Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

Қортындысында голландия үкіметі нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуге өте отырып ең басынан бұл ретте нәтижелер туралы ақпараттардың тиісті көлемін қамтамаыз етуге шақыратын аудиттің барабар  жүйесін жасаумен айналыспады. Қазіргі уақытта ондай жүйе жасалынуда және Аудиторлық компаниялар бұған белсене қатысады.

  

5.3 Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері

 

              1. Мемлекетті органның стратегиялық жоспары қолданыстағы бюджеттік шектеулер шеңберлерінде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан мемлекеттік органның қызметін бағалауға мүмкіндік беретін нәтижелерге бағытталған бюджеттендірудің құралы болып табылады.

              2. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы – мемлекеттік органның ең тиімді әдіспен, яғни пайдаланылатын бюджеттік қаражаттарының жоспарланған немесе жоспарланғаннан кем көлемде нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметі түсіндіріледі. Стратегиялық жоспардың іске асырылуының бағалануына жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу деңгейін бағалау түсініледі.

              3. Бағалау барабарлығы тікелей Стратегиялық жоспарда ұсынылған ақпараттың сапасына байланысты. Ұсынылған ақпараттың сапасы тікелей Әдістемелік ұсыныстардың ережелерін сақтау дәрежесіне байланысты болады. Реформаны жүргізудің бастапқы кезеңінде Стратегиялық жоспар-ларды дайындау сапасын, ең алдымен Әдістемелік ұсынымдардың ережелеріне сәйкестігіне бағалау қажет. 

              4. Стратегиялық жоспарлардың жүзеге асырылуының бағалануы формальды болып, бірыңғай өлшемдер негізінде жүргізілуі тиіс. Өлшемдер түсінікті және қолдануда қарапайым болуы тиіс. Олар тым көп болмаулары қажет. Егер де барлық мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарлары бағаланатын болса, 15-20 асатын өлшемдер саны айтарлықтай уақытылы және еңбектік шығындарды талап етеді.

              5. Бағалаудың ақпараттық базасы мемлекеттік органның Стратегиялық жоспары болып табылады. Стратегиялық жоспарда бағалауды өткізу үшін қажетті болып табылатын ақпараттың жоқ болуы Стратегиялық жоспарды дайындаудың төмен сапасын білдіреді. Мысалы, егер көрсеткіштердің жос-парланған мағыналарына қол жеткізілмегендігі  айқындалған жағдайда, ал Стратегиялық жоспарда тиісті негіздеменің жоқ болса немесе ұсынылған негіздеме сенімді және объективті болмаса, «Ағымдағы жағдайдың талдау-ының мемлекеттік органның негізгі бағыттарына сәйкес болуы» атты тиісті өлшем бойынша бағалау баллдары төмендетілуі тиіс.

              6. Нәтижелерге бағытталған бюджеттендіру енгізілген көптеген елдер-де Стратегиялық жоспарлардың іске асырылуының бағалануы жыл сайын  Стратегиялық жоспарларының түпкілікті нұсқалары бекітілгеннен кейін жүргізіледі. Кейбір елдерде сондай-ақ жыл ортасындағы жағдайы бойынша бағалау жүргізіледі (аралық баға). Алайда барлық елдерде осындай бағалауды жүргізу мүмкіндігі тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса қаржылық менеджменттің қазіргі уақытқа сай әдістерін енгізгеннен кейін ғана пайда болады.  Мемлекетік органдарда жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбей қалу қауіптерін айқындау үшін бірінші кезеңде бағдарламалардың/қызметтің мониторинг жүйесін енгізу қажет болып табылады.

              7. Ең үздік нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттік органдарға қатысты әкімшілік және/немесе материалды ынталандыруларды пайдалану маңызды аспект болып табылады. 

              Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Стратегиялық жоспарларды тиімді енгізу мен пайдалану мынадай стандарттарды сақтағанда сәтті болуы мүмкін:

1.                  Стратегиялық жоспарлау үрдісінің барлық қатысушыларының біліктілігі мен мотивация дәрежесінің жоғары болуы, жоспарланған түпкілікті нәтижелерге жетуге бөлінген бюджеттік қаражаттарды дұрыс бөлу, мақсаттар мен міндеттер жүйесін қалыптастыру. Осыған орай министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлерін оқытуға, әсіресе стратегиялық жоспарларды енгізу сатысында, үлкен назар бөлінеді. 

2.                  Салалық министрліктердің бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың сапалық жоспарларын дайындау мен олардың түпкілікті нәтижелермен байланыстыру үшін жауапкершілік дәрежесінің жоғары болуы.

3. Жоспарларды бағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жоғары біліктілігі, сондай-ақ ондай бағаның жеткілікті жоғары мәртебесінің болуы.

4. Қойылған мақсаттың қол жетімділігі және құзырлы мемлекттік орган мен салалық министрліктерінің арасында жасалған келісімдердің тиімділігі.

5. Есеп палатасы немесе парламент комитеттері тарапынан жоспарланған нәтижеге жетудегі сыртқы бағалауға назар салудың тиісті деңгейі, сондай-ақ жоспардың орындалмау салдарын түсіну.

         Стратегиялық жоспарлар олардың нысанды өлшемдерге сәйкестігін бағалау, пайдалы құрал болып табылатыны сөзсіз, бірақ әзірге жоғарыда тізбеленген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін әрекетті тетіктер қалытастырылмағандықтан, тек стратегиялық жоспарлардың басталу сатысында ғана болады.

Стратегиялық мемлекеттік жоспарлау аясындағы бағдарламалық құжаттарды бағалау жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымы мен олардың арасындағы құзырын  бөлісуді ескере отырып,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізудегі едәуір мүмкін болатын шектеулер:

- стратегиялық жоспарлардың жаңа болуы, 2008 жылы оларды кең масштабта бағалауға мүмкіндік бермейді, ал ең бастысы, олардың іске асырылу нәтижелеріне талдау жүргізугі мүмкіндік бермейді;

- осы бағалауды жүргізуге укілетті орталық мемлекеттік органдардың сараптамалық әлеуеттігінің шектеулігі, оның тар уақыт жағдайында және бір мезгілде бағалауға жататын жоспарлардың едәуір санының болуы кезінде ондай бағалаудың сапасына ықпал етуі немесе оның өз уақытында аяқталуына қауіп төндіруі мүмкін;

- стратегиялық жоспарларды талдауға тартылуы мүмкін мамандардың біліктілігі мен тар мамандығы деңгейіндегі айырмашылығы, олардың объективті бірдей шамадағы сапасы кезінде едәуір айырмашылығы бар бағалауды туғызуы мүмкін және ендеше, тұтастай алғанда негізділігіне күмән келтіреді;

- Қазақстан Республикасыдағы бюджеттік процесстердің созылмалы реформалардың жалпы контексінде стратегиялық жоспарларды (сондай-ақ тиісті мерзімдерді) бекіту мен нақтылау (түзетулер) рәсімдерінің жеткіліксіз іс жүзіндегі талқыланбауы, ол уақыт таңдау мен бағалау жүргізу үшін рәсімдерді белгілеуді қиындатады;

Бағалауға үлкен мән беруге мүмкіндік беретін және сонысымен оны жүргізуден бюджеттік процесстердің барлық қатысушылары үшін пайдалы әсерді ұлғайтатын факторларға бағалау рәсімдеріне саяси жетекшілердің (белгілі бір сатыда) тартылуы, сондай-ақ бағалау барысында айқындалған стратегиялық жоспарларды жасайтын мемлекеттік органдардың белгіленген талаптардан ауытқуларын талқылау мүмкіндіктері жатады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып бағалауды ұйымдастырудың мынадай жалпы жолдары ұсынылады:

1. Бағалау нәтижелеріне үлкен мән беру үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарларын іске асырылуын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде бекіту мақсатқа лайықты болады. Ондай шешім сондай-ақ стратегиялық жоспарларды бағалауды ұйымдастыруға саяси басшылардың алғашқы қатыстырылуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген материалдарды саяси басшылар деңгейінде бекіту мүмкін болмаған жағдайда оларды Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бұйрығымен бекіткен жөн.

2. Стратегиялық жоспарларды бағалау рәсімдерін 2008 жылы бір реттік іс-шара ретінде бекіту мақсатқа лайықты болады. Оны жүргізу нәтижесінде ұйымдастыру мезеттерін нақтылауға және 2009 жылы (және келесі жылда-ры) тұрақты бағалаулар жүргізу тәртібі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік туады. 2009 жылға стратегиялық жоспарларда белгіленген мемлекеттік органдар қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау 2010 жылдың ақпан – наурыз айларынан ерте емес, тиісті есептік деректер шыққан кезде, жүргізуге болатындыңы ескерген жөн.

3. Бағалау екі кезеңнен жүргізілетінін белгілеу қажет. Бірінші кезеңде мемлекеттік органдар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бойынша өздерінің стратегиялық жоспарларына өзіндік бағалау жүзеге асырады. Екінші кезеңде сыртқы бағалау жүргізіледі, оны осы бағалауды жүргізуге уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың өкілдері тәуелсіз сарапшылардың мүмкін болған ағдайда жүзеге асырады.  (Сыртқы бағалауға әртүрлі мемлекеттік органдардың қатысуындағы артықшылықтары мен кемшіліктері төменде қарастырылатын болады.).

4          Бағалау:

- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мамандарымен, қажет болған жағдайда тартылатын тәуелсіз сарапшылардың шектелген санының қатысуымен;

- бақылаушы органдардың мамандарымен;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан немесе үкімет комиссиясы жанынан арнайы құрылған стратегиялық жоспарларға бағалау жұмыс тобымен (мысалы, Бюджет комиссиясы) жүргізу мүмкін.

А. Сыртқы бағалауды жүргізу кезінде неғұрлым мақсатқа лайықты нұсқасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мамандарының, тартылатын тәуелсіз сарапшылардың шектелген санының қатысуымен, күшімен ондай бағалауды жүзеге асыру болып табылады. Аталған мамандар мемлекттік органдардың қызметінің ерекшеліктерінің жеткілікті білімін меңгерген, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарға тартылған, және стратегиялық жоспарлауды дайындаудың әдістемелік мәселелерімен таныс. Бағалаудың екінші кезеңінің ондай нұсқасын ұйымдастыру оны тар уақытта және ұйымдастырудың ең аз шығындарымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Б. Балама нұсқасы бақылаушы органдардың мамандарының күштерімен бағалауды жүргізу болып табылады. Алайда оның артықшылықтары аз, өйткені бақылаушы органдар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қарағанда нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстарға едәуір аз дәрежеде тартылған және стратегиялық жоспарлауды жасаудың әдістемелік сұрақтарын дайындауға қатыспаған.

В. Тағы бір мүмкін болатын нұсқасы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан немесе үкімет комиссиясы жанынан стратегиялық жоспарларды бағалау жөніндегі арнайы жұмыс тобын қалыптастыру болып табылады. Жұмыс тобының құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, бақылаушы органдардың, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінің, сондай-ақ бірқатар салалық министрліктердің немесе ведомстволардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіруі мүмкін. Ондай тәсілдің айқын мәртебесі маңызды ресурстарды шоғырландыру есебінен бағалаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мүмкіндігі және стратегиялық жоспарларды жетілдіру жөніндегі нақтылы шешімдерді жедел қабылдау мүмкіндігі, сондай-ақ салалық министрліктер мен ведомстволар үшін тұтастай алғанда бағалаудың мәнін арттыру болып табылады. Сонымен қатар ондай нұсқаның іске асырылуы елеулі ұйымдастыру күштерін талап етеді және бағалау жүргізуге көп уақытты талап етеду.

5. Іске асыруды бағалау стратегиялық жоспарлаудың түпкілікті нұсқасының мемлекеттік бюджетін құру мен бекіту процессін қалыптастырғаннан кейін жүргізу мақсатқа лайықты. Бағалауды жүргізудің мерзімін анықтау кезінде сондай-ақ оның қатысушылары шеңберінің кеңдігін ескеру және стратегиялық жоспарлардың талдауы үшін сарапшылар ресурсының болуы қажет.

6. Стратегиялық жоспарлаудың іске асырылуын бағалауды енгізу бірнеше (пилотты) ведомстволарда басталуы мүмкін. Келесі циклдарында қатысушылар шеңбері барлық мемлектеттік органдарға дейін кеңейілуі мүмкін. Реформаның бастапқы сатысында бағалау сондай-ақ ерікті (тәжірибелік) негізде жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ бағалауға қатысушы мемлекеттік органдардың тізімін белгілеуге жол берілген.

7. Стратегиялық жоспарларды бағалаудың нәтижелері Үкіметтің қарауына және бекітуіне ұсынылады. Алғашқы нәтижелері Стратегиялық жоспарлары бағалаған мемлектеттік органдар хабарландырылады. Үкіметке ұсынбастан бұрын бағалау нәтижелеріне, ең болмаған да,  жеке ведомстволармен талқылау жүргізген мақсатқа лайықты.

8. Мүдделі мемлекеттік органдарды ыталандыру үшін  әкімшілік (саяси басшылық (Қазақстан Республикасының Үкіметі) өкілдерінен немесе бағалаудың екінші кезеңін жүзеге асырушы мемлекеттік орган басшыларынан стратегиялық жоспарларды құру жөніндегі олар орындаған жұмыс үшін марапаттауды ауызша түрде жасау) стратегиялық жоспарларды дайындауға қатысушы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға қосымша қаражат бөлу нысанында материалдық ынталандыруды қолданған өте маңызды.

9. Бағалау қорытындысы жөніндегі шешімде бағалау процессінде анықталған нақтылы кемшіліктерді есекере 2009 жылғы стратегиялық жоспарларды жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ нәтижелерге бағдарланған мемлекетік жоспарлау жүйесін енгізуге бағытталған басқа да іс-шараларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларды мемлекеттік органдарға айқындау қажет.

10. 9-тармақта көрсетілген  тапсырмаларды орындау нәтижелері келешекте стратегиялық жоспарлауды бағалауды жургізу кезінде бақылаудың нысаны болып табылуы мүмкін. Тиісті ережелерді 2009 жылы жүргізілетін бағалауды реттейтін құжаттарға енгізу қажет болады.

 

 

6 тарау. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі

 

6.1. Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі

 

Стратегиялық жоспарлаудан айырмашылығы жедел жоспарлау нақты операцияларға, іс-әрекеттерге, олардың бірізділігіне, нақтылы кестелерді жасауға, кестеде көрсетілген жоспардың сол немесе басқа да тармақтарын орындауға қажетті ресурстарды анық айқындауға және т.б. байланысты. Тұтастай алғанда жедел жоспарлау стратегияның егжей-тегжейлену, операциялану, әртүлі құрылымдар мен ұйымдар қызметінің нақтылы көрсеткішіне ауыстыру сатысы деп санауға болады (2, 23 б.).

Барлық мемлекеттік органдар үшін жасалған жоспарлар тұтастай алғанда, оның ортақ мақсаттарын белгілейді және мемлекеттік органның ағымдағы жағдайын ол жұмыс істейтін ортада стратегиялық жоспарлар деп қабылдауға санауды білдіруге шақырады. Мемлекеттік органның ортақ мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін егжей-тегжейлі сипаттайтын жоспарлар жедел жоспарлар деген атау алды. Стратегиялық жоспарлардың жеделден айырмашылығы ретінде: уақытша шегін, қамту көлемін бөлуге болады және жоспар ұйымдастырушылық мақсаттардың нақтылай жиынтығын қосады. Операциялық жоспарлар неғұрлым қысқа уақыт мерзімдерін қамтиды. Сонымен, мысалы, мемлекеттік органның тоқсандық, айлық, он күндік жоспарлары әрқашан дерлік операциялық болады.

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі