Салық түрлері және олардың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.

Работа содержит 1 файл

Алтынай ЭБУА21.doc

— 863.50 Кб (Скачать)

     Аесеп – есепті кезеңдегі акциз сомасы;

     Vесеп  – есепті кезеңдегі импорт  көлемі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3.  БАСҚА  ДА  ТӨЛЕМДЕР

 

     3.1  ЖЕР  БЕТІНДЕГІ  КӨЗДЕРДІҢ  СУ  РЕСУРСТАРЫН  ПАЙДАЛАНҒАНЫ  ҮШІН  ТӨЛЕМАҚЫ

 

     Болжанып  отырған жылға арналған кәсіпкерлік  және кәсіпқойлық қызмет жүргізу  үшін алымдар, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы, мемлекеттік баж сомалары ағымдағы жылы күтілетін түсімнің салық салынатын базадағы және болжанып отырған кезеңнің макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі  болжамды өзгерістерге түзетілген бағалауы арқылы алдыңғы жылдардағы түсімдер серпінің талдауға негізделе отырып есептеледі. Мұндай төлемдерге:

  • заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және өкілдіктер мен еншілес кәсіпорындарды тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
  • жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
  • жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеген және кеме мен құрастырылып жатқан кеме ипотекасы үшін алынатын алым;
  • дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
  • аукциондардан алынатын алым;
  • жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
  • телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым;
  • туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды,  туындылары мен  сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың лицензиялық шарттарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
  • сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
  • мемлекеттік баж жатады.

     Алдағы  жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу  кезінде алымдар мен төлемдердің  жекелеген түрлері бойынша тиісті уәкілетті органдар берген болжамды деректер ескеріледі.

     Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар  министрлігі:

  • автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы жөнінде;
  • радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы жөнінде;
  • кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жөнінде;

     Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:

  • консулдық алым жөнінде;

     Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын  басқару жөніндегі агенттігі:

  • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы жөнінде;

     Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:

  • қоршаған орта эмиссиясы үшін төлемақы жөнінде;
  • жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы жөнінде;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы жөнінде мәлімет береді;

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат  министрлігі:

  • мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді  мемлекеттік тіркеу (есепке алу) үшін алынатын алымдар бойынша.

     Бірінші  нұсқа

     Үстеме  пайдаға салынатын салықты болжау мұнай өндіретін кәсіпорындар мен басқа да жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жеке жүргізіледі.

     Есептеу экономика дамуының макроэкономикалық  параметрлерінің болжамды өзгерістеріне  түзетілген есепті кезеңдегі салық  түсімдерінің  базасына  негізделген.

     Екінші  нұсқа

     Үстеме  пайдаға салынатын салықты болжау мұнай өндіретін кәсіпорындар мен  басқа да жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жеке жүзеге асырылады.

     Салықты есептеу  есепті жылдағы салық  сомасының негізінде және  тиісінше мұнай және мұнай емес секторлардың ВДС көлемдерінің болжамды өзгеруіне  түзетулерді ескере отырып  жүргізіледі. Болжам кезінде сондай-ақ  бір реттік (жүйесіз) сипаттағы төлемдер сомасын қоспағанда өткен кезеңдердегі нақты салық түсімдерінің  серпінін ескеру қажет.

      (16, 16а-қосымшалар)

     Су  ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы болжамы (17 қосымша) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрігінің су шаруашылығы жөніндегі облыстық комитеттерінің күтілетін және болжамды деректерінің негізінде айқындалады.

     Су  ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 453-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектісіне, нақты су пайдалану көлемдеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі су тұтыну көзі мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты белгілейтін жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларына негізделе отырып жүргізіледі.

     Болжам  есебін су пайдаланудың: жылу энергетикасын, ауыл, тоған және балық шаруашылықтарын, гидроэнергетиканы, су көлігін қоса алғанда, тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет, өнеркәсіп түрлері бөлінісінде мынадай формула бойынша жүргізу қажет:

     WP = VW*S, мұнда

     WP – су ресурстары үшін төлемақының болжамды сомасы;

     VW – су алу көлемі;

     S – төлемақы ставкасы.

     Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы болжамы (18 қосымша) ағашты түбірімен жөнелтіп дайындағаны үшін төлемақыны және орманды пайдаланудың Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 470-бабына сәйкес айқындалатын өзге де түрлері үшін төлемақыны қамтиды.

       Ағашты түбірімен жөнелтіп дайындағаны үшін төлемақыны есептеу жөнелтілетін ағаш көлемдеріне және ағаш дайындағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен базалық төлемақы ставкаларына негізделе отырып айқындалады.

     Орманды пайдаланудың өзге де түрлері үшін төлемақыны есептеу жергілікті өкілетті органдар белгілейтін ставкалар бойынша жүргізіледі.

     Есептер Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрігінің орман  шаруашылығы жөніндегі облыстық комитеттерінің күтілетін және болжамды деректерінің негізінде мына формула  бойынша жүргізіледі:

 

     LP = VL*T, мұнда

     LP -  орманды пайдаланғаны үшін болжамды төлемақы;

     VL- жөнелтілетін ағаштың (орман пайдаланудың өзге түрлерінің) көлемі;

     T – ағаштың (орман пайдаланудың  өзге түрлерінің) орташа бағасы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2  БОНУСТАР  ЖӘНЕ  РОЯЛТИ

 

      Бонустардың түсімдерін болжамдау мұнай өндірушілер  мен басқа да жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.

      Бонустар  түсімдерінің болжамын есептеу жер  қойнауын пайдалану құқықтарын алу  конкурс жеңген жер қойнауын пайдаланушылар және теңгенің АҚШ долларына бағамының болжамды өзгеруіне түзетілетін пайдалы қазбалардың түрлері бөлінісінде Құзыретті органның бонустардың көлемі туралы (АҚШ долларымен) деректері туралы деректері негізінде жүргізіледі. Болжам кезінде ағымдағы жыл үшін бонустардың түсімдерін ескеру қажет.

      ( 19, 19а қосымшалар)

       Мұнай секторы  ұйымдарынан түсетін  пайдалы қазбаларды  өндіруге салынатын  салық 

      Бірінші нұсқа.

      Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты  болжамдау «Теңізшевройл» ЖШС мен 2009 жылғы 1 қаңтар дейін өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан ұйымдарды қоспағанда мұнай өндіретін ұйымдар бойынша жүргізіледі.

      ПҚӨС-ті есептеу үшін макроэкономикалық  көрсеткіштеріне сәйкес болжанатын мұнай, газ конденсатын өндіру көлемінің, өнімнің бір бірлігінің әлемдік бағасының және теңгенің АҚШ долларына бағамының көбейтіндісі ретінде жер қойнауын пайдалануға арналған жекелеген әрбір келісім-шарт бөлінісінде мұнай, газ конденсатын өндіру көлемінің құны айқындалады.

      Келісім-шарттар  бөлінісінде мұнай, газ конденсатын өндіру көлемі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің деректері бойынша қабылданады.

      Өндірілген  мұнайдың, газ конденсатының құнына салық сомасын есептеу үшін Салық  кодексінде белгіленген шәкілге  сәйкес жер қойнауын пайдалануға  арналған жекелеген әрбір келісім-шарт бойынша жоспарланған өндіру көлеміне сай келетін ставка қабылданады.

      Мұнайды, газ конденсатын ішкі нарыққа  өткізген жағдайда белгіленген ставкаларға 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады.

     Екінші  нұсқа.

   ПҚӨС болжамын есептеу мұнайды, газ конденсатын өндіру құнына ағымдағы жыл үшін түсімдерді бағалау бойынша қалыптасқан орташа пайызды негізге алып айқындалатын алып қоюдың орташа процентін қолдану арқылы жүргізіледі.

      ( 20 қосымша)

        Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін  түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

      Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын  салықтың болжамын есептеу үшін ағымдағы жылдың бағалауы бойынша салық түсімдерінің көлемін мұнай емес сектордың  ЖҚҚ көлемінің болжамды өзгеруіне  түзету қажет. Болжам кезінде бір жолғы төлемдерді шегергендегі өткен кезең үшін салықтың нақты түсімдерінің серпінін ескеру қажет.

( 20б  қосымша)

      «Теңізшевройл»  ЖШС мен ӨБК ұйымдары бойынша  роялтидің болжанатын сомасы алып қоюдың орташа процентін мұнай, газ конденсатын өндіру құнына қолдану арқылы жүргізіледі. Мұнай, газ конденсатын өндіру құны мұнай, газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі, оларды өткізудің орташа бағасы және теңгенің АҚШ долларына бағамы негізінде айқындалады.

     Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің деректері бойынша қабылданады.

     Мұнайды өткізудің орташа бағасы жанама салықтарды, сату (тиеу) пунктіне дейінгі көлік  шығыстарын есептемегенде, әлемдік  баға негізге алынып айқындалады.

     Салықты алудың орташа проценті есепті кезең үшін іс жүзінде қалыптасқан процент негізге алынып айқындалады. Бұл ретте, алып қоюдың орташа бағасы ағымдағы жыл үшін түсімдердің бағасы негізге алынып айқындалуы мүмкін.

     Роялтиді  болжау кезінде өткен кезеңдер үшін салық түсімдерінің серпінін, біржолғы (жүйесіз) сипаттағы төлемдердің сомасын қоспағанда, ағымдағы жыл үшін түсімдердің күтілетін көлемін ескеру қажет.  

      (21 қосымша)

 Мұнай  секторы ұйымдарынан экспортқа арналған рента салығы

      Шикі  мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа арналған рента салығын болжамдау «Теңізшевройл» ЖШС мен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан ұйымдарды қоспағанда, мұнай өндіретін ұйымдар бойынша жүргізіледі.

      Экспортқа арналған рента салығының болжамды көлемі ставканы  экспортталатын мұнайдың, газ конденсатының көлемі, әлемдік баға және теңгенің долларға бағамы негізге алынып есептелген экспортталатын мұнайдың, газ конденсатының құнына қолдану арқылы айқындалады. Рента салығының ставкасы әлемдік бағаның деңгейіне қарай қабылданады және Салық кодексінде белгіленеді.

Информация о работе Салық түрлері және олардың мәні