Салық түрлері және олардың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.

Работа содержит 1 файл

Алтынай ЭБУА21.doc

— 863.50 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ 

    Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.

    Салықтарды  қолдану - жалпы мемлекттік мүдделердің, 
кәсіпорынның жеке меншік нысанына, ұйымдық-құқұқтық 
нысанына, ведомостволық бағынуына байланыссыз, 
кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың мүдделерімен өзара 
байланысын қамтамасыз ету мен басқарудың экономикалық 
тәсілдерінің бірі болып табылады. Салықтардың көмегімен 
кәсіпкерлердің, барлық жеке меншік нысанындағы 
кәсіпорындардың
 мемлекеттік және жергілікті

бюджеттермен, банктермен және де жоғары тұрған мекемелермен өзара байланыстары анықталады. Салықтар арқылы шетел инвестицияларын тартуды  қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызмет реттеледі, кәсіпорынның пайдасы және шаруашылық есеп кірісі қалыптасады. Салықтардың көмегімен мемлекет өзінің қоғамдық қызметтерін орындау үшін қажетті ресурстарды жинақтайды. Салықтардың есебінен әлеуметтік қамсыздандыру шығындары қаржыландырылады.

    Халық пен мемлекет сұранысын қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты,жалпы қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлумен байланысты экономикалық қатынастарды салық көрсетеді. Мемлекет салықты экономикалық тұтқа ретінде қолданылады және де салық міндетті заңды төлем болып табылады.

    Сөйтіп, салықтық саясатты ұлттық реттеу дәрежесіне көтере отырып, мемлект оның көмегімен әлеуметтік және өндірістік құрылымды дамытады, инфляциямен күрес жүргізеді және экономикалық дамытудың циклдік өзгерісін жұмсартады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің экономикалық инструменттердің ішіндегі негізгі орынды салық жүйесі алады.                                                                                                                        

     1. Республикалық және жергілікті  бюджеттерді және Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі  ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

      2. Бюджет түсімдерін болжауды әлеуметтік-экономикалық  даму болжамдары мен бюджет  параметрлерін ескеріп  мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі уәкілетті  орган жүзеге асырады.

      3. Алдағы жылға арналған бюджетке  кірістер, Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына жіберілетін түсімдер  «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы» (Салық кодексі) Қазақстан  Республикасының Кодексіне, Қазақстан  Республикасының Бюджет кодексіне, Ќазаќстан Республикасының Президентiнің  2005 жылғы                      1 қыркүйектегі № 1641 “Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы" Жарлығына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүргізіледі.

      4. Мыналар бюджет кірістерінің  түсімдерін болжаудың негiзгi қағидаттары  болып табылады:

     1) сабақтастық принципі – республикалық  және жергілікті бюджеттерді,  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін, бюджеттік мониторинг қорытындыларын ескеріп, әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамдарына және бюджеттік параметрлер негізінде жоспарлау;

     2) негізділік принципі – нормативтік  құқықтық кесімдер және осы  немесе басқа да түсімдерді  бюджет жобасына қосу қажеттігін  айқындайтын басқа да құжаттар  негізінде бюджет кірістерін  жоспарлау;

     3)  мұнайдан түсетін түсімдерден  шығыстар тәуелділігін төмендету  принципі -  мұнай емес сектордың  мақсатты бағытта дамуы есебінен  мұнай емес тапшылық мөлшерін  төмендету;

     4) болжамды көрсеткіштер есептерін  қалыптастыруға әкімшілік-аумақтық  бірліктер бойынша бірыңғай көзқарас қағидаты;

     5)  объектілік қағидаты – тұтастай  республика бойынша және аумақтық  бөліністе салықтың, алымдардың  және басқа да міндетті төлемдердің  әрбір түрі бойынша бюджетке  түсетін түсімдердің болжамын  айқындаудың дұрыстығы.

     5. Кірістерді болжау процесі болжаудың және мониторингтеудің кестесінде көрсетілген.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                            1.  САЛЫҚ ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 

                                    1.1  САЛЫҚ  ТҮСІНІГІ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ                                                                                               

                                               ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МӘНІ 

    Салық жалпы түсінігі мен оның белгілері.

    Ұйымдық - құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлем.

    Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

     Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар - ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

    Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрлысы мен саяси іс - бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысы қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсиз Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзгеде міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

   Салықтарды  ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидасы;
  2. « қайыр көрсету » (төлем қабілеттілегі) қағидасы. Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық

салудың қағидаларын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.

    Салықтың  ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаларын бұрын А. Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

  1. салық   салық   төлеушінің   әрқайсысының   табысына сәкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
  2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталу керек (қолайлылық қағидасы);
  3. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидасы).

    Бұл қағидаларды пайдалану салық салудағы зорлық -зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А. Смитке « салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны » деп қортынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидалардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Тұңғыш  рет Қазақстан Республикасында  заңнамалық деңгейде салық салудың  қағидалары баянды етілген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидалары негізделеді. Енді әр қағидаға тоқталсақ:

     І.Салық  салудың міндеттілігі қағидасы. Салық  төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемлерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

     2.Салық  салудың айқындығы қағидасы. Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      З.Салық салудың әділдігі қағидасы. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

      4.Салық  жүйесінің біртұтастығы қағидасы. Қазақстан 
Республикасының
 салық жүйесі Қазақстан

Республикасының     бүкіл     аумағында     барлық     салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

    5.Салық  заңдарының жариялылығы қағидасы. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқұқтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс. Енді салықтық белгілеріне тоқталатын болсақ.

    Салықтың     экономиклық     және     заңдық     белгілері бар.Оларды қарастырып өтсек.

    Салықтың экономикалық белгілеріне:

  • салық -әрқашан мемлекет пайдасына есептеледі,яғни салықты алу мен белгілеу арқылы мемлекет жалпы қоғамдық өнімінің бір бөлігін өз пайдасына әкеледі.
  • салық - әрқашан ақшалай төлем. Бірақ, тарихта
  • натурады төлемдер де болған (ЖЭС ).Дегенмен,
  • қазіргі кезде салықтың ақшалай формасы артықшылықты формасы болып табылады.
  • салық - ол әрқашан қайтарымсыз алу.Салықты төлеу кезінде ақша қозғалысы бір бағытта болады: салық төлеушіден   бюджетке.Осыған    байланысты   салық

    қайтарымды  ерекшеленеді ( Мысалы, мемлдекеттік заем), онда ақша ең алдымен төлеушіден мемлекетке бағытталса, кейін мемлекеттен төлеушіге кері бағытталады.

- Салық - баламасыз төлем болып табылады, яғни 
тауарсыз нысанда ақшалай төлем болып табылады.

Салықтың  заңдық белгілеріне:

  • салық - әрқашан мемлекеттің бекітуі. Мемлекеттен басқаға салық салуға жэне оны жинауға құқық берілмеген. Салықты енгізу кезінде мемлекет салықты белгілеуге құқық берілген саяси өкіметтің субъектісі ретінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 54 және 61 бабына сәйкес салықты белгілеу құқығы тек Парламентке берілген.
  • салық - мемлекеттің бір жақты бекітуі, яғни ол салықты төлеушінің келісімін қажет етпейді. Басқаша айтқанда, салық келісімінің немесе шарттың өнімі болып табылмайды.
  • салық - ол әрқашан құқық негіздеріне сәйкес алу. Мемлекет тұрғындардың ақшасына заңды иелік етеді. Осыған байланысты салықты бір тұлғадан (салық төлеушіден) ақшаға иелігін тоқтатып, басқа тұлғада (мемлекет) оның туындауына әсер ететін ерекше әдіс деп түсінуге болады.
  • салық міндетті төлем. Салықты бекіту кезінен салық төлеушіде мемлекет алдында нақты бір қаржылық міндеттеме туындайды. Ол міндеттеме бойынша салық төлеуші белгіленген ақша сомасын мемлекетке төлеуге міндетті.
  • салық тұрақты ақшалай міндеттерді тудырады. Осыған сай, ол әкімшілік айыппұлдан ерекшелінеді. Салық ақшалай төлем ретінде тұрақтылық, біркелкілік, жүйелік және мерзімдік белгілермен сипатталады.

Информация о работе Салық түрлері және олардың мәні