Салық түрлері және олардың мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 20:11, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің нарықтық экономикға әсер ететін экономикалық тұтқалар арасында салықтар маңызды орын алады.

Работа содержит 1 файл

Алтынай ЭБУА21.doc

— 863.50 Кб (Скачать)

     S – алудың орташа пайызы;

     Nесеп  – есепті кезеңдегі қосылған  құн салығы сомасы;

     Wесеп - есепті кезеңдегі ЖІӨ көлемі.

     Қосылған  құн салығы түсімдерін есептеудің екінші нұсқасы (13 қосымша) салық органдарының республикалық мониторингке жататын салық төлеушілер жөніндегі ақпараттарының деректеріне негізделген, бұл деректерден ірі салық төлеушілер бөлінісінде есептелген және төленген қосылған құн салығы сомасы туралы мәліметтерді пайдаланған жөн. Қосылған құн салығы түсімдерінің болжанатын сомасы әрбір ірі салық төлеуші бойынша мынадай формуламен есептеледі:

Np=N0 * Іц/100 % * Іпр/100 %, мұнда

     Np – болжанатын қосылған құн салығы сомасы;

     N0 – есептік кезеңде (тоқсанда, жарты жылдықта) есептелген салық сомасына негізделген ағымдағы жылда күтілетін қосылған құн салығы сомасы;

     Іц  – жоспарланатын жылға арналған тұтыну бағаларының өсуі;

     Іпр – жоспарланатын жылға арналған өндірістің өсуі.

     Қосылған  құн салығын болжау кезінде есепті кезеңде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының қайтарылу мөлшері туралы және нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының қайтарылуы тиіс сомасы мөлшерлерінің болжамды өзгерістері туралы мәліметтерді пайдалану қажет.

     Екі нұсқа да салық заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық кеісмдерге өзгерістер енгізуге байланысты нақтылауға, сондай-ақ салықты әкімшілендіруді  жақсарту жөніндегі тапсырмаларды  жетілдіруге жатады.

     Үшінші  нұсқа. Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілген тауарларға қосылған құн салығы бойынша кері талдау барысында  есептелген салықтардың макроэкономикалық  көрсеткіштерге корреляциялық тәуелділігі  жөнінде мынадай деректер алынды:

       

 
 

     ҚР аумағында өндірілген тауарларға  ҚҚС түсімдерінің көлемдеріне әсер ететін       экономикалық көрсеткіштер тізбесі

 
Көрсеткіш Корреляция  коэффициенті Айқындылық  коэффициенті
Орташа  жылдық салық ставкасы -0,834 0,695
ЖІӨ, млрд. теңге 0,973 0,947
Жұмыссыздық деңгейі -0,932 0,868
 

     Қазақстан аумағында өндірілген тауарларға қосылған құн салығы  түсімдерінің есептелген көлемдерінің орташа жылдық салық ставкасының  деңгейіне корреляциялық тәуелділігі, алынғанмәліметтерге сәйкес, теріс  болып табылады, бұл кері тәуелділікті білдіреді. Қосылған құн салығы ставкасы қаншалықты төмен болса, түсімдер соншалықты көп. Алайда кейбір басқа көрсеткіштердің әсері неғұрлым күшті болып табылады. Кері талдау бірнеше көрсеткіштің өзара әсерін кері теңдеу арқылы бірден айқындауға мүмкіндік береді.

 

     ҚР аумағында өндірілген тауарларға қосылған құн салығы түсімдерінің кері теңдеуі

 
Ауыспалы Ауыспалыға  сәйкес көрсеткіш Ауыспалы кезіндегі  коэффициент Ауыспалы кезіндегі  коэффициенттің мәні Корреляция  коэффициенті
Ү ҚР аумағында  өндірілген тауарларға

ҚҚС бойынша түсімдер, мың теңге

     
Х1 Орташа жылдық ҚҚС ставкасы а1 1,079 -0,795
Х2 ЖІӨ, млрд. теңге а2 1,019 0,980
Х3 Жұмыссыздық деңгейі, %-бен а3 -0,030, -0,897
    ао 7,099  
 
 
 

     Қосылған  құн салығы түсімдерінің теңдеуі:

     Y = а0 + а1Х1+ ...+аnХn,

     мұнда Ү – түсімдердің көлемі (тәуелді ауыспалы);

     а0 – Х-тің тұрақты мәні кезінде  қалыптасатын түсімдердің деңгейі;

     а1, ..., аn – бұрыштық коэффициеттер (тәуелсіз ауыспалы көрсеткіштер бірлікке өзгерген жағдайда түсімдер мәнінің қаншалықты өзгеретінін көрсетеді);

     Х1, ..., Хn – тәуелсіз өзгерістер.

       Қазақстан Республикасының аумағына  импортталатын тауарларға қосылған  құн салығы.

     Бірінші нұсқа бойынша Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша болжам                  (14 қосымша) алдағы жылға арналған болжамды импорт көлемінің негізінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен импортталатын тауарларғы қосылған құн салығының соңғы есепті кезеңдерде қалыптасқан орташа ставкасына сәйкес, мынадай формуламен:

     Nір = Vі* S/100 % есептеледі, мұнда

     Nір – импортталатын тауарларға қосылған құн салығының болжамды сомасы;

     Vі – жоспарланатын жылға арналған импорт көлемі;

     S – есепті кезеңде импортталатын  тауарларға қосылған құн салығының  орташа ставкасы, бұл ставка

     S=Nесеп/Vесеп * 100 % формуласымен айқындалады, мұнда

     Nесеп  – есепті кезеңдегі импортталатын  тауарларға қосылған құн салығы  сомасы;

     Vесеп - есепті кезеңдегі импорт көлемі  көлемі.

     Екінші  нұсқа. РФ аумағында шығарылатын  және содан импортталатын тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын кері талдау процесінде қосылған құн салығы  түсімдерінің көлемдеріне әсер ететін экономикалық көрсеткіштердің мынадай тізбесі белгіленді.

 
 
Көрсеткіш Корреляция  коэффициенті Айқындылық  коэффициенті
РФ  аумағының импортын қоспағанда, тауарлар импорты (кедендік декларациялар бойынша) млн. АҚШ долл. 0,975 0,951
Орташа  жылдық салық ставкасы -0,910 0,827
РФ  аумағының импортын қоспағанда, алдыңғы  кезеңдегі тауарлар импорты (кедендік декларациялар бойынша) млн. АҚШ долл. 0,631 0,398
Теңгенің  АҚШ долларына орташа жылдық айырбас  бағамы 0,947 0,897

      

     РФ  аумағында шығарылатын  және содан импортталатын  тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының  аумағына импортталатын  тауарларға қосылған құн салығы салық түсімдерінің кері теңдеуі

 
Ауыспалы  Ауыспалыға  сәйкес көрсеткіш Ауыспалы кезіндегі  коэффициент Ауыспалы кезіндегі  коэффициенттің мәні Корреляция  коэффициенті
Ү РФ аумағында  шығарылатын және содан импортталатын

 тауарларды  қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша түсімдер, мың теңге

     
Х1 РФ аумағының  импортын қоспағанда, тауарлар импорты (кедендік декларациялар бойынша) млн. АҚШ долл. а1 1,285, 0,957
Х2 Орташа жылдық салық ставкасы а2 0,966 -0,850
Х3 Теңгенің АҚШ долларына орташа жылдық айырбас бағамы а3 1,691 0,959
Х4 РФ аумағының  импортын қоспағанда, алдыңғы кезеңдегі  тауарлар импорты (кедендік декларациялар  бойынша) млн. АҚШ долл. а4 -0,088 0,531
    ао -3,171  
 

     Алынған кері теңдеудің айқындылық коэффициенті 1-ге тең, бұл берілген мәліметтер қатарларының теңдеу арқылы алынған мәліметтермен жүз пайыз дәл келетінін білдіреді.

     Түсімдер  теңдеуі:

     Ү = а0 + а1Х1+...+аnХn,

     мұнда Ү – түсімдердің көлемі (тәуелді  ауыспалы);

     а0 – Х-тің тұрақты мәні кезінде  қалыптасатын түсімдердің деңгейі;

     а1, ..., аn – бұрыштық коэффициеттер (тәуелсіз ауыспалы көрсеткіштер бірлікке өзгерген жағдайда түсімдер мәнінің қаншалықты өзгеретінін көрсетеді);

     Х1, ..., Хn – тәуелсіз өзгерістер.

     . Бірінші нұсқа. Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарларға акциздер (15 қосымша) бойынша болжамды есептеу үшін акцизделетін тауарлар өндірісінің алдағы жылға арналған көлемі жөніндегі мәліметтер пайдаланылады. Өндірісі көлемі қолданыстағы және жаңадан енгізілетін қуаттардың болуы, акцизделетін өнім шығаратын кәсіпорындардың жүктелу пайызы ескерілетін, жоспарланып отырған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына негізделіп айқындалады. Есептерде акциздердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ставкалары қолданылады.

     Әрбір тауар түрі бойынша акциз түсімінің болжамды сомасы мынадай формуламен есептеледі:

     Ар = V*S, мұнда

     Ар – жоспарланатын жылға арналған акциз сомасы;

     V – акцизделетін өнім өндіру  немесе өткізу көлемі;

     S – акциз ставкасы.

     Екінші  нұсқа. Қазақстан Республикасында  өндірілетін тауарларға акциздер бойынша болжамды есептеу үшін акцизделетін өнімнің бірнеше жыл ішінде өндірілген көлемі жөніндегі деректер қолданылады, яғни, акциз ставкаларының төмендеуі (ұлғаюы), өндірістің қайта бейінденуі, лицензияны қайтарып алу және т. б. сияқты факторлардың әсерін есепке алына отырып, өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдаланудың нақты мүмкіндіктері қарастырылады.

     Әрбір тауар түрі бойынша акциз түсімінің  болжамды сомасы мынадай формуламен есептеледі:

     Ар = Vср*S, мұнда

     Ар – жоспарланатын жылға арналған акциз сомасы;

     Vср  – акцизделетін өнімнің бірнеше  жыл ішінде өндірілген орташа  көлемі;

     S – акциз ставкасы.

     Vср.=(V1+V2+...Vn+1)/n, мұнда

     Vср  – акцизделетін өнімнің бірнеше  жыл ішінде өндірілген орташа  көлемі;

     V1, V2, Vn+1 - өндірістің жылдар бойынша көлемі;

     n – жылдар саны.

         Импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша кеден органдарының кедендік жүк декларациялары жөқніндегі деректеріндегі әрбір акцизделетін тауар түрінің импорт көлемінің өзгеруін талдаған жөн және жоспарланып отырған жылдағы импорт көлемінің өзгеруіне, сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына қатысты болжамды бағамана түзету керек.

     Импортталатын тауарларға акциздердің болжамды түсімінің  мөлшері мынадай формуламен айқындалады:

     Ар=К*Vи

     К=Аесеп/Vесеп, мұнда

     К – акциз алуларының коэффициенті;

     Vи  – республиканың әлеуметтік-экономикалық  дамуының орта мерзімді жоспарының  деректері бойынша болжамды импорт  көлемі;

Информация о работе Салық түрлері және олардың мәні