Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 20:11, курсовая работа
Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.
(22 қосымша)
2.19. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа арналған рента салығы
Көмір бойынша экспортқа арналған рента салығының болжамы есепті жыл үшін макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне түзетілген нақты түсімдердің көлемі негізге алынып айқындалады.
( 22б қосымша)
2.20. Жасалған
келісім-шарттар бойынша мұнай
секторы ұйымдарынан өнімді
Бірінші нұсқа.
ҚР үлесін болжамдау өнімді бөлу туралы келісім-шарт жасасқан мұнай өндіретін ұйымдар бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі болжамды үлесінің түсімдерін есептеу мұнай, газ конденсатын өндірудің жоспарланған көлемі, оларды өткізу бағасы және табысты өнімнің құнына қолданылатын Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесінің проценттік мәні негізге алынып жүргізіледі.
Мұнай мен газ конденсатын өндірудің болжамды көлемі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің деректері бойынша қабылданады.
Тұтастай алғанда үлесті төлейтін ұйымдар бойынша өткізудің болжанатын орташа бағасы осы ұйымдар бойынша есепті жыл үшін қалыптасқан және әлемдік бағаның болжамды өзгеруіне түзетілген орташа баға негізге алынып айқындалады.
Есептеу үшін ҚР табысты өнімі мен үлесінің орташа проценттік мәні ұйымдардың деректері негізінде айқындалады.
Болжамды есептеу кезінде есепті кезең үшін салық түсімдерінің серпінін ескеру, біржолғы (жүйесіз) сипаттағы төлемдердің сомасын қоспағанда, ағымдағы жыл үшін күтілетін түсімдердің көлемін айқындау қажет.
( 23 қосымша)
Екінші нұсқа.
ҚР үлесі бойынша болжамды есептеу есепті кезең үшін салықты алудың болжанатын кезеңде өткізілетін мұнайдың, газ конденсатының құнына қолданылатын орташа процентін айқындау негізге алынып есептеледі. Көзделетін өзгерістер негізінде алып қоюдың орташа проценті ағымдағы жыл үшін түсімдерді бағалау негізінде айқындалуы мүмкін.
Халықаралық саудаға және
Халықаралық саудаға және операцияларға кедендік төлемдер, өзге де салықтар жөніндегі болжам есепті деректер мен ағымдағы кезеңде сыртық сауда айналымы бойынша күтілетін орындалуы, кедендік органдардың импортталатын тауарлардың салық салынатын кедендік құны мен қолданыстағы кеден баждары жөніндегі деректерін талдау негізінде есептеледі. Тауардың кедендік құны салық салу объектісі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында ғы өзгерістер, теңгенің шетел валюталарына қатысты бағамының өзгеруі, импорттаушы елдермен сауда-саяси қатынастар ескеріледі.
Бірінші нұсқа (24 қосымша). Әкелінетін тауарларға кеден баждарының болжамды көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
Σ = K*Vи, мұнда
К – алу коэффициенті (төлемнің алдыңғы кезеңдегі импорт көлеміне қатысы);
Vи – республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының деректері бойынша болжамды импорт көлемі.
Екінші нұсқа. Корреляциялық және кері талдау процесінде әкелінетін тауарларға кеден баждары түсімдерінің экономикалық көрсеткіштерге мынадай тәуелділігі белгіленді.
Әкелінетін тауарларға кеден баждары бойынша түсімдер көлеміне әсер ететін экономикалық көрсеткіштер тізбесі
Көрсеткіш | Корреляция коэффициенті | Айқындылық коэффициенті |
Импорт көлемі (кеден декларациялары бойынша), млн. АҚШ долл. | 0,951 | 0,904 |
Теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа жылдық айырбас бағамы | 0,939 | 0,881 |
Ұйымдастырылмаған импорт көлемі (төлем теңгерімі бойынша), млн. АҚШ долл. | -0,950 | 0,903 |
Көрсеткіштегі
төлем теңгерімі бойынша импорт
көлемі корреляциясының теріс
Әкелінетін тауарларға кеден баждары түсімдерінің көлемі бойынша кері теңдеу
Ауыспалы | Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш | Ауыспалы кезіндегі коэффициент | Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні | Корреляция коэффициенті |
Ү | Әкелінетін
тауарларға кеден баждары
түсімдерінің көлемдері |
|||
Х1 | Импорт көлемі (кеден декларациялары бойынша), млн. АҚШ долл. | а1 | 1,075 | 0,981 |
Х2 | Теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа жылдық айырбас бағамы | а2 | 2,072 | 0,977 |
ао | -2,072 |
Алынған кері теңдеу мынадай:
Ү = а0 + а1Х1 + ... + аkХk2
мұнда Ү – түсімдердің көлемі (тәуелді ауыспалы);
а0 – Х-тің тұрақты мәні кезінде қалыптасатын түсімдердің деңгейі;
а1, ..., аn – бұрыштық коэффициенттер (тәуелсіз ауыспалы көрсеткіштер бірлікке өзгерген жағдайда түсімдер мәнінің қаншалықты өзгеретінін көрсетеді);
Х1, ..., Хn – тәуелсіз өзгерістер.
Алынған кері теңдеудің айқындылық коэффициенті 0,972-ге тең.
Әкелінетін тауарларға кеден баждарының түсімдерін болжау кезінде салық салынатын база ретінде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында көзделген экспорт көлемін пайдалану керек ( 25 қосымша).
Болжамды түсімдер мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Σ = K*Vэ, мұнда
К – алу коэффициенті (әкелінетін тауарларға кеден баждарының алдыңғы кезеңдегі экспорт көлеміне қатысы);
Vэ
– республиканың әлеуметтік-
Кедендік бақылау мен кедендік
рәсімдерді жүзеге асырудан
Бірінші нұсқа. Бюджет сыныптамасының осы түрі бойынша түсімдердің болжамды мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:
Σ = K*V, мұнда
К – алу коэффициенті (кедендік бақылау мен кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түскен түсімдер көлемінің алдыңғы кезеңдегі сыртқы сауда айналымына қатысы);
V
– республиканың әлеуметтік-
(26 қосымша)
Екінші нұсқа.
Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түскен түсімдер көлеміне әсер ететін экономикалық көрсеткіштердің тізбесі
Көрсеткіш | Корреляция коэффициенті | Айқындылық коэффициенті |
Ұйымдастырылмаған импорт көлемі (төлем теңгерімі бойынша), млн. АҚШ долл. | -0,763 | 0,582 |
Теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа жылдық айырбас бағамы | -0,768 | 0,590 |
Сауда айналымының көлемі (кеден декларациялары бойынша). млн. АҚШ долл. | 0,737 | 0,543 |
ЖІӨ, млрд. теңге | 0,911 | 0,829 |
Сауда айналымының көлемі (төлем теңгерімі бойынша) | 0,726 | 0,527 |
Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түскен түсімдер көлемдерінің ұйымдастырылмаған сауда көлемі мен орташа жылдық айырбас бағамынан теріс корреляциясы көп жағдайда кері тәуелділіктен гөрі бұл көрсеткіштердің айтарлықтай әсерінің жоқ екендігінің куәсі болады. Кері талдау процесінде берліген макроэкономикалық көрсеткіштердің ешбір үйлесуі барабар кері теңдеу жасай алмайтыны анықталды. Осылайша, корреляциялық талдауға негізделе отырып, барынша көп айқындылық коэффициенті бар ЖІӨ көрсеткіші іріктелді.
Алынған кері теңдеу мынадай:
Ү = а0 + а1Х1
мұнда Ү – түсімдердің көлемі (тәуелді ауыспалы);
а0 – Х-тің тұрақты мәні кезінде қалыптасатын түсімдердің деңгейі;
а1– бұрыштық коэффициеттер (тәуелсіз ауыспалы көрсеткіштер бірлікке өзгерген жағдайда түсімдер мәнінің қаншалықты өзгеретінін көрсетеді);
Х1 – тәуелсіз өзгерістер.
Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түскен түсімдер көлемі бойынша кері теңдеу
Ауыспалы | Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш | Ауыспалы кезіндегі коэффициент | Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні | Корреляция коэффициенті |
Ү | Кедендік бақылау
мен кедендік рәсімдерді
жүзеге асырудан түскен түсімдер көлемі, мың теңге |
|||
Х1 | ЖІӨ, млрд. теңге | а1 | 1,3 | 0,921 |
а0 | 5,38 |
Алынған кері теңдеудің айқындылық коэффициенті 0,847-ге тең.
3.3 САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР
Салықтан тыс түсімдерді болжау нормативтік құқықтық кесімдерге негізделеді, төлемдер осы кесімдерге сәйкес төленеді («Салықтық емес түсімдер» санаты бойынша тізілім - 27 қосымша).
Республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың
«Байқоңыр» кешенін және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемақы түсімдерін болжау Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін және әскери-сынақ полигондарын жалға алу жөнінде жасалған келісімге сәйкес және теңгенің АҚШ долларына қатысты болжамды бағамын есепке ала отырып жүзеге асырылады.