Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:36, реферат

Описание работы

Брошюрада нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі, жаңа мемлекеттік жоспарлау моделінің теориялық негіздері, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды әзірлеу және қызметінің нысаналы индикаторлар мен нәтижелілік көрсеткіштерін анықтаудағы тәжірибелері қарастырылған.

Содержание

Мазмұны
Кіріспе .................................................................................................................5
1.Қазақстан Республикасында нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттендіру жүйесінің мәні. Ең үздік әлемдік тәжірибені талдау………………………………................................................7
2. НББ жүйесін енгізудің сәтті факторларының бірі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ................................................17
2.1 Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру ......................17
2.2 Оқыту тренинг-семинарларын өткізудің басты кезеңдері............................................................................................................ 25
3. Бюджеттік жоспарлау субъектілері ретінде мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелерін көрсететін бюджеттеудің мақсаттары үшін көрсеткіштер жүйесін анықтау .......................................................................42
3.1. НББ-де пайдаланылатын көрсеткіштердің жалпы ұғымы, және олардың сыныптамасы .....................................................................................42
3.2. НББ көрсеткіштері жүйесіне қойылатын талаптар ...............................50
3.3. НББ көрсеткіштері жүйесін қалыптастыру әдістемесі .........................55
4. Мемлекеттік органдар көрсететін қызметтерді, қызметтер көрсеткіштерін (индикаторларын) және ұғымдарын анықтау. Қызметтердің көрсеткіштерін (индикаторларын) әзірлеудің негізгі қағидалары .............62
4.1 Қызметтердің жалпы ұғымдары және олардың сыныптамасы ..............62
4.2 Мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар ............................................................................................64
4.3 Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әлемдік тәжірибесі .....................75
4.4 Қызметтердің құнын анықтау ...................................................................82
4.5 Бюджеттік қызметтердің көрсеткіштері .....................................................84
5. Стратегиялық жоспарлардың (оған ұқсас құжаттардың) іске асылылуына бағалау жүргізу жөніндегі халықаралық тәжірибенің талдауы. Қазақстан Республикасындағы бағалау механизмінің жұмыс істеуін қарастыру ..........92
5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының стратегиялық жоспарына ұқсас құжаттарды дайындау мен пайдалану бойынша әлемдік тәжірибеге шолу ..................................................................................................92
Ұлыбритания ........................................................................................................93
Австралия ...........................................................................................................94
Дания ...................................................................................................................96
Нидерланды ......................................................................................................98
Исландия ...........................................................................................................100
Ресей Федерациясы .......................................................................................101
5.2. Қызмет нәтижелері көрсеткіштерін іске асырудың сыртқы бағалауының шетелдік тәжірибесі ..............................................................107
5.3. Қазақстан Республикасында Стратегиялық жоспарларды іске асыруды бағалауды ұйымдастыру тәсілдері............................................................................................................111
6. Стратегиялық жоспарлау жүйесіндегі шұғыл жоспарлаудың орны мен атқаратын қызметі ........................................................................................116
6.1 Мемлекеттік органдар қызметіне шұғыл жоспарлаудың қажеттілігі .116
6.2. Шетелдік тәжірибеде шұғыл жоспарлау мониторингін жүргізу..............................................................................................................122
6.3. Мемлекеттік органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының мониторингісінің кейбір аспектілері....................................................................................................... 128
7. Мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды әзірлеуі жөніндегі Ережелер жобасы бойынша жұмыс ..................................130
8. Мемлекеттік органдардағы қаржы менеджменті ...............................133
8.1. Қаржы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесіне талдамалық.......................................................................................................133
8.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қаржы менеджментінің деңгейін бағалау .................................................................144
8.3 Мемлекеттік орталық органдарында басқарушылық есепті енгізудің ерекшеліктері және негізгі кезеңдері .......................................................152
8.4. Экономиканың мемлекеттік секторындағы басқару есебінің жүйесі.........158
Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................170
Қосымшалар.....................................................................................................175

Работа содержит 1 файл

анар аудит.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

- көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы мемлекеттік органдардың шешімдерінің ашықтығы мен негізділігін арттыру және оларды көрсетуге шығындардың тиімділігін арттыру;

- ұйымдардың қызметерді көрсету процессіне экономиканың басқа секторларын қосу (автономды және жеке ұйымдар).

НББ тұжырымдамасында бюджеттік бағдарламалар халыққа, бизнеске және мемлекеттік органдардың бір біріне қызмет көрсетуге бағытталған, өйткені мемлекеттік органдар қызметі өздерінің функцияларын қалай болса солай орындау ретінде емес, қызметтер көрсету ретінде қабылданады. Сондықтан бюджеттік бағдарламалар сыртқы алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер құнын көрсетуі тиіс, яғни бюджеттік бағдарламалар іс-шаралар деңгейінде емес, қызметтер деңгейінде қалыптасады. Қызметтер – бұл мемлекеттік орган (бюджеттік қаражатты алушылар) қызметінің бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын нәтиже. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерге азаматтарға, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бір біріне тікелейлей атқарушы биліктің органдарында олардың әукілеттіктерін орындауға байланысты және бюджеттік қаражат есебінен көрсетілетін қызметтер түсіндіріледі.

Мемлекеттік органдар мен мекемелердің кәсіпкерлерге және халыққа, сондай-ақ бір біріне көрсететін қызметтері салалық ерекшеліктерімен, масштабымен (көп еңбектілігімен), құндылығымен және басқа да ерекшеліктерімен айырмашылығы бар.

Көрсетілетін қызметтердің толық тізбесін жасау үшін басында мүдделі тұтынушыларға әрбір жеке мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтерге «түгендеу» жүзеге асырылуы қажет. Кейін белгілі бір белгілеріне сәйкес сыныбы бойынша әртүрлі түрдегі объектілердің бөлуін көрсететін олардың сыныптауы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтерді сыныптау тәртібі экономикалық қызмет түрлері бойынша «Қоғамның мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаты саласындағы қызметтер» ГК 04-2003 деген 75.11-бөліміндегі L-бөлімінде өнімнің Сыныптаушылары белгілеген.

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметін қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар халыққа, заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір біріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланады, «мемлекеттік қызмет» ұғымын мұқият теориялық-қолданбалы түрде пайымдау қажеттілігі пісіп жетілді.

Ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік қатынастарда неғұрлым маңыздылары мемлекеттік органдардың қызметтік қызметінің ұғымдық базасы мен теориялық-әдістемелік қамтамасыз етілуін қалыптастыру, қызметтерді көрсетудің тиімді үрдістері мен технологияларын әзірлеу, ондай процесстерді басқарудың сапасын арттыру мәселелері болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер теориясының негізін базалық ұғым – «қызмет» және «мемлекеттік қызметтер» құрайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияда тұрған ондай ұғымдардың түсіндірулеріне жүргізілген талдау қасиеттерін белгілеуге, бұл ұғымдарды тұжырымдау мен құрылымдауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілгендерден шығатыны қызмет – тұтынушы үшін белгілі бір құндылықты білдіретін және не болмаса материалдық емес сипатта оның қажеттілігін қанағаттандыруға не болмаса материалдық-заттық бұйымға жаңа сапа беруге бағытталған күш, әрекет немесе қызмет.

Қызметтің объектісі мен субъектісінің арасында кері байланыс бар (тұтынушылық пайдалылық векторы). Өзінің экономикалық табиғаты бойынша бұл реттеуші, дәл осыған байланыстылығы бойынша қызмет субъектісінің тұтынушылық пайдалалығынан шыға отырып объект оның мүмкіндігі мен мақсатқа лайықтығы туралы шешім қабылдайды. Мәні бойынша мұнда мемлекеттік қызметтің тіршлік етуінің әлеуметтік-экономикалық тетігі салынған.

Мемлекеттік қызметтер тәртіп ретінде ақысыз немесе мемлекеттік органдармен реттелетін баға бойынша негізінен білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір біріне қызметтер көрсетуге байланысты салаларда ұсынылады (мысалы, статистикалық ақпараттар беру, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, құжаттарды тіркеу және басқалар).

Мемлекеттік қызметтерге жатқызудың кейбір параметрлерін бөлуге болады (5-сурет), атап айтқанда:

– мемлекеттік қызметті ұсынушы субъект (атқарушы билік органдары, мемлекеттік мекемелер, өзгеде ұйымдар);

– мемлекеттік қызметтерді көрсету объектілері (азаматтар мен ұйымдар);

– қызметтерді төлеу тәсілі (ақысыз немесе мемлекеттік органмен реттелетін баға бойынша);

– қызметтер көрсетудің мүмкін болатын аясы (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқалар).

 

 

 

5-сурет.  «Мемлекеттік қызмет» ұғымының құрылымы

 

«СТ КР 1.13 – 2005 Мемлекеттік стандартта, Мемлекеттік қызметтерді стандарттау. Жалпы талаптар» мынадай ұғымдар берілген:

Мемлекеттік қызмет: Мемлекеттік органның, мекеменің, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындайтын өзге де ұйымдардың мүдделі жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған жеткізушінің ішкі қызметтерімен өзара әрекеттестігінің нәтижесі.

Мемлекеттік қызметтердің жеткізушілері өздерінің құзыреттері мен фнукционалдық міндеттері шегінде белгілі бір қызметтердің түрлерін беруге мемлекеттік тапсырысты орындаушы мемлекеттік органдар, мекемелер, немесе ұйымдар болып табылады.

Мемлекеттік қызметтердің тұтынушылары: құқықтарын, не болмаса заңды мүдделерін, немесе нормативтік құқықтық актілермен жүктелген міндеттерін орындау үшін мемлекеттік қызметтерді жеткізушілерге тікелей, сондай-ақ өздерінің өкілдері арқылы өтініш берген Қазақстан Республикасының азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, немесе ұйымдар.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР 2000 ж. 27.11. № 107 Заңында Мемлекеттік қызметтер деп жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру аясында мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет ұғынылады». Осы заңның 15-1-бабына «Мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру» сәйкес «мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді».

Ресей Федерациясының Бюджеттік кодексінің жаңа редакциясында               (ФЗ-№145 1998 ж. 31.07.) мемлекеттік қызметтің мынадай анықтамалары берілген:

«мемлекеттік (муниципалдық) қызметтер – мемлекеттік  (муниципиалдық) тапсырмаларға сәйкес ақылы немесе мемлекеттік билік органдары (жергілікті өзін өзі басқару органдары) анықтаған тәртіпте белгіленетін баға (тариф) бойынша мемлекеттік билік органдары (жергілікті өзін өзі басқару органдары), бюджеттік мекемелер, өзге де заңды тұлғалар көрсететін қызметтер».

Әдебиетте «мемлекеттік қызмет» терминімен қатар «көпшілік қызметтері» және «әлеуметтік қызметтер» деген басқада терминдерді кездестіруге болады. Кейде оларды ажырату қиын. Бірақ, бұл ұғымдарды араластыру дұрыс емес, өйткені олардың әртүрлі мазмұны болады және көрсетілетін қызметтерді әртүрлі жағынан сипаттайды. Сонымен қатар сол бір қызмет бірқатар жағдайларда мемлекеттік те, және көпшіліктік те, және әлеуметтік те болып табылады. 

Мемлекеттік қызмет, бірінші кезекте, қызмет көрсететін субъектіні сипаттайды: бұл әрқашан мемлекеттік органдар. Көптеген шет елдерде мемлекеттік қызметтер – мемлекет «қызметтер жеткізушісі» ретінде қаралатын азаматтың, заңды тұлғаның және билік қатынастарының негізгі нысандарының бірі. Осылайша, мемлекеттік қызметтер оларды тек мемлекеттік құрылымдармен тікелейлей орындауды білдіреді.

«Көпшілік қызметтер» «мемлекеттік қызметтерге» қарағанда әлдеқайда кең, оларды мемлекеттік те және мемлекеттік емес құрылымдар да көрсетуі мүмкін, бірақ бастысы, оларды біріктіретіні – бұл оларды орындаудағы қоғамның мүдделілігі, қоғамдық мүдде, әлеуметтік мәні. Ондай қызметтерді кім орындайды – шешімі бір қатар мән-жайларға байланысты тұтынушы үшін жиі екінші кезектегі мәселе, сонымен бірге мұнда негізгі өлшемдердің бірі қызметтерді орындау тиімділігі болып табылады.

Әдебиетте көпшілік қызметтердің мынадай белгілері келтірілген:

1) олар қызметтердің жалпы мәнді бағыттарын қамтамасыз етеді;

2) оларды пайдаланатын субъектілердің шексіз тобы бар;

3) не мемлекеттік және муниципиалдық билік органымен, не басқа субъектілермен жүзеге асырылады;

4) көпшілік және жеке меншікке негізделеді.

Көпшілік қызметтерді көрсету меншіктің кез келген нысанында негізденуі мүмкін. Бірақ, ондай қызметті (бірніші белгі) жүзеге асыруда қоғам мүддесінің болуы әрбір нақтылы жағдайда қандай субъект (мемлекеттік орган, мемлекеттік емес ұйымдар) көпішілік қызметтерді орындайтынына қарамастан билік олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жеке меншік сектор белігілі бір түрдегі көпшілік қызметті көрсетуге жағдайы немесе ықыласы болмаған жағдайда мемлекеттік орган ондай қызметтерді орындауды өзіне алуы тиіс. Мысалы, қоқысты, қалдықтарды шығару, сумен жабдықтау, басқада ұқсас қызметтер сол немесе басқа субъектілердің мүдделілігіне байланыссыз көрсетілуі тиіс. Осылайша, мемлекеттік билік органы не көпшілік қызметті орындауға субъектіде мүдделілікті қалыптастыруға не оны орындауды өзіне алуға міндетті.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде мемлекеттік қызметтер оларды мемлекеттік органдардың тек тікелей орындауын білдіреді. Сол уақытта көпшілік қызметтерді мемлекеттік органдар жеке орындауы; олардың орындалуын жергілікті органдарға өкілеттік беруі; олардың коммерциялық және коммерциялық ұйымдармен орындалуын ұйымдастыруы мүмкін.

Сондай-ақ көпшілік қызметтерді көрсету жағдайында осы қызметтердің субъектісі немесе алушысы тұтастай алғанда қоғам болатыны ерекше айту қажет. Бірақ, көпішілік қызметтің алушысы жеке тұлға болса, ал оларды мемлекеттік қызметкер көрсетсе, онда осы әкімшілік-құқықтық ұғымда қызмет – бұл барысында азамат немесе заңды тұлға белігілі бір игілік алатын жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің күнделікті қызметінің нақтылы іс-қимылдары.

Ондай жағдайда мемлекеттік органдар құзыретінің ішінде азаматтың, тұтастай алғанда абстрактілі қоғамға емес, тек оған пайдалы игіліктер алуына болжаланған қызмет түрлерін ерекшелендіру қажет. Бұл игіліктер мемлекеттік органдардың құзыреттерінде, мақсаттары мен міндеттерінде көрсетілген.

Әлеуметтік қызметтер осы қызметтер көрсетілетін сала бөлінеді. Бұл – денсаулық сақтау, мәдениет, білім, ғылым, ол өз өзіне олардың жалпы мәнді бағыттарын көрсетеді және көпшілік қызметтер қатарына қояды. Шындығында, әлеуметтік қызметтер көпшілік қызметтердің барлық белгілерін қамтиды және өзінің мәні бойынша көпшіліктік болып табылады, бірақ бөліну өлшемі бойынша (мемлекеттік қызметтерден айырмашылығы) олар көрсететін субъектілер тобы емес, олар іске асырылатын сала болып табылады. Әлеуметтік қызметтер көрсетілуі мүмкін және әлдеқашан мемлекеттік құрылымдармен қатар коммерциялық және коммерциялық емес мемлекеттік ұйымдармен көрсетілуде. Тиісінше әлеуметтік қызметтер мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Мысалы, білім және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметік қызметтер өздерінің мәндері бойынша көпшіліктік болып тұрып, тіршілік етуі мен дамуы Конституцияда көзделген мемлекеттік жүйенің міндетті сақталуы кезінде мемлекеттік ретінде де және білім мен денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесінде де болуы мүмкін.

Басым мемлекеттік қызметтердің құрамын анықтау үшін олар белгілі бір талаптарға сәйкес болуы қажет.

 

Мемлекеттік қызметтер тізбесіне қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштері әзірленетін басым қызметтер тізбесін анықтау кезінде негізгі сипаттамалар:

-              көрсетілетін қызметтердің әлеуметтік және экономикалық мәні;

-              көрсетілетін қызметтердің жалпылығы;

-              республика халықы, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ азаматтар үшін алынуы міндетті қызметтер;

-              жемқорлық генді қызметтер.

Әлеуметтік және экономикалық мәнділігі. Әлеуметтік мәнділігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтер болып табылады. Қызметтердің осы тобына кедей, жұмыссыз және халықтың әлеуметтік осал қабатына жәрдем ақы беру кіреді. Қызметтердің осы санатына сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті тіркеуге байланысты қызметтер және кейбір басқалары кіруі мүмкін. Денсаулық сақтау жүйесінде ондай қызметтер санына тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі шегінде көрсетілетін қызметтер кіреді.

Экономикалық мәнділігі әрбір қызмет үшін білімнің тиісті саласындағы мамандардың сараптық бағаларының негізінде жеке анықталады.

Жаппайлығы. Жаппайлығы азаматтар мен ұйымдардың елеулі тобымен талап етілетін қызметтер болып табылады. Сондай-ақ бұл топқа көрсетілуі белгіленген салыстырмалы қысқа уақыт (айсайын, тоқсансайын) мерзіміне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтер кіруі мүмкін.

Міндетті қызметтер. Бұл топқа Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін міндетті сипаты бар қызметтер кіреді. Оларға: жеке куәлікті, СТН алуы, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметті жүзеге асыруға лицензия алу және т.б. жатады.

Жемқорлықгенділік. Жемқорлықгендік қызметтер құрамына қолданыстағы әкімшілік жүйеде барынша жемқорлыққа ұшыраған қызметтер кіреді. Осы топқа бақылау-қадағалау, рұқсат ету мен фискалдық функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың қызметтері кіруі мүмкін. Бұл олардың қызметінің сипатына негізделген, ол осы функциялармен байланысты орындауды жеткіліксіз регламенттеуі кезінде қызмет бабын теріс пайдалану үшін әлеуетті жағдай жасайды.

Мемлекеттік қызметтер тізбесін анықтау тәсілі халықтың, сондай-ақ уәкілетті органдардың жұмысшыларының ішіндегі сұраулар болуы мүмкін. Анкеталық зерттеуді мамандандырылған ұйымдарды тартумен жүзеге асырылуы мүмкін. Анкеталық сұрау нәтижесін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, мемлекеттік органдардағы сарапшылармен немесе жұмыс топтарымен талқылау мақсатқа лайықты болады.

Информация о работе Мемлекеттік органдардағы стратегиялық жоспарлау: Қазақстан Республикасының тәжірибесі