Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

2. Ресурстарды тұтынуды қлшеу. Біреуіне емес, бірнеше объектілерге жататын шығындар (бюджеттік бағдарламаларға, мемлекеттік қызметтерге және с.с.) осы объектілер арасында шығындардың нақты объектілері тұтынатын ресурстардың пропорционалды физикалық көлемі бөлінуі мүмкін.

3. Себепті-тергеулік байланысты пайдалану. Шығындарды әртүлі объектілерге жатқызу (бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік қызметтерге және с.с.) осы шығындардың мөлшеріне ықпал ететін себептерді жанама айқындай отырып мүмкін беолады.

4. Пропорционалды бөлу. Негізінде шығындардың әртүрлі объектілері арасында бөлуді жүргізуге мүмкін болатын қолайлы индикаторды табуға іс жүзінде болмайтын шығындарда болады.

Шығындарды есептеудің негізгі әдістері:

1. Ресурстар бойынша шығындарды есептеу (тура нәтиженің бірлігіне шығындар есебі) ең жай әдіс деп саналды;

2. Нормативтер бойынша шығындарды есептеу – нәтиже бірлігінде стандартталған шығындарды қолдану жүйесі;

3. Тапсырмаларды орындау шығындарын есептеу. Әдетте бұл тапсырмалар (тапсырыстар, жұмыстар) көлемі бойынша елеулі және оларды орындау мерзімдері жылдық бюджеттік цикл шегінен шығуы мүмкін.

4. Процесстерді жүзеге асыру шығындарын есептеу жасалатын бірлік саны үлкен, барлық бірліктер бірыңғай және оларды үлестік өзіндік құны жоғары емес болған жағдайда қолданылады;

5. Қызметтер түрлерін жүзеге асыру шығындарының есебі (ABC-костинг) барынша дәл (бірақ күрделі) – басқа әдістерде пайда болатын мүмкін бұрмалаушылықтардан құтылуға мүмкінідк береді; ақпарат жинаудың дамыған жүйесін талап етеді.

 

4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері

 

Басқа елдердің және РФ тәжірибесін зерделеу нәтижесінде меморган қызметін сипаттайтын көрсеткіштердің екі жүйесін бөлуге болады:

- меморганның функцияларының орындалуын көрсететін жүйе;

- меморган қызметінің мақсаттарға жетуін көрсететін жүйе.  

Бірінші жүйенің көрсеткіштері қызметтің тікелейлей нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді – тиісті уәкілеттік шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің көлемі мен сапасы. Тікелейлей нәтижелердің индикаторлары ретінде, мысалы, әлеуметтік салада мыналарды келтіруге болады:

•    «Инженер-конструктор» мамандығы бойынша ЖОО-да 500 мың студент оқыды;

•    «Өкпе қабынуы» дертімен 800 мың ауру емделді;

•    750 мың ақарт азаматтар үйінде әлеуметтік көмек алды;

•    2 млн. азаматтарға кітапханалар қызмет көрсетті.

Келтірілген көрсеткіштерден алынған нәтижелердің тиісті меморган қызметімен тікелейлей байланыстылығы көрінеді. Сондықтан, ондай көрсеткіштерді бюджеттік бағдарламаларды орындау нәтижелерін көрсету үшін белгілеу қажет.

Екінші жүйе көрсеткіштер қызметтің түпкілікті нәтижесін көрсетуі тиіс – сыртқы тұтыныушылар үшін әсері, оның үстіне бағыныштылық пен қаржыландыру деңгейіне тәуелсіз. Мысалы, әлеуметтік салада қоғамдық мәнді (түпкілікті) нәтиженің индикаторлары болуы мүмкін:

•          өлім-жітім динамикасы;

•          ауру-сырқаулықтың төмендеуі;

•          өмірдің ұзақтығын ұлғайту;

•          бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері;

•          ЖОО-ға түскен оқушылар саны;

•          жұмыс істейтін аналардың санының өсуі;

•          балалар қылмысын азайту;

•          әлеуметтік жетімдікті және с.с. азайту.

Бұл көрсеткіштерден көрінетіні олардың сол немес өзге меморган қызметімен тікелейлей байланысының жоқтығы.

