Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.
Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Түгендеу комиссиясының төрағасы ретінде бір материалды жауапты тұлғаны қатарынан 2 рет қоюға рұқсат етілмейтінін сәйкес жерде көрсету өте маңызды.
Сонымен
қатар тұрақты қызмет етуші комиссиясының
бар болуы ірі (орта) кәсіпорын
басшысы мен бас бухгалтерді
түгендеу жұмысының жүргізілу
Бірнеше
түгендеу комиссиясын құру кезінде
тұтас түгендеудің дұрыс
Түгендеу комиссиясының тағайындалуы комиссия құрамы, түгендеудің көлемі, жұмыстың басталуы және аяқталуы көрсетілген бұйрықпен рәсімделеді. Бұйрық арнайы кітапта тіркеледі және түгендеудің жұмыс комиссияның мүшелеріне түгендеу жүргізудің алдында тапсырылады. Кемінде бір мүшенің жоқтығы өткізілген түгендеу нәтижелерін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Комиссия төрағасы түгендеу басталмас бұрын есеп берулердің барлық қосымшаларын визалауы тиіс, ол бухгалтерия үшін түгендеу басына қалдықтарды анықтау болып табылады.
Ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық тауарлардың, құжаттардың немесе басқа да есеп объектілерінің нақты бар болуын тексеруге міндетті түрде материалдық жауапты тұлға қатысуы керек. Егер кәсіпорынның материалдық жауапты тұлғасы болмаса, онда жауапты тұлға болып кәсіпорын басшысы саналады. Тауарлардың қалдықтары туралы мәліметтерде олардың нақты бар болуын тексерусіз, тек материалдық жауапты тұлғаның сөзіне немесе есеп мәліметтеріне сүйеніп, тізімге енгізуге тыйым салынады.
Кез келген есеп объектісінде түгендеу жүргізудің өзіндік техникасы бар. Мысалы, тауарларды түгендеу есептеу, өлшеу, таразыға тарту арқылы жүргізіледі, ал кейін олардың орналасқан орны және осы тауарларды сақтайтын материалды-жауапты тұлғалар бойынша құндық бағалануы жүзеге асырылады. Кіріс-шығыс кассалық ордерлерінің, банк шотының үзіндісі, расталған сальдо мен жазба мәліметтері бойынша алынған талаптар, қарыздар сияқты мүліктің материалды емес бөліктері сәйкес есеп тіркелімдерін тексеру арқылы анықталады. Аяқталмаған жұмыстар түгендеуге кіргізілуі тиіс.
Түгендеу мәліметтері тізіммен рәсімделуі керек, онда белгілі бір уақыт мерзіміне мүліктің жеке құрамдас бөліктері және түрлері, саны мен құны бойынша қарыздық міндеттемелер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар түгендеу тізім тексеруге жеңіл және бастапқы есеп мәліметтерімен салыстыруға болатындай етіп жасалуы тиіс.
Қымбат бағалы тауарларға олардың алынуын куәландыратын құжаттарды немесе пайда болуы жайлы мәліметтерді (төлем шотының нөмірі, жабдықтаушы және басқа да деректемелер) анықтау керек. Есептеу мен тақсалауға байланысты барлық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін және нәтижелерін өзара тексергеннен соң тізімін әр бетінің соңына тауарлы-материалдық тауарлардың реттік нөмірі қолмен жазылып көрсетіледі. Одан кейін бетте жазылған барлық тауарлы-материалдық тауарлардың жалпы қорытындысы (өлшем бірлігіне қарамастан, табиғи өлшеммен) шығарылады. Бұл көрсеткіштер тізімнің соңғы бетінде, байқалмайтын түзетулер енгізуге мүмкіндік бермеу үшін, көрсетіледі. Тізімнің әр бетіне материалдық жауапты тұлға мен комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Түзетулер барлық комиссия мүшелерімен келісілген және олардың қолдарымен бекітілген болуы тиіс. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімнің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады. Одан кейін түгендеу және есеп мәліметтері салыстырылып, салыстыру тізімі жасалады.
Демек, салыстыру
тізімі нақты және есептік мәліметтердің
сәйкес келмеген жағдайында жасалады
және осындай мәліметтер жиі түгендеу
тізімімен бір бланкте
Қажетті жағдайда түгендеудің жұмыс комиссиясы атқарған жұмысы хаттамамен рәсімделеді, онда түгендеу нәтижелері және кемшіліктерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі. Түгендеу аяқталғаннан соң оның барлық тауарлары мен комиссия хаттамасы тұрақты қызмет етуші комиссия қарауына тапсырылады.
Егер түгендеуден кейін материалды жауапты тұлғалар түгендеу тізімінен қате табатын болса, онда ол бұл жайында түгендеу жүргізген жұмыс комиссиясына өтініш арқылы хабарлауы керек (сауда орны ашылғанға дейін). Барлық көрсетілген фактілер тексеріледі және олар расталған жағдайда анықталған қателер белгіленген тәртіппен жойыла алады.
Түгендеу
комиссиясының өз жұмыс нәтижелері
үшін жауапкершілігін арттыру үшін
бақылау тексерістерін
Түгендеу
аяқталған соң түгендеу комиссиясының
төрағасы тауарлардың нақты
Бухгалтер тауарларды түгендеу нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықталуын қамтамасыз ету мақсатымен оның аяқталу сәтіне барлық дайындық жұмыстарын, соның ішінде келесі қызметтерді атқаруы тиіс:
Тауарлы-материалдық тауарларды түгендеумен қатар, бухгалтерия барлық сәйкес шоттар бойынша жазбаларды тексеріп, оларды корреспонденттелетін шоттармен салыстыруы тиіс. Түгендеу нәтижелері бухгалтерлік есепте түгендеу аяқталған кезеңде көрсетіледі.
Түгендеу жүргізудің келтірілген ережелерін жалпылай отырып, оның кезеңдерінің көрнекі болуы үшін, төмендегі желілік графикті ұсынуға болады, сәл ғана өзгерістер енгізгеннен кейін ол есептің әр түрлі объектілеріне қолданыла алады ( 2 - сурет).
Желілік графикте көрсетілген оқиғалардың түсіндірмесі 12- кестесінде көрсетілген.
2-сурет.Түгендеудің желілік графиктік сызбасы.
Кесте – 12. Түгендеу жүргізудің ережелері.
Оқиға нөмірі |
Жұмыстардың атауы |
1 |
Тауарларға түгендеу жүргізу туралы бұйрықты рәсімдеуді түгендеу комиссиясының төрағасына тапсыру. |
2 |
Түгендеу комиссиясы мүшелеріне нұсқаулықтар беру. |
3 |
Материалды жауапты тұлғаға түгендеу өткізу туралы бұйрықты тапсыру. |
4 |
Қосымша және бөлек кіру, шығу органдары бар қосалқы бөлмелерді және тауарларды сақтаудың басқа да органдарына пломба қою және мөрлеу. |
5 |
Материалды жауапты тұлғадан түгендеу мерзіміне кассадағы қалдық жайлы соңғы есепті алу. |
6 |
Түгендеу сәтіне
тауарлардың қалдығы |
7 |
Түгендеу комиссиясына барлық кірістік және шығыстық құжаттарды тапсыруы жайлы құжатқа қол қою (түгендеу тізімінің титулды парағындағы мәтінге сәйкес). |
8 |
Түгендеу комиссиясының кассалық есеп беруі мен оған қосылып тапсырылған құжаттарды тексеруі. |
9 |
Түгендеу комиссиясының тапсырылған тауарлық есеп беруді және оған қосымша кіріс пен шығыс құжаттарын тексеруі. |
10 |
Тауарлық есепке тігілген барлық кіріс және шығыс құжаттарын визалау. |
11 |
Түгендеу комиссиясы қолданатын салмақ өлшеуіш құралдарын тексеру. |
12 |
Кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын алу және ағымдағы күннің түсімін анықтау. |
13 |
Түгендеу тізіміне кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын тіркеу (сатушы өткізілген тауарлар үшін ақша алған жағдайда). |
14 |
Түгендеу тізіміндегі аталған тауарлардың барлығын комиссия жауапты тұлғаның қатысуымен тексерілгені және комиссияға шағым жоқтығы туралы қол қою. |
15 |
Түгендеудің алдын-ала нәтижелерін шығару. |
16 |
Кәсіпорын бухгалтериясына тауарлар бойынша түгендеу тізімін тапсыру. |
16a |
Кәсіпорынның бухгалтериясына басқа да (тауарлық, түгендеу комиссиясымен визаланған) құжаттарды тапсыру. |
17 |
Кәсіпорынның бухгалтериясында түгендеу тауарларын тексеру. |
18 |
Тауарлар бойынша салыстыру тізімдемесін жасау. |
19 |
Табылған жетіспеушілік жағдайында есеп айырысуларды жасау. |
20 |
Түгендеу нәтижелері
актісіне салыстыру тізімінің |
20a |
Түгендеу нәтижелері актісіне нормаланған жоғалтуларды есептеу мәліметтерін енгізу. |
21 |
Түгендеу нәтижелерін қарастыру. |
22 |
Түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдау. |
Жоғарыда көрсетілген барлық жұмыстарды атқару бойынша орташа немесе күтілу мерзімін анықтау үшін 3 бағалауды ерекше көрсеткен қажет: Тmin – минималды; Твв – ең ықтимал; Тmax – максималды ұзақтылық мына формула бойынша:
Тс=(Tmin + Tвв + Tmax)/n
Жұмыстың қосынды ұзақтығының (оқиғаның басы мен аяғына дейін) максималды мәнін анықтайтын жол есептеледі және осы жолдан тыс жұмыстарына ресурстар (уақыт резервтері) анықталады.
Түгендеуді жүргізудің жалпыға белгіленген мерзімдері кестеде көрсетілген. Түгендеу бақылаудың ең маңызды әдістемелік тәсілдерінің бірі болып табылатындықтан, ол тек қажетті жағдайларда ғана жүргізілуі тиіс. Жаңа меншік нысандарының пайда болуы мен кәсіпорындар қызметіндегі дербестіктің артуына байланысты бұл жағдай өзекті болып келеді. Көптеген субъектілер түгендеуді өткізумен байланысты шығындарды есептей келе, түгендеуді жиі өткізуден бас тартады. Олар жасалған ішкі ережелерге және «есеп беру жылындағы түгендеулер саны, өткізу күндері, оларды өткізу барысындағы мүлік пен міндеттемелер тізімі өз бетінше белгіленеді» деп көрсетілген нұсқаулыққ сүйенеді.
Кесте 13. Түгендеу өткізу мерзімдері және олардың нәтижелерін көрсететін құжаттар
Түгендеу объектілері |
Ұсынылған өткізу мерзімі |
Нәтижелер көрсетілуі тиіс құжат |
Негізгі құралдар |
Жылдық бухгалтерлік есеп жасау алдында 3 жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Негізгі құралдарды түгендеу тізімі |
Ақша қаражаттары, ақшалай құжаттар, тауарлар мен қатаң есептілік бланктері |
Әр айда кемінде бір рет |
Ақша қаражаттарын түгендеу актісі |
Тауарлы-материал-дық тауарлар (шикізат, материал-дар, қорлар) |
Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Тауарларды, материал-дарды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі |
Қойма мен базадағы тауарлар:
|
Жылына кемінде бір рет Жылына кемінде екі рет |
Жауапкершілік сақтауға алынған (тапсырылған) тауарлы-материалдық тауарларды түгендеу тізімі. Түгендеу жарлығы. |
Дүкендердегі және басқа да бөлшек сауда кәсіпорында-рындағы, тауарлар мен ыдыс, соның ішінде кітап дүкендерінде |
Жылына кемінде бір рет
Жылына кемінде екі рет |
Тауарларды, тауарлар-ды, ыдыстарды, ақша қаражаттарын түгендеу тізімі |
Қоймалардағы дайын өнім |
Жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау алдында жылда кемінде бір рет, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес |
Дайын өнім қалдығын түгендеу тізімі |
Өндірілген меншікті жартылай фабрикаттар және/немесе аяқталмаған өндіріс |
Жылдық есептіліктер мен баланстарды жасау алдында, бірақ есеп беру жылының 1 қазанынан ерте емес. Әкімшілікпен және жергілікті басқару органдарымен бекітілген мерзімде кезеңді түрде |
Аяқталмаған өндіріс және жартылай фабрикаттардың қалдықтарын түгендеу тізімі |
Банктермен есеп айырысу (есеп айы-рысу және басқа да шоттарды, несие-лер, бюджеттен алынған қаражат-тар бойынша, т.б.) |
Банктерден шот көшірмесі келген сайын, ал банкке инкассоға берілген есеп айырысу құжаттары бойынша әр айдың 1-ші жұлдызында |
Банктермен есеп айырысудың түгендеу тізімі |
Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша есеп айырысу |
Тоқсанында кемінде бір рет |
Бюджетке және бюджеттік емес ұйымдарға төлем бойынша есеп айырысу-дың түгендеу актісі |
Филиалдармен, өндірістік бірлестік-термен (дербес ба-лансқа бөлініп шы-ғарылған шаруашы-лық, бірлескен қыз-мет түрлері және оларға теңестіріл-ген басқалар) және есеп айырысу |
Әр айдың 1-ші жұлдызы |
Филиалдармен және т.б. есеп айырысу бойынша түгендеу актісі |
Дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысу |
Жылына кем дегенде екі рет |
Дебиторлармен және/немесе кредиторлар-мен есеп айырысу бойынша түгендеу актісі |
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
Аудит - бұл біздің елімізде Акционерлік Қоғамның, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдауын және қаржылық бақылауын салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты.Заңды түрде аудиттің екі түрі бар: міндетті және бастамашылық..
Міндетті аудит- ҚР-ның заңнамалық актілерінде көзделген тәртіпте немесе жағдайда жүргізіледі.Берілген аудит міндетті болып табылады және ҚР заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікте мерзімді басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.
Бастамашылық аудит-аудиттелетін субьектінің оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері,мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудиторлық қызметтің принциптері: тәуелсіздік,обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпиялылық, адалдық., ұйымдар стандартын сақтау және әдеп кодексін сақтау.
Аудиттық бақылаудың құралдары арқылы шаруашылық операцияларының орындалу процессінде орын алған барлық бұрмалаушылықтарды (қателерді) жою мүмкін емес екендігі белгілі. Сондықтан аудитор өзінің тәжірибесімен ой-пікіріне сүйене отырып, тиісті тексеру процедураларын қолдануға тиісті. Тауарлы материалдық қорларды, оны сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердін құралу циклында бухгалтерлік есепте төмендегі бұрмалаушылықтар (қателер) болуы мүмкін: