Салық түрлері және олардың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.

Работа содержит 1 файл

Алтынай ЭБУА21.doc

— 863.50 Кб (Скачать)

     Х1, ..., Хn – тәуелсіз өзгерістер.

     Әлеуметтік  салық бойынша кері теңдеудің  айқындылық коэффициенті 0,906-ға тең. Бұл  теңдеуде әлеуметтік салық түсімдерінің үрдісін айқындауда ЖІӨ-нің салмағы  неғұрлым көп, ол еңбекақы төлеу қорының  неғұрлым қолайлы ауыстырушысы болып  табылуы мүмкін.

        Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық бойынша болжамды айқындау кезінде мынадай нұсқалар қолданылады.

      Бірінші нұсқа бойынша (7 қосымша) болжам Қазақстан  Республикасының Статистика жөніндегі  агенттігінің заңды тұлғалар мен  жеке кәсіпкерлердің соңғы есеп беретін күнгі  Қазақстан Республикасының аумағындағы және негізгі құралдар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар (бұдан әрі – объектілер) болып табылатын  ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылыстары, орын-жайлар сондай-ақ  жермен тығыз байланысты өзге де құрылыстар туралы деректері негізінде есептеледі. негізгі құралдарының  (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамындағы объектілердің) және материалдық емес активтерінің соңғы есепті күндегі құны туралы деректерінің негізінде есептеледі. Бұл ретте салық салу объектілеріне жатпайтын объектілердің құны, мүлік салығын төлемейтін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер объектілерінің құны жалпы құннан алынып тасталады.

      Объектілердің салық салынатын құны болжамды қайта  бағалау коэффициентіне түзетіледі және салық заңнамасына сәйкес  салық ставкасын ескере отырып  мынадай формула бойынша  есесптеледі:

UP = (VOF*I/100%)*S/100%  мұнда

      UP – мүлік салығының болжамды сомасы;

     VOF – салық салынатын объектілердің орташа жылдық құны;

     I – негізгі құралдар құнының болжамды өсімінің индексі;

     S – салық ставкасы.

     Екінші  нұсқа бойынша салық декларацияларының  деректері қолданылады. Қазақстан  Республикасының аумағындағы және негізгі құралдар немесе жылжымайтын  мүлікке инвестициялар (бұдан әрі  – объектілер) болып табылатын  ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылыстары, орын-жайлар сондай-ақ  жермен тығыз байланысты өзге де құрылыстардың есепті кезеңнің соңындағы қалдық құны болжамды қайта бағалау коэффициентіне түзетіледі.

  Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне болжамды салық сомасы екініші нұсқа бойынша мынадай формуламен айқындалады:

UP = VК*Iц.тек/100%*Іц.п./100%*Sср мұнда

     UP - заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық болжамы;

     VК – объектілердің есепті кезең соңындағы құны;

     Iц.тек – тұтыну бағаларының ағымдағы жылы өсімі;

     Іц.п. - тұтыну бағаларының жоспарланып  отырған жылы өсімі;

     S – салық салу ставкасы.

     Үшінші  нұсқа бойынша болжам  бірнеше  жыл түсімдері серпінін талдауды, салық салынатын базада болжамды өзгерістерге түзетілген  ағымдағы жылғы болжамды түсімдерді бағалауды және болжанатын кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштер  параметрлері  ескеріле отырып айқындалады.

     Түсімдердің болжамды сомасының есебі  мынадай  формула бойынша айқындалады:

UP = U0* Іц/100%, мұнда

UP – мүлік салығының болжамды сомасы;

U0 – ағымдағы жылғы болжамды салық түсімі;

Іц. –  жоспарланған жылғы тұтыну бағаларының  индексі;

         Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша болжамды айқындаған кезде екі нұсқа пайдаланылады.

     Бірінші нұсқа бойынша  (8 қосымша)  болжам уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке тұлғалардың жеке меншік құқығымен иеленетін (тұрғын үй-жайлардың, саяжай құрылыстарының, гараждардың, өзге де құрылыстардың, ғимараттардың, үй-жайлардың) және тұра бастаған, пайдалануға берілген сәттен бастап аяқталмаған құрылыс объектілерінің құны мен салық заңнамасында көзделген ставкалар туралы мәліметтерінің негізінде  айқындалады. 

     Салық салу мақсатында мүлік құнын уәкілетті  орган тұрғын үй-жайдың бір шаршы  метрінің, мүліктің пайдалы алаңының базалық құнына негізделе отырып және табиғи және функционалдық ескіру, аймақтарға бөлу, айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенттерін қолдана отырып айқындайды.

     Есеп  жасау кезінде азаматтардың жекелеген  санаттарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктер ескерілуі тиіс. Болжамды түсімдер мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша айқындалады:

     UP = VOF*S/100%, мұнда

     UP – мүлік салығының болжамды сомасы;

     VOF – салық салу мақсатындағы мүлік құны, бұл құнды әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша уәкілетті орган белгілейді;

     S – салық ставкасы.

     Екінші  нұсқа бойынша болжам  бірнеше  жыл түсімдері серпінін талдауды, салық салынатын базада болжамды өзгерістерге түзетілген  ағымдағы жылғы болжамды түсімдерді бағалауды және болжанатын кезеңдегі макроэкономикалық көрсеткіштер  параметрлері  ескеріле отырып айқындалады.

     Түсімдердің болжамды сомасының есебі  мынадай  формула бойынша айқындалады:

UP = U0* Іц/100%, мұнда

UP – мүлік салығының болжамды сомасы;

U0 – ағымдағы жылғы болжамды салық түсімі;

Іц –  жоспарланған жылғы тұтыну бағаларының  индексі;

     Жер салығын болжау үшін мынадай ақпаратты  пайдалану қажет:

     - санаттар бойынша жер ресурстарын  басқару жөніндегі комитеттер  беретін жер алаңы;

     - жердің сапасы мен түрлері  бойынша бонитет баллдарына тепе-тең сараланатын базалық салық ставкалары;

      - салық органдарына берілетін  декларациялардың деректері.

       Жер салығын болжау кезінде  салық заңнамасында көзделген  жеңілдіктер ескеріледі. Болжанатын  салық түсімдерін есептеу мынадай  формула бойынша айқындалады:

     ZP = S*BS*K, мұнда

 

     ZP – жер салығының болжамды сомасы;

     S – жер учаскесінің алаңы;

     BS - әр санат бойынша орташа базалық салық ставкасы;

     K – салық заңнамасына сәйкес  жекелеген төлемшілерге арналған  коэффициент.

     Жергілікті  өкілетті органдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде жер салығы ставкаларын елді мекендерден тыс орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы (соның ішінде жеке тұлғаларға берілген), елді мекендердің (үй жанындағы жер учаскелерін қоспағанда), автотұрақ,  жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлінген (бөлек тұрған)  және казиноның иелігіндегі жерлерді қоспағанада елді мекендерден тыс орналасқан  өндірістің жерлері үшін белгіленген жер салығының базалық ставкаларының 50 %-нан асырмай азайтуына немесе ұлғайтуына құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығы ставкаларын жеке азайтуға немесе ұлғайтуға тыйым салынады. (9 қосымша).

 
 
 

     2.3  КӨЛІК  ҚҰРАМДАРЫНА  САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ  ЖЕР САЛЫҒЫ

 

     Көлік құралдарына салынатын салық  бойынша  болжамды айқындаған кезде  мынадай нұсқалар қолданылады.

     Бірінші нұсқа бойынша көлік құралдарына  салынатын салық болжамы  (10 қосымша) көлік құралдарының түрлері, қозғалтқыш көлемдері бойынша топтары, жүк көтеруі, отыратын орындары бөлінісіндегі саны туралы көлік құралдары иелерінің толық есепке алынуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарынан алынатын мәліметтер негізінде тікелей шот бойынша есептеледі.

     Бұл ретте көлік құралдарының жалпы  санынан салық заңнамасына сәйкес жеңілдіктер берілетін заңды  және жеке тұлғалардың көлік құралдары  алынып тасталады.

     Автокөлік құралдарының әрбір түрі мен тобы бойынша салық сомасы мынадай  формуламен есептеледі:

     ТP = VТ*АЕК*S*К/1000, мұнда

     ТP – көлік құралдарына салынатын салықтың болжамды сомасы;

     VТ – салық салынатын көлік құралдарының саны;

     АЕК – жоспарланатын жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;

     S – есе АЕК салық ставкасы;

     К – пайдалану мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.

     Екінші  нұсқа бойынша болжам  бірнеше  жыл түсімдері серпінін талдауды, салық салынатын базада болжамды өзгерістерге түзетілген  ағымдағы жылғы болжамды түсімдерді бағалауды  және болжанатын кезеңдегі макроэкономикалық  көрсеткіштер  параметрлері  ескеріле отырып айқындалады.

     Түсімдердің болжамды сомасының есебі  мынадай  формула бойынша айқындалады:

ТP = Т0* Іц/100%, мұнда

ТP – мүлік салығының болжамды сомасы;

Т0 – ағымдағы жылғы болжамды салық түсімі;

Іц –  жоспарланған жылғы тұтыну бағаларының индексі;

     Бірыңғай  жер салығын болжау кезінде салық  органдарының деректері қолданылады (11 қосымша).

     Жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу базасы болып  табылады.

     Бірыңғай  жер салығын есептеу:

  • егістік бойынша жер учаскесінің жиынтық алаңынан  жер

учаскелерінің  жиынтық бағалау құнын ескере отырып тиісті  ставкаларды қолдану  жолымен;

  • жұмыста пайдаланылатын,  оларға арнайы салық режимі

қолданылатын  жайылымдық, табиғи шабындықтар мен  басқа да жер учаскелері бойынша  жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,1 % ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

      Жер учаскесін нақты пайдалану кезіндегі  жер учаскесінің бағалау құны  жер учаскесінің бағалау құнын  он екіге бөліп және  жер учаскесін  нақты пайдаланылған кезіндегі  ай санына көбейту жолымен айқындалады.

     Шаруа (фермер) қожалықтары бірыңғай жер  салығын жер учаскесін жер  пайдалану құқығымен (салық салынатын  объектінің өзгерістерін ескере отырып) нақты иеленген кезеңіне есептейді  және төлейді, сондықтан бірыңғай жер  учаскесін болжауда алдыңғы жылдардағы түсімдердің серпінін ескерген жөн, оысының негізінде ағымдағы кезеңде күтілетін түсімдерджің бағасы және болжанып отырған кезеңдегі салық сомасы айқындалады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.4  ҚОСЫЛҒАН  ҚҰН  САЛЫҒЫ  ЖЕР  АКЦИЗДЕР

 

        Қазақстан Республикасының аумағында  өндірілген тауарларға, атқарылған  жұмыстарға және көрсетілген  қызметтерге қосылған құн салығы .

      Қосылған  құн салығы түсімдерін үш нұсқамен болжауға болады.

      Бірінші нұсқа (12 қосымша) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамымен орта мерзімді жоспарына сәйкес болжанатын жалпы ішкі өнім көлеміне, қосылған құн салығы алуларының орташа пайызына негізделген, бұл пайыз мынадай формула бойынша айқындалады:

Np=Wp * S/100 %

                                                   S=Nесеп/Wесеп * 100 %, мұнда

      Np – болжанатын кезеңге арналған  ҚҚС сомасы;

     Wp - болжанатын кезеңге арналған  ЖІӨ көлемі;

Информация о работе Салық түрлері және олардың мәні