Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

                 Әр түрлі есеп жүйелерінің деректерін салыстыру мен тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, өйткені олардың негізінде біртұтас ақпараттық кеңістікті пайдалану жатады.

                 Әр түрлі есеп жүйелерінің қажеттіліктері үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі нақ сол операциялар бойынша деректер мен мәліметтерді енгізудің қайталану қажеттілігі жоққа шығарылады.

                 Деректерді бір мәрте енгізу есебінен басқарушылық ақпараттың сенімділік деңгейі едәуір артады, бұл қателердің санын азайтуға ықпал етеді.

                 Есеп пен есептіліктің әр алуан түрлері мен жүйелерін қатар жүргізу үшін қосымша қызметтерді (бөлімшелерді, топтарды) ұстау қажеттілігінің болмауына байланысты еңбек және өзге де ресурстардың үнемі қамтамасыз етіледі.

                 Құжат айналымын оңтайландыруға қол жеткізіледі.

                 Мемлекеттік органның басшыларына сұратылатын ақпаратты берудің жеделдігі арттырылады (мерзімі қысқартылады), соның нәтижесінде салмақталған, экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді қабылдау үшін көп уақыт пайда болады.

Бюджеттік және басқарушылық есепті біртұтас жүйеге біріктіру туралы мәселе шешілгеннен кейін мемлекеттік биліктің орталық органы басқарушылық есептің жүйесін ведомствоның деңгейінде ұйымдастырудың және енгізудің негізгі кезеңдерін айқындауға мүмкіндік алады.

 

Мемлекеттік биліктің орталық органында басқарушылық есеп жүйесін әзірлеу мен енгізу туралы шешімдер қабылдау

Басқарушылық есеп жүйесін ұйымдастыру мен енгізудің бірінші кезеңі мемлекеттік биліктің орталық органы басшылығының осы мемлекеттік ведомствода басқарушылық есеп жүргізудің орындылығы туралы шешім қабылдауы болып табылады.

Шешім қабылдау мынадай элементтерді қамтиды:

1) Мақсаты – мекеме қызметінің тиімділігін арттыру. Бюджет есебінің деректері мекеменің қызметін басқарудың проблемаларын анықтау үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бюджет есебінің талдамалық мүмкіндіктерін лайықты түрде пайдаланған жағдайда неғұрлым салмақты және пәрменді басқарушылық шешімдер қабылдау, бюджеттік жоспарлаудың сапасын және үдерістердің мониторингі мен қызмет нәтижелерінің сапасын  арттыру, ішкі бақылау жүйесін нығайту үшін қажетті ақпарат алуға болады.

2) Қаражат – проблеманы шешуге, яғни қазіргі жағдайдан қалаулыға өту проблемасын шешуге мүмкіндік беретін ресурстар;

3) Қолда бар құралдар жағдайында қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу мүмкіндігі (яғни, басқарушылық шешімдерді қабылдау, тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, қызметтің тиімділігін арттыру мақсаттары үшін басқарушылық есептің ақпараттық базасын құру);

4) мемлекеттік биліктің орталық органында басқарушылық есеп жүйесін құрудың мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін қажетті уақыт: уақытша аралық ұзақ болған сайын, шешімнің мүмкін болатын қателігі де көбірек;

5) басқарушылық есеп жүйесін енгізудің баламалы нұсқаларын талдау: мысалы, басқарушылық есеп жүйесін енгізу жөніндегі  жұмыстар ведомствоның барлық бөлімшелерінде бір мезгілде басталуы мүмкін, сонымен бірге басқарушылық есеп жүйесі әуелі бір немесе бірнеше бөлімшелерде ғана енгізілетін нұсқаның да болуы мүмкін; бірқатар бөлімшелерде үлкен еңбектің қажетсінетін және енгізу жөніндегі жұмыстардың құнының жоғарылығына және т.б. байланысты шығындардың есебін алу, бөлу және оларды есептеу модулін енгізу орынды емес болып танылатын нұсқаның да болуы мүмкін. Енгізудің баламалы нұсқаларын таңдау басқарушылық есеп жүйесін енгізуге арналған шығындарды әрқашан ескеруге тиіс;

6) басқарушылық есепті ұйымдастыру мен енгізу жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылау – табыстың аса маңызды элементі;

7) мемлекеттік ведомствода басқарушылық есеп жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстың аралық және түпкі нәтижелерін бағалаудың әдістері мен құралдары.

Мемлекеттік басқарудың орталық органындағы басқарушылық есеп жүйесін ұйымдастырудың  екінші кезеңі дайындық кезеңі болып табылады. Осы кезеңде енгізу жөніндегі іс-шаралардың кешені, олардың кезектілігі және әрбір енгізу кезеңінің ұзақтығы және демек, басқарушылық есеп жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстардың жалпы мерзімдері айқындалады. Осы кезеңде, сондай-ақ енгізу іс-шараларын іске асыруға арналған ресурстардың (кадрлық, материалдық, ақшалай) қажеттілігі, сондай-ақ мемлекеттік басқару органында осы ресурстардың болуы бағаланады. Егер ұйымда ресурстардың жетіспеушілігі болса, онда проблеманы шешудің тәсілдері мен мерзімдері айқындалады (қажет болған кезде басқарушылық есепті енгізу жөніндегі жұмыстарды бастау мен аяқтау мерзімдері ресурстардың жетіспеушілігі проблемалары шешілгенге дейін кейінге қалдырылуы мүмкін).

