Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
- күтілетін физикалық тозуы (ортаның жайына, жөндеу кестесіне байланысты);
- жоспарлы моральдық тозу (өндіріс технологиясының күтілетін өзгерісі);
- заңдық шектеулері (лицензияның қолдану мерзімі).
Жылжымайтын мүлік объектісінің өзіндік құны мойындалған, сәйкестендірілген резервтер көлемінде, активтерді жою және бөлу шығындарында көрсетіледі. Оның мөлшері Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттына сәйкес "Бағаланған міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер" бөлімінде анықталған. Резервтер көлемін есептеу бірыңғай операцияларды жүргізу тәсілімен және басқаруды маманданған талқылау негізінде орындайды.
Резервтерді құру мына жазбада көрінеді:
Дт 2410 «Негізгі құралдар»
Кт 4240 «Басқа да ұзақ мерзімді бағаланған міндеттемелер,резервтерді қорытындылауды пайдалану».[24]
Болашақтағы экономикалық пайданың жоғарылауы шығындар салдарынан болады. Ағымдағы кезеңдегі жөндеу шығындарына активтің пайдалылық деңгейін қалпына келтіру шығындары жатады.
Активтерге байланысты бес негізгі шығын түрлері қолданылады:
- модификация.
- техникалық бақылау.
- алмастыру және жетілдіру.
- араластыру және жаңарту.
- жөндеу.
Модификация
есебі үлкен қиындықтар туғызбайды.
Бұл әдісте жаңа активтер құрылады
және ғимараттар мен құрлыстар
Техникалық
бақылау ғимараттар мен құрлыстарды
пайдалану жағдайының ұзақтығына байланысты.
Алмастыру және жаңарту шығындары
алмастыру және жаңарту салдарынан
болашақта пайда әкелетін шығындар
болып табылады. Мысалыға, келешектегі
өндірісті құрылғылармен
Өндірісті құрылғылармен қамтамасыз ету кезіндегі араластыру және жаңарту келесі 12-кестеде көрсетілген:
Кесте 12
Өндірісті құрылғылармен қамтамасыз ету кезіндегі араластыру және жаңарту
№ |
Шаруашылық операцияларының |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебит |
Кредит | ||
1 |
Негізгі құралдарды бөлу кезіндегі корреспонден- сиясы есебі |
2930.04 |
2410.00 |
2 |
Орнату кезіндегі |
2420.00 |
2930.04 |
3 |
Қысқа мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелген жал төлемі |
8417.01 |
3220.00 |
Негізгі
құралдардың нысаны ол шыққан кезде
немесе активті пайдалануды тоқтату
жайлы шешім қабылданған
Негізгі құралдар Филиалдың балансынан келесі жағдайларда шығынға жазылып отырады:
- таратылу;
- сатылу;
- алмастыру;
- тегін беру;
- кем шығу және тағы басқалар.
Негізгі құралдарды баланстан шығынға жазу әрекеті Филиалдың негізгі құралдарын шығару мен шығынға жазу тәртібіне сәйкес негізгі құралдар шығынға жазу жөніндегі тұрақты түрде әрекет ететін комиссиямен жүргізіледі.
Негізгі құралдар нысанының шығарылуынан туындайтын пайда немесе залал шығудан түскен таза түсімдердің сомасы мен активтің баланстық құнының арасындағы айырма ретінде белгіленіп және пайда мен залал туралы есеп беруде негізгі емес қызметтен болған пайда немесе залал ретінде танылып отыруы тиіс. негізгі құралдарды шығынға жазудың нәтижесінде туындаған пайда немесе залал негізгі құралдардың нысанын таратудан шыққан кіріске жазылған материалдарды сатудың таза құны мен соның баланстық құнының, сондай-ақ сатумен немесе өзге түрдегі шығумен байланысты шығындардың арасындағы айырма ретінде белгіленеді.[25]
Негізгі құралдардың іс-жүзінде бар-жоғын анықтау және солардың сақталуын бақылау мақсатында Филиал түгендеуді жүргізу міндетті шарт болып табылған жағдайларды санамағанда жыл сайын қазанның 1-іне қарсы негізгі құралдарды түгендеу ісін жүргізеді.Негізгі құралдарды аталмыш түгендеу Филиалда бекітілген. Негізгі құралдарды түгендеу ережелеріне сәйкес Филиалдың НҚ-ны есепке алу, түгендеу және шығынға жазу (шығару) жөніндегі тұрақты түрде әрекет ететін комиссиясымен жүргізіліп отырады.
Жіктемеленген
активті сатып алуға, салу мен
өндіруге тікелей қатысты болып
келетін қаржыландыру шығындар (займдар
бойынша шығындар) сол активтің құнына
енгізу арқылы капиталдандырылып отыруы
тиіс. Займдар бойынша мұндай шығындар
компанияның келешекте
Нысандар бойынша аяқталмаған құрылыс туралы мәліметтердің есебін жүргізу мен көрсету үшін Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыстық жоспарының шоты мен соның тиісті қосалқы шоттары қолданылып отырады.
Қаржылық есептілікте ақпаратты ашып көрсету
Негізгі құралдардың қозғалысының есебімен солардың әрбір түрі бойынша есептік кезеңнің басы мен соңындағы бастапқы құны: енгізу; шығару; бастапқы құнының өзгеруі, өзгеру себептері.
Негізгі
құралдардың әрбір түрі
- амортизацияны қосып есептеудің қолданылып отырған әдісі;
- амортизацияланып отырған негізгі құралдардың есептің кезеңнің басы мен соңына қатысты бастапқы немесе баланстық (ағымдағы) құны;
- есептің кезеңнің басы мен соңына қатысты жинақталған амортизацияның сомасы.
Есептік кезеңнің соңында төмендегідей ақпаратты жария етіп отыру:
-уақытша түрде пайдаланылмай отырған негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдағы құны туралы;
- меншік құқығының шектелуі және міндеттемелерді қамсыздандыру ретінде кепілде тұрған негізгі құралдардың құны туралы;
3 филиалДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ
3.1 Филиалда қолданылатын аудиттің түрлері
Аудит бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да,ривизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді.Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей,керісінше толықтырады.Аудит орындайтын негізгі функциялары 4-суретте көрсетілген:
Сурет 4. Аудит орындайтын түрлері, нұсқалары және фазаларын жіктеу
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сырткы аудит болып бөлінеді. Заңдылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және ішінара тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып, ал тексурулердің мақсаттары,міндеттемелер. мазмұны бойынша операциондық, қаржылық есептеме болып бөлінеді бөлінеді.
Аудиттің түрлерін қарастыру өте маңызды болып, кәсіби әдебиетте осыған қатысты бір ойға келе алмай отыр. Дж.Робертсон аудиттің үш түрін – сыртқы, ішкі және мемлекеттік, ал Ю.М.Иткин оның екі түрін – ішкі және сыртқы деп бөліп көрсетті. В.Д.Андреевтің еңбегінде сыртқы мен ішкіге қоса “өз еркімен жүргізілетін” және міндетті аудит қосылып жазылған.
Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен келісім шарт арқылы тексерілетін филиалдың бухгалтерлік есебінің дұрыстығын тексеру үшін, сондай-ақ филиалдың қаржылық мүмкіндіктерін объективті бағалау үшін жүргізіледі. Осындай Қоғамның қызметіне тәуелсіз экспертиза жүргізу қаржылық стратегияны жақсартуға және шаруашылық тиімділігін арттыруға ұсыныс беруін, сондай-ақ төлем қабілеттігін, қорлар мен қаржының тұрақтығын бағалауды қарастырады. Сыртқы аудит объектісі болып нақты бір филиалдың қызметі болады.
Ішкі аудитті ішкі бақылау жүйесінен бөліп алуға болмайтын бөлігі ретінде қарастырылады. Оны былай айтуға болады – қызмет көрсету түрінде ұйым ішінде жүргізілетін Қоғамның қызметінің тәуелсіз бағалануы.
Қазір нарықтық қатынастың уақытында ішкі аудиттің ролі артып, оның ұйымдастырылуы мен жетілдірілуіне көп көңіл бөлінуде.
Ішкі аудит басқарушылық бақылаудағы жеке бөлінбейтін және маңызды элемент болып табылады.
Филиалдың құрылымдық бөлімшелері жүргізетін ішкі бақылаудың жұмысын, есеп саясаты мен экономикалық саясатының дұрыс жүрізілуін экспертік бағалау ішкі аудиттің мақсаты болып табылады. Ол негізінен қорлардың “жоғалуын” тоқтату үшін және ұйым ішіндегі қажетті және уақтылы өзгертіп отыру үшін қажет.
Негізгі құралдар аудитін жүргізген уақыттағы аудит мақсатына келесілерді тексеру кіреді:
- компанияның шоттарында жазылған негізгі құралдардың объектілерінің бар болуы және ол компанияның өз меншігі немесе жалға алғандығын;
- негізгі құрал объектілерінің келіп кірістелуі, өткізілуі немесе басқаша есептен шығарылуының дұрыс есептелгендігін ;
- капитализациялауға жататын бірде бір баптың шығындар шотына жатқызылмағандығын ;
- негізгі құралдардың алғашқы жазуларына негіз болған сатып алу құны немесе өзге де көрсеткіштердің дұрыс анықталғандығын ;
- амортизацияға жататын негізгі құралдардың барлық объектілеріне алдыңғы уақытта қолданылған әдістерге сай келетін әдістердің дұрыс қолданғандығын ;
- негізгі құралдарды сатып алғаннан кейін негізгі құралдардың есебінің дұрыс жүргізілгендігін ;
- қосымша қамтамасыз етілуге салынған негізгі құралдар объектілерінің құнының дұрыс анықталғандығын .
Негізгі құралдардың аудитін жүргізу бірнеше деңгейден тұрады. Оларды келесідей тәртіппен қарастырайық :
- тексерілетін есеп беру кезеңіндегі және алдағы кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістерін қоса алғандағы қоғамның негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру жөніндегі есеп саясатымен танысу ;
- негізгі құралдардың соңғы тексерілу жүргізілген күнін және оның нәтижесін анықтау;
- негізгі құралдардың соңғы рет қайта бағалануын және оның есепте көрсетілу жөніндегі мәліметтерімен танысу ;
- филиалда негізгі құралдарды есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы, негізгі құралдарды пайдалану орындарындағы осыған жауапты адамдар туралы бұйрықтардың болуын тексеру, сонымен қатар осы адамдармен материалдық жауптылық туралы келісім шарттың жасалғандығын анықтау;
- филиал ретінде тіркелген және тіркелмеген заңды тұлғалармен негізгі құралдардың жалы туралы келісімшарттармен танысу;
- бухгалтерия негізгі құралдардың картотекасын және материалды жауапты адамдардың инвентарлық тізімін қолмен немесе компьютермен жүргізетіндігіне көз жеткізу, жұмыстан шығарылған материлды жауапты адамдар туралы ақпарат алу;
- негізгі құралдардың есебін жүргізу ережесін анықтайтын нормативтік құжаттармен филиал бухгалтериясының қамтамасыз етілу деңгейін анықтау;
Тексеру алдында осылайша алынған ақпарат аудиторға осы филиалдағы негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуы туралы жалпы түсінік береді және тексеру кезінде қандай мәселелерге аса көңіл бөліп қарастыру керектігін анықтауға көмектеседі.
Бас кітапта негізгі құралдардың тозуы, аяқталмаған құрылыстың есебі жөніндегі синтетикалық шоттардағы қалдықтарды аналитикалық есептегі және бухгалтерлік баланстағы көрсеткіштермен сай келуін тексеру. Олар барлық позициямен – ай басына қалдық, ай ішіндегі айналым, ай соңына қалдық – сай келуі керек. Егер ауытқу болса, онда оның себебін анықтап филалға негізгі құралдардың ішкі бақылау әдістерін жүргізуге ұсыныс беру.
Одан кейін негізгі құралдардың сақталуы, есебі және пайдалану мәселелерін тереңірек қарастырып келесілерге көңіл бөлу керек:
- негізгі құралдардың бар болуын және сақталуын қадағалауды қамтамасыз етуіне (негігі құралдарды қамтамасыз ету үшін шаралар қолданған ба, негізгі құралдардың инвентаризациясы жүргізіледі ме, басшы бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауапты материалды жауапты адам белгіленген бе);