Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

Операциялық жоспарлар құру мемлекеттік орган қызметін мынадай себептермен жоспарлау қажеттілігімен негізделеді.

1. Операциялық жоспарлаудың арқасында басшылық ететін мемлекеттік органның  осы жылға арналған даму бағыттары анықталады. Жоспарлау нәтижесінде мемлекеттік органның барлық қызметкерлердің кұштері үйлестіріледі. Операциялық жоспар басшылыққа да, қатардағы жұмысшыларға да бағыт көрсетеді.  Қызметкерлер өздерінің ұйымдарының қай бағытта жылжитынын және белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін жеке өздері не істеу керек екенін білсе, өз іс-әрекеттерін үйлестіріп, бір бірімен тиімді ынтымақтасуы және бір команда ретінде жұмыс жасауы мүмкін.

2. Жоспарлау мемлекеттік органға әртүрлі сыртқы мен ішкі ортаның өзгерістерінің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді. Операциялық жоспарлаудың арқасында белгісіздік факторы азаяды; ол басқарушы персоналға жылдың ішінде болатын мемлекеттік органның ішінде және сыртқы ортадағы өзгерістерді көруіне, оладың ықпалын ескеруге және тиісті іс-шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Жоспарлау барысында басқарушы персонал сондай-ақ сол немесе басқа өзгерістерге жауап ретінде қабылданатын сол немесе басқа шаралардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.  

3. Операциялық жоспар жұмыс күші мен ресурстардың шығындары мен тиімсіз пайдалануын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Алдын-ала үйлестіру жұмыстың орындалу процессінде қайталанатын және артық операциялар мен кезеңдерді анықтауға қажет. Егер мақсаттар мен оларға қол жеткізу тәсілдері шекті түрде түсінікті болса, тиімсіз элементтер айқын болады және оларды алдын-ала түзетуге және жоюға мүмкін болады.

4. Жоспарлау процессінде бақылау кезеңінде одан әрі жарамды стандарттар белгіленеді. Бақылау функциясын орындай отырып қызметкерлер жұмыстың іс жүзіндегі көрсеткіштерін операциялық жоспарда жоспарланғандармен салыстырады, көп  немесе аз мәнді ауытқуларды анықтайды және қажетті түзетушілік іс-әрекеттер қабылдайды.

Осылайша, айқын опреациялық жоспарынсыз басқарушы персонал мемлекеттік орган қызметіне тиімді бақылауды жүзеге асыра алмас еді.

АҚШ тәжірибесі куәландыратындай, министрлік қызметінің жылдық жұмыс жоспарында жоспарланған жұмыс (көрсетілген қызмет саны), министрліктің бюджетінде бекітілген бағдарлама қызметтің әрбір түрінің әлеуметтік және экономикалық тиімділігі көлемінің мақсатты көрсеткіштері кіреді (8-суретті қараңыз).

Ондай жоспардың тағайындалуы министрліктің стратегиялық мақсаттарын оның қызметкерлерінің күнделікті қызметтерімен байланыстыру болып табылады.

Министрлік өзінің бағдарламасында бірнеше мақсаттарды бөлуге мүмкін емес деп тапса, онда бір мақсатты таңдап, оның сапасына мән беру керек. Сонымен қатар, министрлік жоспарлау кезінде өз қалауы бойынша бағдарлама қызмет түрлерін топтастыруға құқық алды.

Министрліктің жылдық жоспарлары базасында Әкімшілік-бюджеттік басқармасы жыл сайын АҚШ Конгресіне бюджеттің жобасымен бірге жіберілетін  жылдық федеральдық жұмыс жоспарын құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сурет.   АҚШ министрлігінің жылдық жұмыс жоспарының сұлбасы.

 

Төменде АҚШ индустрия, сауда және технология министрлігінің 2003-2004 қаржы жылдарына арналған операциялық жоспарының үлгісі келтірілген.

Жоғарыда айтылғандардан шығатыны, қызметтің операциялық жоспарының құрамдасы болып табылатындар деп:

- міндеттер қоюды;

- қызметтерді сипаттауды (іс-шараларды әзірлеу);

- нәтижелілік көрсеткіштерін таңдауды;

- қаржылық негіздеуді;

- нәтижелілік көрсеткіштерінің мониторингін

- нәтижелерді бағалауды атауға болады.