Басқарушылық есеп жүйесін енгізуге дайындық кезеңінде қажетті құжаттар дайындалуға және бекітілуге тиіс. Оларға ең алдымен мыналар жатады: Мемлекеттік басқару органында басқарушылық есеп жүргізу туралы бұйрық; Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібі; Басқарушылық есеп шоттарының жоспары; басқарушылық есеп пен есептіліктің нысандары; Құжат айналымының тәртібі (жауапкершілік орталықтары мен есептерді қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда).

Жоғарыда келтірілген құжаттардың тізбесінен басқарушылық  есеп жүйесін дайындау мен енгізудің күрделі және ұзақ үдеріс болып табылатындығы түсінікті болады. Сондықтан «жөнелту пунктін» және дайындық және енгізу жұмыстарының одан арғы сабақтастығын айқындау қажеттігі көрінеді.

Басқарушылық есепті енгізу кезінде басқарушылық есеп жүйесіндегі ақпаратты қалыптастыру кезінде бюджеттік есептің деректерін пайдалану мүмкіндіктерін жасау үшін бюджеттік есебінің мақсаттары үшін қолданылатын бағдарламалық өнімді пысықтау жөнінде қажетті шаралар қабылдануға тиіс. Бұл ретте оның кезінде барлық бастапқы ақпарат бюджеттік есеп жүйесінен келіп түсетіндей ақпаратпен алмасуды ұйымдастыруға артықшылықтар беру қажет.

Деректердің бюджеттік есептен басқарушылық есепке жинақталуы мынадай міндеттерді шешуді болжайды:

- деректердің бюджеттік есептен басқарушылыққа жинақталуы ережесін әзірлеу;

- мемлекеттік басқару секторы операциялары жіктемесінің баптары мен кіші баптарының кірістердің/шығыстардың басқарушылық баптарының, операциялардың активтермен және міндеттемелермен сәйкестігін белгілеу;

- бастапқы есептің деректерін енгізу нысанының бағдарламалық өнімін пайдалану кезінде шоттар жоспары бюджеттік есебінің шотына қажет болған кезде қосымша талдамалық белгілерді және дисплейге шығарылатын қосымша деректемелерді енгізу.

Бюджет есебінің деректерін басқарушылыққа жинақтау ережесін, бюджеттік есепте оларды көрсету тәсілдерін және осы операциялар ресімделетін құжаттарды әзірлеу мақсатында білім беру саласындағы атқарушы биліктің орталық органдары және оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелер жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі барлық операцияларға талдау жүргізу қажет.

Бұл ретте мемлекеттік басқару секторының операциялары жіктемесінің қосымша талдамалық көрсеткіштерінің, баптары мен кіші баптарының кірістердің/шығыстардың басқарушылық баптарының, операциялардың активтермен және міндеттемелермен сәйкестігін қоса алғанда бюджеттік есеп шоттары корреспонденцияларының басқарушылық есеп шоттарындағы ақпарат көрінісіне сәйкестігін белгілеу қажет. Іс жүзінде бюджеттік есеп шоттарына басқарушылық есеп шоттарын бекіту керек. Басқарушылық есептің шоттары теңгерімнен тыс санатқа жатқызылады, мұнда өткізілімдер бір жолғы жазбамен (қосарлы жазба емес) беріледі, сондықтан деректерді компьютерлік өңдеу кезінде ерекше проблемалар болмайды.

Осы жұмысты орындау басқарушылық есеп үшін қажетті ақпаратты алу және олардың арасында неғұрлым толық сәйкестікті орнату мақсатында бюджеттік есептің талдамалық аппаратын нақтылауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Бюджетті жоспарлау модулі мен оны орындау мониторингін енгізу

Алдын ала кезең аяқталғаннан кейін мемлекеттік басқару органы басқарушылық есеп жүйесін іс жүзінде енгізуге кірісуге, яғни басқарушылық есептің модульдерін жасауға мүмкіндік алады.

Орталық мемлекеттік органда басқарушылық есеп жүйесін енгізуді бюджетті жоспарлау модулінен және оны орындаудың мониторингінен бастаған орынды болады. Енгізу үшін бірінші ретінде осы модульді таңдап алу бір жағынан дайындық кезеңінде оны іске асыру үшін қажетті құжаттарды (есеп пен есептіліктің нысандары, құжат айналымының тәртібі) әзірлеп қойғандарға, екінші жағынан, осы модульді енгізу кезеңінде ұйымның басқарушылық есеп жүйесінің неғұрлым күрделірек құрамдас бөлігін – шығындарды есепке алу, бөлу және есебін айыру модулін енгізуге дайындық жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігі барларға белгіленеді.