Қол жеткізген (іс жүзіндегі) мәндерді бағалау кезінде тек түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін бағалауға ғана емес, сондай-ақ үнемділік, тиімділік және нәтижелілік көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік орган қызметінің үнемділік көрсеткішінің үлгісі ретінде мыналарды келтіруге болады.

Мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыру шығындарының ддеңгейін азайту (біліктілікті арттыру бағдарламаларын орындау кезінде).

Мемлекеттік орган қызметінің тиімділік көрсеткішінің үлгісі:             

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыру шығындарының деңгейін сақтау (біліктілігін арттыру бағдарламаларынан өткен және оқу нәтижелеріне қанағаттанған тұлғалар санының көбеюі кезінде).

Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелілігі көрсеткішінің үлгісі:             

Белгілі мерзімде біліктілікті артыру бағдарламаларынан өткен және оқу нәтижелерімен қанағаттанған мемлекеттік қызметкерлер (95% дейін) санының ұлғаюы.

Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін бағалау үшін әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша алынған мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жетімділігіне тұтынушылардың қанағаттану көрсеткіштері және бюджеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес көрсеткіштер (қамту толықтығы, бұзушылықтардың болмауы және басқалар) пайдаланылуы мүмкін.

Өз кезегінде ведомстволық бағдарламалар бойынша бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері сапа, сан және қызметтер құны көрсеткіштеріне бөлінуі мүмкін.

Сапа көрсеткіштері сол немесе өзге бюджеттік қызметтерді алушылары үшін неғұрлым маңызды болып табылады (оларды ұсынудың өз уақыттылығы, пайдаланушыларды қанағаттандыру дәрежесі).

Барлық аталғандар қызметтердің басты қасиеттерінің біріне алып келеді – оның сапасының тұрақсызыдығы. Сапа – бұл есептеп шығарылмайтын нәрсе. Ол құбылыстың айырмашлылықтарында, ерекшелік белгілерінде көрінеді, және сапа деңгейі құбылысты бағалы, мәнді ететін бір қатар қасиеттер болып табылады. Сондықтан, сапа деңгей орындалатын операциялар белгілерінің жиынтығын анықтауы тиіс. Мұнда күрделілік пайда болады – сапасы жақсы қызмет болу үшін операция жауап беруі тиіс белгілер мен талаптарды қалай анықтауға болатындығы? Бәрінен жиі анықтау мерзімдер, өзіндік құн мен түпкілікті бағаның арақатынасы, қызмет көрсетілген субъектілер саны арқылы жүргізіледі, яғни сандық көрсеткіштер арқылы. Жеке қызметтер түрлерінің сапасын сараптық және әлеуметтік бағалау әдісімен анықтауға болады. Сондай-ақ орындаушының шеберлігін, технологиялық тәртіпті (бірізділікті сақтау), операцияның аяқталғанын (оның мақсатына жетті ме), тұтынушылық қызметтер үшін қызмет көрсету сапасын (қатынас этикасы, тұтынушылар үшін қолайлы жағдай жасау, олардың сұрауларын есепке алу) бағалауды құптауға болады. Сапа өлшемдерін анықтау күрделілігі қызметтердің сапасының тұрақсыздығында, ал сол үшін азаматтық құқықта әдетте қызметтерді орындаушылардың жасамауы тиіс нормалары белгіленеді, осыған байланысты заңға бағынысты актілерде не сапаны анықтаудың үстірт өлшемдері бекітіледі не болмаса негізінде теріс міндеттеулер жатқан заң конструкциялары пайдаланылады.  

Стратегиялық менеджмент саласындағы мамандар сапа ұғымын үш жағдай арасындағы бейнебір баланс ретінде қарауды ұсынады:

- өнімдердің (қызметтердің) олардың жобалық сипаттарына сәйкестігін ұсынатын үстірт сапа;

- функционалдық сапа, яғни өнімдердің (қызметтердің) тұтынушылардың функционалдық талаптарына сәйкестігі;

- этикалық сапа, яғни осы кәсіпорынның жалпы этикалық параметрлерімен өнімдердің (қызметтердің) сәйкестігі. (Б.Райан, 350 б.)

Функционалдық сапа қызмет көрсету процессінің өзін және әлеуетті тұтынушының қажетігін біріктіреді және үш құрамды элементті қосады:

- белгілі бір мақсатқа жету қабілеттігін;

- мақсаттқа жету қарапайымдылығын;

- пайдаланушыға осы қызмет әкелетін функционалдық емес жарасымдылығын.

Функционалдық сапа тұтынушы өзінің қажетіліктерін қанағаттандыру мақсатында қызметтерді сатып алатынын білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушылар мыналарды негізге алатын болады:

- егер қызметтің екі түрі қажетті мақсатқа жетуге баламалы болса, онда ең аз шығынды талап ететін түрі таңдалады;

- егер қызметтің екі түрі күшейту көзқарасында баламалы болса, онда қойылған мақсатқа жетуде неғұрлым жоғары мүмкіндігі бар түрі таңдалады.

Сондықтан, функционалдық сапа өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында тұтынушының қызметтерді алуын білдіреді. Сонымен бірге әрбір қызметтің жетістіктерге белгілі бір функционалдық диапозоны болады: шекті мүмкін болатын, қажетілікке болатын және құптауға болатын. Кейбір өнімдер (қызметтер) үшін әрекет диапазоны іс жүзінде шектелмеген, шындығында шектер бола береді. Мысалы, фотокамераның жұмысы үшін талап етілетін жарықтандырудың шекті мүмкін болатын жағдайы, толық күн шуақты күннен толық қараңғылыққа дейін тербелуі мүмкін.  

Зертеушілер Л. Бери, А. Парасураман және В. Зейтамль тұтынушылардың негізінен қызметтердің түрлеріне қарамастан жай өлшемдерді пайдаланатынын тауып, қызметтер сапасының көрсеткіштер тізбесін жасады. Бұл өлшемдер мыналар:

- Жетімділік: қолайлы жерде, қолайлы уақытта, оны ұсыныуды артық күтусіз қызметтерді жеңіл алуға болады.

- Коммуникабелділік: қызмет сипаты клиенттің тілінде орындалды және дәл болып табылады.

- Құзыреттілік: қызмет көрсетуші персоналдар талап етілетін дағдылар мен білімдерге иеленеді.

- Сыпайгершілік: персонал ашық жүзді, құрметті және қамқорлы.

- Сенімдік: компаияға және оның қызметшілеріне сенуге болдаы, өйткені олар шындығына клиенттердің кезкелген сұрауларын қанағаттандыруға тырысады.

- Сенімділік: қызметтер ұқыпты және тұрақты деңгейде ұсынылады.

- Ықыластылық: қызметкерлер ықыласты және проблемаларды шешуге және клиенттердің сұрауларын қанағаттандыруға шығармашылықпен келеді.

- Қауіпсіздік: ұсынылатын қызметтер өзіне ешқандай қауіптілікті немесе тәуекелділікті тартпайды және қандайда бір күмәндануларға сылтаулар бермейді.

- Сезгіштік: қызметтер компонентердің сезгіштігі оның сапасын дұрыс көрсетеді.

- Клиентті түсіну/білу: қызметшілер клиентердің қажеттіліктерін неғұрлым жақсы түсінуге тырысады және олардың әрбіріне көңіл бөледі.

Мысалы: ҚР индустрия мен сауда министрлігі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-әдістемелік көмек саласында қызметтер көрсетеді. Бұл жағдайда сандық көрсеткіштер, мысалы, шығарылған әдістемелік оқу құралдары мен өткізілген семинарлар саны болады. Бұл жағдайда жетімділік өлшемі бойынша көрсетілген қызметтер сапасы шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша (оң және теріс динамика) мамандандырылған орталықтарда оқудан өткен (немесе семинарларға қатысқан) адамдар санын анықтау. Нәтиже көрсеткіші шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (біріліктер, динамикада) болуы мүмкін. Дегенмен бұл жағдайда, нәтиже көрсеткіші басқада фактілерге ықпал етуі мүмкін, мысалы, тұтастай алғанда шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында мемлекеттік саясат.

Қызметтердің сандық көрсеткіштер (немесе көлемі) әдетте неғұрлым жай түрде қалыптасады, және бюджеттік қызметтердің әрбір түрлері бойынша ең болмағанда ондай бір көрсеткіш болуы тиіс.

Білім беру саласындағы қызметтер есепті мерзімде орта мектепті бітірген оқушылар саны сияқты көрсеткіштермен сандық бағалануы мүмкін. Халықты әлеуметтік қорғау аясындағы қызметтер: атаулы әлеуметтік көмек алған адамдар саны; тағайындалған мемлекеттік арнайы жәрдемақылар саны; тіркелген және есепке қойылған жұмыссыз азаматтардың және т.б. саны. Салық органдары ұсынатын қызметтердің сандық көрсеткіштеріне, мысалы, тіркелген салық төлеушілер саны жатады.

Құн көрсеткіштері қандай да бір нақтылы нәтижеге жетуге шығындарды көрсетеді, оның үстіне шығындар ұқсас қызметтердің басқа жеткізушілерінің шығындарымен салыстырылады. Олар үшін сондай-ақ қызметтердің әрбір түрлері бойынша бір көрсеткіш жеткілікті.

Барлық бюджеттік қызметтерді жүйелеуден, олардың құнын анықтау мен бағдарламалар бойынша бөлуден кейін бюжеттік процессте нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу мен әдістерін белгілеу мақсатында бюджеттік шығындардың тиімділігін бағалауға тікелей кірісуге болады. Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері сондай-ақ бюджеттік міндеттерді орындау үшін де анықталуы тиіс, тіпті болмағанда бұл мүмкін болатын дәрежеде.

Экономикалық тиімділікті бағалаудың маңызды проблемаларының бірі бағалау күрделілігі және әлеуметтік пайдалы нәтижелерді алу үшін тікелей шығындалған ұйымдардың сол ресурстарын есепке алу болып табылады, өйткені шығындар мен нәтижелер арасында (әсіресе өлшенетін сандық, сапалық көрсеткіштер емес) байланыс тікелей емес жанама сипатта болуы мүмкін.

Ресурстарды шығындау тиімділігін талдау кезінде анықталуы тиіс:

- қойылған мақсаттарға жетуді сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы;

- бақылау көрсеткіштерінің нормативтік мәні;

- жеткен көрсеткіштердің нормативтік мәннен ауытқуын бағалаудың бірыңғай алгоритмін болжайтын алынған нәтижелердің сандық бағалау үшін шкала.

Бағдарламалардың экономикалық тиімділігі – бұл көрсетілген қызметтердің көлемінің белгілі бір сапасының және оларды ұсыну шығындарының арақатынасы. Бағдарламалардың әлеуметтік тиімділігі – бұл бюджеттік қызметтерді көрсетуден қойылған мақсаттарға жету, әлеуметтік нәтижеге жету көзқарасында бағдарламалар тиімділігі.

Математикалық түрдегі бюджеттік шығындар тиімділігінің өлшемдерін мына формулада көрсетуге болады:

 

Е=Нәт/Бш     (1)

 

онда Е – бюджеттік шығындардың тиімділік көрсеткіші;

Нәт – бюджеттік ресурстарды пайдалану кезінде жеткен нәтижелер;

Рб – бюджет шығындары.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарының жобасынан мысал: 

2009-2011 жылдарға арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің стратегиялық жоспарындағы «Ақпараттық кеңістікте бәсекелестік қабілеттікті арттыру» 3-стртагеиялық бағыты анықталған, оның мақсаттарының бірі «Ұлттық мұражайлық қордың құжаттарын сақтау, жинақтау, есептеу және пайдалануды қамтамасыз ету» 3.3.-мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін «Ұлттық мұражайлық қордың сақталуын, құрамы мен мазмұнын байытуды қамтамасыз ету» 3.3.1.-міндеттері анықталған. Министрлік сандық көрсеткіш ретінде «Қазақстан азаматтарынан түсетін әлеуметтік құқықтық сұрауларды орындауды» анықтады. Осы мақсатты іске асыру ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30.06 № 561 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізілімінде көрсетілген, «Мұражай анықтамасын беру» ретінде (реттік нөмірі 94), мемлекеттік қызметті көрсетуді білдіреді. Бұл мемлекеттік қызмет мынадай көрсеткіштері бар:

- сандық көрсеткіш – берілген анықтамалар саны;

- сапа көрсеткіші – анықтамалар беру мерзімі (оларды берудің өз уақыттылығы);

- тиімділік көрсеткіші бір анықтаманың орта құнын көрсетеді;

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі