Саудадағы бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.

Содержание

Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Диплом - Торговля.doc

— 187.49 Кб (Скачать)

  Өндіріс циклы бойынша бұрмалаушылықты (қатені) қосымша тауып алуға мүмкіндік беретін баланстың жақын баптары төмендегі шоттар болып табылады:

    • ақша төлемін сипаттаушы шоттар;
    • тауарлы-материалдық босалқылардың қозғалысы бойынша шоттар;
    • дебиторлар мен кредиторлардың шоттары.

Болуы мүмкін талдамалық процедуралар

Талдамалық  процедуралар тәуекелдікті бағалауға  арналған аудитті өткізу уақытында  байкалмауы мүмкін тәуекелдік (қауіп) пен есептің арасындағы байланыстарды  жиі анықгайды.

Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклында таламалық процедураларды жүргізу  кезінде салыстыру тәсілін пайдалануға  болады. Нақты мәліметтер өткен жылдардың  мәліметтерімен салыстырылады:

  • сатып-өткізуден алынған табыстың өсу қарқыны (өнімдердің ассортименті бойынша қарастырған дүрыс);
  • есепті жыл ішіндегі айлар бойынша сатып-еткізу (өнімдердің 
    ассортименті бойынша);
  • өнімдердің қайтарылуы және жеңілдіктердің (пайызбен) сатып-өткізуден алынған табысқа   қатынасы;
  • үмітсіз борыштар бойынша шығыстардың    (пайызбен) сатып-өткізуден алынған табыска катынасы;
  • дебиторлар шоттарының жабылмаған күндерінің саны;
  • дебиторлық борыштан пайызбен есептелген төлеу мерзімін өткізіп 
    алудың уақытша категориясы;
  • дебиторлық борыштан пайызбен есептелген теленбеген шоттардың болуы мүмкін шегі.

  Өткен жылдардың мәліметтерімен салыстыру аудиторға тәуекелдікті бағалауға көмектесе алатын, тауарлық материалдық қорларды  сатып-өткізудің кәсіпорында орын алған тенденциялары мен заңдылықтарыи көрсетеді. Сондай-ақ, ірі және әдеттен тыс сомалардағы дебиторлық борыштарға шолу жасау және қаржылық қорытынды есепте болжанған мәліметтерді есепті жылдың мәліметтерімен салыстыру керек. Ірі айналымдар және ұзақ уақыт төленбеген шоттар ерекше назар аударуға тұрарлық дебиторлар шоттары болып табылады..

  Аудитор қорытынды есептер мен басқа да ішкі қүжаттарды тексерумен бірге әкімшіліктің талдамалық процедураларды өткізуін зерттеуге тиісті. Аудиторға қажет болған жағдайда өзінің талдамалык, процедураларын толықтыратын әкімшіліктің қорытынды есебі жарамды болуы мүмкін. Әдетте, әкімшілік сатып-өткізудің әртүрлі ішкі бағыттары және жоспарлау мәселелері туралы қорытынды есеп дайындайды, мысалы:

- нақты сатып-өткізу қалыптасқан тенденциялармен  және болжамдармен салыстырыла отырып көрсетіледі;

- нақгы жалпы өнімнің динамикасы және болжамдар   кврсетіледі;

- дебиторлар шоттарының динамикасы;

     - орындалмаған коммерциялық міндеттемелер.

  Талдау барысында туындаған аудитордың сұрағына сатып алушының қалай жауап беретіндігі бақылаудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы сатып-өткізуден алынған табыс бойынша өткен жылдан ағымдағы жылға дейін болған өзгеріс туралы сұрақтарға берілген нақты, ойға қонымды, мәнді жауаптар кәсіпорын әкімшілігінде тиісті мәліметтердің бар екендігін, олардың жағдайды бақылап отырғандығын, сонымен бірге есеп жүйесі мен бақылау әдістемесі тиімді жүмыс істейтіндігін көрсетеді.

  Объектіге қатысты ары қарай қандай шоттар қарастырылуға тиісті екендігін анықтау үшін аудитор баланс жасалынған мерзімге шоттарға шолу жасауға тиісті.

  Құрамына нормативтік-құқықтық құжаттарға, нүсқауларға және кәсіпорында бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ережелерге сәйкестікке тексеру жүргізу, бақылау сәттерін тестілеу және талдамалық процедуралар жүргізу кіретін ішкі бақылау жүйесінің процедураларын зерттеу аудиторға тәуекелдікті бағалауға мүмкіндік береді. Бақылау тәуекелдігі, әсіресе, басшылардың дәлдік, бағалау, құқық жөне міндеттемелер сияқты пайымдаулары (пікірлері) бойынша төмен бағаны сирек алады, сондықтан аудиттің бұл бағыттары бойынша объектіге қатысты тексеру жүргізу қажет.

  Қаржылық қорытынды есеп берудің дұрыстық категорияларын басшылыққа ала отырып, сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы аудитінің негізгі мақсатын білдіретін басшылықтың ең басты пайымдауларын (пікірлерін) анықтаймыз.

  Толықтық категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

  • бухгалтерлік есепте жөне қорытынды есеп беруде сатып-өткізудің  барлық фактілері көрсетілген;
  • алынуға тиісті шоттарда көрсетілген міндеттемелер жөнелтілген өнім үшін шын мәнінде өндіріп алуға жататын борыштың толық көлемін білдіреді;
  • аванс ретінде алынған табыстар тауарды жөнелткенге дейін алынған барлық соманы көрсетеді;
  • қаржылық нәтижені анықтау кезінде барлық сатып-өткізілген 
    өнімнің өзіндік құны және оны сатып өткізумен байланысты барлық шығындардың сомасы есепке алынған;

синтетикалық (жинақгаушы) шот бойынша сальдо және айналымдар аналитикалық (талдамалық) шотгардың сальдолары мен айналымдарына  сәйкес келеді және толық көлеме бухгалтерлікесеп регистрлеріне Бас кітапқа және каржылық қорытынды есеп беруге көшіріледі.

Дәлдік категориясына  сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

  • сатып алушыларға шоттардағы белгіленген бағасы мен саны бойынша жөнелтілген өнімге сәйкес жіберіледі қаржылық қорытынды есепте нақты мәліметтердің негізінде есептелген қаржылық нәтиже көрсетілген;
  • аванс ретінде алынған табыстар алдағы уақытта дайындап жіберілетін тауар үшін дәл соманы көрсетеді және де тиісті есепрегистрлеріне енгізілген;
  • шот-фактураларда көрсетілген ҚҚС-ы (қосылған құн салығы) 
    бойынша сомалар келісім-шарттарда және шоттарда көрсетілген сомалармен сәйкес келеді.

  Нақты бар болу категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

-бухгалтерлік есептегі жазулар  нормативтік құжаттардың талаптарына  сай рәсімделген және растаушы  бастапқы құжаттардың негізінде  орындалған;

бухгалтерлік есепте көрсетілген  өнімді сатып-өткізу бойынша операциялар  есепті кезең ішінде шын мәнінде  орын алған;

-сатып-өткізілген енім үшін  сатып алушылардың дебиторлық  борыштарының шамасы шын мәнінде  қаржылық қорытынды есепте көрсетілген  және жүргізілген түгендеудің  мәліметтерімен расталған.

  Құқық және міндеттемелер категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау :

өнімдерді сатып-өткізу бойынша барлық келісімдер қолданыстағы зандарға қайшы келмейтін келісімдік қатынастардың шарттарынан туындайды;

аванс ретінде  алынған табыстар компания келешекте  тауар 
жөнелту немесе қызмет көрсету үшін міндеттенген соманы кврсетеді;

кәсіпорында сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің   құралуы бойынша операцияларды  жүзеге асыруға қажетті барлық лицензиялар  бар;

өнімді сатып-өткізу бойынша барлық операцияларға өкілетті 
тұлғаның рұқсаты (санкциясы) берілген;

кәсіпорынға қаржылық қорытынды есепте көрсетілген  дебиторлық борыштың сомасын өндіріп  алуға (төлетуге) толық негіз бар;

кәсіпорында ұйымдастырылған ҚҚС-ын есептеу  үшін шот-фактураларды ұсыну және есепке алу процессі нормативтік құжаттардың  талаптарына сәйкес келеді;

ҚҚС-ың сомасы келісім-шарттарда, шоттарда және шот-фактураларда жеке қатар арқылы бөліп көрсетілген.

Ашып көрсету  категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау:

дебиторлық  борыш және соған сәйкес шоттар қаржылық қорытынды есепте тиісінше жіктеліп көрсетілген;

ақша түсімдері, дайын өнімдердің қайтарылуы тиісті кезендерде тіркелген.

Сатып-өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклы  бойынша тексерілетін құжаттардың  тізімі төмендегі кестеде  келтірілді.

Кесте 14. Сатып-өткізу және қаржылык нәтижелердің құралу циклы аудитін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері.

 

Нөмері

Нысанның номері

Ақпарат көздері (нысандардың атаулары)

1

 

Бизнес  - жоспары

2

 

Өнімдермен жабдықгау (қызмет көрсету  жұмыстарды орындау) келісім-шарттары, келісім төл құжаттары

3

 

Қаржылық қорытынды есеп беру, есеп саясаты

4

 

Есеп регистрлері (ведомостар, журнал-ордерлер, машинограммалар)

5

 

Тапсырыстар, төлем құжаттарының көшірмелері

6

 

Шот-фактуралар

7

 

Тауарлы-көліктік накладнойлар, шығыс накладнойлары

8

 

Кедендік декларациялар, сертификаттар

9

 

Есеп айырысуларды салыстыру актілері

10

 

Орындалған жұмыстардың (көрсетілген  қызметтердің) актілері, орындалған жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілері

11

Түген

деу-3

Тауарлы-материалдық босалқыларды түгелдеу тізімдемесі

12

Түген

деу-4

Жөнелтілген тауарларды түгелдеу актісі

13

Түген

деу-12

Тауарлы-материалдық босалқыларды түгелдеу нәтижелерін салыстыру ведомосты


 

  Растау жөнінде берілген сұрауларға сатып алушылар көңіл аудармаған кезде аудитор тауармен ілесіп барған құжаттарды қарайды. Дебиторлар мен кредиторларға жеке клиенттердің сальдолары бойынша тексеру жүргізу өнімді жөнелту жөне табыс алу (есептеу) бойынша ілесіп барған құжаттарды қарау жолымен орындалады.

  Қорытынды есептерді қарау, кредит бойынша менеджерлермен әңгіме өткізу және клиенттің өз сатып алушыларымен хат жазысуларына шолу жасау борышты жою (жабу) мүмкіндіктері туралы мағлұмат беруі мүмкін.

  Әдетте растау операцияларды тексеру кезіңіндегіге қарағанда қатенің белгілі бір түрін (типін) анықтау кезінде тиімдірек. Мысалдардың арасында - өтірік шоттар, даулы сомалар және борышкер басқа жаққа көшіп өзінің жаңа мекен-жайын тастамай кеткен жағдайда шоттардың жабылмай қалуы және т.б. бар. Растау осы ауытқулардың кез-келгенін ашуға кепілдік бере алмаса да, олар операцияларды тексеруге қарағанда сенімдірек. Себебі растау тәуелсіз көздерден алынған дәлелдеулер болып табылады, ал операцияларды тексеру кәсіпорынның ішінде жасалынған құжаттарға сүйенеді.

  Қолайлы аудиторлық тәуекелдік үшін операцияларды тексеруге (сөйтіп растауды қысқартуға) көңіл аударуға болады және керісінше. Егер аудитор ішкі бақылау жүйесін жоғары деңгейде деп бағалайтын болса, бірақ та дебиторлар санының көп болуы орын алған болса, онда операцияларды тексеруге көңіл аудару және оларды ең төменгісіне дейін жеткізу арзанға түседі. Басқа жағынан алғанда, егер ішкі бақылау жүйесі әлсіз болса және ірі дебиторлар шоттарының аздаған ғана саны бар болса, онда аудитор бәрінен жиірек дебиторлық борыштың үлкен бөлігін растайды және операцияларды тексерудің аздаған ғана санын орындайды.

 Баланс құру мерзіміне жақынырақ жіберілген растаулар жеткілікті түрде сенімді дәлелдеулер болып табылады. Бірақ өз уақытында аудитті аяқтау үшін аралық мерзімге шоттарды растаған ыңғайлырақ.. Мұның болуы мүмкін, егер ішкі бақылау жүйесі сатып-өткізу мен ақша түсімі тиісті түрде растау жасалған күні мен есепті кезеңнің аяғы арасындағы күнге сәйкес келетін болса.

 Объектіге қатысты тексеру жүргізу кезінде аудиторлар дебиторлар шоттарының елеулі сальдосын және өткен кезендерде борыштарды туындатқан шоттарды егжей-тегжейлі зерттейді.

 Өзінің қорытынды пікірлерін аудитор тексерілген бастапқы қүжаттардың жөне есеп регистрлерінің мәліметтерімен, орындалған бақылау арифметикалық есептеулердің нәтижелерімен негіздейді. Аудит өткізу барысында табылған қателерді және бұзушылықтарды аудитор жұмыс құжаттарына тіркейді.

Тауарлық-материалдық  қорларды аудитін жүргізу мақсатына  олардың бухгалтерлік есебінің дұрыс  әрі нақты жүргізілуі, қоймадағы  тауарлық материалдық қорлардың  дұрыс сақталуы, сақталу стандарттарын  ұстануы және қордың құжат бойынша  қалдығының расталуын тексеру. Сонымен  қатар тауарлық материалдық қорлардың  сақталу мерзімі  мен орны, қозғалысыының  келісім шартпен сәйкестігін  анықтау.Тауарлық материалдық қорлардың  аудитын жүргізу төмендегідей бағдарлама бойынша жүргізілуі шарт:

  • тауарлық материалдық қорлардың баланста көрсетілуін тексеру;
  • есепті кезеңнің соңына қордың қалдығын тексеру;
  • қойма есебінің жүргізілу дұрыстығын және тәртібін тексеру;
  • тауарлық материалдық қорлардың қозғалысының құжатандыруын тексеру;
  • келіп түскен қорлардың мерзімінде кірістеліп, бухгалтерлік есепте көрініс табуы;
  • тауарлық материалдық қорлардың бағалану әдістерін тексеру;
  • өндіріске жіберу жолдарының нақтылығын тексеру;
  • түгендеу бойынша уақытын және құжаттауын тексеру:
  • мерзімдік шығыстау мөлшерінің дұрыстығын тексеру.

Информация о работе Саудадағы бухгалтерлік есеп