Бюджетті жоспарлау модулі мен оны орындау мониторингін енгізу орталық мемлекеттік органға бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыруға арналған қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік береді,  атап айтқанда:

                 бюджеттік ассигнованияларды негіздеу үшін пайдаланылатын деректерді алу;

                 барлық бағдарламалар және бағдарламалық емес қызмет бойынша іс жүзіндегі шығыстардың нақты көрінісіне ие болу, бұл болашақтағы кезеңдерге арнап осы бағыттар бойынша шығыстарды неғұрлым салмақты жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

                 орталық органның басшылығына одан арғы қызмет нұсқалары мен нақты бағдарламаларды іске асырудың орындылығы туралы шешімдер қабылдау үшін объективті ақпарат беру.

Бюджетті жоспарлау модулі мен оны орындау мониторингін енгізу сондай-ақ орталық мемлекеттік органға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі тұрғысынан алғанда, тұтастай ведомствоның да, сондай-ақ оның жекелеген бөлімшелерінің де қызметінің нәтижелеріне пәрменді мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бюджеттік есептің деректері ірілендірілген көріністі ғана алуға мүмкіндік береді. Басқарушылық есеп шоттарының жоспарын және басқарушылық есеп нысандарын пайдалану, керісінше, мемлекеттік органға оған қандай дәрежеде ұсынылу қажет болса, сондай дәрежеде нақтылаумен ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ведомство әрбір бөлімше қызметінің нәтижелерін талдаудан өткізу және бюджет шығыстарының әрбір бағытын, әрбір бабын бақылауға алу жағдайында болады. Нәтижесінде бюджет шығыстарының тиімді емес немесе әншейін қажет емес болып табылатын бағыттары мен баптары, қосымша бюджет ассигнованияларын қажет ететін жұмыстың перспективалық бағыттары анықталатын болады.

 

Шығындарды есепке алу, бөлу және олардың есебін айыру модулін енгізу

Шығындарды жинауды және топтауды, содан кейін оларды бөлшектелген есеп немесе бағалау талап етілетін есепке алу объектілері бойынша бөлуді білдіретін шығындарды есепке алу басқарушылық есеп жүйесінің негізі болап табылады. Басқарушылық есеп шеңберіндегі шығындарды есепке алу ұғымы да әдетте шығындардың пайда болу орнымен байланысты, неғұрлым кеңірек мағынада, қызметтің жекелеген түрімен немесе бағдарламамен (кіші бағдарламамен) байланысты шығындарды айқындау (есебін шығару) әдістері мен рәсімдерін де қамтиды.

Шығындарды есепке алу, бөлу және олардың есебін айыру модулін енгізу мемлекеттік басқару секторы органындағы басқарушылық есепті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардың неғұрлым күрделі және еңбекті қажетсінетін бөлігі болып табылады. Осы модульді енгізу мәселелері Басқарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізу тәртібінде нақтырақ қарастырылады.

 

Арнайы басқарушылық ақпараттың және стратегиялық басқарушылық есептің модульдерін енгізумен байланысты кезеңдер

Орталық мемлекеттік органда басқарушылық есеп жүйесін қалыптастыру арнайы басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған ақпаратты генерациялауға мүмкіндік беретін модульді іс жүзінде іске асыруды көздейді. Мұндай түрдегі ақпарат мемлекеттік ведомстволардың басшыларына аса күрделі жағдайларда салмақталған және экономикалық жағынан негізделген шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау мен қызметті және шығындардың есебін мониторингілеу модульдерімен толық жабылмайтын бағыттар мен түрлердің шеңберінде қажет. Осы модульдің шеңберінде, мысалы, мемлекеттік басқару секторының нақты мекемелерінің, мысалы, денсаулық сақтау мен жоғары білім беру  саласындағы мекемелердің бюджеттен тыс (кіріс әкелетін)  қызметі туралы ақпарат жиналуы және талдануы мүмкін.

Стратегиялық жоспарлау модуліне келетін болсақ, онда оны енгізу мемлекеттік басқару секторының нақты қандай органы ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау мәселелеріне  шын мәнінде келетіндігіне байланысты болады.

 

8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі Орталық мемлекеттік органның басқарушылық есеп жүйесіндегі шығындарлы есепке алудың практикалық аспектілері

 

Шығындардың есебі деп шығындардың есепке алу объектілеріне қатынасы түсініледі. Шығындарды есепке алу жүйесі шығындардың көлемі туралы қажетті ақпаратты ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу деңгейіне және осындай әсер ету дәрежесіне әсер ететін қызмет үдерістері мен түрлерін сәйкестендіру мүмкіндігін де береді:

      тікелей нәтижелердің артуына ықпал ететін қызметтің түрлерін бөлу;

      тікелей нәтижеге қол жеткізуге оң әсер етпейтін қызметтің шығындық түрлерін бөлу;

      қызметтің жоспарланған түрлерін жүзеге асыру және мәлімделген нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті ресурстардың есебін жүргізу;

      қызметтің тікелей нәтижелеріне қол жеткізуге арналған жанама шығындардың әсерін анықтау.

Шығындардың есебін алу үдерісі мынадай негізгі екі кезеңді қамтиды:

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі