Саудадағы бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.

Содержание

Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Диплом - Торговля.doc

— 187.49 Кб (Скачать)

  Дайын өнімдер қоймасының жүк тиеу зонасына автокөлік келген кезде қойма меңгерушісі (қоймашы) Жол қағазы мен Тауарлы-көліктік көшірмесі көліктік бөлімінің тиісті рекизиттерін салыстыра отырып, жүк тиеуге келген автокөліктің осы жөнелтудің (жабдықтаудың) параметрлеріне сәйкестігін тексереді. Жүкті қабылдап алатын жүргізуші-экспедитор да автокөлікке тиелетін өнімнің сипатының Тауарлы-көліктік накладнойдың мәліметтеріне сәйкестігіне, ыдыстың дұрыстығына, жүк өлшем бірліктерінің тиісті таңбаларының (маркаларының) бар екендігіне, жүк тиеу және оны бекіту тәртібінің сакталуына бақылау жүргізеді. Жүк тиеліп болғаннан кейін қойміа меңгерушісі тауарлы-көліктік накладнойдың тиісті бөлімдеріне Жол қағазының номерін жазады, жүкпен бірге баратын құжаттардың аттарын (сертификат, паспорт   және т.б.) ораудың түрлерін, орындардың санын (тауарлық орындардың немесе жүк өлшем бірліктерінің) көрсетеді және тауарлы-көліктік накладнойдың барлық данасына қойманың штампын басып, фамилиясы мен лауазымын көрсете отырып қолын қояды. Жүкті қабылдаған жүргізуші-экспедитор да өзі жөніндегі мөліметтерді көрсете отырып, жүкті қабылдағандығын растап қол қояды. Тауарлы-көліктік накладнойдың бір данасы қоймада қалады және ол дайын өнімді есеп беретін (материалдық жауапкершілікті) тұлғаның есебінен шығаруға негіз болады,

  Күн сайынғы қорытынды есептің негізінде жөнелтулердің оперативтік-күнтізбелік жоспарларының (графиктерінің) орындалуы туралы рапорт жасалынады. Алынған қорытынды есептерге (рапорттарға) сатып-өткізу бөлімінің бастығы талдау жасайды және ауытқу себептері айқындалады, кінәлілер анықталады, өзінің қызмет бабының шегінде шара қолданылады. Содан кейін бұл қорытынды есептер (рапорттар) мен түсініктеме жазбалар ауытку себептерін, анықталған кінәлілерді және қабылдаған шараларды көрсете отырып, кәсіпорынның дирекциясына тапсырылады. Дирекцияның өндірістік мөжілістерінде тиісті басқару шешімдері қабылданады.

 Тауарлы-көліктік көшірменің жүргізуші-экспедитордан алынған, сатып алушы өнімді қабылдағандығын растап қол қойған (бүл белгілер өнімнің жөнелтілгендігікің куәлігі болып табылады) данасының негізінде бухгалтерияның қызметкері екі дана етіп шот-фактура жазып дайындайды. Шот-фактураның бірінші данасы сатып алушыға беріледі, ал екінші данасы тігіледі жөне есеп кұжаттарының құрамында сақталады (берілген шот-фактуралардың есебін жүргізу журналында). Мүндай кезде шот-фактуралардың мәліметтері тауарлы-көліктік көшірменің мәліметтерімен және келісім (тапсырыс) шарттарымен салыстырылады.

  Шот-фактуралардың бланкілері алдын-ала нөмерленіп қойылуға тиісті. Номерлеудің реттілігін бас бухгалтер тексереді.

  Шот-фактура сатып-өткізу көлемін бухгалтерлік есепте көрсететіп негізгі құжат болып табылады. Жазылып берілген шот-фактуралардың негізінде бухгалтерияның дайын өнімдердің есебін жүргізу тобының қызметкері тиісті есеп регистрлерінде дайын өнімді сатыи-өткізудің аналитикалық және сштетикалық есебін жүргізеді.

  Сатып-алушылардың өнім үшін төлем жасауын бағалауды жасау үшін бухгалтерия кызметкері күн сайын кәсіпорынның банктегі ағымдағы шотынан сол шотгағы ақша қаражаттарының қозғалысының қалдығы жөніндегі барлық мәліметтер, оның ішінде жөнелтілген өнім үшін жасалынған төлем ретінде сатып алушылардан бір күннің ішінде келіп түскен ақша сомасы көрсетілген үзінділерді алады. Банк үзінділеріне растаушы құжаттар (үзіндіде көрсетілген кіріс және шығыс құжаттары) тіркеледі. Банк үзінділерін алғаннан кейін бухгалтерия қызметкері үзінді бойынша сатып алушылардан келіп түскен сомаларды оған тіркелген растаушы құжаттарда (төлем тапсырмаларында және т.б.) көрсетілген сомалармен салыстыра отырып, банк үзінділерінде сатып алушылар аударған сомалардың көрсетілуінің толықтығын бақылауды жүзеге асырады.

Сатып алушылармен  есеп айырысулардың есебін жүргізуші  бухгалтер оперативтік есеп жүргізеді  және құжаттық салыстырулар әдісі бойынша  сатып алушылардың өнім үшін өз уақытында  және толық төлем жасауына бақылау  жүргізеді. Банк үзінділері мен растаушы құжаттардың негізінде ол сатып  алушылармен есеп айырысу регистрлерінде төлемнің жасалынуы туралы тиісті жазулар орындайды. Сонымен бірге ол төлем жасаудан бас тартудың (толық немесе ішінара бас тарту) есебін олардың келіп түсу мерзімін, сомасын және себептерін көрсете отырып жүргізеді.

 Сатып алушылармен есеп айырысу операцияларының есебін жүргізуші бухгалтер ұйымның бас бухгалтеріне сатып алушылардан ақша қаражаттарының келіп түсу жоспарының бір күнге және есепті кезеңнің басынан бастап (бес күндіктің, он күндіктің, айдың, тоқсанның, жылдың) әрбір сатып алушы және сонымен жасалынған келісім шарттың негізінде орындалуы бойынша күнделікті есеп беріп отырады. Бұл есепке ауытқулар бойынша түсіндірмелер тіркеледі. Түсіндірмеде ауытқулар олардың пайда болуының күнтізбелік мерзімдері бойынша ажыратылып көрсетіледі.

  Ауыткулар бойынша алынған мәліметтерге талдау жасай отырып, бас бухгалтер өзінің қызмет бабының шегінде шара қолданады.

  Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті (белгіленген есепті кезеңдердің шегінде), сондай-ақ ауытқуларға түсіндірмелерімен бірге, баяндаушы жазбаны бас бухгалтер ұйым басшыларының күн сайын болатын оперативті мәжілісіне тапсырады.

  Сатып алушылармен есеп айырысу операцияларының талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір сатып алушы және әрбір келісім-шарт бойынша төленуге тиісті әрбір шотты есепке ала отырып жүргізілуі керек және ол борыштардың пайда болуы, оларды жою мерзімі мен тәсілдері бойынша (оның ішінде вексельмен қамтамасьп етілген борыштар бойынша) мәліметтер алуды қамтамасыз етуге тиісті. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу операцияларының есебін жүргізуші топтың қызметкері төлем жасау бойынша мәліметтерді енгізген уақытта төленген сомалар мен есепте түрған борыштарды салыстыру әдісі арқылы бухгалтерлік бақылауды жүзеге асырады. Ондай бақылау сатып алушыға берілген жеңілдіктің мерзімінен аспағандығын (егер жеңілдік берілген болса), борыштың толық және өз уақытында өтелгендігін, дебиторлар баптары бойынша дұрыс емес жазуларды (сатып алушылардың дебиторлық борыштары бойынша мәліметтерді енгізу кезіндегі қателерді), сатып алушылардың бұрын есепке алынбаған дебиторлық борыштарын айқындауға мүмкіндік береді.

  Ұйымның (кәсіпорынның) бас бухгалтері құжаттық тексеру (салыстыру) әдісін пайдалану арқылы жүргізген сатып алушылармен (дебиторлармен) есеп айырысудың талдамалық есебінің регистрлеріне кезеңдік бақылау жөнелтуге санкция (рүқсат) беру кезінде есепкс алынбай қалған сатып алушының дебиторлық борышының тиісті деңгейінен артып кетуін, сондай-ақ төлету шаралары қолданылмаған, төлем жасау мерзімі өтіп кеткен борыштарды анықтауға мүмкіңдік береді Сатып алушылардың шоттарға төлем жасауы бойынша ішкі бақылауға тексеру жүргізу үшін аудитор талдамалық есеп регистрлеріндегі әрбір сатып алушы бойынша ақшаның келіп түсуіне ішінара зерттеу жүргізеді және банк үзінділерімен салыстырады, сонымен бірге регистрлердің жиынтығын Бас кітаптьщ шоттарындағы мәліметтермен салыстырады. Аудитор сатып алушылардан ақша түсімдерінің келіп түсу жоспарының орындалмай қалуының негізгі себептерін анықтау үшін қаржы қызметінің басшыларына сұрақ беруді жүргізеді.

  Бухгалтер ай сайын сатып алушылардың борыштарына салыстыру жүргізіп отыруға тиісті. Ол үшін барлық сатып алушыларға белгіленген тәртіп бойынша бас бухгалтер қол қойған және ұйымның мөрі басылған салыстыру актісі жіберіледі. Салыстыру актісі екі данада жасалынады: екінші данасы арнайы журналға тіркеліп, көрсетілген борыштың салыстырылуының (дәлелденуінің) өз уақытында жүзеге асырылуы мен толықтығынан кейін бақылау жүргізу мақсатында арнайы картотекада сақталады; бірінші данасы сатып алушыға жіберіледі.

  Сатып алушы өзінің қарызын мойындамаған жағдайда (толық немесе ішінара) немесе борышты салыстырудан бас тартқан жағдайда, ол жөнінде жедел түрде бас бухгалтер, сонымен бірге сатып-өткізу бөлімінің бастығына хабарланады. Бас бухгалтер бұл ауытқулар бойынша ақпараттарды ұйым басшыларының күн сайынғы жедел (оперативті) мәжілістерінде директордың экономикалық және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарларына тапсырады. Директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары (немесе ұйымның директоры өкілеттік берген басқа лауазымдыы тұлға) заң бөлімінің бастығымен келісе отырып, бұл борышты төлету тәртібі туралы шешім қабылдайды (дауларды реттеудің сот немесе шағым-талап қою тәртібі). Егер борышты салыстыруға өтініш жазылған жолдауларга белгіленген мерзім ішінде жауап алынбаса, онда белгіленген тәртіп бойынша жауап берілмеу себебі анықталады.

  Сатып алушы борышты салыстырудан бас тартқан кезде, бұл туралы материалдар жедел түрде ұйымның (кәсіпорынның) дирекциясына тапсырылады.

  Қарызы бар ұйыммен (сатып алушымен) арада байланыс жоқ болған кезде, оның себебі анықталады (яғни, оның жойылған немесе жойылмағандығы анықталады).

  Егер қарызы бар ұйым жойылған болса, онда дебиторлық борышы үмітсіз борыш ретінде танылады. Борышты "үмітсіз" деп тану және оны есептен шығару жөніндегі шешімді сатып-өткізу бөлімінің бастығы берген қарызы бар ұйымның жойылғандығын растайтын кажетті материалдардың негізінде құрылған бас бухгалтер, тиісті баяндаушы жазбасы бойынша ұйымның басшысы қабылдайды.

  Клиенттің бақылау процедураларын жүзеге асыруына тексеру жүргізу үшін аудитордың сатып алушылардың шоттарын таңдап (іріктеп) алуына болады:

а) дебеттік жазуларды шот-фактуралармен растауға болады;

ә) кредиттік  жазуларды ақша қаражаттарының келіп түсуі бойынша құжаттармен немесе несиені есептен шығару туралы бүйрықтармен растауға болады.

  Жоғарыда келтірілген растауларды (дәлеледеулерді) алғаннан кейін аудитор дебиторлардың төлеу мерзімі өтіп кеткен шоттарын зерттей келе борышты төлетіп алу бойынша қандай шаралардың қолданылғандығын анықтау үшін каржы қызметінің басшыларына сұрақ бере алады;

  Ішкі бақьшау жүйесінің тиісті процедураларына зерттеу жүргізіп болғаннан кейін тәуекелдікті анықтау мақсатында аудитор оның сатып өткізу циклы бойынша жұмыс істеуіне баға беруге тиісті. Ол үшін аудиторға ішкі бақылау жүйесін төмендегі кестенің  мәліметтері бойынша тестілеген дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бағыттап реформалау процесі жүріп жатыр. Бұл біріншіден,  негізін нарықтық қатынастар құрайтын жаңа экономикалық жүйе  қалыптасуына, және екіншіден, Қазақстан  Республикасының  әлемдік экономикалық кеңістікке енуіне кіруіне байланысты.  Осы жағдайда болып жатқан түбегейлі өзгерістер экономикалық басқару тетіктерінің, оның ішінде бухгалтерлік есептің сапалы өзгерілуін талап етеді.

Шаруашылық дербестік  алған отандық кәсіпорындардың  көпшілігі халықаралық бизнеске кіріседі. Бірақ Қазақстан  Республикасындағы  бухгалтерлік есептің әлемдік стандарттан  қалыс қалуы оның экономикасы  үшін теріс салдар туғызуы мүмкін. Сондықтан, қазақстандық есептік ақпаратты  халықаралық стандарттарға сәйкестендіру  Қазақстан  Республикасының әлемдік  экономикаға кіруі маңызды факторларының  бірі болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызмет үш проблема туындатты, олар: материалдық  емес активтерді (патент, сауда маркасы, жаңа технологиялар, өнімді дайындау құқығы және т.б.)  есепке алу; біріккен кәсіпорындарда шетелдік меншік иесіне түсінікті әдісте бухгалтерлік есеп жүргізу; фирмалар мен  кәсіпорындар құқықтық режимі әртүрлі  елдерде орналасса, олардың  есептілігін  сәйкестендіру  қажеттігі. Әкімшілік-бұйыру жағдайында  өзін ақтаған бухгалтерлік есеп жүйесінің жіктелуі ескірген және қолдануға келмейтін болды.

Нарықтық экономика  кезіндегі бухгалтерлік жүйені әзірлеу  жаппай ақпараттық лекті қалыптастырудың  қолайлы процедураларын қолданып, кәсіпорындардың  ақпараттық мазмұнын жақсарту мақсатында оны басқару жүйесіндегі есепті реттеудің  ережелері жиынтығы ретіндегі  стандарттауды кеңінен пайдалануға  байланысты.

Бухгалтерлік есепті стандарттау  экономикалық басқару жағдайындағы есепті реттеу үшін пайдаланылатын әдістер  жиынтығы ретінде есептік ақпаратты  қалыптастырудың жаңа әдістемесіне ыңғайлы түрде  көшуді қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономикасы  дамыған кез келген елдерде  акционерлер, несие берушілер мен борышкерлер, мемлекеттік аппарат, кәсіпорын  әкімшілігі мен жұмысшылары өз қызметі  барысында  ақша қаражатының небір  көлемін жинақтайды. Ақша операциясының  жиналуын, тіркелуін және  бақылауын  есепші жүргізеді. Бұл тұста есептік  мәліметтерді бұрмалау туралы сөз болып  отырған жоқ, қаржы нәтижесінің  әртүрлі мәніне жеткізетін есептік  процедураларды келісімдеп, заңды таңдау туралы сөз болып отыр.

 Жаңа кәсіпкерлік  қызмет формалары туындауымен,  біріккен кәсіпорындар,  ашық  және жабық түрдегі акционерлік  қоғамдар, коммерциялық банктер   және басқа да шаруашылық субъектілер  пайда болуы шынайы  (дұрыс)  ақпаратқа деген сұранысты арттырады. 

Есептің шынайылығын, дұрыстығын тәуелсіз сарапшы, яғни аудитор  растауы  мүмкін.

Нарықтық экономикасы  дамыған шетелдерде, қаржылық  бақылау, әсіресе шаруашылық есептегі түрлерін қаржылық  бақылау деңгейі өте  жоғары.  Мемлекеттік қаржылық  бақылауды парламент, қаржылық  бақылаудың арнайы ведомоствосы, қаржы министрліктері, салалық ведомостволары жүргізеді.

Жүйелі қаржылық  бақылау  функциясын мемлекеттік ұйымдармен қатар  аудитор-есепшілердің тәуелсіз фирмалары  да келісім-шарттық негізде  орындайды.

Нарықтық экономикаға  көшу жағдайында бақылау жүйесінде  кәсіпорындар мен ұйымдардың  бухгалтерлік есептіліген тәуелсіз сараптама  мен талдау жасаушы  аудиторлық қызметтерге  маңызлы орын беріледі. Елімізде жоспарлы, орталықтан басқарылатын экономика  болған кезде  тәуелсіз қаржылық бақылауға    деген талап болған жоқ.  Оның орнына ведомостводан тыс бақылау  болды, ол кәсіпорындардың шаруашылық қызметтеріндегі қиянат жасаушылықтарды, есеп жүргізу мен есептіліктегі  қателіктерді табумен, кінәлілерді  анықтап жазалаумен айналысты.

Информация о работе Саудадағы бухгалтерлік есеп