Қызметтің жыл сайынғы жоспарлары стратегиялық жоспарлардың жылдық бюджетпен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Операциялық жоспар (мемлекеттік орган қызметінің жылдық жоспары) мемлекеттік органның үш жылдық стратегиялық жоспары шеңберінде әзірленеді. Операциялық жоспарларда іс-шаралар, оларды орындау кезеңдері, жауапты орындаушылар және күтілетін нәтижелер толық жазылады, бұл негізінен қызметтердің тікелей (тіке) нәтижелерінің көрсеткіштері. Бұл ретте, нәтижелілігі елелулі дәрежеде орындауышының жұмысына байланысты  болатын көрсеткіштерді таңдау керектігін айту қажет.

 

 

 

 

1

 



1 кесте

 

АҚШ индустрия, сауда мен технологиялар министрлігі

2003/2004 қаржылық жылға операциялық жоспар

 

 

             Агенттік:  MCST            Құрылымдық бөлімше: Энергетика басқармасы             Бағдарлама/жоба: Энергетикалық

                                                                                                                                                                     саясатты жүзеге асыру

 

Жоспарланған шығындар $ 10М

Саясаттың басым бағыттары

Тактикалық мміндеттер

 

Стратегиялар

Түпкілікті нәтиже

Негізгі міндеттер, мақсаттар, ресурстар мен тоқсандар бойынша құны

 

1-і тоқсан

(1 сәуір-30 маусым, 2003)

2-і тоқсан

(1 шілде-30 қыркүйек, 2003)

3-і тоқсан

(1 қазан-31 желтоқсан, 2003)

4-і тоқсан

(1 қаңтар-31 наурыз, 2004)

Елдің экономикалық өсуі  мен  дамуында энергетикалық сектордың стратегиялық маңыздылығын түсіне отырып Басқарма, энергетикалық саясаттың негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып тұтынушыларға энергияны мүмкіндігінше ең жақсы бағамен барабар ұсынысты қамтамасыз ету үшін күш салады.

 

Ттұтынатын энергияның 90% астамы импортталынатын мұнай өнімдері болып табылады және де сондықтан энергияны жеткізуде әр тараптандыру жеткізулер мен бағаның сенімділігі үшін өте маңызды болып табылады 

Маркетингтік компаниялармен және мұнайды қайта өндейтін зауыттармен мұнай өнімдерінің барабар ұсынылуын қамтамасыз ету үшін келісіп қызмет ету

 

Электрқуаты мен JPSCo тәуелсіз жеке өндірушілермен электрқуатын жеткізушілігін қол жеткізерлік болуын  қамтамасыз етілуі үшін келісіп жұмыс істеу

 

Энергетикалық салаға жеке инвестицияларға ықпал ету 

 

Қуаттың жергілікті «табиғи» көздерін дамытуға ықпал ету және осы үрдісті қолдау 

Сұраныс болжамын әзірлеп сұранысты қамтамасыз ететін және энергетиканың тиімді құрылымына қол жеткізуге мүмкіндік беретін барабар шараларын белгілеу

 

Энергетикалық секторда реттеуден кету үрдісіне ықпал ету және нарықта бәсекені көтермелеу 

Болжамның сұранысқа сәйкестік дәрежесі

 

Энергетика-лық әртараптандыру деңгейін сипаттайтын өлшем – ағымдағы деңгей шеңберінде және осы деңгейден жоғары

 

Жеке меншік секторының энергетикалық секторға тартылу дәрежесі

ENPEP бол-жау үлгісін қолдану бойынша 15-20қатясушыларға оқыту семинарын жүргізу

Ең аз мөлшердегі мүмкін болып табылатын құн бойынша энергетика қажеттілікте-ріне сәйкес келетін стратегияны әзірлеу. Ол үшін келесі секторлар талдаудан өткізіледі: энергетиканың тасымалдау бойынша талаптары

Қуаттың консервациялануы, нәтижелілік пен менеджмент

 

Энергетикалық ақпарат пен ақпаратты беру

 

Персоналды дамыту

Маркетингтік, өндеу компаниялармен және энергетикалық сектордағы барлық негізгі қатысушылармен кеңестерді өткізу

ENPEP үлгісін (энергетика мен электрқуатын  бағалау үлгісі) қаржылан-дыру мен қолдануды анықтау, ол энергияға ұлттық деңгейде орта-және ұзақ мерзімдерге сұраныс жетілдіріліп аяқталған болуы үшін 

 

Келешектегі қажеттіліктерге сәйкес келетін сектордың стратегиясын мүмкін болатын ең аз құны бойынша әзірлеу.

Ол үшін келесі орындалу керек.

 

ESSDP соңына жету үшін кеңестердің екінші турын өткізу керек.

142

 



6.2 Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу

 

Операциялық жоспарларды іске асыру үшін мониторинг жүргізу және жоспарланған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін іс-қимылдарды уақытында түзетуге мүмкіндік беретін есептерді уақтылы жасау қажет. Мәселен, Жаңа Зеландияда тікелей нәтижелердің/нәтижеліліктің көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізудегі прогресс туралы есептерді жарты жылда бір реттен сирек емес беру туралы талап бар.

АҚШ-та «Мемлекеттік мекемелер қызметінің нәтижелерін бағалау туралы» Заңның (GPRA) талаптарына сәйкес әрбір министрлік өткен қаржы жылы ішіндегі өз қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындайды. Есепте әлеуметтік тиімділіктің қол жеткізілген көрсеткіштерін жоспарланғандармен (program performance) салыстырудың қамтылуы тиіс. Егер іс жүзіндегі көрсеткіштер жоспарланғандарға сәйкес келмесе және мәлімделген мақсаттарға қол жеткізілмесе, министрліктер себептерін түсіндіруге және олардың орындалуы жоспарланған көрсеткіштерге шығуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың кестесін айқындауға тиіс. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар жаңа заңдарды қабылдаудан, жаңа ведомстволық нұсқаулықтарды қабылдаудан, ұйымдастырушылық реформаларды жүргізуден және басқалардан көрінуге тиіс. Егер есепті кезеңнің нәтижелері  бастапқыда таңдап алынған мақсаттарға қол жеткізілмейтіндігі туралы куәландырса, минситрліктер өздерінің есептерінде неліктен екендігін түсіндіруге және жаңа тұжырымдар ұсынуға тиіс. Ақырында, осы құжатқа  есепті кезең ішінде бағдарламаларды орындаудың (program evaluations) нәтижелерін бағалау жөніндегі негізгі қорытындылар енгізілуге тиіс.

Бағдарламалар басшыларының қол жеткізілген нәтижелер үшін жауапкершілігі басшылардың осы нәтижелерге қол жеткізудің нақты жолдарын еркін таңдауды пайдаланатындығын алдын ала болжайды. Практикада бұл кейбір дәстүрлі әкімшілік рәсімдер мен талаптардан бас тартуды білдіреді. Мәселен, GPRA-ға сәйкес басшылардың өздері бөлген сметаның шеңберінде шығыстардың әр түрлі баптарының арасында ресурстарды қайта бөлуге құқығы бар. Алайда өздерінің жыл сайынғы есептерінде олар осындай қайта бөлудің барлық жағдайларын санамалауға және олардың басқарушылық еркіндікті қандай тиімділікпен пайдаланғандығын көрсетуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сурет. Қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп

 

«Мемлекеттік мекемелер қызметінің нәтижелерін бағалау туралы» федеральдық заңды (GPRA) қолдану мысалы ретінде Калифорния штатының Сан-Диего қаласының есебін қарастыруға болады, онда бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау келтіріледі. Есеп құрылымында мынадай қызметтер қарастырылған:

                 қалалық прокуратура;

                 қоршаған ортаны қорғау;

                 өрт қызметі;

                 коммуналдық қызметтер;

                 кітапханалар;

                 ағынды сулар;

                 парктер мен рекреациялар;

                 полиция;

                 көлік;

                 сумен жабдықтау.

Бірінші кезекте қарастырылатын қызметтердің әрқайсысы бойынша құжатта қатаң мақсат белгіленген (мысалы, «Көлік» бағыты бойынша – «Қаланың тиімді көлік инфрақұрылымын қолдау жолымен қала тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету»). Одан әрі  бірқатар көрсеткіштер бойынша қызметтер көрсетудің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау жүргізіледі. Мысалы, «Көлік» саласы бойынша көрсеткіштердің мынадай қатары әзірленген:

- есепті кезеңде асфальтталған мильдердің мөлшері (жол қабатын жаңарту);

- 2 күннің ішінде қанағаттандырылған шұңқырларды жөндеуге сұраныстардың үлесі;

- тұраққа дұрыс қоймағандық үшін берілген айыппұл түбіртектерінің саны;

- тұраққа қою айыппұлдық түбіртектері бойынша жүзеге асырылатын төлемдердің мөлшері;

- тіркелген ЖКО саны;

- 90 күннің ішінде қанағаттандырылған жолды жарықтандыру, белгілер салу жай-күйін жақсартуға арналған тапсырыстардың саны.

Әрбір көрсеткіш өткен жыл, ағымдағы жыл және алдағы қаржы жылы ішінде ұсынылған, бұл салыстыру талдауын жүргізуге және болған жақсаруды және туындаған қиындықтарды көруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, әрбір бюджет қызметін қарастыру кезінде қалалықтардың қызметтер көрсету сапасы туралы пікірін анықтау мақсатында халыққа сауалнама жүргізу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттарға, міндеттерге және нәтижелерге қол жеткізу бойынша қызметінің бақылауын тұрақты негізде операциялық жоспарлардың іске асырылуының мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырады (бұдан әрі – операциялық жоспардың мониторингі).

Операциялық жоспардың мониторингі жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесін бағалау, жоспарларды орындамау қауіптерін төмендету бойынша шараларды уақытылы қабылдау, сондай-ақ егер де жоспарланған іс-әрекеттер күтілетін нәтижелер бермеген жағдайда тиісті түзетулерді енгізу үшін қажет. 

Операциялық жоспардың мониторингі Стратегиялық жоспардың тұрақты негіздегі өзектілігін қолдауды қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуының бақылауы мен бағалауын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мониторинг нәтижелерін есепке алып түзету шараларды қабылдау, Стратегиялық жоспар іс-шараларының іске асырылу мерзімдерін нақтылау, мақсаттар, міндеттер мен көрсеткіштер ресурстарын қайта бөлу туралы шешімдер қабылданады.

Операциялық жоспарлардың мониторингін жүргізу Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді, ал түпкілікті нәтижесінде – көрсетілетін қызметтер, жоспарлау мен ресурстарды бөлу сапасының жақсартылуына, бюджеттік шығындар тиімділігінің арттырылуына ықпал етеді.

Операциялық жоспарлардың мониторингін тікелей мемлекеттік органдар жүргізеді.

Мониторинг жүйелерін енгізу үшін мәліметтерді жинау, талдау мен есептілік, сондай-ақ басқару бойынша ақпарат жүйесімен жұмыс әдеттері қажет.

Мониторинг келесі мақсаттарда жүргізіледі:

- мемлекеттік орган ағымдағы жылда операциялық жоспардың орындалуы туралы жедел түрде хабардар ету;

- басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін операциялық жоспардан ауытқулардың пайда болуын көрсету;

-  атқарушы билік органдары мен бюджеттік сала ұйымдарының Стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі қызметінің тиімділігін арт-тыру.

Операциялық жоспардың жүзеге асырылуының жалпы нәтижелерінің мониторингі статистика талдауына және іріктелген көрсеткіштердің шектелген санына негізделеді. 

Мониторинг әкімшілік реформа шеңберінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін басқарудың әртүрлі деңгейлеріне қажетті нәтижелер бойынша басқару мен бюджеттеуді қамтамасыз ететін құралдардың стандартты жиынтығының құрама бөліктерінің бірі болып табылады. 

Мониторинг бекітілген Стратегиялық жоспарға, ресурстарға, инфрақұрылымға және күтілетін нәтижелерге сәйкес мемлекеттік орган қызметінің жүзеге асырылуының маңызды көрсеткіштерінің есепке алуы деп түсінуге болады.

Мониторинг жоспар мен іс жүзіндегі атқарылған жұмысты салыстыру барысында «қызмет дұрыс атқарылады ма?» деген сұраққа жауап береді. Мониторинг Стратегиялық жоспарды, бағдарламаны іске асыру барысындағы проблеманы айқындай отырып, жоспарланған және іс жүзіндегі көрсеткіштер арасындағы айырымаларды белгілейді. Мониторинг бағалаудың маңызды ақпараттық негіздемесі болып табылады, өйткені жоспардың қалай орындалғандығы белгісіз болса, іс жүзінде қол жеткізілген нәтижелер бойынша осы жоспардың дұрыстығы туралы пікір айту қиын болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі