Саудадағы бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.

Содержание

Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Диплом - Торговля.doc

— 187.49 Кб (Скачать)

Өнімді өткізу проблемалары барлық кәсіпорындарға әр түрлі уақытта келеді. Өңдірістің құлдырауы шарттарында тұрғындардың ақшалай табыстарының өсуінің азаюы және бюджеттік табыстарды уақытында бермей ұстау өнеркәсіптік өнімге жиынтық сұраныстың төмендеуіне әкеліп, өсіңкі бәсекелестік шарииарында импорттық тауарлар жағынан өткізу дағдарысын күшейте түседі. Бұрынан қалыптасқан тармақты сауданы жекешелендіру бұзып, қазіргі уақытта әрбір кәсіпорын өткізуді ұйымдастыруға барлық күш- жігерін жұмсап, өнімді өткізу мәселесі бірінші басшы жағынан тікелей бақылауға алынды. Себебі кәсіпорынның нарықтығы жағдайы өнімді өткізу мәселесіне тәуелді болады. Осы мәселе төңірегінде кәсіпорындар өзінің көтерме және бөлшектей саудаларын ұйымдастыруы тиіс.

Айта кетерлік жағдай нарықтық экономикалық елдерде  өнімді өткізу көп формасы және өсіңкілігі арқылы сипатталады. Оның өзі бәсекелестік, нарықтық дамуына сәйкес иерархиялық тұтынушылықтың өзгерісіне байланысты бір сатыдан екіншісіне өтеді. Соңғы жылдары батыста тік, көлбеу маркетингтік тармақтары әкімшілдік, корпоративтік, еркін типте, франчайзингтік қағидаларда өткізу, көп деңгейлі маркетингпен кең тарауын алды. Маркетинг және сату қызметтері өзара тығыз байланыста болып, өткізу іскерлігінде тиімсіз өткізудің себептерін талдау және оның кемшіліктерін жою рәсімдерін ұйымдастыруға маңызды мән берілген.

Ал еңді жаңа кәсіпорынның ұйымдастырушылық формасына талдау жасайтын болсақ, жалпы сауда екі түрден тұратынын атап өту қажет, яғни көтерме және бөлшек сауда. Ондағы кәсіпорындарды әр түрлі белгілері бойынша типтерге бөлуге болады. тауарды сату әдістеріне тәуелді келесі кәсіпорын түрлеріне бөлуге болады:

      • тікелей тұтынушылармен келісім жасау;
      • жасалынған келісімдер аумағында өткізу тармағы арқылы сату-сатып алу, консигнация және комиссия келісім –шарттары бойынша;
      • көтерме сауда орталықтары, арнайы және әмбебап дүкендер арқылы алдын-ала келісім жасамай сауда жүргізеді.

Сату тармақтары бойынша:

  1. Меншік өткізу тармақтары.
  2. Тәуелсіз өткізу тармақтары, яғни көтерме және бөлшектей сауда жүргізетін кәсіпорындар.
  3. Аралас тармақтар халықаралық саудада кең тараған меншік өткізу бөлімдері және тәуелсіз өткізу фирмаларынан тұрады.

Меншік формасына  тәуелді коммерциялық кәсіпорындар мемлекетік, жекелей, акционерлік, аралас және тағы да басқадай болады.

Сауда - делдал фирмалары іскерлігінің ұйымдастырушылығына тәуелді келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Көтерме фирмалар материалдық-техникалық қамтамасыз етуде сорттау, жинау, комплектілеу, тауар топтарын ірілеу және тағы да басқалар жатады.
  2. Көтерме сауда корпарациялар қысқа мерзімде заказдарды орындау үшін негізгі тұтыну аймақтары бойынша қойма тармақтары бар бірдей анықталған тауар группаларын сатуға мамандандырылғаң көтерме кәсіпорындар тобы.
  3. Көтерме биржалар, брокерлер және агенттер, бұларға өнеркәсіп орындарында өкілеттіліктер, комиссионерлер және тағы да басқа делдал түрлері жатады.
  4. Бөлшектей сауда кәсіпорындары.

5. Лизингтік компаниялар, яғни өндіріс құралдарын жалға берушілер.

Тәжірибеде өткізу арналарының тікелей және жанама деген 2 негізгі типі қолданылады. Олардың әрқайсысы бірнеше топтарға бөлінеді.

Тікелей өткізу арнасы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің  өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делдалдарсыз тікелей ауысып жылжуы. өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей өткізуді жиі қолданады, өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады. Мысалы, Алматы ауыр машина зауаты (АЗТМ), «Қазмұнайгаз» және «Қазхром» компанияларына поршеньдік насостарды, тербелмелерді, редукторларды, ал Соколов- Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне (ССГПО) – сым созатын станоктарды, тау-кен құрал жабдықтарын делдалдарсыз тікелей өткізеді.

Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін – тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі мүмкін. Мысалы, тамақ өнеркәсібінде өңдірушілер әдетте тауарларын көтерме саудагерлер арқылы сатады, ал олар бөлшек сауда дүкендерімен жұмыс істейді.

Өткізу арнасы қалыптастырудың кезінде басты мәселе - оған қатысушылар саны.

Өткізу арналарын деңгейі – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжыту бойынша тізбектегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез келген делдал. өткізу арнасының ұзындығы арнаның аралық деңгейлерінің санымен анықталады, осыған байланысты өткізу арналары қысқа және ұзын болып қалыптасады. Тұтынушы және өнеркәсіп маркетингінің өткізу арналарының ерекшеліктеріне келетін болсақ:  

Нөлдік деңгейдегі арна. Бұл арна тұтынушы мен өндірушіден ғана тұрады. Ол екеуінің арасында өткізу деңгейі болмады, сондықтан тікелей маркетинг деп аталады. Тікелей маркетингке шығарып сату, үйде сату, телема    ркетинг, пошталық сауда және тағы басқалары жатады.

Бір деңгейді арна. Құрамына бір делдал кіреді. Тұтыну нарығында делдал ретінде әдетте бөлшек сатушы, ал өндірісте пайдалану тауарлары нарығында - өткізу жөніндегі агент, дистрибьютор және дилер атқарады. Мысалы: тұрмыстық техникалық негізгі түрлерін, жиһазды, теледидарды өндірушілер өз өнімдерін ірі бөлшек сатушыларға сатады, ал олар оны түпкі тұтынушыларға өткізеді.

Екі деңгейлі арна. Құрамына екі делдал кіреді. Тұтыну нарығында – көтерме және бөлшек саудагерлер, өндірістік құралдары нарығында –дистербьютор және дилерлер. Мұндай арналарды әдетте азық-түлік, дәрі-дәрмек өндірушілер және тағы басқалары қолданады.

Үш деңгейлі арна. Құрамында үш делдал: көтерме, ұсақ көтерме және бөлшек саудагер болуы мүмкін. Мысалы, ет өңдеу өндірісінде көтерме сауда және бөлшек сауда сатушыларының арасында ұсақ көтермелеуші орналасады.

Бұлардан да ұзын өткізу арналары болады, бірақ олар сирек кездеседі. Мысалы: Жапонияда азық-түлік өнімдерін өткізу арналары деңгейлерінің саны 6-ға жетеді. Арнада делдалдар саны көбейген сайын, өндірушіге өнім өткізуді бақылап отыру күрделене түседі. Б9л арналар сызбасын төмендегі суреттен көруге болады:

 

 

 


Өнеркәсіптік


маркетигн


 





 



Тұтынушы

маркетингі






 




 

Сурет 1. Тұтыну тауарларының өткізу арналары

 

Тауар қозғалысы шығыңдар көзі ғана емес, сұранысты құрудың болашақтағы деңгейін құрайды. Батыстық экономистердің айтуынша тауар қозғалысының айналымы кезінде қызмет көрсетудің жоғары деңгейі болашақта тұтынушылар санын өсіру және сақтауда маңызды орынға ие. Тауар қозғалысы жабдықтаушыларын тауарды таңдау кезінде көрсету деңгейіне мән беріледі.

Тауарды саудалау рыноктық және өндірістік факторлардың барлық кешеніне сәйкес делдалдар арқылы немесе өндірушінің өзі сататын процестерін ұйымдастырудағы кәсіпорынның маркетингтік іскерлігі нәтижесінде шоғырландырылуына байланысты екенініне көз жеткіземіз.

 

1.2  «Рамстор-Қазақстан»  ЖШС -тің   экономикалық сиаттамасы  және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты

Рамстор – бұл бірқалыпты дамып келе жатқан компания. Рамстор дүкендерінің құрылтайшысы Түркияның Мигрос компаниясы. Бұл компания Түркияның нарығында 1954 жылдан бері жұмыс істеп келеді және бүгінгі күнде Түркияның өзінде ғана дүкендерінің саны 1642-ден асады. Мигростың қызметкерлер саны 19 мың адамды, ал жылдық тауарайналымы – 3,5 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Бүгінгі күні Рамстор дүкендері Азербайджан, Македония және Қазақстанда халыққа өз қызметтері мен тауарларын ұсынуда. Қазіргі уақытта олардың жалпы саны 22 дүкенді құрайды. Қазақстанда компания 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазіргі уақытта Алматыда 9 Рамстор дүкені, оның ішінде Рамстор Гипер, 4 дүкен Астанада және Қарағанды мен Шымкент қалаларында бір-бір дүкеннен өз істерін атқаруда.

Рамстор Мәдени-Сауда Орталығы 1999 жылдың 14 мамырында Алматы қаласының  ең қозғалысы көп көшелерінің бірі Фурманов көшесінде ашылды және сол уақыттан бастап өз сатып алушыларына соңғы қолжеткізерлік техниканы, осы саладағы жаңа жүйені қолдана отырып жоғары сапалы қызмет көрсетуде. Бұл орталық қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай болғандықтан, сонымен қатар өз келушілеріне қол жеткізерлік баға мен тауардың алуан түрлілігін ұсынғандықтан күнделікті он мыңдаған адамдардың сауда жасау мен уақыт өткізу орнына айналды. МСО құрылысы мен ашылуына 30 миллион доллар салынған. Бүгінгі күнде ол 1000 жұмыс орынын ұсынуда және Қазақстанның экономикасының дамуына өз үлесін қосуда.

Супермаркет көлемінің құрылымы:

-  ауданы - 4000 м2; 
- 24 электронды таразысы бар компьютерлік кассалық-есеп айырысу торабы; 
- 25000 тауар атауы, жаңа піскен жемістен бастап электронды аппараттарға дейін; 
- «Рамстор» клуб карталарының жүйесі; 
-   ақы өтеуге Visa, Master Card, Euro Card катрочкалары қабылданады; 
- супермаркетте сатып алушылардың ыңғайлылығы үшін ақша айырбастау пункті қарастырылған; 
- ет дүкен ғимаратының ішінде орналасқан қалалық ветеренарлық лабороторияда бақылаудан өтеді; 
- пісіруге арналған соңғы технологиямен жабдықталған наубайхана; 
- теңіз өнімдерінің бөлімі.

Ал сауда орталығына келетін болсақ:

- 56 бутиктер мен 22 киосктар; 
- «Il Patio», «Планета Суши», «FlyInn», «Ростикс» мейрамханалары; 
- «Чао Какао» кофейнясы; 
- фаст-фудтар; 
- Интернет кафе; 
- бильярд; 
- балалар ойын залы; 
- Hi-Fi жүйесімен жабдықталған «Номад» кинотеатры; 
- мұзайдын; 
- «Viva» шаштаразы; 
- дәріхана; 
- ауекассасы; 
- киім пішу; 
- химиялық тазалау; 
- аяқ киім тазалау және жөндеу; 
- 250 машинаға арналған жабық автопарк халыққа қызмет көрсетеді.

Сатып алушылардың  таңдауы мен қызығушылығының  ұлғайуына байланысты Рамстор дүкендер жүйесі Қазақстан бойынша өз дүкендерінің санын көбейтуде. Сауда орталығының алға қойған мәселесі - өз сатып алушыларымыздың сауда жасауына ең ыңғайлы жағдайлар жасау.

Сауда орталығының әр дүкенінде орналасқан ақпараттық бюроға хабарласып тұтынушы пайда болған проблемасын орнында шешуіне және өз тілек-өтініштерін директорлар мен олардың орынбасарларына жеткізулеріне болады, олар да кез келген проблема туған жағдайда көмек береді.

Ақпараттық  бюродан  шағым мен ұсыныс жазатын кітапты талап ете алады. Ол кітапқа қызмет көрсету жөнінде өз пікірлері мен ұсыныстарын жазуына болады.

Сонымен қатар  тұтынушылар дүкендердің жұмысы туралы өз шағым мен ұсынысын Интернет-сайтдың белгілі бөлімі арқылы жеткізуіне болады.

Өмір сапасын  жақсартуды көздей отырып өз сатып  алушысына қазіргі заманға сай, сапалы, сенімді және үнемді қызмет көрсету алдына қойған мақсаты.

«Рамстор» клуб картасын сатып алып мүшеллікке кіру бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізеді, яғни оның мүшелері көптеген артықшылықтаргы ие болады. «Рамстор» клуб картасы қолдану мерзімі шексіз және әркімге қомақты сома үнемдеуге мүмкіндік береді. «Рамстор» жүйесіндегі дәстүрлі төмен баға және жеңілдіктердің икемді жүйесі карта иелеріне қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. «Рамстор» клубы ай сайын өзгеріп отыратын түрлі бағдарламалар ұсынады.

Клуб мүшесі болу үшін дүкен кассасынан клуб картасын сатып алу керек (бар болғаны 200 тенге). Ол карта сатып алғаннан-ақ жұмыс істей бастайды. Ақпаратық  үстелден анкета алып толтыруыңыз керек. Ол жерде сіз мекен-жайыңыз бен  байланыс үшін телефон нөміріңізді  көрсетуіңіз керек болады. «Рамстор»  клуб картасының қолданылуы уақыт мерзімімен шектелмегенін ескертіп отырады.

«Рамстор-Қазақстан» жүйесінің басшылығы мен қызметкерлері өз сатып алушыларына үнемі қамқорлық көрсетеді. Біз дүкенімізде болудың ыңғайлы, максималды түрде қолайлы, уақыт жағынан үнемді болуын жасауды тырысамыз. Бір сөзбен айтқанда сатып алушының міндетті түрде қайта келгісі келетіндігіне қол жеткізу. Қазіргі уақытта клуб карта иелеріне біздің Рамсторда жеңілдіктің екі типі ұсынылған:

  1. Белгілі тауарларға арналған белгілі жеңілдік.  
    Клуб карта иелерінің бәріне таралады. Карта иелеріне кассада сауда жасағанда ұсынылады. Жеңілдік алу үшін тауардың штрих-кодын оқыту алдында ұсыну керек (әйтпесе баға жеңілдіксіз есептеледі). Лездегі жеңілдігі бар тауарлар тізімін «РамсторПост» ай сайынғы анықтамасынан табуға болады. Сауда залында бұл тауарлардың бағалары арнайы белгімен ерекшеленген.
  2. Mixmatch – бір аттас тауардың белгілі санын алғанда, белгілі тауар саны тегін беріледі немесе пайыздық жеңілдік ұсынылады 
    Берілген акция-жеңілдік әр-түрлі болып келеді, яғни: 
    - 1-1 – 2 тауар алған жағдайда біреуі тегін; 
    - 2-1 – 3 тауар алған жағдайда біреуі тегін; 
    - 3-1 – 4 тауар алған жағдайда біреуі тегін және т.с.с., немесе пайыздық жеңілдік.

Қазіргі уақытта  Рамсторда «Рамстор-киоск» дербес қызмет көрсету жүйелері жұмыс істеуде. «Рамстор-киоск» көмегімен сатып алушы саналған секнд ішінде өз картасының балансын, дүкенде ұсынылған жаңа өніммен танысуға, карта иесі туралы мәліметтерді енгізу немесе өзгертуге және тауардың штрих-кодын арнайы сенсордан өткізу арқылы немесе сол штрих-кодты қолмен теру арқылы кез-келген тауардың бағасын білуге болады.

Информация о работе Саудадағы бухгалтерлік есеп