Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
Мониторинг жүйесі іске асырылатын бюджеттік, мемлекеттік және аумақтық бағдарламалардың нәтижелілігі мен экономикалық тиімділігі, сондай-ақ қызметтер сапасы мен мемлекеттік органның қол жеткізген нәтижелері туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге бейімделген. Мониторинг жүйесі мынадай қағидалардан тұрғызылған:
мемлекеттік органның құзыретіндегі басқарушылық шешімдері мен жинақталынатын мәліметтер арасындағы қисынды байланысты қамта-масыз ету.
Қызметтің күтілетін нәтижелерін реалисттік және өлшенетін түрде және осындай қызмет көрсетілетін клиенттік топ қажеттіліктерінің негізінде анықтау. Бұл ретте клиенттер деп тек қызметтерді алушылар ғана емес, сондай-ақ басқа бенефициарлар да түсініледі (мысалы, аумақтың барлық тұрғын халқы және т.б.).
Ақпаратты жинақтау әдістерінде анықтықты, төмен деңгейдегі ресурстар сыйымдылығын және пайдаланудың қарапайымдылығын мүмкіндігінше біріктіру.
Мониторинг функциялары:
- жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және жоспарланған іс-шараларды іске асыру мерзімдерін сақта дәрежесін анықтау;
- жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың барабарлығы мен нәтижелілігінің талдауы;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау барысында көмек көрсету;
- басшылық үшін дайындалатын ақпараттың уақытылығын, сенімділік пен нақтылығын тексеру;
- шығындар тиімділігін және қызметтің нәтижелілігін анықтау;
- мемлекеттік орган қызметінің Стратегиялық және операциялық жоспарларына түзетулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.
Мониторингқа қойылатын негізгі талаптар ақпараттың толықтығы мен анықтығы, шығындардың ең аз мөлшері мен тексеру нәтижелері бойынша нәтиженің ең көп көрсеткіші болып табылады.
Мониторинг жүйесімен жиналған мәліметтер жетістіктер мен сәтсіздіктерді себептерін және бағдарламаның (бюджеттік, мемлекеттік, аумақтық) алынған нәтижеге нақты ықпалын анықтау үшін терең зерделеуді талап ететін мәселелер туралы құнды ақпаратты білдіреді.
Операциялық жоспар мониторингінің объектісі іс-шаралар, олардың нәтижелері мен мемлекттік органның операциялық жоспарында көрсетілген тиісті бюджеттік қаржыландыру болып табылады.
Мониторинг операциялық жоспарда тізбеленген іс-шаралардың іске асырылуына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган бойынша мониторинг мәліметтерін қортындылау тұтастай алғанда мамлекеттік орган басшысы өз орынбасарлары мен мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері басшыларының санынан анықтайтын лауазымды тұлғамен жүзеге асырылады.
Жүргізілу нысандары бойынша мониторинг ағымдағы және келсі болып бөлінеді.
Ағымдағы мониторинг қаржылық жылдың аяқталуына дейін операциялық жоспарды іске асыру барысында жылдық операциялық жоспардан ауытқуларды анықтау және түзетулерді енгізу бойынша жедел басқарушылық шараларды қабылдау үшін тоқсанына бір рет артық емес жүргізіледі. Ағымдағы мониторинг алдын ала ескерту жүйесінің көмегімен проблеманы айқындауға ықпал етеді, ол түзету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Келесі мониторинг жыл аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларын қызмет туралы жыл сайынғы есептермен салыстыру арқылы жыл бойы жоспарланған іс-шаралардың іс жүзінде атқарылған іс-шаралардан ауытқуларды анықтау және мемлекеттік органның келесі жылдарда атқарылатын қызметінің операциялық жоспарларына тиісті түзетулерді енгізу үшін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік органда мониторингті ұйымдастыру тәртібін реттейтін ішкі ведомстволық нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және қабылдауы тиіс – Мемлекеттік органның операциялық жоспарын іске асыру мониторингін ұйымдастыру жөніндегі ережесі, ол мынадай нормалардан тұруы тиіс:
1. Операциялық жоспардың іске асырылуын мониторингі операциялық жоспардың «Жауапты орындаушы» бағанында көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жүзеге асырылады. Мониторингті жүзеге асыру көрсетілген басшылардың шешімі бойынша басқа лауазымды тұлғаларға да жүктелінуі мүмкін.
2. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары № 1 қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылымдық бөлімшенің операциялық жоспарының іске асырылуының моинторингі бойынша есептерді жасайды.
3. Операциялық жоспарда көрсетілген көрсеткіштердің жоспарланған және іс жүзіндегі мәндерінің арасында елеулі ауытқушылықтар, сондай- ақ жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін проблемалар табылған жағдайда тиісті құрылымдың бөлімшенің басшысы табылған ауытқушылықтардың негіздемесін, проблемалардың түсініктемелерін, құрылымдық бөлімшенің операциялық жоспарының іске асырылуының мониторингі жөніндегі есепке түсіндірме жазбасында көрсеткіштерге қол жеткізілмеу қауіптерін сипаттауларын ұсынуға міндетті.
4. Сондай-ақ түсіндірме жазбада есептік кезеңде операциялық жоспардың іске асырылу нәтижелері мен көрсетілген түзетулердің тиісті кезеңге құрастырылған стратегиялық жоспарда көрсетілген мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етілуінің бағасы ескеріліп операциялық жоспарды түзету жөніндегі ұсыныстар болуы мүмкін. Келешекте жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша түсіндірме жазбада мониторинг нәтижелерін көру үшін кестелер, есептер мен схемалар болуы мүмкін.
5. Құрылымды бөлімшенің операциялық жоспарының жүзеге асырылуының мониторингі бойынша есептер мен оларға қосылатын түсіндірме жазбалар мемлекеттік орган деңгейінде мониторингті үйлестірумен айналысатын лауазымды тұлғаға (бұдан әрі – мониторинг үйлестірушісі) тапсырылады. Мемлекеттік орган басшының орынбасары (әкімшілік департаменттің басшысы) немесе мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша басқа лауазымды тұлға мониторингті үйлестіруші болып тағайындалады. Мониторингті үйлестіруші тұтастай алғанда мемлекеттік орган деңгейінде мониторинг мәліметтерін жинақтап қорытындылайды.
6. Құрылымды бөлімшенің операциялық жоспарын іске асырылуының мониторингі бойынша есептерді тапсыру кезеңдері мен мерзімдері мониторингтің үйлестірушісімен анықталады. Мерзімділігі тоқсанына бір реттен артық болмауы тиіс.
7. Мониторингтің үйлестірушісі немесе мемлекеттік органның басқа лауазымды тұлғасы оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның операциялық жоспарын іске асырудың мониторингі жөніндегі есептерді жасайды (бұдан әрі – мемлекеттік органның мониторингі жөніндегі есеп).
8. Мемлекеттік органның мониторингі бойынша есеп мемлекеттік органның басшысына тоқсанына бір рет артық емес мерзімділікте ұсынылады. Мемлекеттік органның мониторингі жөніндегі есеп мемлекеттік органның басшысына жедел басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
9. Жыл бойы құрылымдық бөлімшенің операциялық жоспарын іске асыру мониторингі жөніндегі есептерде берілген барлық мәліметтер, соның ішінде көрсеткіштер мәндерінің ауытқуларының негіздемелері, жоспарланған мәндерге қол жеткізбеушілігінің проблемалардың мен қауіптері сипаттамалар және т.б., ақпарат талдаудан өткізілгеннен кейін мониторингтің үйлестірушісімен немесе оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның басқа лауазымды тұлғасымен жылдың аяғында жинақтап қорытылады. Талдау нәтижелері жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік органның операциялық жоспарын орындау туралы мониторинг бойынша есепке қосылатын түсініктеме жазбада тапсырылады.
Мемелекеттік органның операциялық жоспарын іске асырудың мониторингін ұйымдастыру туралы ережеде операциялық жоспарларды іске асырудың мониторингін жүргізуге қатысты басқа мәселелер қарастырылуы мүмкін.
Жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік органның операциялық жоспарын іске асыру мониторингі жөніндегі есептегі және оған қосылатын түсіндірме жазбасында бар ақпарат келесі жоспарлық жылға операциялық жоспарды құрастыру және мемлекеттік органның операциялық жоспары мен мемлекеттік органның Стратегиялық жоспары көрсеткіштерінің мәндеріне тиісті түзетулерді енгізу барысында ескерілуі тиіс.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары мониторинг қорытындылары бойынша қажет болған жағдайда мониторинг барысында айқындалған проблемаларды шешу және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеу қауіптерін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуына бақылауды жүргізеді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы деректер мониторинг бойынша есепке қосылатын түсіндірме жазбаға енгізіледі.
Мемлекеттік органның операциялық жоспары Мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарында жоспарланған стратегиялық мақсаттарға, міндеттерге және нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметін мониторингілеу құралы қызметін атқарады.
Мониторинг – бұл мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік органның басшылары мен барлық қызметкерлері жүзеге асыратын стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қажетті шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинау мен талдаудың үздіксіз үдерісі.
Ішкі мониторингті жүргізу үшін жауапты құрылымдық бөлімше:
1) мемлекеттік органның Операциялық жоспарында жоспарланған іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметтің ішкі мониторингін жүзеге асырады;
2) құрылымдық бөлімшелерде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда) басқару жүйесінің жұмыс істеуіне талдау жүргізеді, мемлекеттік органның жауапты хатшысына не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсыныстар береді;
3) Операциялық жоспардың орындалу барысы туралы есеп жасайды және жауапты хатшыға не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысына ұсынады;
4) жауапты хатшы не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары) өз құзыреттерінің шегінде ішкі мониторингті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспардың орындалғаны туралы есепке ақапарат ұсынады.
Есепті ақпараттың негізінде жауапты хатшы не жауапты хатшысы жоқ мемлекеттік органның бірінші басшысы проблемалық мәселелер бойынша қабылданатын шаралар туралы шешім шығарады.
Бұдан басқа, есеп құрылымдық бөлімшенің (ведомстволық бағыныстағы ұйымның), құрылымдық бөлімшенің жеке әрбір қызметкерінің жұмыс сапасын бағалауға арналған құралы болып табылады және қызметкерлерге сыйлық беру, үстеме ақы тағайындау, көтермелеу, оларға бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу, қызметкерлерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1367 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесіне сәйкес) үшін негіз болады.
Операциялық жоспардың орындалғаны туралы есептік ақпаратты берудің форматы осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада келтірілген.
7 тарау. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі бойынша Ережелер жобасы бойынша жұмысқа қатысты ақпарат
Зерттеліп отырған тақырып бойынша Техникалық спецификацияның III-VII-кезең жұмыстар шеңберінде мемлекттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі бойынша Ережелердің жобасын /осыдан әрі - Ережелер/ әзірлеу керек. Осындайда ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде нақтылаудан өткеннен кейін аталған зерттеу шеңберінде қарастырылатын бағдарламалық құжаттарға мемлекттік бағдарламалар мен аймақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары бағдарламалық құжаттар болып есептелінеді.
Ережелер жобасын әзірлеу қажеттілігі нәтижелерге бағдарланған жоспарлау мен бюджеттеудің жаңа жүйесіне көшу жағдайларында жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттардың әзірленуі мен іске асырылуына негізгі көзқарастардың да өзгеру тиістігінен туындаған. Басқа сөздермен айтқанда, НББ қағидаларын бағдарламалық құжаттарға байланыстыруды жүзеге асыру қажет және түпкілікті нәтижеде олардың жүзеге асырылуы нақты түпкі макроэкономикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2007 жылы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізу жөніндегі тұжырымдамада мемлекеттік органдардың дербестігін арттыруға, шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ олардың көрсетілетін қызметтер үшін жауапкершілігін нығайтуға және мақсатты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың әзірленуіне жаңа көзқарастар көзделген.
Бағдарламалық құжаттарды әзірлеу тәртібін жетілдіру мен оларды басқару жүйесін реформаландыру жоспарлаудың бағдарламалық – мақсаттық әдісінің қағидасына негізделген бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану тетігін қолдануға негізделуі тиіс.
Бағдарламалармен жұмыстар мынадай кезеңдерге бөлінеді: бағдарламалық әзірлеу үшін проблемаларды ірктеу; бағдарламаны әзірлеу мен оның қалыптастырылуы туралы шешімді қабылдау; бағдарламаның сараптамасы мен бағалауы; бағдарламаны бекіту; бағдарламаның іске асырылуын басқару мен оның орындалу барысына бақылау.
Жаңа үлгідегі бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде мынадай негізгі қағидаларды ұстану мақсатқа лайықты болады: