Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат
Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175
- нәтиже көрсеткіші – мұражайлардың қызметтерін қажет ететін пайдаланушылардың барлық санаттарының саны.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспарының жобасынан мысал:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Азаматтардың денсаулығын нығайту» 1-стратегиялық бағытын және оған «Санитарлық-эпидемиологиялық сауықтыру мен қоғамдық денсаулықтың деңгейін арттыруды қамтамасыз ету» мақсатын анықтады. Оған Министрліктің Стратегиялық жоспарының жобасының 55-бетінде бюджеттік бағдарлама берілген. ҚР ЭБЖМ әдістемелік ұсынымдарында әрбір мақсатқа немесе міндетке бюджеттік бағдарлама анықталуы тиістігі көрсетілген. Көрсетілген мақсаттарды іске асыру ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қызметтер көрсетуін білідіреді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші қон комитеті үшін тиімдік, қызметтер мен шығындар көрсеткіштерінің мысалы:
Стратегиялық бағыт | Мемлекеттік көші-қон саясатын жетілдіру және іске асыру (құзыреті шегінде) |
Мақсат | Этникалық иммигранттардың (оралмандардың) интеграциясына жәрдемдесу |
Міндет | Мигранттардың әлеуетін дамыту |
Бағдарлама | 027 «Ораламандарды тарихи отанына қоныс аударуы және әлеуметтік қорғау» |
Қызметтер көрсеткіші | Кәсіби оқудан және қайта даярлықтан өткен оралмандар саны, адам Соның ішінде әйелдер |
Шығындар көрсеткіші | Оқытушылар саны, оқу құралы |
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші | Оралмандардың жұмысқа орналасу деңгейі, экономикалық белсенді этникалық мигранттардың жалпы саны % соның ішінде әйелдер |
Бюджеттік бағдарламада жақшаның ішінде осы бағдарламаның қызметтер көрсетуге бағытталғанын көрсетілген – Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сауықтырылуын қамтамасыз ету бойынша қызметтер. Осы бюджеттік бағдарламада екі кіші бағдарлама бөлінген: 1) Обаға қарсы станцияларды ұстау, 2) Санитарлық-эпидемиологиялық станциялар ұйымын ұстау. Осы бюджеттік бағдарламада стратегиялық бағыт пен мақсаттың халыққа меморган көрсететін қызметпен байланысы. Көрсетілген бюджеттік бағдарламаның кемшіліктері қойылған мақсаттарды іске асыруға бағытталған міндеттердің мақсаты болып табылады. Осы қызметтердің санының көрсеткіштері:
- ошақтар мен басқада эндемиялық аймақтарына шығу санын;
- аймақтардан даярланған мамандар санын;
- дезинфекциялық дәрі-дәрмектің орташа құнын анықтайды.
Қызметтер сапасы мынадай көрсеткіштерімен сипатталады:
- халықтың инфекциялық, паразиттік және кәсіби ауруларын азайту есебінен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту;
- көліктегі эпидемиялық мәнді объектілердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту;
- ВИЧ/СПИД туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыру;
- ерекше қауіпті инфекциялардың келуіне жол бермеу.
Стратегиялық жоспар жобасының осы бөлімін талдай отырып «бір жұмыс істеушіге (күнге) есептегенде ауырғанымен байланысты уақытша еңбекке жарамсыздықтың орташа ұзақтығы» сияқты сапа көрсеткішін ұсынуға болады. Осы көрсеткіш басқа көрсеткіштермен қатар аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің және халықтың саулығының индикаторлары болып табылады, халықтың денсаулығын, еңбек шарттарын сипаттайды, сондай-ақ көрсетілетін дәрігерлік көмектің жеткіліктілігі мен сапасы.
Л.Бери және басқалар анықтаған сапа өлшемдерінен шығатыны, атап айтқанда құзыреттілік сияқтылар, онда сандық көрсеткіштер ретінде ұсынылған «аймақтардан даярланған мамандардың саны» сапа көрсеткіші де болуы мүмкін, өйткені қызмет көрсетуші персоналдар талап етілетін дағдыларға және білімдерге ие екенін көрсетеді.
Нәтиже көрсеткіштері:
- Оба бойынша жаман халдегі (энзоотикалық) аумақтарды зерттеудің қамтуын үлкейту;
- Декреттеу жастағы балаларды профилактикалық егулермен вакцинациялаудың қамтуын үлкейту (АКДС, ОПВ, ВГВ, БЦЖ, ККП);
- халықты қауіпсіз ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз етуді үлкейту болып табылады.
Осы көрсеткіштерге не қатысты болса, онда «қамтудың үлкеюін» емес, динамикада көрсетілетін «қамту үлесін» көрсету мақсатқа лайықты болады.
«Халықты қауіпсіз ауыз сумен жабдықтауды қаматамасыз етуді үлкейту» көрсеткішін «тиісті сападағы ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекеннің үлесі» ретінде тұжырымдаған жақсы, ол ауыз сумен қамтамасыз етуге қатысты бөлігіндегі халықтың қауіпсіз бөлігі мен денсаулығының деңгейін көрсетеді.
Бюджеттік бағдарламада белгіленген тиімділік көрсеткіштері анықталмаған. Осы көрсеткіштің есебі нәтиже көрсеткіштерінің абсолюттік мәнінің жоқтығынан қиындалған (осы көрсеткіштерге қатысты келтірілген). Сарапшылардың пікірлері бойынша осы көрсеткішті көрсетілген қызметтер жөніндегі нәтижелер мен оларды көрсетудің шығындары көрсетілетін меморганның есебінде көрсеткен қисынды болады.
Сонымен қатар ондай көрсеткішті «Мемлекеттік жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылардың жалпы санындағы денсаулықтың бірінші және екінші топтарындағы балалардың үлестік салмағы» ретінде қосуға болады. Осы жағдайда бұл көрсеткіш аймақтың білім беру мекемелері оқушыларының денсаулық деңгейін, сондай-ақ олардың денсаулықтарын сақтау мен нығайту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді.
5 тарау. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы және Қазақстан Республикасындағы баға механизмінің жұмыс істеуін қарастыру
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу
Мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат берудің неғұрлым жиі пайдаланылатын тәсілі – бұл әрбір министрліктің Стратегиялық жоспарлар немесе оған ұқсас стратегиялық мақсаттар, оларға қол жеткізуге бағытталған тактикалық міндеттер мен бағдарламалар, сондай-ақ бюджеттік қаражатты пайдаланудың жоспарланған нәтижелері берілген құжат дайындау. Сонымен, Ұлыбританияда әрбір ведомство мемлекеттік қызмет жөнінде келісім, Австралияда – қызметтердің нәтижесі жөнінде баяндамалар (Performance reports), Данияда - қызметтердің нәтижесі жөнінде келісім шарттар дайындайды. Осы сияқты баяндамалар құруда әрбір елдің өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, оларда, ереже ретінде мынадай құрылымдар бар (6-сурет):
| Мемлекеттік органның |
| ||||
|
| Мақсаттардың, міндеттердің және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерінің жүйелі тізбегі |
| |||
| Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігіне тұрақты бақылау |
| ||||
Корпоративтік мәдениетті нығайту (нәтиже бойынша жоспарланған мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін персоналдың мотивациясы) |
6-сурет. Мемлекеттік орган қызметі жөнінде ақпарат беретін құжаттар құрылымы.
Бұл Стратегиялық жоспарлардан немесе оларға ұқсас құжаттардан басқа ведомство, ереже ретінде, жыл сайынғы негізде жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы есеп дайындайды.
Ұлыбритания
Ұлыбританияның әрбір орталық министрліктері мен ведомстволары Мемлекеттік қызметтер туралы келісімдер (public service Agreement) жасайды, онда орган қызметінің мақсаттары мен міндеттері, нәтижелігінің көрсеткіштері, сондай-ақ оның қызметінің түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері көрсетілген. Сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер туралы келісімдерде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қойылатын талаптар баяндалады.
Мемлекеттік қызметтер туралы келісімнің негізгі маңызы оның нәтижелілік дәрежесі туралы талқылауға мүмкіндік беретін мемлекеттік орган қызметінің негізгі көрсеткіштерінен тұратындығында. Әрбір Келісім, ереже ретінде, бір стратегиялық мақсатты және қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамассыз ететін Ұлыбританияның мемлекеттік органдарының қызметтерінің бағыттары мен тәсілдерін нақтыландыратын төрт-бес міндеттерді қосады. Келісімде сондай-ақ түпкілікті қоғамдық маңызды және тікелей (тіке) нәтижелердің көрсеткіштер жүйесі ұсынылған. Әрбір келісімде әрбір министрлік үшін value for money тәсіліне негізделген бюджеттік қаражатты жұмсау тиімділігін арттыру туралы ақпараттардың бар екенін атау маңызды.
Егер қандай да бір тапсырма басқа мемлекеттік органдардың қатысуын талап етсе, яғни ведомствоаралық болып табылса, онда оның шешіміне екі немесе одан көп министрліктер жауапты болуы мүмкін. Бұл тиісті Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы келісімдерде көрсетілуі тиіс. Мысалы, Білім министрлігінің спортпен шұғылданатын балалар санының 85%-ға көбейту міндеттерін шешуге оқу жоспарынан бөлек кем дегенде аптасына екі сағат Мәдениет, жаппай коммуникация және спорт министрлігінің қызметі аясында қарауы мүмкін.
Ұлыбританияның сол немесе басқа мемлекеттік органының әрбір Мемлекеттік қызметтер туралы келісіміне Техникалық жазба қоса беріледі. Онда ақпараттарды жинау мен өңдеу тәсілдерінің сипаттауын және уақыттың ақпараттарды жинау уақыты мен оны пайдалану мерзімдері аралығындағы уақытша шектеулерді қоса алғанда биліктің мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін өлшеу тәртібі егжей-тегжейлі сипатталады. Мемлекеттік қызметтер туралы келісімнің Техникалық жазбасы егер тікелей (тіке) нәтижелер Келісімде бюджеттік қаржыландырудың сондай немесе қысқартылған көлемде көрсетілген мәнін асыра қол жеткізілген жағдайда, осы ведомство қызметінің нәтижелілігін көтеріңкі деп таныйды. Осылайша, Техникалық жазба, орган қызметінің нәтижелілігін бюджет қаражатын жұмсау тиімділігімен тығыз байланыстыра отырып орган қызметінің нәтижелілігін арттырудың екі нұсқасын қарастырады:
- бюджеттік қаржыландырудың төмендетілген көлемі кезіндегі жоспарланған немесе неғұрлым жоғары мақсатты көрсеткішге немесе қол жеткізу;
- қаржыландырудың сол деңгейндегі неғұрлым жоғары мақсатты көрсеткішке қол жеткізу.
Бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқартылуы кезінде министрлік олар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына, оның нашарлауын болдырмау үшін бағалау жүргізуі тиіс.
Мемлекеттік қызметтер туралы келісім биліктің мемлекеттік органдары қызметінің бағыттарын Үкіметтің және жеке министрліктердің басқа да стратегиялық құжаттарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу бөгін нақтыландырады және дамытады. Осы Келісімдерде қол жеткізілуі мемлекеттік органның жалпы мақсаттарын іске асыруға алып келетін түпкілікті көрсеткіштердің ұсынылады. Кейбір жағдайларда Мемлекеттік қызметтер туралы келісім түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге оң немесе теріс ықпал етуі мүмкін сыртқы факторлардың толық сыныпталуынан тұрады.
Мемлекеттік қызметтер туралы келісім Ұлыбританияда нәтижелер бойынша басқару жүйесін негізгі құрамдасының бірі болып табылады. Одан басқа, Ұлыбританияның мемлекеттік секторындағы нәтижелер жөніндегі басқару жүйесіне жоспарланған көрсеткіштеріне нақты қол жеткізу туралы жыл сайынғы есебі кіреді.
2004 жылға Білім және кәсіби дайындық министрлігінің қызметінің нәтижелілігі туралы есебінің мазмұны. 1-бөлім: Мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер. 2-бөлім: Нәтижеліліктің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу ілгерілігі. 3-бөлім: Тиімділік көрсеткіштері. 4-бөлім: Орындалмай қалған, 2002 жылға Қызметтер көрсету туралы келісімде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізудегі ілгерілік. |
Осыдан басқа 1998 жылдан бастап Ұлыбритания Үкіметімен мақсаты шығындардың барлық баптары бойынша және барлық ведомстволар бойынша бюджеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау болып табылатын Шығындардың жалпы шолулары (Comprehensive Spending Review) құрылуда.
Австралия
Жыл сайын Австралия агенттігі мен министрлігі Үкіметке және Парламентке жыл басында, жыл соңында қол жеткізілген көрсеткіштер туралы ақпараттардан және олардың салыстырмалы талдауларынан тұратын қызметтердің нәтижелері туарлы баяндамалар ұсынады. Австралиядағы мемлекеттік органдар қызметтерінің нәтижелілігін өлшемі мен бағасы сандық және сапалық деңгейде де өткізіледі. Одан басқа, мемлекеттік органдар орган көрсететін қызметердің таза құны туралы ақпараттардан тұратын есептеу әдісі негізінде жасалған қаржылық есептерді ұсынады.