Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

Исландияның Қаржы министрлігі ақпаратты өлшеу және ұсыну тәсілдері мен көрсеткіштерінің жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жүргізеді. Осылайша, Исландияның Кеден басқармасында «Көрсеткіштердің теңестірілген жүйесі» атты пилоттық жоба іске қосылды.

Кеден Басқармасы штатын толық жұмысбастылықпен 200 қызметкер құрайды, бюджеті - $8,3 миллион. Кеден Басқармасының нәтижелерге бағытталған бюджеттеуді қолдануға қатысты тәсілі «төмен түсетін» ретінде сипатталуы мүмкін. Миссиясы, стратегиялық  жоспары, негізгі мақсаттары мен міндеттері жоғары деңгейде анықталады. Басқарманың жекелеген департаменттері мен бөлімдері бюджетті, функцияларды, орындайтын міндеттерді және қызмет көрсеткіштерін қамтитын жылдық жоспарларды құру үшін жауапты. Сондай-ақ олар  жетілген нәтижелер туралы ақпаратты ұсыну керек. Егер агенттіктің шығындары бөлінген бюджет қаражаттарынан асатын болса, онда келесі жылдың бюджеті берілген мөлшерге азаяды. Жұмсалмаған қаражаттар да келесі жылда жұмсалады.

1999 жылы Кеден Басқармасы Қаржы министрлігі мен Кеден Басқармасының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін анықтайтын, сондай-ақ атқарушы биліктің берілген органының мақсаттары мен міндеттері жүйесін, жаңа миссиясын бекіткен Орындауға шартқа қол қойды. Шартта сондай-ақ Кеден Басқармасының Қаржы министрлігіне ұсынуы керек құжаттар мен баяндамалардың тізімі анықталды. Ең алдымен, бұл жыл сайын қарастырылуға тиісті бес жылдық жоспарлар, сондай-ақ әрбір жылдың басында Министрліктің қаралуына ұсынылатын жылдық жоспарлар. Сондай-ақ әр жылда ведомство қаржылық, сол секілді қаржылық емес қол жетілген нәтижелер туралы есепті құрастыруы керек. Ақырында, Қаржы министрлігі  тиімділік көрсеткіштері туралы ақпаратты жыл сайын жинауы және оны жариялауы керек.

Кеден Басқармасының  қызметін реформалау – Исландияның Қаржы министрлігінің пилоттық жобасы. Негізгі назар мемлекеттік орган жұмысының соңғы нәтижелері және процестері, қолданылатын ресурстары арасындағы арақатынасқа аударылды. Кеден Басқармасы одан әрі елдің барлық министрліктері мен ведомстволары пайдаланатын, «Көрсеткіштердің теңестірілген жүйесін» енгізу үшін Қаржы министрлігінің арнайы грантын алды. 

 

Ресей Федерациясы (Қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндамаларды бағалау тәжірибесін талдау)

 

Ресей Федерациясының Бюджеттік процесін реформалау тұжырымдамасын жүзеге асырудың аса маңызды элементтерінің бірі ретінде 2004-2006 жылдарда бюджеттік жоспарлау субъектілерінің  2005-2007 жылдарға  бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндамаларды (одан әрі – Баяндамалар) құрастыруы қарастырылды.

Бюджеттік жоспарлау субъектілері - Ресей Федерациясының  Үкіметі, сондай-ақ Ресей Федерациясының  Қаржы министрлігі  және Ресей Федерациясының  Экономикалық даму министрлігі[2] ұсынатын бұл Баяндамаларда:

       бюджеттік жоспарлау субъектілерінің тактикалық міндеттері мен стратегиялық мақсаттары, олардың мемлекеттік саясаттың басымдықтарымен байланысы, сондай-ақ тактикалық міндеттерді шешу мен стратегиялық  мақсаттарға жету көрсеткіштері;

       қызметтің тиісті саласындағы шығыс міндеттемелері және тиісті бюджеттік жоспарлау субъектілері басқаратын федералдық бюджет кірісітері көлемдерінің бағалары;

       солар арқылы мемлекеттік орган қойылған мақсаттарға жетуге және тиісті тактикалық міндеттерді шешуге ниеттенетін, бюджеттік мақсаттық бағдарламалардың сипаты;

       есептік және жоспарлық кезеңде мақсаттар, міндеттер  мен бағдарламалар бойынша бюджеттік шығындарды бөлу;

       бюджеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау, оны арттыру бойынша шараларды негіздеу.

Баяндамалар әзірлемелерінің нормативтік және әдістемелік қамтамасыз етуін құрайды:

       Бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндамалар туралы ереже;

       Бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндамаларды дайындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар;

       мемлекеттік орган өкілдері үшін баяндамаларды даярлау бойынша Қаржы министрлігінің семинарлары;

       НББ әдістемесі бойынша мемлекеттік орган өкілдеріне жеке кеңес берулер.

Баяндамалар әзірлеу бойынша мемлекеттік орган қызметін басқару мен үйлестіру үшін бюджет шығындарының нәтижелілігін көтеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды, ал оның қызметін қамтамасыз ету үшін бірнеше сараптамалық жұмыс топтары құрылды. Әрбір жұмыс тобының міндеті Баяндамаларды әзірлеу бойынша мемлекеттік орган өкілдеріне көмек көрсету болып табылды. Осы мақсатпен әрбір жұмыс тобына Үкімет  Аппаратының, Ресей Федерациясының  Қаржы министрлігінің, Ресей Федерациясының  Экономикалық даму және сауда министрлігінің, салалық министрліктердің мамандары, тәуелсіз сарапшылар кіргізілді.

Үкіметтік комиссия мемлекеттік органдардың Баяндамалары негізінде бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Ресей Федерациясы Үкіметінің жиынтық жоспарын әзірлеуде. Жиынтық жоспарда ұлттық стратегиялық  мақсаттардың, Ресей Федерациясы Үкіметінің қызметінің стратегиялық  мақсаттарының сипаттамасы жазылған, сондай-ақ барлық бюджеттік жоспарлау субъектілері үшін қызмет нәтижелері мен стратегиялық мақсаттардың сипатын қамтиды. Жиынтық жоспар талқылау және одан әрі пысықтау үшін кең сарапшылар аясына ұсынылды.

2004 жыдан бастап, атқарушы билік органдары қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігі сұрақтары Ресей Федерациясы Үкіметінің  тарапынан қызу назар аударуының объектісі болып табылады. Қызметтің түпкілікті нәтижелері туралы деректер ұсынылған бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Баяндамаларды Қаржы министрлігін, Экономикалық даму министрлігін, бюджет шығындарының нәтижелілігін көтеру бойынша Үкіметтік комиссияны қоса алғанда, әртүрлі меморгандар бағалайды, ал 2006 және 2007 жылдарда жекелеген ведомстволардың Баяндамалары Ресей Федерациясы Үкіметінің  отырыстарында қарастырылды.

Атап айтқанда, 2007 жылы маусымнан қыркүйекке дейінгі кезеңде Ресей Федерациясы Үкіметінің  отырыстарында сегіз министрлік пен ведомствоның Баяндамалары қарастырылды. Рессей Федерациясы Үкіметінің  отырыстарында ұсынылған Баяндамалар негізінен мақұлданған болды, алайда жұмыс істейтін министрліктерге қызметі басымдықтарын айқындау, қызмет көрсеткіштері жүйесінің сапасын көтеру және олардың мақсаттық мәндерін дәлелдеу бөліктерінде оларды пысықтау тапсырылды.

Баяндамаларды дайындау және бағалау тәжірибесін дамытуда маңызды рольді 2004, 2006 және 2007 жылдарда өткізілген, нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлау әдістерін ендіру бойынша тәжірибелер (одан әрі – тәжірибе) атқарды. Тәжірибелерді өткізу мақсаттары болып табылады:

       атқарушы биліктің федералдық органдарының қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы және қызметінің тиімділігі туралы Баяндамалардың сапасын арттыру;

       бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндамаларды бюджеттік процеске енгізуді жеделдету;

       нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлау әдістерін әзірлеу мен ендіру бойынша атқарушы биліктің федералдық органдары үшін ынталандырулар жасау;

       бюджет шығындарының нәтижелілігін және бюджет қаражаттарын басқару сапасын ескерумен конкурстық негізде бюджет қаражаттарын бөлу рәсімдері мен өлшемдерін мақұлдау;

       қаржылық менеджмент сапасын бағалау әдістерін ендіру.

Тәжірибелерге қатысуға құқық атқарушы биліктің федералдық органдарында ғана болды (одан әрі-  тәжірибе қатысушылары). 2004-2006 жылдардың тәжірибелеріне қатысу үшін атқарушы биліктің федералдық органдарына тәжірибе қатысушысының өтініш дайындау қажет болған, онда келесі бөліктер жазылуы тиіс еді:

1) бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндама;

2) бюджеттік жоспарлау субъектісінің қызметі саласында бюджеттік заңнаманың сақталуын бақылаудыі сапасын және бюджет шығындарының нәтижелілігін арттыру бойынша бюджеттік жоспарлау субъектісінің федералдық министр бекіткен шаралар жоспары.

Қосымша тәжірибе қатысушысының өтінішінде ұсына алатын:

1) бюджеттік процесті және бюджеттік есепті ұйымдастыруды сипаттайтын кестені;

2) Ресей Федерациясының  бюджет шығындарын экономикалық және функционалдық жіктеу бойынша, бюджеттік мақсаттық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаражатты бөлудің талдамалық кестелері;

3) бюджеттік мақсаттық бағдарламалардың қаржыландыру көлемдерін бағалау нысанын (жылдар бойынша бөлумен).

4) ағымдағы жылдың басындағы жай-күйі бойынша айқындалған деректермен бюджет секторының мониторинг нысандары және 2004 жылғы 19 желтоқсаннан № 399 Ресей Федерациясының  Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сектордың мониторингін өткізу ережесінің талаптарына сәйкес бюджет секторын оңтайландыру бойынша іс-шаралар жоспарының  айқындалған жобасы.

2004 және 2006 жылдардағы тәжірибелердің ерекшелігі олардың қатысушылары өз өтініштерінің бағалауын Тәжірибені өткізу ережесімен бекітілген бағалаудың формалды әдістемесін қолданумен өз бетінше өткізгендігі болды. Бағалаулар бар кестелер өтініштің құрамында Ресей Федерациясының Қаржы министрлігіне жіберілді, ол ұсынылған бағалаулардың Тәжірибені өткізу ережесімен бекітілген әдістемеге сәйкестігін тексеруді жүргізген және ұсынылған өтініштерге өз қорытындыларын, сондай-ақ тәжірибе шегіндегі қаржыны бөлу бойынша өз ұсыныстарын Бюджет шығындарының нәтижелілігін көтеру бойынша Үкіметтік комиссияға жіберді.

2004 жылы тәжірибеге қатысу үшін бюджеттік жоспарлау субъектілерінен 9 өтінім ұсынылды. Тәжірибенің  көптеген қатысушылары өтінімнің міндетті, сол секілді қосымша бөліктерін ұсынды. 2006 жылы тәжірибе қатысушыларының саны 16 ведомствоны құрады.

2007 жылы тәжірибені өткізу ережелері мен рәсімдері, алдыңғы жылдарға қарағанда министрліктерден жеке өтінішті дайындауды болжаған жоқ; тәжірибе шегінде бағалау Бюджет шығындарының нәтижелілігін көтеру бойынша Үкіметтік  комиссияға ұсынылған барлық баяндамаларды қамтыды. Басқаша сөзбен айтқанда, 2007 жылы тәжірибе ерікті емес, міндетті сипатта болды. Бұнымен бюджеттік жоспарлау субъектілері болып табылатын, тәжірибе қатысушылары үшін бюджеттік жоспарлау субъектілері қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Баяндамаларға қосымшалар ретінде кіргізілген, қызмет нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Баяндамалар бағаланды.

