Негизги куралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Байтемирова Аксауле негізгі құралдар.docx

— 229.70 Кб (Скачать)

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалының бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ филиалға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады.

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі»филиалы түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспорттар және басқа да негізгі құралдарды сатып алу, сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері, тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады.

Түгендеу карточкалар  мен кітапшалар талдамалық (аналитикалық) есептің негізгі түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмірі, келіп кіріске алынуына және істен (есептен) шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы да басқа шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады. [13]

Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі:

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалына негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарының беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға филиалдың үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

- объектінің  аты;

- объектіні  қабылдап алушы мен тапсырушы  ұйымның аты;

- салынып  біткен құрылыстың қабылданған  кездегі жағдайы;

- құрылыстың  салынып біткен уақыты;

- амортизациялық  аударым мөлшері;

- бастапқы  құны;

- басқа  да шартты белгілері.

Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру  актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына  тапсырылуы тиіс.. Бухгалтерия бұл  құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Филалдағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жал-ғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалынадағы негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады 8-кестеде көрсетілген:

 

Кесте 8

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалында негізгі құралдар кіріске алынғанда бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

2

3

4

1

Филиалдың салынып жатқан құрылысы аяқталып кіріске алынды

2412.01

2524.06

2

Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу

2417.07

2524.06

3

Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу

2417.07

2524.06

4

Уақытша салынған құрылысты кіріске алу

2412.01, 2417.07

2524.06

5

Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға:

 -келісілген құнына - тозу құнына

2411.00-2417.07

5110.01

6

Тәуелді, еншілес және бірлесіп бақыланатын заңды тұлгалардан кіріске алынған негізгі құралдар:

- қалдық құны бойынша;

- қосылған құн салығы сомасына.

 

 

 

2411.00

1420.01

4120.01-4130.01

4120.01-4130.01

 

7

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп  түскен,  әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:

- бастапқы құны бойынша;

- қосылган құн салығы  сомасына

2411.00

1420.01

3310.07

3310.07


8-кестеден көріп отырғанымыздай, негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.[14]

 

 

2.2 Филиалдың негізгі құралдарының қозғалыс есебі

 

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалы өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де филиалдар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

         «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының негізгі құралдар кіріске алынғанда бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүргізілетін операциялар

           1. Филиалдың соңында қабылданған негізгі құралдарың алғашқы құнын көрсету

                         Дт 2410.11                  Кт 2930.04

          2. Негізгі құралдардың қаржылық жал шартымен түсуі

                 Дт 2410.11                 Кт 4150.01

          3. Негізгі құралдардың акцияларды төлеу есебінен,жарғылық  капиталға үлестердің қосылу мүліктік үлестер есебінен түсуі

                 Дт 2410.11                  Кт 5110.01

          4. Негізгі құралдардың өтеусіз жеке тұлғалар мен мекемелердің түсуі

                 Дт 2410.01                   Кт 6220.01

          5. Түгендеу барысынды табылған,есепке алынбаған негізгі құралдардың еесепке алу

Дт 2410.12                  Кт 6280.01

         Филалдарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, соңдай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:

- Филиалдың басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде);

- бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;

- негізгі  құралдың сақталуына жауапты адам;

- негізгі  құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;

- мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);

- тағы да  басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін

Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыс мен міндетті атқарады:

- есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды.

- объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан, тағы да басқа 
жағдайлардан).

- негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды.

- есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.

-есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орыңдарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.[15]

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалы негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік құралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады.

Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

- объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (күні, айы, жылы);

- филиалға келіп түскен, кіріске алынған уақыты(күні, айы, жылы);

- пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы);

- объектінің  бастапқы құны (қалпына келтіру қүны);

- бухгалтерлік  есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;

- жөндеулердің жүргізілген уақыты (күні, айы, жылы);

- көлік  құралын ссептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;

- аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі қүралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;

- сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі қүралдарды есептен шығару актісін филиалдың басшысы бекітеді. Акт екі дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін үйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.[16]

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалында негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалдары мен алынған сомаларынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады. Ұйымдарда есептен шығарылған негізгі қүралдардың құны "Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар" шотының дебитіне, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған (есептелген) тозу сомасына "Негізгі құралдардың тозуы" деп аталатын шоттың тиістілері дебиттелініп, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістісі кредитгелінеді.

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің қүны: "Материалдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің дебитіне, "Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс" шотының кредитіне жазылады.[17]

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс "Дебиторлық борыштар мен басқа да активтер" және "Ақшалар" деп аталатын бөлім шоттарының тиістілсрінің дебитіне, "Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс" деп аталатын шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған кірістер мен шыққан шығыстар "Жиынтық кіріс (шығын)" шотына апарылады.

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 "Қабылдау-табыс ету (ақысыз) актісі екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа жске немесе занды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың түгендеу (инвентарлық) карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі қүралдарды алушыға беріледі. Негізгі қүралдың және оның түгендеу карточкасының басқа жеке немесе занды тұғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жүмыс істеп түрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.

Негізгі құралдарды беруші ұйым оны тегін алушыға берілген негізгі құралдардың бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат (авизо) жолдауы керек. Бүл хат, яғни авизо төрт дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған жеке немесе заңцы түлғаның бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.

Сонымсн басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілген негізгі қүралдар баланстан «Қабылдау-табыс ету» актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына (авизиоға) негізделіп шығарылады.

Информация о работе Негизги куралдар