Саудадағы бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:35, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру.

Содержание

Кіріспе
1. Сауда ұғымы және «Рамстор-Қазақстан» ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.
1.1 Сауда және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы.
1.2 «Рамстор-Қазақстан» ЖШС -тің экономикалық сиаттамасы және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты
1.3 Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.
2. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары
2.1 Сауда түрлерін жіктеу және сауда қызметін жүргізуді мемлекеттік реттеу
2.2 Тауар айналымының операцияларының синтетикалық есебі
2.3 Тауар айналымының операцияларының аналитикалық есебі
2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы және шығындарының есебі
2.5 Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу тәртібі және оны құжаттау
3. Сауда ұйымының бухгалтерлік есебінің аудиті және оның экономикалық мәні
3.1 Сауда ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Диплом - Торговля.doc

— 187.49 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе

 

 1. Сауда ұғымы және   «Рамстор-Қазақстан»  ЖШС-тің қызметінінің  экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.

    1. Сауда  және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары  мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы. 

1.2  «Рамстор-Қазақстан»  ЖШС -тің   экономикалық сиаттамасы  және оның негізгі көрсеткіштері және есеп саясаты

    1. Сауда ұйымдарындағы қызметтің еліміздегі жай-күйі.

 

2. Сауда ұйымының бухгалтерлік  есебін  ұйымдастыру және жетілдіру жолдары

2.1  Сауда түрлерін жіктеу  және сауда қызметін жүргізуді  мемлекеттік реттеу

2.2 Тауар айналымының  операцияларының   синтетикалық  есебі

2.3 Тауар айналымының  операцияларының  аналитикалық   есебі

2.4 Тауарды сатып - өткізу табысы  және  шығындарының  есебі

2.5  Тауарлық-материалдық қорларды  түгендеу тәртібі және оны  құжаттау

 

3. Сауда ұйымының бухгалтерлік  есебінің аудиті және оның экономикалық мәні

    1. Сауда ұйымының бухгалтерлік  есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.

3.2 Ұйымдағы қаржылық шаруашылық қызметіндегі аудит

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кез келген елдің экономикасын мемлекеттік реттеудің басты  мақсаты экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық және ел ішіндегі, шетелдегі  қоғамдық құрылысты нығайту, оны  өзгеріп отырған жағдайларға  бейімдеу екені белгілі. Бұл туралы Қазақстан  Республикасы Президентінің  «Қазақстан-2030» атты жолдауында: «…Мемлекеттің  өзі еркін экономиканың кепілі болуы  керек.  Оның мақсаты - нарықтық ережелер орнату және олардың сақталуын әділ қамтамасыз ету» - делінген.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бағыттап реформалау процесі жүріп жатыр. Бұл біріншіден,  негізін нарықтық қатынастар құрайтын жаңа экономикалық жүйе  қалыптасуына, және екіншіден, Қазақстан  Республикасының  әлемдік экономикалық кеңістікке енуіне кіруіне байланысты.  Осы жағдайда болып жатқан түбегейлі өзгерістер экономикалық басқару тетіктерінің, оның ішінде бухгалтерлік есептің сапалы өзгерілуін талап етеді.

Шаруашылық дербестік  алған отандық кәсіпорындардың  көпшілігі халықаралық бизнеске кіріседі. Бірақ Қазақстан  Республикасындағы  бухгалтерлік есептің әлемдік стандарттан  қалыс қалуы оның экономикасы  үшін теріс салдар туғызуы мүмкін. Сондықтан, қазақстандық есептік ақпаратты  халықаралық стандарттарға сәйкестендіру  Қазақстан  Республикасының әлемдік  экономикаға кіруі маңызды факторларының  бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта бухгалтерлік есептің ұйымдық принциптерін қайта  қарау керек,  бірыңғай бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын сақтай отырып, оның әдістемелік баптармен, процедуралармен, халықаралық стандарттармен толықтырылған  негізін әдістемелік өзгерту  қажет.

Сыртқы экономикалық қызмет үш проблема туындатты, олар: материалдық  емес активтерді (патент, сауда маркасы, жаңа технологиялар, өнімді дайындау құқығы және т.б.)  есепке алу; біріккен кәсіпорындарда шетелдік меншік иесіне түсінікті әдісте бухгалтерлік есеп жүргізу; фирмалар мен  кәсіпорындар құқықтық режимі әртүрлі  елдерде орналасса, олардың  есептілігін  сәйкестендіру  қажеттігі. Әкімшілік-бұйыру жағдайында  өзін ақтаған бухгалтерлік есеп жүйесінің жіктелуі ескірген және қолдануға келмейтін болды.

Нарықтық экономика  кезіндегі бухгалтерлік жүйені әзірлеу  жаппай ақпараттық лекті қалыптастырудың  қолайлы процедураларын қолданып, кәсіпорындардың  ақпараттық мазмұнын жақсарту мақсатында оны басқару жүйесіндегі есепті реттеудің  ережелері жиынтығы ретіндегі  стандарттауды кеңінен пайдалануға  байланысты.

Бухгалтерлік есепті стандарттау  экономикалық басқару жағдайындағы есепті реттеу үшін пайдаланылатын әдістер  жиынтығы ретінде есептік ақпаратты  қалыптастырудың жаңа әдістемесіне ыңғайлы түрде  көшуді қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономикасы  дамыған кез келген елдерде  акционерлер, несие берушілер мен борышкерлер, мемлекеттік аппарат, кәсіпорын  әкімшілігі мен жұмысшылары өз қызметі барысында  ақша қаражатының небір көлемін жинақтайды. Ақша операциясының жиналуын, тіркелуін және  бақылауын есепші жүргізеді. Бұл тұста есептік мәліметтерді бұрмалау туралы сөз болып отырған жоқ, қаржы нәтижесінің әртүрлі мәніне жеткізетін есептік процедураларды келісімдеп, заңды таңдау туралы сөз болып отыр.

 Жаңа кәсіпкерлік  қызмет формалары туындауымен,  біріккен кәсіпорындар,  ашық  және жабық түрдегі акционерлік  қоғамдар, коммерциялық банктер   және басқа да шаруашылық субъектілер  пайда болуы шынайы  (дұрыс)  ақпаратқа деген сұранысты арттырады. 

Есептің шынайылығын, дұрыстығын тәуелсіз сарапшы, яғни аудитор  растауы  мүмкін.

Нарықтық экономикасы  дамыған шетелдерде, қаржылық  бақылау, әсіресе шаруашылық есептегі түрлерін қаржылық  бақылау деңгейі өте  жоғары.  Мемлекеттік қаржылық  бақылауды парламент, қаржылық  бақылаудың арнайы ведомоствосы, қаржы министрліктері, салалық ведомостволары жүргізеді.

Жүйелі қаржылық  бақылау  функциясын мемлекеттік ұйымдармен қатар  аудитор-есепшілердің тәуелсіз фирмалары  да келісім-шарттық негізде  орындайды.

Нарықтық экономикаға  көшу жағдайында бақылау жүйесінде  кәсіпорындар мен ұйымдардың  бухгалтерлік есептіліген тәуелсіз сараптама  мен талдау жасаушы  аудиторлық қызметтерге  маңызлы орын беріледі. Елімізде жоспарлы, орталықтан басқарылатын экономика  болған кезде  тәуелсіз қаржылық бақылауға    деген талап болған жоқ.  Оның орнына ведомостводан тыс бақылау  болды, ол кәсіпорындардың шаруашылық қызметтеріндегі қиянат жасаушылықтарды, есеп жүргізу мен есептіліктегі  қателіктерді табумен, кінәлілерді  анықтап жазалаумен айналысты.

Нарықтық экономикаға  көшу, жекешелендіру процесіне өту, экономиканы басқару құрылымының  өзгеруі, салалық минстрліктер мен  соларға байланысты ведомостволық  бақылау жүйесінің жойылуы нарық  және нақты бәсекелестік  жағдайындағы аудиттің дамуына алғашарт болды. Мемлекеттік  органдардың кәсіпорындардың қаржы  жүйесіне араласуы шектелген. Кәсіпорынның шаруашылық субъект ретіндегі мәртебесі  нығаюы көптеген қаржылық және өндірістік сұрақтарды дербес шешуіне үлкен  мүмкіншіліктер ашты.  Бұл сұрақтар бойынша шешім қабылдау шынайы болуы  тиіс бухгалтерлік есептілік пен  басқа да экономикалық ақпаратқа  негізделген.  Дұрыс экономикалық ақпарат капитал нарығы тиімді қызмет істеуіне, бірқатар экономикалық шешімдер қабылдау салдарын бағалауға, болжауға  рұқсат етеді. Нарықтық экономикада  кәсіпорын әкімшілігі мен оның қаржылық күйі туралы ақпаратты пайдаланушылар мүдделері сәйкес келмеуі мүмкін екенін атап өту керек.

Шынайы ақпарат алуға  меншік түріне байланыссыз шаруашылық айналымның барлық қатысушылары мүдделі. 

Бухгалтерлік есепті жүргізудің ұлттық ережелеріндегі айырмашылық  олардың жекелеген елдерің экономикалық және әлеуметтік жағдайының  нәтижесі болып табылдатындығына байланысты.

Нарықтық экономикасы  бар елдерде есеп жүргізу кәсіпорын  қызметін жедел басқару талабына  қарай  құрылған  және қаржылық есептілік  ақпаратының  дұрыстығына (шынайылығына) үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан  нарықтық экономика талаптарына  байланысты елімізде жаңа бухгалтерлік жүйе құру жұмысын жеделдету керек.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі кезеңдегі сауда  ұйымдарындағы  бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру. Жұмыстың мақсатына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды:

-    Сауда туралы  түсінік және оның түрлері;

  • Қазақстан Республикасындағы сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есебі пен аудитінің теориялық негізін көрсету;
  • зерттелуші  кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасын беру және оның есеп саясатын қарастыру;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшелігін анықтау;
  • аудит жүргізу әдістемесін сипаттау және зерттелуші  кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру шараларын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың обьектісі «Рамстор-Қазақстан»  ЖШС-тің шаруашылық қызметі.

 Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін бейнелейтін кәсіпорын құжаттарының жалғамаларынан тұрады  және оның  мазмұны қойылған мақсатқа қисынды сәйкестіріліп құрылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сауда ұғымы және   «Рамстор-Қазақстан»  ЖШС-тің қызметінінің экономикалық сипаттамасы мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшелігі.

 

    1. Сауда  және ондағы тұтыну тауарларының өткізу арналары мен ұйымдастырудың экономикалық маңызы. 

 

Қазақстан нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қоғам өмірінде елеулі өзгерістер пайда болды. Көптеген орта және шағын кәсіпорындар дүниеге келіп, нарық атты жүйеде өз тіршілігін жасады. Әрине, олардың барлығын дерлік сәтті бастама деп айта алмаймыз. Себебі, олардың кейбіреулері нарықта өз орындарын  ұстап қала алмады, яғни, бәсекеге төтеп бере алмауы, өз тауарын немесе қызметін өткізе алмауы сияқты бірсыпыра себептер бар.

Оның үстіне адамдардың әлеуметтік жағдайларында тауарлар мен қызметті таңдау жағынан психтлогиялық және жеке тұлғалық өзгерістер пайда болды. Қоғам табыс деңгейіне қарай жіктеле бастады, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайы мен стилі өзгерді.

Кәсіпорын қызметінің табыстылығы көбінесе өнім өткізудің сапасына байланысты. Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдар арқылы. Тауарды тікелей өткізу әрқашан да тиімді емес, сондықтан өңдірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжрибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер  ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен, тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған а рналарды қажет кезде өзгерту арналарын құруға байсалды, байыпты қарауға тиіс.

 Өткізу - өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға жеткіз. Тауар қозғалысының негізгі мақсаты өнімді тауарға айналдырып, өңдіруші және соңғы тұтынушы арасындағы қашаықтықты жою.

Өткізу арнасы - ол өңдірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процессіне қатысатын фирмалар және жеке тұлғалар жиынтығы. Арнаның өткізу қызметтері өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп атайды.

Ф.Котлердің анықтауынша тарату арнасы - тауардың өндірушіден тұтынушыға жылжитын жолы. Оған байланысты тауар және қызметтің оларды пайдаланғысы келетіңдерден ажырауының ұзақтығы, орны және жеке меншік құқы жойылады. Тарату арнасының мүшелері бірқатар маңызды функциялық іс-шаралар атқарады, яғни:

  1. Зертеу жұмысы - алмастыруды жеңілдетуге және жоспарлауға қажетті ақпаратты жинау.
  2. Өткізуді ынталандыру немесе тауарды насихаттау коммуникацияларынболдыру және тарату.
  3. Қатынастарды болдыру – потенциальды сатып алушылармен байланысты ұйымдастыру және қолдау.
  4. Тауарды бейімдеу – тауарды сатып алушының талабына сай қиыстыру. Бұл өндіру, сорттау, монтаждау және орауыштау сияқты жұмыстарды қамтиды.
  5. Кеңестер жүргізу – жекеменшікті немесе иегерлікті келешекте тапмыру актісін іске асыру үшін бағаны және басқа жағдайлар шарттарын келісуге талаптану.
  6. Тауар қозғалысын ұйымдастыру - тауарды тасымалдау және жинастыру.
  7. Қаржыландыру – арнаның қызмет атқаруына қажетті шығыңдарды өтейтін қаржыны іздеу және пайдалану.
  8. Қауіптілікті қабылдау - арнаның қызмет атқару жауапкершілігін өз міндетіне алу.

Тауар қозғалысын анықтау кезінде отандық кәсіпорындар оның тиімділігін арттыру аса көңіл аудармайды. Тауар қозғалысына кететін шығындар кәсіпорын шығындарында айтарлықтай үлеске ие болып, батыстық фирмалар оны автоматтандыру және рационализациялаумен шұғылданады. АҚШ-та қозғалысына кететін шығындар жалпы Ұлттық Өнімнің 15%-ін құрайды, оның жартысынан көбі тасымалдауға келеді. Тауар қозғалысын жетілдіру бойынша шаралар қатарына өнімді штрихтік кодтау, қоймалардың тиімді орналасуын таңдау, тасымалдауды, дайын өнімдер қорын басқару және нарық тапсырыстарын рационализациялауды дамыту жатады.

Тауар қозғалысы шығыңдар көзі ғана емес, сұранысты құрудың болашақ құрады. Батыстық әдебиеттерде көрсетілуінше тауар қозғалысы кезінде қызмет көрсетудің жоғары деңгейі болашақта тұтынушылар санын өсіру және сақтауда маңызды орынға ие. Тауар қозғалысы жабдықтаушыларын таңдау кезінде көрсету деңгейіне мән беріледі.

Өткізу рыноктық және өндірістік факторлардың барлық кешеніне сәйкес делдалдар арқылы немесе өндірушінің өзі сататын процестерін ұйымдастыру кәсіпорынның маркетингтік іскерлігі нәтижесінде шоғырландырылуына байланысты маңызды мәні бар. Өткізу жүйесін қайта құру ұйымдастырушылық психологиялық сипаттағы үлкен ауырталықтармен  байланысты.

Өткізуді  ұйымдастыруда екі мүмкіндік бар: өздері сатуы (тікелей өткізу) және/немесе делдалдар қызметін пайдалану. Тікелей өткізумен тәжрибе жүзінде барлық өндірушілер шұғылданады, себебі тұтынушылармен тікелей байланыста болуы арқылы маңызды ақпараттар алады. Одан басқасы қазіргі шарттарда қолмақол ақшаны алып, қорлар түсімін үдетеді. Өңдірістің үлкен аумақтарына делдалдармен қызмет етудің тиімділігін көрсетеді.

Информация о работе Саудадағы бухгалтерлік есеп