Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
1995 жылы Австралия Үкіметі Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпараттарды талдау бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаға сәйкес қызметердің нәтижелері туралы ақпараттарды талдау әрбір мемлекеттік органдарда жүйелі негізде жүргізілуі тиіс. Мұндай талдаудың мақсаты қол жеткен нәтижелер туралы анық ақпараттарды беру, сондай-ақ осы орган қызметінің нәтижелілігін арттыру жөніндегі мүмкіндіктерді айқындау болуы тиіс. Әрбір орган оның жүргізілуінде болатын барлық бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады.
Бұл мәліметтер бюджетті жасау процессінде интегралданғанын атаған жөн. Әрбір министрліктің бюджеті мақсаттар мен міндеттер, келесі қаржылық жылға және бюджеттік қаржыландыру көлемінде жоспарланған мақсатты көрсеткіштер туралы ақпараттардан тұрады. Министрлік өызметінің әрбір тіке нәтижесі ақша түрінде бағаланады, тиісінше сол немесе басқа көрсеткіштер қол жеткізуге бюджеттік қаржыландыру бөлінеді.
Мемлекеттік органдардың жыл сайынғы баяндамаларындағы мәліметтеріне талаптардың соңғы өзгерісі жүргізілген іс-шараларды сипатаудан қойылған мақсатқа қол жеткізудің тиянақты талдауын акцентеге орналасты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар персоналының тиімділігі бағаланатынын атаған жөн. Сонымен, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген жұмысшылар ай сайынғы жалақысына қосымша ақшалай сыйақы алады.
Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігін бағалау жүйесінің үлкен маңызы 1980-1990 жылдары елдегі жүргізілген реформалардан кейін белсенді қолданылған бенчмаркинг әдістемесінде болды. Бұл әдістемелерді қолдану мемлекееттік орган қызметінің тиімділік деңгейін анықтауға, оның арттырылуының нақтылы бағытарын әзірлеуге, қолданыста бар ұйымдастырушылық процесстерді көрнекті көрсетуге мүмкіндік береді.
Австралияның мемлекеттік органдары бенчмаркингтің екі түрін қолданады: процесті және нәтижелік.
Процесті бенчмаркинг мемлекеттік органдар қойған мақсаттарға қол жеткізуге жанама ықпал ететін ұйымдастырушылық процесстердің талдауына бағдарланған. Процестік бенчмаркингтің негізгі қағидасы – жоғары нәтижеге бұл нәтиженің қол жеткізу процесі жоғары деңгейде жүзеге асырылғанда ғана қол жеткізіледі.
Нәтижелік бенчмаркинг антипод ретінде емес, процестікке қосымша ретінде қаралады. Австралиядағы жеке министрлікке ведомостволық қарасты барлық агенттіктер олардың қызметтерінің тікелей (тіке) нәтижелердің өз арасында салыстырулар тұрақты өткізеді. Нәтижелік бенчмаркинг агенттіктердің қызметінің нәтижелілігінің айрмашылқтарының себептерін – олар объективті (агенттіктің қызметтерінің саны, уәкілеттіктерінің көлемі және т.б.), немесе субъективті (қызметтер ұсыну тәртібіндегі айырмашылықтар және басқалар) болып табылады ма – соны анықтауға, және органдардың қойылған мақсатарға қол жеткізу деңгейінде ажырауларды қысқарту мекемелер алдына қойылған мақсатқа жету деңгейінде ажырауды қысқартуға мүмкіндік береді.
1980 жылдары Австралияда мемлекеттік органдар қызметін бағалау және нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуді енгізу үшін әдістемелік базаны жасаған бірқатар бюджеттік реформалар жүргізілген.
Бүгінгі күнде қызмет нәтижелілігінің талдауы мен арттырылуына жауаптылық министрліктердің, министрлік департаменттері мен агенттіктер басшыларына жеке жүктелінген. Сонымен қатар, әрбір ведомствоның қызметінің түпкілікті нәтижелері Австралияның Қаржы және басқару министрімен келісіледі. Австралияның Қаржы және басқару министрлігінің мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін басқаруға талаптарды әзірлеуге жауапты болып табылады, оған сәйкес әрбір орган келесі қаржылық жыл бюджетінің жобасы үшін өз қызметінің нәтижелері туралы ақпараттар ұсынады. Бюджетті жасауға жауапты орталық орган ретінде Қаржы және басқару министрлігі басым бюджеттік шығындар жөнінде Австралия Үкіметіне тұрақты ұсыныстар беріп отырады, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларының талдауын жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігінің арттыру жөніндегі бағдарламалардың негізгі акцентін Австралия Үкіметі оларға мемлекеттік қызмет көрсету арқылы сыртқы тұтыушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды сипаттайтын, олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерне жасайды. Министрліктер мен агенттіктер мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуінің нәтижелігін өлшеу мен бағалауға жауапты болып табылады. Әрбір ведомство ұйымдастырушылық деңгейде де және түпкілікті көрсеткіштер деңгейінде де стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, министрліктер мен агенттіктер қызметінің қол жеткізілген нәтижелердің жыл сайынғы бағалауын және олардың өз ара салыстыруын қарастыратын ұзақ мерзімді жоспарлауға (3-5 жыл) негізделеді.
Дания
Даниядағы қызметтердің нәтижелерін басқарудың негізгі құралдары департаментер мен агенттіктер арасындағы Қызметтердің нәтижелері туралы келісім-шарттар, Жоғары буын басшылары қызметтерінің нәтижелер туралы келісім-шарттар, Қызметтердің нәтижелері туралы ішкі келісім-шарттар мен Қызметердің нәтижелері туралы болып табылады.
Шеңберінде бірқатар пилоттық жобала жүзеге асырылған екі жылдық өтпелі кезеңнен кейін 1997 жылдан бастап Қызметтердің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептер беру (ҚНЕ) орталық үкімет құрамындағы анеғұрлым ірі агенттіктер үшін міндетті болатын болды. ҚНЕ мақсаты – бөлінген ресурстарды пайдалану және тиісті Қызметтердің нәтижелері туралы келісім-шартта бекітілген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейі туралы ақпараттар ұсыну.
7-сурет. Данияның орталық үкіметі деңгейінде қызметтердің нәтижелерін басқару
Данияның Қаржы министрлігі Қызметердің нәтижелері туарлы жыл сайынғы есептерінің мазмұнында қажетті ең аз талаптарды белгілейді.
Қызмет нәтижелері туралы есепке ең аз талаптар 1996 жылдан № 82 бюджет туралы актіге сәйкес Қызмет нәтижелері туралы есептер өзіне мынадай сипаттамаларды қосуы тиіс: - агенттік қызметінің мақсатары, міндеттері мен бағыттары; - белгіленген мақсаттық көрсеткіштерге жету дәрежесі; - қаржылық есептілік; - әкімшілік- басқарушылық шығындар (ӘБШ); - негізгі капиталға инвестициялар; - өнімділік және меншікті өзіндік құн көрсеткіштері; - ұйымдастырушылық құрылым; - персоналды пайдалану. |
Агенттіктер Қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есептерді дайындайды және оларды тиісті Департаментке бекітуге жібереді. Орталық ведомстволар ҚНЕ парламентке ұсынады, сосын олар жалпыға бірдей қол жетімді болу үшін жарияланады.
Департаменттер ҚНЕ деректерін агенттіктердің жұмыстарының тимділігін бағалау үшін және ақпараттың маңызды көзі - Қызмет нәтижелері туралы болашақ келісім- шарттар туралы келіссөздер үшін негіз ретінде қолданады. ҚНЕ сондай-ақ Ұлттық аудит басқармасының жетекшілік етуімен атқарушы билік тармағының қызметін бақылау және бюджет ресурстарын барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бағытында дамитын бақылау және аудит жүйесінің ажыратылмас бөлігін ұсынады.
Нидерланды
2000 жылдың мамырында Нидерландының министрліктер мен ведомстволары үкіметтің «Саяси бюджеттен жауапты мемлекеттік басқаруға» қаулысына негізделген бюджет жобасын ұсынды. Жаңа үлгідегі бюджет баптарын әзірлеумен құрылымдау кезіндегі басты қағида бюджет қаражаттарын жұмсаудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігіне сүйену болып табылды. Төменде жаңа үлгідегі ведомстволық бюджеттің құрылымы келтірілген.
Ведомстволық бюджеттің құрылымы |
Заңнамалық ұсыныс - бюджеттік жолдау Саясаттың негізгі бағыттары - Қызмет жоспары (саясат бағыттары бойынша меморандум) - Бюджет саясатының бағыттары бойынша шығындар Басқару бойынша бөлім Ведомстволық агенттіктер бойынша бөлім Нақтыланған қосымша |
Ведомстволық бюджеттің «Саясаттың негізгі бағыттары» деген бөлімі екі бөліктен тұрады: Қызмет жоспарынан және Бюджет саясатының бағыттары бойынша шығындардан.
Қызмет жоспарында мемлекеттік саясаттың басымдықтары мазмұндалған, ведомство кезекті жылда қойылған мақсаттарға жету үшін жүзеге асыруға ниеттенетін шаралар толық ұсынылған. Бұнымен қоса талаптардың біреуі Жоспардың қысқалығы және жақсы ойластырылған құрылымы болып табылады (ол 10 беттен аспауы тиіс).
Қызмет жоспарында сондай-ақ жоспарланатың әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті бюджет қаражаттарының талдауы жазылған. Бұл талдау қызметтің әрбір бағыты бойынша шығын міндеттемелерінің, кіріс пен шығыстардың орта мерзімді динамикасы көрсетілген кесте түрінде жасалған. Мұндай агрегатталған деңгейде саясаттың неғұрлым маңызды бағыттары бөлінеді, онда қызмет ауқымының шоғырлануы не кеңеюі өтеді. Қызмет жоспары - бұл мәнісі бойынша бюджет мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
Ведомстволық бюджетті реформалау кезінде негізгі күш жігер бюджет қызмет бағытына неғұрлым бағдарланған болуына және келесілердің тура байланысын қамтамасыз етуіне жұмсалды: 1) қызмет мақсаттарының;
Ведомстволық бюджеттің «Саясат бағыттары бойынша шығындар» деген кіші бөлімінде қызметтің әрбір бағыты үшін мақсат- нәтижелердің сандық мақсаттық көрсеткіштері, оларға жету үшін қажетті бюджет шығындары, сондай-ақ негізгі көрсеткіштер бойынша болжамдар және тиімділік бағалары келтіріледі.
Бюджет үшін жоспарланатын әрекеттерді жүзеге асыру нәтижелері жаңа үлгідегі ведомстволық бюджетке кіргізілген статистикалық нысанда ұсынылады. Статистикалық нысанда t-2 бастап t-4 жылдар аралығындағы кезең ішінде міндеттемелердің, шығыстар мен кірістердің жалпы жиынтығы (егер мұндай баға бар болса) көрсетіледі. Жалпы бейнесін ұсыну (және негіздеу) мақсатында тұсау кесердің жүйелілігін сақтау үшін қызмет бағыттары бойынша нысандарды толтыру қажет деп шешілді. Статистикалық нысанда шығындар әкімшілік және бағдарламалық болып бөлінеді. Бағдарламалық шығындар, өз кезегінде, қолданылуы керек қаржылық құралдарға (субсидиялар, несиелер және кепілдер секілді) сәйкес санаттарға бөлінеді.
Қызмет нәтижелері туралы деректер ведомстволық бюджеттің маңызды бөлігін құрайды. Бұнымен қоса қызмет нәтижелері және бюджет көлемдерінің бағалары арасындағы байланысты барынша анық көрсету маңызды, өйткені бюджет шығындарының айқындылығы мен тиімділігін көтеру бойынша күш-жігердің мәнісі осыдан тұрады. Нәтижелер туралы деректер, шығындар секілді бірқатар жылдар үшін келтіріледі.
Жаңа үлгідегі есептік құжаттамада және бюджетте «қаржылық басқару» терминін қолданылмайтындығын атап өту керек, ол «басқаруға» ауыстырылған. «Басқару» түсінігі- қаржыны жай басқаруға қарағанда едәуір кең түсінік. Басқару қаржылық, еңбектік, материалдық және ақпараттық ресурстарды, министр жауапты болатын қызмет пен бюджеттеу түрлерінің құрамында жұмылдыруға қатысты қызмет түрлерінің барлық жиынтығына жатады. Жылдық ведомстволық есепте басқару бойынша бөлімнің болу керегі, әрине өз алдына. Былайша айтқанда, басқару бойынша бөлім ведомстволық бюджетке кірмейді. Дегенмен жоспарлық қайта ұйымдастырулар, жекешелендіру бойынша әрекеттер немесе министрліктің қандайда бір бөлімшесінің (басқармасының) есептеулер әдісіне жоспарланған көшуі секілді тікелей басқарушылық мәселелер бар болса, онда бұл ведомстволық бюджетте көрініс табуы керек.
Исландия
1995 жылдан бастап Исландияның Қаржы министрлігі салық төлеушілердің қаражаттарын қолдану тиімділігі туралы ақпаратты халыққа ұсыну мақсатымен әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың қызмет көрсеткіштерін жыл сайын жинап, жариялайды. 1997 жылы мемлекеттік биліктің орталық деңгейінің нәтижелері бойынша басқару жүйесіне толықтай ауыстырылды. Үш жылдан бес жылға дейінгі мерзіммен Орындауға шарт атқарушы билік органдары қызметінің негізгі міндеттерін анықтады және министрліктер мен оларға бағынышты агенттіктердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың өзгешеліктерін анықтады. Бұл шарттарға сәйкес орындалуы үшін министрліктің алдында агенттік жауап беретін Стратегиялық жоспарларды әзірлеуі керек. Стратегиялық жоспарларды іске асыру үшін агенттік жылдық жоспарларды жасайды, онда негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталады, сондай-ақ әрбір жылы министрлікке қызмет нәтижелері туралы есептерді ұсынады. Осылайша шешімдерді қабылдаудың қайта орталықтануы және мемлекеттік сектор менеджерлеріне үлкен еркіндікті ұсыну болады.
Атқарушы билік органдарының қызметін ұйымдастырудағы ұлғайған еркіндік олар ұсынған қызметтердің саны мен сапасы туралы едәуір дәл ақпаратты қажет етеді. Бірақ қызмет тиімділігінің қолданылатын көрсеткіштері әзірге тиімді мемлекеттік басқаруды бағалау құралы ретінде жеткілікті белсенді қолданылмайды.
Жоғарыда айтылып өткендей, Қаржы министрлігі мұндай көрсеткіштерді 1990-шы жылдардың ортасынан бастап жинайды және жариялайды. Көрсеткіштерді бағалаудың үш сатылы бағдарламасы қалыптастырылды. Біріншіден, агенттіктер өз жұмысының тиімділік көрсеткіштерін өздері анықтау керек. Екіншіден, қойылған мақсаттарға жету бойынша шығындар анықталуы керек. Және, соңында әрбір көрсеткіштің стандартталған сандық сипаттамасы әзірленуі керек.