Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.
Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кесте 1. «Рамстор-Қазақстан» сауда жүйесінің 2009 жылдың 1 қарашасына тауарайналым көрсеткіштері. | |||||||
Жалпы тауарайналым құрамы |
3 тоқсан көрсеткіштері |
3 тоқсан жоспар орындалуы |
ауытқу |
Өткен жылға қаты-насы | |||
жоспар |
орындалу |
% . |
жоспар |
Өткен жылға | |||
1. көтерме т/а: |
|||||||
а)қолданыстағы баға |
17983486 |
26100000 |
22469664 |
86,1 |
-3630336 |
4486178 |
124,9 |
б) салыст.баға |
17983486 |
х |
21481514 |
3498028 |
119,5 | ||
Оның ішінде дилерсіз |
|||||||
а)қолданыстағы баға |
14082606 |
26100000 |
18302601 |
70,1 |
-7797399 |
4219995 |
130,0 |
б) салыст.баға |
14082606 |
х |
17497707 |
3415101 |
124,3 | ||
2. Бөлшек тауарайналымы: |
|||||||
а)қолданыстағы баға |
1962864 |
2975000 |
3265505 |
109,8 |
290505 |
1302641 |
166,4 |
б) салыст.баға |
1962864 |
х |
3121898 |
1159034 |
159,0 | ||
3 . Қоғамдық тамақтандыру орны айналымы |
|||||||
а)қолданыстағы баға |
272599 |
310000 |
417912 |
134,8 |
107912 |
145313 |
153,3 |
б) салыст.баға |
272599 |
х |
399533 |
126934 |
146,6 | ||
3. Жалпы тауарайналымы |
|||||||
а)қолданыстағы баға |
20218950 |
29385000 |
26153081 |
89,0 |
-3231919 |
5934131 |
129,3 |
б) салыст.баға |
20218950 |
х |
25002946 |
4783996 |
123,7 |
Кестедегі көрсеткіштер бойынша жалпы тауарайналымы өткен жылға қарағанда -3231919 млн.тенгеге кеміген. Бұл құбылысқа еліміздегі қаржылық дағдарыс әсер етіп халықтың тұрмысы мен тұтынушылық сұранысын төмендеуіне себеп болған.
Сауда - республиканың экономикалық қызметінің бірден-бір ірі саласы және оның дамуы – экономиканың табысты жұмыс істеуінің басты шарттарының бірі.
Қазіргі заманғы сауда механизмі - бұл басқару мен бөлудің күрделі және көп құрылымды құралы. Сауда сұраныс пен ұсыныстың қажетті пропорцияларын қамтамасыз ететін, осы негізде тұтыну көлемі мен құрылымын қалыптастыратын тауар рыногының элементі. Еліміз нарықтық экономикаға көшу барысында ұйымдық құрылымның өзгеруіне ұшырады. Әлемдік қатынасқа түсу мақсатында меншік түрлеріне және халықаралық байланысты нығайтуға күш салды. Осы мақсатта көптеген түбегейлі өзгерістер ішкі саудамен тікелей байланысты болып табылды. Сауда саласында кәсіпкерлік нысанда, еркін шаруашылық нысандарындағы, мемлекеттік тұрғыдағы кәсіпорындар коммерциялық және жекешеленген сауда мекемелері болып бөлініп кетті.
Бүгінігі күні ірі өндірістік кәсіпорындар өздерінің фирмалық сауда мекемелері арқылы, ал акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке секторлар халық тұтынатын тауарларды өз тараптары бойынша саудалайды. Ұйымдық құрылымдардың еріктілігі еліміздің экономикасының төмендеуіне әсер етуші басты фактор болып бүгінгі күні танылып отыр. Дегенмен еліміздегі құқықтық заңдылықтармен реттеу сауда саласының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту керектігін аңғартады.
Кез келген сауда ұйымы табыс табу мақсатында халыққа мінсіз қызмет көрсету мен сапалы тауарды тұтынушыға ұсыну арқылы шаруащылық қызметін ұйымдастырады. Ол үшін маркетингтік зерттеулер арқылы обьектіні зерттеп қана қызметті жүзеге асырады. Осы сауда қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу бірқатар талаптар арқылы ұйымдастырылады. Сауда саласы өнім өндірмейді, өнім өндірушілермен импортталған тауарларды тұтынушыларға бөлшек немесе көтерме сауда арқылы ұсынады.
Бүгінгі күні бөлшек сауда өндіруші мен тұтынушы арасындағы негізгі буын болып қана қоймай, сонымен қатар, экономика секторының (2009 жылдың қазан айында бөлшек сауда тауар айналымы 212 млрд. теңгені құрады) қарқынды бұқаралық саласы болып табылады. Алайда, оның дамуына заңнамалық және әкімшілік мәселелер, сондай-ақ объективті себептер (жоғары логистикалық шығын мен халықтың тығыз орналасу төмендігі) кедергі келтіруде. Дүниежүзілік банктің бағалау нәтижесіне сәйкес, халықаралық сауда көрсеткіштері бойынша рейтингте Қазақстан соңғы – 182-ші орынды алады.
Республиканың жалпы ішкі өнімдерінде саланың жалпы қосымша құн үлесі 12,3%-ға жетті. 2008 жылы тауарлардың бөлшек сауда айналымы 2 442,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғыдан тұрақты бағаларда 3,1%-ға көп. Республикада халықтың жан басына шаққанда тұтыну тауарларын сату орта есеппен 155,8 мың теңгені құрады.
Бөлшек сауда тауар айналымының меншік түрлері бойынша бөлінуі төмендегі 2 кестеде келтірілген: қорытындыға %-бен.
Кесте 2. Сауда тауар айналымының меншік түрлері бойынша бөлінуі
жылдар |
Меншік түрлері бойынша тауар айналымы | ||
Мемлекеттік |
Мемлекеттік емес |
одан жеке меншік | |
2004 |
0,05 |
99,95 |
98,87 |
2005 |
0,05 |
99,95 |
98,27 |
2006 |
0,02 |
99,98 |
97,34 |
2007 |
0,02 |
99,98 |
95,96 |
2008 |
0,02 |
99,98 |
94,98 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2008 қортындысы. |
2008 жылы мемлекеттік емес сектордағы субъектілермен тауарларды бөлшектеп сатудан түскен айналым 2 442,2 млрд. теңгені құрады, немесе 99,98%, онда рыноктар мен жеке кәсіпкерлердің айналымы 973,9 млрд. теңге (2004ж. – 59,4%, 2005ж. – 56,1%, 2006ж. – 48,2%, 2007ж. – 43%,
2008ж. – 39,9%) болды. Мұның өзінде жеке кәсіпкерлердің тауарларды бөлшектеп өткізу көлемін бағалаубөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемінің 21,8%-ын құрады. 2008 жылы сауда кәсіпорындарының айналымы 1 468,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты және бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемінде 60,1% құрады. Олардың айналымы 8,7%-ға өсті. 2004-2008 жылдары бөлшек сауда тауар айналымының макроқұрылымы кестеде беріліп отыр:
Кесте 3. Бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемінде азық-түлік және азық- түлік емес тауарлардың үлес салмағы, %-бен
Жылдар мен тауар түрлері |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
Азық-түлік тауарлары |
34 |
35 |
34 |
33 |
34 |
Азық-түлік емес тауарлар |
66 |
65 |
66 |
67 |
66 |
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2008 қортындысы. |
2008 жылы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 103,3 млрд. теңге мөлшерінде қызмет көрсеткен немесе 2007 жылғыдан 3,5%-ға төмен.
Қоғамдық тамақтандыру саласында көрсетілген қызметтердің басым бөлігі
(99,8%) мемлекеттік емес секторлар кәсіпорындарымен ұсынылған, олардың
айналымы 103,0 млрд. теңгені құрады. 2008 жылы көтерме сауданың атаулы көлемі 6 963,2 млрд. теңгені құрады, азық-түлік тауарларының үлесі – 14%,
азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік техникалық мақсаттағы тауарлардың
үлесі – 86%-ды құрады. Көтерме сауданың аса жоғары көлемі (республиканың жалпы көлемінде) 2008 жылы 2007 жылдағыдай Алматы қаласы – 2 781,1 млрд. теңге (39,9%) мен Астана қаласының кәсіпорындарында – 1 101,6 млрд. теңге (15,8%) қалыптасты. Көрсетілген 4 кестеге келетін болсақ:
Кесте 4. Қазақстан Республикасы бойынша бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі.
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 | |
Бөлшек сауда тауар |
1 218,9 |
1 408,7 |
1 736,8 |
2 092,8 |
2 442,8 |
азық-түлік тауарлары |
418,6 |
489,7 |
592,5 |
689,3 |
819,6 |
азық-түлік емес тауарлар |
800,3 |
919,0 |
1 144,3 |
1 403,5 |
1 623,2 |
Өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі: сауда кәсіпорындары |
494,6 |
618,6 |
898,9 |
1 193,8 |
1 468,9 |
азық-түлік,
азық-түлік емес,мамандырылған |
724,3 |
790,1 |
837,9 |
899,0 |
973,9 |
Базарлардағы сауданың және бөлшек сауда тауар айналымы көлеміндегі жеке кәсіпкерлердің үлес салмағы, %-бен |
59,4 |
56,1 |
48,2 |
43,0 |
39,9 |
Жан басына шаққандағы бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі, теңге |
81 191 |
93 001 |
113 454 |
135 157 |
155 852 |
соның ішінде: азық-түлік тауарлары |
27 882 |
32 331 |
38 701 |
44 514 |
52 294 |
азық-түлік емес тауарлар |
53 309 |
60 670 |
74 753 |
90 643 |
103 558 |
Осы көрсеткіштерді талдай келе еліміздегі халыққа сауда орындары арқылы азық түлікпен қамтамасыз ету 2004 жылға қарағанда 2008 жылы 3 есеге өсіп, 33 пайызға жоғарлағанын көреміз.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы қаңтар-ақпандағы бөлшек сауда көлемінің азаюы 2008 жылмен салыстырғанда 2,2%-ды құрады. 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда көлем 3,4%-ға қысқарды. Есеп беріп отырған кезең ішіндегі Тауар айналымының қысқаруы айналым құрылымындағы үлесі 55,2%-ды құраған сауда кәсіпорындарының сату көлемінің төмендеуімен (3,8%-ға) байланысты болып отыр.
Азық-түлік
тауарлары бойынша отандық
Азық-түліктік емес тауарлар бойынша нарық басқа елдерден басым түрде әкелумен қамтамасыз етіледі. Ресурстарды толықтыруда импорттың басым болуы жеке гигиена заттары - 100%,сырт киім - 90,3%, фармацевтика өнімі - 86,1%, ас үй жиһазы - 40,3%, аяқ киім - 25,5 % сияқты маңызды тауарлар бойынша байқалады. Электрлік тұрмыс тауарлары арасында миксерлер мен шырын сыққыштар – 97%, кір жуу машиналары 83,6% бойынша тауарлар импорты да айтарлықтай.
Отандық компьютер
жабдығы өндірісінің жалпы
Бұл көрсеткіштер бүгінгі күнгі заман талабына сай ұйымдастырылған сауда орындарының сервистік қызметі мен халықты қауіпсіз тамақ түрлерімен және азық түлікпен қамтамасыз етудің кепілі. Базар нүктелерінен саудаланатын азық түлік тұтынушының сенімділігін төмендетуіне байланысты елімізде супермаркеттер – Рамстор, Гросс, Силкуи Сити, Магнум,СМ Маркет азық түлік тауарларымен саудалау желілерінің пайда болуына әсер етті. Қызмет көрсету мәдениеті жоғары осы сауда орталықтары бүгінгі күні халыққа қызмет көрсету арқылы ел экономикасының жоғарлауы мен қаржылық дағдарыс кезеңінде қолдау көрсету шараларын жүргізіп отырғаны мәлім.