Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.
Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
Сауда – экономикалық өмірдің бір саласын бейнелейді, бұл кәсіпкердің қызметі, әрекет ету өрісі және объект - тауар айырбасы, тауарларды алып-сату, осы процесс барысында тұтынушыларға сатып алушыларға қызмет көрсету, жеткізу, тауарларды сақтау және оларды сатуға дайындау. ол тауарды сату мен сатып алу және қызмет көрсетумен байланысты. Бұл өз тұрғысынан экономикалық делдалдар мен өндіруші және тұтынушылар, тауарды өндірушілерден сатып алу жолы, тұтынушыларға қайта сату мақсатында немесе тауарды тұтынушыларға басқа төлем ақы жолымен оларды келесі өндірушіге сату
Ұйымның тауарлық
қызметінде күнделікті көптеген үй –
шаруашылық процестер болып отырады,
тауарлардың айналымымен
Тауарларды өткізумен айланысатын үш сауда буыны бар:
Бөлшек сауда - жеке тұтыну немесе үй шаруашылығында пайдалану немесе кәдеге жарату үшін халыққа жаңа және бұрын тұтынуда болған тауарларды алып-сату (өңдеусіз сату).
Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар және автомат-нүктелер, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.
Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.
Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен реттеледi.
Көтерме сауда - бұл бір кәсіпорынның екіншісіне тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда және өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың арасында,сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарымен жүргізіледі. Әдетте бұл дәстүрлі көтерме сауда орталықтарында жүзеге асады: арнайы көтерме нарығында, жәрмеңке, аукцион және тауар биржаларында. АҚШ-да 420 мыңға жуық көтерме сауда орталықтары бар және олар жалпы көлемі екі триллион доллардан астам сауда көлемін жүргізеді.
Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы үш категориясы бар: өндірушілердің көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың көтерме қызметі; агент пен брокерлер арқылы көтерме қызмет.
Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады.
Көтерме сауданы
жүзеге асыру кезiнде сауда
Сауданың ең маңызды объектілеріне өз ассортиментті арнайы магазиндер, сондай-ақ универсам, универмаг, кең профилді универсамдар жатады. Соңғы аталған объекті қалыпты универсамның сауда көлемі мөлшерінен асып түседі және сатып алушыларды тамақ өнімдерімен толық қанағаттандыруға арналады. Сонымен қатар сауда кешендері бар, олар өздеріне универсам мен бөлшек қойма – магазиндерін ендіреді.
Қоғамдық тамақтандыру орындары – негізгі міндеті өз өнімін тұтынушы тұрғын халыққа немесе ұйымдарға өндіріп дайындап, пайдалануға және тамақтануға дайын тамақ түрінде өткізу.
Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлiк тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткiзудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
Қоғамдық тамақтандыру, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит спицификасы «технологиялық процесс» ерекшеліктермен бөлінген, ол қоғамды тамақтандыру орындарында өндіріс процесі және өткізу процесі негізінде жүргізіледі.
Өткізу процесімен келесідей түсініктер байланысқан:
Сауда қызметiн реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544 Заңымен белгіленген сауданың өзге де түрлері бар. Оған төмендегі түрлерді жатқызуға болады:
1. Аукциондық
сауда - тауарларды сату жөнiндегi
аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық
жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық
жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына
орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық
жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды. Аукциондық
сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдарымен реттеледi.
2. Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс бойынша сауда - тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.
Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.
Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.
Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
4. Шекара маңындағы сауда - Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге , сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес және Қазақстан Республикасының Кедендік Кодесінің бптары бойынша айқындалады.
5. Көшпелi сауда тиiстi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.
6. Көрме-жәрмеңкелiк сауда уәкiлеттi органның немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ сауда қызметi субъектiлерiнiң рынок конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрме және жәрмеңке ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңкелiк сауда тауар үлгiлерiн көрсетумен байланысты.
Сауда қызметi
субъектiлерiнiң қоғамдық орындарда
көрме-жәрмеңкелiк сауда
7. Электрондық
сауда оған қатысушылардың
Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.
Тауарлармен биржалық сауда жасау
8.Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензия туралы» Жарлығына сәйкес заңдық күші бар, бөлшек сауданы жүзеге асыру, мемлекеттік маңызы зор немесе қауіптілігі жоғары тауарлардың жеке түрін сату үшін міндетті түрде лицензиялау қажет.
Қазақстан
аумағындағы жүргізілетін
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сонымен қатар мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. Қазақстанда сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:
1) халықтың тауарларға сұранысын
қанағаттандыру және сауда
2) сауда қызметiн көрсетудi және
қоғамдық тамақтандыруды
3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының
Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:
1) сауда қызметiне қатысушылар құқықтарының теңдiгi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;
3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;
5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;
8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сауда қызметiн мемлекеттiк
1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;
2) тауарларды Қазақстан
3) сауда қызметiн дамытуға ынталандыру;
4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау;
5) сертификаттау болып табылады.
Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерi:
1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу;
2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу;
3) тарифтiк квоталарды қолдану;
4) Қазақстан Республикасының
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар қолдану;
6) халықаралық экономикалық
Сауда қызметiнiң субъектiлерiне өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде т-мендегідей талаптар қойылады:
1) тиiсiнше сапалы және қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
2) тауарларды жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген параметрлер бойынша сатуға;
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк мiндеттемелерi және кiнәрат-талап қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы қажеттi және анық ақпарат беруге, ал сотқа берiлетiн талап-арыз құжаттары ресiмделген жағдайда, сонымен қатар сатушының немесе даярлаушының (орындаушының) орналасқан жерi және өзге де деректемелерi туралы ақпарат беруге;