Салық түрлері және олардың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.

Работа содержит 1 файл

Алтынай ЭБУА21.doc

— 863.50 Кб (Скачать)

     Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақыларды болжамдау тиісті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуді болжау сияқты жүзеге асырылады («Бюджеттік кредиттерді өтеу» деген бөлімді қараңыз).

     Бюджет  жобасын әзірлеген кезде орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар мынадай салықтық емес төлемдер:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірісінен түсетін түсімдер;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі сыйақылары;
  • Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы;
  • Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер.

     Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік  мекемелер салатын әкімшілік  айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өзге де айыппұлдардың болжамданбайтынын  байқауға болады.

     Донорлардың қайтарымсыз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары гранттарды жоспарлаудың негізі болып табылады.

     Байланысқан гранттардың түсімдерін болжауды жобаларды  байланысқан гранттар мен республикалық  бюджеттің меншікті қаражатының  есебінен бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

     Байланысқан гранттардың түсімдерін болжауға жауапты  мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы  жылының 5 мамырына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға байланысқан гранттар түсімдерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін табыс етеді.

     Байланысқан гранттар түсімдерін болжау гранттар туралы тиісті келісімдерде айтылған сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тиісті бюджет комиссиясының байланысқан грант тарту туралы оң шешімі болған жағдайда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлеміне донорлардың келісілген елдік бағдарламаларына1 қосылған байланысқан гранттардың сомасын қосуға рұқсат етіледі.

     Салықтық  емес қалған төлемдер бойынша болжам бірнеше жыл ішіндегі салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша  серпінін талдауға, ағымдағы жылы күтілетін  түсімнің болжанып отырған жылғы  тұтыну бағаларының индексіне түзетілген бағасына негізделе отырып айқындалады.

     Есептеу нысаны 28-қосымшада көрсетілген.

       Негізгі капиталды сатудан түсетін  түсімдер

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжау төлемдер соларға сәйкес төленетін  заңнама кесімдеріне негізделеді ( 29 қосымша).

      Мемлекеттік материалдық резервтегі тауарларды сатудан, жер учаскелерін сатудан  және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін түскен түсімдерді болжаған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік  органдар берген болжамды көрсеткіштер қолданылады.

      Мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан және материалдық  емес активтерді сатудан түсетін  түсімдерді болжау тұтыну бағаларының  болжанып отырған жылға арналған индексі ескеріле отырып, бірнеше  жыл ішіндегі түсімдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.

     Трансферттер  түсімдері

 

        Республикалық бюджетке түсетін  түсімдер:

      - облыстық бюджеттерден, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  бюджеттерінен берілетін бюджеттік  алып қоюлар;

      - төмен тұрған бюджеттерден жалпы  сипаттағы трансферттердің үш  жылдық көлемінің қолданылуы  кезеңінде мемлекеттік органдардың  функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен республикалық деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына алып келетін заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын ысырабын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер;

      - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін трансферттер.

        Жергілікті бюджеттерге түсетін  трансферттердің түсімдері:

      - жалпы сипаттағы трансферттер: жоғары  тұрған бюджеттен берілетін бюджеттік  субвенциялар және төмен тұрған  бюджеттен бюджеттік алып қоюлар;

      - жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі;

      - жоғары тұрған бюджеттердің төмен  тұрған бюджеттерге жекелеген  ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды  іске асыру үшін республикалық  немесе жергілікті бюджеттерде  бекітілген сома шегінде беретін, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы нысаналы трансферттер;

      - мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық  және бағдарламалық құжаттары  негізінде жергілікті атқарушы  органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

      2) төмен тұрған мемлекеттік органдардың  жоғары тұрған мемлекеттік органдардың  құзыретіне жататын, экономикалық  пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық  тиiмдiлiкке ќол жеткiзуге бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру үшін іс-шараларды орындауы үшін жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген шекте беретін нысаналы даму трансферттері;

      - облыстық бюджеттермен, республикалық қала және астана бюджеттері арасындағы нысаналы трансферттер - әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің қолдаухаты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайда бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі.

        Ќазаќстан Республикасының Ұлттыќ ќорынан  республикалық бюджетке берілетін кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.  

       Бюджеттік кредиттерді өтеу

     Тиісті  бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді  өтеуді болжау               2 кезеңді қамтиды:

     1. Болжамды бастапқы айқындау, бұл  мына деректер:

     1) өткен жылдары тиісті бюджеттерден  берілген кредиттерді қайтару  жөніндегі жоспардың орындалу  серпіні, берілген кредиттердің қайтарылу деңгейі;

     2) тұтыну бағалары индексі мен  АҚШ долларына теңгенің айырбас  бағамының (АҚШ долларымен белгіленген  кредиттер үшін) өзгеру серпіні,  ЖІӨ-нің өсу қарқыны және осы  деректердің болжамы;

     3) бұрын берілген және өтелмеген  кредиттердің көлемі, Кредитті өтеу және олар бойынша сыйақы (мүдде), есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеу кестесі;

     4) бюджеттік кредит беру саясаты,  бюджеттік кредит беру саласында  қабылданған нормативтік құқықтық  кесімдер;

     5) қаражатты бюджетке қайтару соларға сәйкес жүзеге асырылатын кредиттік келісімдердің (қарыз, мемлекеттік кепілдік туралы келісім және ішкі кредиттік келісімдер) шарттарын талдау негізінде жүзеге асырылады.

     2. Бастапқы болжамды нақтылау.

     Бастапқы  болжам қаражатты бюджетке қайтару  бойынша мерзімі өткен міндеттемелер жөніндегі ахуалдың тарихи дамуын ескере отырып, кредит беру, инвестициялық жоба немесе бағдарламалық қарыз (үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен) жолымен жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі қазіргі ахуалды талдау негізінде нақтыланады.

     Қайтарымды  негізде қаражат беру, мемлекеттік  кепілдіктер беру, үкіметтік қарыздарды тарту жөніндегі, кредиттерді қайта  құрылымдау, оларды өтеу жөніндегі  іс-шаралар туралы нормативтік-құқықтық база осы ақпарат көзі болып табылады.

     Жоспарлы  түсімдер мөлшерін айқындау да қарыз  алушының қаржы жағдайы, әрбір Кредитті және тиісінше ол бойынша сыйақыны (мүддені) қайтару жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат негізінде  жүзеге асырылады.

     Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер

     Қаржылық  активтерді сатудан түскен түсімдер болжамын мемлекеттік мүлік жөніндегі  уәкілетті орган мемлекеттік  кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдарының ұсыныстары негізінде  жүзеге асырады.

     Мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға оларды бұған дейінгі жоспарланған жылдың 1 қазанына дейін сату қажеттілігінің негіздемесімен жекешелендіруге жататын, үш жылға сату болжамын есепке ала отырып объектілер тізбесін береді.

     Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдерді болжау туралы ақпараттар негізінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бұған дейінгі жоспарланған жылдың 1 желтоқсанына дейін мерзімде жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін қалыптастырады.

       Мемлекеттік мүлік жөніндегі  уәкілетті орган тізбені қалыптастырады  және акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, олардың бөлімшелерінің және құрылымдық бірліктерінің мемлекеттік акциялар пакеттерін (мемлекеттік үлесімен) жекешелендіруге жататын және болжамды кезеңде сатуға жоспарланып отырған объектілер тізбесіне сәйкес объектілердің (кәсіпорын активтер алу міндеттеме) теңгерім құнын ескере отырып мүліктік кешендер ретінде іске асырудан түскен түсімдерді болжауды айқындайды.

     Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган  жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдарына келісу үшін жіберіледі.

       Мемлекеттік мүлік жөніндегі  уәкілетті орган мемлекеттік  кәсіпорындарға және акционерлік  қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі  серіктестік) мемлекеттік акциялар  пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды  сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдарымен келіскеннен кейін жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін әрбір объектіні жекешелендіруге беру жөніндегі экономикалық негіздемесі бөлігінде ақпараттарды бере отырып бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

       Бюджеттік жоспарлау жөніндегі  уәкілетті орган жекешелендіруге  жататын объектілер тізбесін  мыналарды: 

     мемлекеттік активтер құрылымдарын оңтайландыруды, мемлекеттік мүлікті басқаруға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын азайтуды;

     қазақстандық  экономиканың нақты секторына инвестицияларды, бәрінен бұрын қазақстандық ұйымдарды  ұзақ мерзімді дамытуға мүдделі, инвестициялық  және (немесе) әлеуметтік жағдайларды  іске асыру бойынша міндеттемені өзіне алуға және оларды орындауға дайын инвесторлар есебінен тартуды;

Информация о работе Салық түрлері және олардың мәні