірліктері және олардың саны, құндық – осы бірліктерді қаржыландыруға арналып бөлінетін бюджет қаражатының көлемі). Мысалы, иондаушы сәулелердің көздерімен жұмыс істейтін объектілерге лицензиялау жүргізу үшін қанша бюджет қаражаты қажет. Жанама шығындардың факторлары ретінде мыналар барынша жиі көрінеді: қызметкерлердің жұмыс уақыты (толық еңбекпен қамтылушылыққа қайта есептегенде), қызметкерлер орналасқан үй-жайдың алаңы, компьютерлік парк және т.б.
Шығындардың туындау орны деп жұмыстарды орындау, қызметтерді жүзеге асыру мақсатында ресурстарды тұтыну тікелей жүргізілетін мемлекеттік ведомствоның құрылымдық бөлімшесі түсініледі.
Шығындар орталығы шығындардың туындау орындарынан бөлімшенің ішіндегі жекелеген операциялар, жұмыстар (үдерістер), функциялар бойынша талдамалық есептегі шығындардың топтамасын білдіретіндігімен ерекшеленеді.
Орталық мемлекеттік органда басқарудың барлық функцияларын тиімді жүзеге асыру мақсатында жауапкершілік орталықтары бөлінеді. Объект ретінде жауапкершілік орталықтарын бөлудің басты мақсаты – осы мемлекеттік органның қызметін жүзеге асыру кезінде шығындарды жедел басқару және бақылау.
Жауапкершілік орталығы деп орталық мемлекеттік органның ведомстволық бағыныстағы ұйымы немесе құрылымдық бөлімшесі немесе әкімшілік бөлетін қызметті жүзеге асыратын белгілі бір ұйымдастыру учаскесі түсініледі. Жауапкершілік орталықтары бойынша есепке алу мен бақылау нақты басшылардың белгілі бір шығындардың түрлері мен көрсеткіштері үшін жауапкершілігін болжайды, яғни әрбір басшы жалпы қызметтің белгілі бір бөлігі үшін жауаптылықта болады. Сонымен, жауапкершілік орталығы бір есепке алу үдерісінде шығындардың туындау орнын оларды басқаратын басшылардың жауапкершілігімен біріктіруге мүмкіндік беретін шығындардың осындай топтамасын құрады, бұл оның басында шешім қабылдайтын жауапты тұлға тұратын ұйымның ішіндегі қызметтің сегменті.
Әрбір жауапкершілік орталығы үшін құқықтар мен міндеттемелер белгіленеді, оларда өз бетімен шешілетін мәселелердің шеңбері мен басқарушылық шешімдер қабылдаудағы дербестік қана көзделіп қоймайды, сонымен бірге олардың шегінен жауапкершілік орталығы жоғары тұрған орталыққа ақпарат беруге, не оны басқарушылық шешімдерді алқалы түрде қабылдау үшін беруге тиіс шекаралар да айқындалады.
Жауапкершілік орталықтары, шығындарды есептеу объектілері сияқты шығындардың туындау орнымен сәйкес келуі немесе бірнеше орынды біріктіруі мүмкін.
Жауапкершілік орталықтары мемлекеттік ведомствоның қызметіне қатысы бойынша негізгі және функционалдық болып бөлінеді.
Негізгі жауапкершілік орталықтары олардың туындау орындарындағы шығындарды бақылауды қамтамасыз етеді. Функционалдық жауапкершілік орталықтары, егер олардағы шығындар осы орталықтың ықпалымен қалыптасатын болса, шығындарды бақылауды олардың туындауының көптеген орындарына таратады.
Функциональдық жауапкершілік орталықтары функционалдық белгісі бойынша топталады:
негізгілер (мұндай орталықтардың қызметі үшін қызметтің негізгі бағыттарын тікелей іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің басшылары жауаптылықта болады);
қызмет көрсететіндер (мұндай орталықтардың қызметі үшін қызметтің негізгі бағыттарын іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің басшылары жауаптылықта болады);
материалдық (мұндай орталықтардың қызметі үшін қызметті материалдық жағынан жабдықтауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің басшылары жауаптылықта болады);
басқарушы (мұндай орталықтардың қызметі үшін тұтастай басқарушылық функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшелердің басшылары жауаптылықта болады).
Аумақтық белгісі бойынша әр түрлі аумақтарда орналасатын және бір немесе бірнеше функционалдық бағыттарды іске асыратын филиалдарды, бөлімшелерді, учаскелерді және т.б. бөледі.
Мемлекеттік ведомствоның ұйымдық құрылымдарының ішінде – нақты ұйымдық құрылымдар басшыларының басқарушылық функцияларды іске асыруы мақсатында – жауапкершілік орталықтары бірігуі немесе бағыныстылығы, функциялары, жүзеге асырылатын шығындардың ұқсастығы бойынша барынша нақты бөлініске ие болуы мүмкін.
Шығындарды есептеу әдістері
Әр түрлі аспектілердегі шығындар туралы мәліметтерді алу мақсатында шығындарды есептеудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, оларды есептейді. Бұл ретте ресурстар мен іс-шаралардың түрлеріне, нәтижелердің ерекшеліктеріне, нақтылау дәрежесіне қойылатын талаптарға және шығындар туралы мәліметтердің дәлдігіне қойылатын талаптарға қарай оларды шығындардың бір объектісі үшін қиыстыруға болады (бір ВМБ, мемлекеттік қызметтің бір түрі және т.б.).
Ресурстар жөніндегі шығыстардың есебі тікелей нәтиженің (мемлекеттік қызметтің) бірлігіне арналып пайдаланылатын ресурстар жөніндегі шығындарды есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс нәтижеге қол жеткізу үшін талап етілетін ресурстардың тізбесін қалыптастырудан, әрбір ресурстың құнын белгілеуден, ресурстардың санын тікелей нәтиженің (қызметтің) бірлігіне бөлуден және ресурстың үлестік құнын олардың ресурстарының қажетті санына бөлу жолымен жалпы шығындарды есептеуден көрінеді.
Жанама шығындарды теңбе-тең бөлу тәсілімен есептеп шығарады.
Шығындарды нормативтер бойынша есептеу сапасы стандартты болып табылатын мемлекеттік қызметтердің тұрақты қайталанатын түрлері көрсетілген жағдайда қолданылады. Мысалы, Қоршаған ортаның жай-күйі, оның ластануы туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік қорының анықтамалық-ақпараттық қорын жүргізу және толықтыру жөніндегі мемлекеттік қызмет. Шығындарды нормативтік есептеу – бұл стандартталған шығындарды нәтиженің бірлігіне қолдану жүйесі. Нормативтік шығындар салыстырмалы талдауға арналған база үшін қабылданады, өйткені осы шамаға қатысты шынайы шығындар өлшенуі мүмкін.
Тапсырмаларды орындауға арналған шығындардың есебі мекеме олардың әрқайсысы тура және жанама шығындардың әр түрлі көлемдерімен сипатталатын ерекше тапсырмалар бойынша мемлекеттік қызметтерді іске асырған кезде қолданылады. Бұл әдісті пайдаланған кезде шығындардың объектісі деп тапсырма (жұмыс немесе тапсырыс) түсініледі.
Әдетте тапсырмалардың елеулі көлемдері, сондай-ақ оларды іске асырудың басы мен аяғының нақты мерзімдері болады. Бұл ретте тапсырманы орындауға арналған дайындықтың ұзақтығы қаржы жылынан асатын жағдайдың болуы мүмкін.
Мысалы, аталған әдіс гидрометеорология саласындағы және онымен аралас салаларда, қоршаған ортаның мониторингінде, оның ластануында жұмыстарды атқаруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған тапсырмалар бойынша шығындардың есебіне қолданылуы мүмкін.
Үдерістерді жүзеге асыруға арналған шығындардың есебі белгілі бір мемлекеттік қызмет шығындарының объектісі ретінде таңдауға негізделеді. Мекеме немесе оның құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қызметті өндіруші ретінде қарастырылады.
Мекемеде жүзеге асыратын қызметі не бюджеттік қызметтің өзін көрсету үшін, не ұйымның басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етудің құрауыштарының бірі ретінде пайдаланылатын құрылымдық бірліктерді – шығандар орталықтарын бөледі.
Әрбір шығындар орталығы ол жүзеге асыратын қызмет түрлерінің арасында бөле отырып, өз шығындарын есептейді, сондай-ақ осы қызмет түрлері бірліктерінің құнын есептейді.
Әрбір есепті кезеңнің соңында шығындар орталығы өздерінің шығындары, осы шығындарды түсіндіретін қызметтің көлемі және есепті күні аяқталмаған қызмет көлемдері туралы есеп дайындайды.
Есепті кезеңнің басына және аяғына арналған қызметтің аяқталмаған көлемдері шартты түрде аяқталған бірліктерге қайта есептеледі.
Басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметін қамтамасыз етудің құрауышы болып табылатын қызмет түрі ауысқан кездеосы бөлімшеге оның құны да көшеді және мемлекеттік қызметтің құнына енгізіледі.
Бұл әдіс стандартты болып табылатын мемлекеттік қызметке лайықты болады және үлгілік дәйектілік схемасы бойынша жүзеге асырылады.
Мысалы, осы мемлекеттік ведомствоның құзыретіне жататын қызмет түрлерін лицензиялау жөніндегі мемлекеттік функцияны жүзеге асыру.
Үдерісті жүзеге асыруға арналған шығындар есебі мен тапсырманы орындауға арналған шығындар есебінің арасындағы басты айырмашылық шығындар топтамасының тәртібінде болып табылады. Бірінші жағдайда шығындар шығындардың тобына бүкіл мекеме деңгейінде топталады, ал содан кейін шығындар калькуляциясының бірліктері бойынша бөлінеді, ал екінші жағдайда шығындар әуелі шығындар калькуляциясының бірліктеріне жатады, содан кейін бүкіл мекеме деңгейінде топталады.
Бұдан басқа, бұл әдістерді жүргізілген мемлекеттік қызметтердің әртүрлі санына қатысты қолданады. Тапсырманы орындауға арналған шығындарды есептеу әдетте мұндай бірліктердің саны көп емес, олардың өздері бір тектес емес, ал нәтиже бірлігіне арналған шығындар жеткілікті жоғары болатын жағдайларда пайдаланылады.
Үдерістерді жүзеге асыруға арналған шығындарды есептеу жүргізілетін бірліктердің саны едәуір, барлық бірліктер бір тектес және олардың үлестік құны көп емес болатын жағдайларда қолданылады.
Бұл жағдайда тікелей нәтиженің (үдерістің) негізгі өлшем бірлігі тіркеледі, ол қалған барлық тікелей нәтижелерді анықтау үшін база қызметін атқарады. Негізгі бірліктің сандық та, сапалық та құрауыштары болуға тиіс екендігін ескеру қажет. Ссы жұмысты атқару үшін қажетті персоналдың біліктілік деңгейін сапалық құрауыш ретінде жиі қабылдайды.
Мысалы, қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау жөніндегі мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде «Геофизикалық үдерістер мен құбылыстарға белсенді әсер ету жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау және шешім қабылдау» әкімшілік рәсімі өзіне мынадай операцияларды қамтиды:
- өтініштер мен құжаттарды тіркеу. Жауапты орындаушыны тағайындау;
- құжаттарда қамтылатын мәліметтердің толықтығы мен сенімділігін және лицензияны іздестірушінің лицензиялық талаптар мен шарттарды орындау мүмкіндігін тексеру;
- лицензияны беру (қайта ресімдеу) мүмкіндігі туралы немесе лицензия беруден бас тарту туралы ұсынымдар (қорытындылар) дайындау; лицензиатты хабардар ету;
- барлық құжаттарды лицензиялардың тізіліміне өзгерістер енгізу үшін жіберу және оларды мұрағаттау, лицензиатты хабардар ету;
- лицензияның болуын растайтын құжат беру.
«Лицензияның болуын растайтын құжат беру» тікелей нәтижесі негізгі бірлік үшін қабылдануы мүмкін, оған салмақтың 1,0 мәні беріледі.