Саудадағы бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.

Содержание

Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Диплом - Торговля.doc

— 187.49 Кб (Скачать)

         Сатылатын  өнімнің шығындары сатып алушының  есебінен өтелетін болса, онда  бұндай шығындар 7110   шотта   көрсетілмейді, тек қана қосалқы  және қызмет көрсететін  өндірістер  мен шаруашылықтардың қызметтері  ретінде есепке алынады.

       Өнімнің өзіндік  құнының  калькуляциясын жасағанда   сату бойынша  жұмсалған шығындарды  тек сатылған өнімнің толық  өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды  және қызметтерді сатуға байланысты  нәтижелерін (табысты немесе зиянды) есептеп шығарған кезде ғана  оған жедел түрде назар аударылады.

       Өнімді сатуға  жұмсалған шығындардың баптары  бойынша талдау есебі өнімді  сатуға  жұмсалған шығындар   есебінің  тізімдемесінде, яғни  кәсіпорын бекіткен  баптарының  номенклатурасы бойынша жүргізеді.

      Тауарды  өткізуге  байланысты   келтірілген  шығындар  кәсіпорынның  ерекше  қызметтеріне  байланысты,  кәсіпорын  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізе  алады.

        Төменде 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығындар»  шотына  шот  корреспонденциясы  келтірілген:

Кесте 9. 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығындар» бойынша шоттар  корреспонденциясы

 

  

                  Операциялар   мазмұны

 

Дебет

 

    кредит

Тауарларды сатумен байланысты еңбеккерлерге, сондай-ақ тауарларды сату, түсіру процесіне  қызмет көрсеткендерге есептелген жалақы

7110

 

  3350

Жинақ зейнеткерлік қорға, міндетті зейтеткерлік жарнасы жалақыдан ұсталғанда

3350

3220

Жалақы сомасынан тиісті қорларға аударымдар жасалды  жинақ зейнеткерлік қорға, міндетті зейнеткерлік жарнасы) х 11%]

7110

3150

Өнімді буып-түю, орау үшін  ыдыс тауарлары жұмсалды

7110

3134,3136

Жабдықтаушылардан жарнама, қойманы  күзету,  комиссиондық және басқа  да шығыстары үшін жасалған шот-фактурасы  қабылданды:

-жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі  үшін

-ҚҚС сомасына (12%)

 

 

7110

 

1420

 

 

3310

   

3310  

Сату процесінде қолданған негізгі  құралдар мен материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизациясы

7110

2410   

2700

Құжаттармен дәлелденген, тауарды сатумен  байланысты басқа да  шығыстары  өтелді

7110

1250            1010

7110 шотының дебеті бойынша айналымның жиыны

х

      х

Есептік кезеңнің  соңында (жыл соңында) есепке алынған шығыстар жиынтық  табыс (зиян) шотына есептен шығарылды

5610

7110

Жоғарыда  келтірілген  жазба  нәтижелеріне  байланысты  7110 шоты  жабылады.


 

    

 2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау

 

ҚР Қаржы  министрлігінің бұйрығымен енгізілген 13.03.2003 жылғы №101 өзгертулермен 24 «Бухгалтерлік  қызметті ұйымдастыру» Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес Қазақстанда  түгендеуді жүргізудің жалпы ережелері  анықталады. 24-БЕС әдістемелік нұсқаулықтарында заңды тұлғалардың мүлік пен  міндеттемелерді түгендеуді ұйымдастыру  шарасының негізгі ережелері  анықталған, сонымен қатар оның нәтижелерін  рәсімдеу тәртібі де келтірілген.

Түгендеудің мақсаты – қолда бар барлық тауарлар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.

Түгендеудің міндеттері:

  • Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін бақылау;
  • Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі;
  • Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;
  • Нормадан тыс, қолданылмайтын тауарларды кейін өткізу мақсатында анықтау;
  • Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен жағдайларын тексеру, т.б.

Бухгалтерлік  есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу  жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу»  деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі  жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда  бар тауарлардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады.

Белгілі бір объектілердегі тауарларды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.

Қаттап-тіркеу фактісінің негізі – натуралдық өлшем  бірлігіндегі тауарлар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап ұйымның тауарлы-материалды тауарларын – ресурстарының жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар түгендеп-қаттау құжаты құқықтық құжат болып танылып, ұйым деңгейіндегі жауапты адамдардың жауапкершілік деңгейін көрсетеді.

Қаттап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда  бар нақтылы тауарлар мен бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі (есептегі) тауарлардың айырымын, салыстыру ведомстволарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-түгендеу объектісіне қолда бар тауарлар жатады. Тауарлардың дұрыс есептелінуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау, сандық өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады.

Сонымен, қаттап-түгендеу дегеніміз натуралды  қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып  табылады.

Сауда ұйымдағы жауапты қызмет атқарушы адамдар мен бухгалтерлердің жауапкершілігіндегі тауарлардың бар-жоғын түгендеу үшін ұйым басшылары арнайы комиссия құрып, қаттап-түгендеу ісін жүзеге асырады. Қаттап-түгендеу ісінің қорытындысы шығарылып, артық не кем шыққан тауарлардың көлемі салыстыру ведомствосына жазылғаннан соң арнайы шешім қабылданады.

Кем шыққан, жетпей қалған тауарларды есептен шығару үшін меншік иесінің келісімі немесе соттың шешімі шығарылады.

 Натуралды  тауарлар мен есеп мәліметтері арасындағы айырым болуын есептеу кезінде кеткен қателіктерден де болатыныдығын есте сақтау керек.

Тауарлардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етіп отыру, бұл үрдісті басқару, күнделікті бақылау жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Кейде шаруашылық өмірде кездесетін апат, төтенше жағдай (өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан) себептеріне байланысты түгендеу жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды.

 Түгендеу мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін зерттеуге негіз болып табылады.

 Төмендегі  кестеде көргеніміздей, түгендеудің  түрлері мүліктің тізіміне, міндеттемелерге  және субъектілердің өздері белгіленген  басқа да аспектілерге байланысты.

Түгендеу  міндетті түрде жүргізілетін жағдайлар  бар:

  • Мүлікті жалға беру, сатып алу, сату, меншік нысанын өзгерту (түрлендіру);
  • Жойылу (бөлу) балансын жасауға дейін субъектінің жойылуы (қайта құрылуы) және ҚР заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайлар;
  • Нормативтік құжаттармен белгіленген негізгі құралдарды, ТМҚ және басқа да тауарларды қайта бағалау;
  • Авария, өрт және басқа да табиғи апаттар, төтенше жағдайлар;
  • Тауарларды асыра пайдалану, ұрлау, зиян келтіру фактілерінің анықталуы;
  • Тауарларға жауапты тұлғалардың ауысуы (басшының талабы бойынша, бір немесе бірнеше мүшенің кетуіне байланысты);
  • Тауарлардың жеткіліксіздігі үшін сатып алушыдан кінарат-талап келіп түскенде (жабдықтаушының кінарат-талапты өтеуден бас тартуы);
  • Жылдық қаржылық есеп жасаған кезде.

Демек, түгендеулер  саны және оларды өткізу күндері мен  түрлері әр түрлі жағдайларға  байланысты және өзгертіліп отырады. Бұл  арада есеп объектілерінің нақты  қолда бар болуының толық және дәл тексерісінің ең қысқа мерзімде жүргізілуін қамтамасыз ететін жағдайларды  жасауға назар аудару керек.

Әкімшілік түгендеуді жүргізудің белгіленген  ережелерінің орындалуын және оның нәтижелерінің  бухгалтерлік есепте тиісті уақытында  көрсетілуін бақылауы тиіс.

Өкінішке  орай, көбінесе түгендеу жүргізу жауапкершілігі әкімшілікке жүктеледі және оның мәнін түсінбеу орын алады. Қазіргі  кезде түгендеуді клиенттердің сұрауымен  немесе оны жүргізу қажеттілігі  туғанда аудиторлардың немесе аудиторлық фирмалардың жүргізуіне сұраныс  артып отыр. Бұл кезде сыртқы (тәуелсіз) аудиторлардың міндетіне әкімшілік  қоса, лауазымды тұлғалардың белгілі  бір жауапкершілігінің орындауын  тексеру кіреді. Осының барлығы Қазақстанда  түгендеу жүргізудегі көптеген мәселелердің шешілмей отырғанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта түгендеуді төмендегі  түрлерге жіктейді:

 

 

 

 

 

Кесте 10. Түгендеудің түрлері мен олардың сипаттамалары

 

Түгендеу түрлері

Сипаттамалары

 

Өткізу мерзімі бойынша

 

– Жоспарлы (кезеңдік) – алдын-ала  белгіленген мерзімде кесте немесе жоспар бойынша жүргізіледі;

– Жоспардан тыс – өте қажетті  жағдайларда ғана (ұрлау, тауарларды бүлдіру және асыра пайдалану фактілері анықталғанда;

материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда;

өрттен, табиғи апаттардан кейін және т.б.) жүргізіледі.

 

Қамту көлемі бойынша

 

– Толық – нұсқаулықтарда көрсетілген  мерзімде жүргізіледі және тек тауарлық материалдық тауарлар мен ақша қаражаттарын тексеруге ғана емес, сонымен қатар басқа ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығы, жылдық (тоқсан-дық) есеп беруді жасау бойынша қалдықтарды салыстыру және тексеруге бағытталады;

– Ішінара – тек жеке есеп объектілерін қамтиды (мысалы, ТМҚ-ды қайта бағалау);

– Іріктемелі – толық түгендеуді жүргізу қажеттілігі жоқ болған жағдайда жүргізіледі (мысалы, тауарлардың  жеке атаулары бойынша табиғи есепте, жабдықтаушының тауар-лардың жеткіліксіздігі  үшін кінарат-талабын өтеуден бас  тартуы);

– Тұтас – қандай да бір жүйенің  барлық құрылымдық бө-лімшелерінің тауарлары немесе есеп объектілерін бір мезгілде тексеру;

 

Өткізу нысаны бойынша

 

– Заттай – нақты қолда бар  мүлік объектілерін бағалау мақсатында жүргізіледі, ал олардың мөлшері  есептеу, өл-шеу,

таразыға тарту және басқа да көзге көрінетін әдістер-мен тізім  жасау арқылы анықталады;

– Бастапқы құжаттарды түгендеу –  бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге  негіз болған материалдық емес активтерді,

патенттерді, дебиторлық берешек пен  басқа да құжаттарды тексерумен байланысты;

– Бухгалтерлік (кітаптық түгендеу) –  ұйымның шоттар жоспарының жағдайын және баланстың құрылуын олардың  сенімділігі мен ақпараттылығын арттыру мақсатында тексе-руге бағытталған;

 

Ұйымдастыру дәрежесі бойынша

 

– Өзекті – операциялық жылдың аяғында баланстың жабы-луына  дейін немесе кейін 10 күн ішінде жүргізіледі.

Жабу күні мен түгендеуді жүргізу  арасындағы қолда бар түген-деудегі  өзгерістер рәсімделетін құжаттарға сәйкес есепке алынуы тиіс;

– Перманентті (жалғасушы) – түгендеу түрі, саны және құны бойынша түгендеу тізімінің жасалуы.

Ол материалдық мүлікті түгендеумен  үйлеседі.

 Оны жүргізу күні бухгалтерлік балансты құру күніне байланысты;

– Жылдық – баланстың құру күніне 3 ай қалғанда немесе оны құрудан  кейінгі алғашқы 2 ай ішінде бүкіл  номенклату-ра бойынша толық немесе ішінара жүргізіледі.


 

Бухгалтерлік  есептің бұл саласындағы қазіргі  тәжірибе бойынша, кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) түгендеу жұмысының басқарылуын  жетілдіру үшін, тұрақты қызмет ететін (жоғары дәрежелі қызметкерлерден тұратын) түгендеу комиссиясын құру қажет.

Олардың құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен белгіленуі тиіс. Тұрақты қызмет ететін комиссиясы құрамы және түгендеудің  басқа да маңызды аспектілері  есеп саясатында көрсетілгені жөн. Бұл  комиссиялардың негізгі қызметі  мыналар:

    • Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
    • Түгендеу комиссиясына нұсқаулықтар беру;
    • Түгендеу мәліметтерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
    • Түгендеудің дұрыс ұйымдастырылуы және қажет болған жағдайда тексерулердің қайтадан өткізілуі;
    • Тауарларды сақтау орны бойынша бақылау, тексеруі және іріктемелі түгендеу жүргізу;
    • Жетіспеушілікке, бүлінуге, бұзылуға жол берген тұлғалардың түсіндірмелерін қарастыру;
    • Жұмыс комиссиясының мүшелері мыналарға жауапты:
    • Кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес тәртіптің тиісті уақытында орындалуына;
    • Түгендеу тізімдеріндегі мәліметтердің дұрыстығына;
    • Тауарлардың түгенделуін белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті уақытында рәсімдеуге;
    • Түгендеуді өткізу бойынша ұйымдастыру шараларын алдын-ала жасалған кестеге сәйкес жүргізген жөн.

Төмендегі (1-үлгі бойынша):

 Бекітемін

ЖШС «Рамстор-Қазақстан»

Директор (қолы)

Күні

Кесте 11. 2009_ жылдың 1-жарты жылдығына  «Рамстор-Қазақстан»

ЖШС-да түгендеу өткізу кестесі1

 

Бөлім №

Түгендеу өткізудің  жоспарланған күні

Түгенделетін объектілер саны

Түгендеу өткізілгені  туралы белгі

Ескертулер

Қойма

Көмекші өндіріс

Бөлшек сауда желісі

Барлы-ғы

               

Кестені құрған (лауазымды тұлғалардың қолы)

Информация о работе Саудадағы бухгалтерлік есеп