2008-2010 жылдарға Тәжірибе қатысушылары қызметінің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Баяндаманы бағалауды Бюджеттік шығындардың нәтижелілігін көтеру жөніндегі Үкіметтік комиссия тұсындағы Ғылыми- әдістемелік кеңес құрған Жұмыс тобы жүргізді. Баяндамаларды бағалау негізіне оның Баяндамаларды дайындау бойынша  әдістемелік ұсыныстардың ережелеріне сәйкестігі өлшемдері жатты.

Баяндамалармен қатар қызметтің тікелей (тура) нәтижелерінің көрсеткіштері, сондай-ақ 2008-2010 жылдарға федералдық бюджеттің қаражаттарын басты бөлушілердің шығындық міндеттемелерінің айқындалған тізілімдері  ұсынылған, 2008-2010 жылдарға бюджеттік ассигнованиялардың негіздері бағалануға тиісті болды.

Тәжірибелер шегінде Баяндамаларды бағалаудың күдіксіз артықшылығы жүргізілетін бағалаудың айқындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ететін, бірыңғай әдістеме мен өлшемдерді пайдалану болып табылады. 2007 жылғы тәжірибе шегінде мемлекеттік органдар қызметінің тек мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері ғана, яғни Баяндамалар «Қызметтің мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері» бірінші бөлімінде ұсынылған ақпарат   бағаланғандығын айтып өту керек,  қалған бөлімдер мен қосымша бағалауға ұшыраған жоқ. Бағалау әдістемесі Баяндамалардың Әдістемелік ұсыныстардың  ережелеріне сәйкестік деңгейін анықтауға негізделген. Бағалау келесі өлшемдер бойынша жүргізілді:

1.1 Қызметтің тұжырымдалған стратегиялық мақсаттарының қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндаманы әзірлеу жөніндегі  Әдістемелік ұсыныстардың  ережелеріне сәйкес келуі. Бұнымен қоса мемлекеттік органның мақсаттары мемлекеттік саясаттың басымдықтарына, релеванттылыққа (ФОИВ қызмет салаларына тура қатынас), ерекшелікке, өлшенгіштікке,  қол жетерлікке, тұжырымдаманың ықшамдылығына және айқындығына, қоғамның өзекті қажеттіліктерін көрсетуге, қол жету құралдарынан тәуелсіздікке сәйкестігі тексерілді.

1.2 Тұжырымдамада қоғам үшін маңызды ФОИВ қызметінің негізгі нәтижелерінің стратегиялық  мақсатын сипаттау.

1.3 ФОИВ қалыптасқан тактикалық міндетінің қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы баяндаманы әзірлеу бойынша  Әдістемелік ұсыныстардың   ережелеріне сәйкестігі:

- әрбір тактикалық міндет тек бір мақсатқа қатысты болуы керек,

- мемлекеттік органның өзінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге жол берілмейді,

- міндеттердің жиынтығы қажеттілік және жеткіліктілік қағидаларына сәйкес келуі керек,

- міндеттер құрылымы атқарушы билік органдарының ұйымдастырушылық құрылымын ескеруі керек.

1.4. Таңдалған көрсеткіштердің бірегейлік, объективтілік және бір мағыналылық талаптарына сәйкестігі.

1.5. Көрсеткіштердің дәлдік, анықтық, үнемділік, салыстырмалылық, дер кезділік  және жүйелілік талаптарына сәйкестігі.

1.6. Көрсеткіштердің санын барынша азайту қағидасына еру және тікелей және түпкілікті нәтижелер  көрсеткіштеріне шек қою.

1.7. Көрсеткіштер жүйесінің тұрақтылығы. Бұнымен қоса 2008-2010 Баяндамада да ұсынылған, 2005-2008 Баяндамада жазылған, көрсеткіштер пайызы есептелінді.

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі