Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
Ішкі аудит
Ішкі аудит қызметтері бірқатар мемлекеттік органдарда ішкі бақылау қызметтері түрінде ұсынылады және солардың атауын иеленеді. Олар негізінен ведомстволық бағыныстағы құрылымдардың қызметіне бақылау жасау функцияларын орындайды. Тек жекелеген мемлекеттік органдарда ғана тәуекелдерге талдау жүргізу және ішкі аудит органының оларды жоюға бағыттылығы жөніндегі жұмыс басталады. Ішкі аудиттің әдістемесі мен рәсімдері орталықтандырылып әзірленбеген.
Мониторинг
Бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі нәтижелердің қаржылық емес көрсеткіштеріне қол жеткізудің мониторингі мен оны бағалау жүйесінің әдістемелік базасын құруға алғашқы қадамдар жасалды. Алайда қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштердің серпіні арасындағы сәйкестіктің мониторингі мен оны бағалау жүйесі жоқ.
Тиімділік аудиті
Мемлекеттік органдарда тиімділіктің толыққанды аудиті жоқ. Оны әзірлеу бойынша алғашқы қадамдар жасалуда.
Сыртқы аудит
Сыртқы аудитті ҚР Есеп комитеті жүзеге асырады.
Есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті тексереді және осы есеп бойынша қорытынды дайындайды.
Тестілеу қорытындылары бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар
Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарға қаржы менеджментін енгізуге арналған белгілі бір алғы шарттар жасалды.
Бюджеттік сыныптау жетілдірілді және халықаралық стандарттарға жақындатылды; бюджетті жоспарлаудың бағдарламалық қағидаты енгізілді. Бюджеттің атқарылуының, есеп пен есептіліктің үдерістері мен рәсімдері жақсартылды. Бюджеттік үдерістің ақпараттық –коммуникациялық базасы елеулі түрде жақсарды, бюджетті қазынашылық атқарудың қазіргі заманғы ақпараттық-компьютерлік технологиялары енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу тұжырымдамасы қабылданды.
2008 жылы мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарларды дайындауды, стратегиялық мақсаттарды, тактикалық міндеттерді, тура және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін әзірлеуді табысты бастады.
Бюджет жасаудың жаңа әдістерін енгізуге арналған заңнамалық негізді құруда аса маңызды рөлді ҚР Бюджет кодексінің жаңа редакциясын дайындау ойнайды, ол үш жылдық бюджетке көшуді, нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлауды енгізуді, мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарлар мен Меморандумдарды дайындауын бекітеді.
Бюджеттік реформаның барысында жүзеге асырылған қадамдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін халықаралық озық практикаға жақындату міндеттерін шешуге айтарлықтай үлес қосады. Сонымен бірге қоғамдық қаржыны тиімді басқарудың базалық қағидаттарын толыққанды қамтамасыз ету, республика мемлекеттік органдарының қызметіне толыққанды қаржы менеджментін енгізу үшін әлі де көптеген жұмыс атқару алда тұр.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Қаржы министрлігіне ҚР мемлекеттік органдарында қаржы менеджментінің қазіргі заманғы жүйесін енгізу жөніндегі ұсынымдар
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Қаржы министрлігіне мемлекеттік органдар мен мекемелердің тұтастай қаржы менеджменті саласында жұмыс істеу қағидаттарын белгілейтін басшылық құжаттарды және жеклеп алғанда, ішкі бақылауды, басқарушылық есеп пен қаржылық ақпарат жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды дайындау қажет. Бұл құжаттар орталық деңгей үшін де, жергілікті деңгей үшін де арналатын болады. Бұл ретте қазіргі кезде ведомстволарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің ерекшеліктерін және олардың Қазынашылықтың дамып келе жатқан ақпараттық жүйелерімен өзара іс-әрекетінің қажеттілігін ескеру маңызды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі ҚР мемлекеттік органдарында толыққанды қаржы менеджментін енгізуге арналған қолайлы жағдайларды жасау үшін мақсатты бағытталған қызметті жүзеге асыруға тиіс, ол мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:
Қаржы менеджментін нормативтік-құқықтық реттеу
1. Мемлекеттік секторда бюджет үдерісінің барлық фазаларына қолданылатын қаржы менеджментінің стандарттары мен ережелерін әзірлеу.
2. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде не Қаржы министрлігінде қаржы менеджменті мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық және әдістемелік материалдарды дайындау функцияларын орындайтын мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті мәселелері жөніндегі әдіснамалық орталық құру.
3. Бюджет кодексіне қаржы менеджменті, озық практикаға негізделген қаржы менеджментінің қағидаттары ұғымын, мемлекеттік органдарда тиімді қаржы менеджментінің қажеттілігін бекітетін нормаларды енгізетін толықтыруларды әзірлеу және енгізу,
4. Бюджет кодексіне және (немесе) басқа да заңнамалық актілерге мемлекеттік қызметшілерді қаржы менеджментін тиімді ұйымдастырғаны үшін ынталандыру туралы ережелер әзірлеу және енгізу.
5. «Жылжымалы» орта мерзімді жоспарлау қағидаттарының негізінде республикалық бюджетті дайындауды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламалардың шеңберінде тура нәтижелер көрсеткіштерімен бюджеттік ассигнованиялардың байланысын және олардың Стратегиялық жоспарлардың, Операциялық жоспарлардың және Меморандумдардың көрсеткіштерімен сәйкестігін және теңгерімділігін қамтамасыз ететін әдістемелерді әзірлеу.
7. Бюджеттік бағдарламалардың шеңберінде ағымдағы және инвестициялық шығыстардың байланысын және олардың мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларына сәйкестігін қамтамасыз ететін әдістемелерді әзірлеу.
8. Мемлекеттік органдарда және бюджет саласының ұйымдарында басқарушылық есепті енгізу жөніндегі үлгілік әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
9. Қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттарын (ҚСҚЕХС) енгізу жөніндегі, оның ішінде олардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ресми аудармаларын жасау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу.
10. Мемлекеттік органдарда ішкі бақылау жүйесін енгізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
11. Бюджет кодексіне мемлекеттік органдарда халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін ішкі аудит бөлімшелерін құру жөніндегі толықтыруларды әзірлеу және енгізу.
12. Мемлекеттік органдарда ішкі аудит бөлімшелерін құру жөніндегі үлгілік әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
13. Мемлекеттік органдарда қаржы менеджментінің сапасына тұрақты түрде бағалау жүргізудің әдістемелік ұсынымдары мен тәртібін әзірлеу.
14. Қаржы менеджменті сапасының үздік нәтижелерін көрсеткен мемлекеттік органдарды ынталандырудың әдістемелік ұсынымдары мен тәртібін әзірлеу.
Қаржы менеджментін енгізуді институционалдық қолдау
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті жөніндегі мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қаржы менеджментінің қазіргі заманғы жүйесін енгізу жөніндегі ұсынымдар
Мемлекеттік органдарға бюджет үдерістеріне жоғарыда көрсетілген жаңашылдықтарды ұдайы дамыту және тұрақты енгізу қажет.
1. Нәтижеге бағдарланған бюджет жасауды жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың шығыстарының және жоспарланған нәтижелерінің толыққанды байланысына қол жеткізу қажет. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру үшін Стратегиялық жоспарларды «жылжымалы» бюджет жасаудың құжаттарына мақсатты түрде шоғырландыру қажет. Олар алдыңғы бюджет циклында ұсынылған ақпаратты қамтуға және жоспарланған өзгерістердің себептерін түсіндіруге тиіс.
2. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлаудың жан жақты дамуымен бір мезгілде күш-жігерді бюджеттің атқарылуына, мониторингтің жүргізілуіне және нәтижелерге қол жеткізу туралы есептілікті ұсынуға аудару қажет. Бұл бюджеттік қайта құрулардың толық болуын қамтамасыз етуге және оларды бюджет қызметтерінің сапасын жақсартуға енгізуге мүмкіндік береді.
3. Шығыстарды басқару жөніндегі өкілеттіктер мен міндеттерді операциялық менеджерлерге беру қажет. Мемлекеттік қызметшілер – негізгі (бейіндік, немесе операциялық) бөлімшелердің (оның қызметіне ведомстволар мен мекемелердің басты функцияларын орындау жүктелетін) қызметкерлері осындай менеджерлер болып табылады.
4. Операциялық менеджерлердің іс-қимыл жасау еркіндігін кеңейту оларға қол жеткізуді нақты менеджер басқаратын және олар үшін жауапты болатын күтілетін нәтижелерді дәл айқындаумен тығыз байланыста жүзеге асырылуға тиіс. Көрсетілген қадамдарды өкілеттіктер конфигурациясының және лауазымды тұлғалардың – басқарушылық иерархиясының неғұрлым жоғары деңгейіндегі бюджет үдерісі қатысушыларының тиісті өзгерістерімен, сондай-ақ барлық буындар қызметкерлерінің нәтижелерге қол жеткізуі үшін, бюджеттік заңнаманы және жоғары тұратын қаржы органдары белгілеген бюджет үдерісін жүзеге асырудың ережелері мен стандарттарын сақтамағаны үшін жауапкершіліктерін егжей-тегжейлі айқындаумен бір мезгілде қабылдау қажет.
5. Операциялық бөлімшелер және олардың қызметкерлері (менеджерлер) өздеріне ағымдағы қызметті басқаруды қабылдап қана қоймайды, сонымен бірге бюджет шығыстарын және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуді де басқаруды қабылдайды: өз иелігіне белгілі бір бюджетті алады, бұл қаражатты қалай және қашан жақсы түрде райдалануға болатындығын айқындайды, шығыстардың нәтижелері үшін есеп береді.
6. Операциялық менеджерлердің рөлі бюджетті дайындау үдерісінде арта түседі. Орта мерзімді қаржылық жоспарға сәйкес ведомствоға жоғарыдан жеткізілетін бюджеттің параметрлері бюджеттің атқарылуы үдерісінде нақты шешімдер қабылдайтындардың белсенді түрде қатысуымен әр түрлі бағыттар бойынша шығыстардың бөлінуімен және ведомстволық бағыныстағы құрылымдармен келісілуге тиіс. Бұл жағдайларда операциялық менеджерлер күтілетін нәтижелерді пайымдауға және бюджетке оның қалыптастырылуы сатысында-ақ «ие болуға» мүмкіндік алады.
7. Төлемдерді Қазынашылық комитеті арқылы (операциялық менеджерлердің шешімдеріне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастыру, тапсырмаларды Қазынашылық комитетіне жөнелту және т.б.) жүзеге асыруға дайындау жөніндегі операциялар, сондай-ақ ведомствоның бюджетін жалпы жоспарлауға және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісуге қатысты мәселелер қаржы бөлімшесінің құзыреті болып қалады. Тиісінше, нақ қаржы бөлімшесі басшыларға шығыстардың құрылымын белгілеуге, яғни ресурстардың берілген көлемін әртүрлі, көбінесе бір-бірімен бәсекелесетін ведомствоның қызмет бағыттарының және оның ведомстволық бағыныстағы органдары мен мекемелерінің бөлуге көмектесе отырып, ведомствоның бюджетін дайындау үдерісіндегі өзінің басты рөлін сақтайды. Бұдан басқа, қаржы бөлімшесі бюджеттің атқарылуына мониторингті жүзеге асырады, шығыстарды жұмсауда алға шығудың немесе кешігіп қалудың алдын алатын шаралар кешенін қабылдайды, және бюджеттің атқарылуы үшін ведомство басшысының алдында есеп береді.
8. Қаржы бөлімшесі менеджерлерге олардың иелігінде тұрған бюджеттің мониторингін жүргізуге және шығыстардың жүзеге асырылуы туралы уақтылы және негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін менеджерлер үшін қолайлы нысанда осындай ақпаратты генерациялау тетігін құруға міндетті.
9. Нәтижеге бағдарланған бюджет жасау жағдайларында қазіргі заманғы қаржы менеджментінің қажетті шарты басқарушылық есеп болып табылады.
10. Мемлекеттік органдар бағдарламаны және басқарушылық есепті енгізудің егжей-тегжейлі сатылы жоспарын әзірлеуге тиіс. Бұл қызмет өкілеттіктер мен жауапкершілікті операциялық менеджерлерге беру үдерісімен бір мезгілде жүзеге асырылуға тиіс. Басқарушылық есепті енгізу бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларға жұмсалатын шығындардың толыққанды есебін жүзеге асыруға, сондай-ақ бюджет қызметінің құнына жоспарлау жүргізуге мүмкіндік береді.
11. Ішкі аудит қызметі – бұл қандай да бір өзге бөлімшенің құрамына кірмейтін және өзінің функцияларын қандай да бір басқа бөлімшемен (мысалы, қаржы басқармасы, бухгалтерия, заңдық сүйемелдеу сияқтылармен) біріктірмейтін жеке құрылымдық бірлік. Бұл қызметтің басшысы тікелей ведомствоның жоғары басшылығына бағынады.
12. Ішкі аудит қызметі ведомствода қолданылатын жұмыс рәсімдерінің тиімділігін, онда құрылған нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен теріс пайдаланушылықтардан қорғау жүйесін, менеджерлер қабылдайтын шешімдер сапасының жалпы деңгейін объективті түрде және тәуелсіз бағалауға арналады. Мемлекеттік органның немесе мекеменің басшысына осы бағалаулардың нәтижелері туралы уақтылы ақпаратты бере отырып, мұндай қызмет оған ведомстводағы істердің шынайы жағдайы туралы жеткілікті түрде хабардар етілетіндігіне деген сенімді қамтамасыз етуге тиіс.
13. Ішкі аудиттің дамыған қызметі онымен ведомстволар мен мекемелердің (тәуекелдерді басқару тәуекелдерді бағалауды, оларға бақылау жасауды және тәуекелдердің мониторингін қамтиды) қызметімен байланысты тәуекелдерді басқаруды қабылдайды, аса маңызды бюджет шығыстарының арнайы аудитін жүргізеді, операциялық бөлімшелердің менеджерлеріне тереңдетіп талдауды талап ететін шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.
Мемлекеттік органдар мен мекемелердің шығыстарды басқару саласындағы қазіргі заманғы қаржы менеджментін енгізудің негізгі бағыттары – барлық буындардың мемлекеттік қызметшілерінің нәтижелерге қол жеткізу үшін, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің және жоғары тұрған қаржы органдары белгілеген ережелер мен стандарттардың талаптары бұзылған жағдайда жауапкершілігін егжей-тегжейлі айқындаумен жиынтықтағы өкілеттіктері мен міндеттемелерін қайта бөлу, операциялық бөлімшелердің менеджерлеріне қаржы шығындары мен қаржылық емес нәтижелерді салыстыруға мүмкіндік беретін басқарушылық есеп пен ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру, ішкі бақылау мен аудиттің тиімді жүйесін жасау – билік органдары мен мекемелердің иерархиялық құрылымының барлық деңгейлері үшін бірдей. Осы бағыттардың шеңберіндегі өз күш-жігерлерін ведомстволардың өздері нақтылауға тиіс. Орталық органдар ұсынымдарының негізінде олар қандай ведомстволық бағыныстағы мекемелерде (айталық, барынша ірі) ішкі аудит қызметінің бөлімшелерін құру қажеттілігі, ал қандайларында бұл үшін қажеттілік жоқтығы туралы шешім қабылдауға тиіс.