Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Мүліктік түгендеу тізімдерін жасамастан бұрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттарымен басқа техникалық құжаттарың бар жоғын және олардың қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттардың тексеру қажет. Егерде құжаттары жоқ болса, оларды алдыртудв және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігі тексереді.
Негізгі құралдарды мүлікті түгелдеу
кезінде комиссия міндетті түрде
объектілерді тексеріп, олардың толық
атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін,
ретін және негізгі техникалық және
пайдалану көрсеткішерін
Сондай-ақ, субъектінің жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.
Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін, көлемі, қабаттар саны салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені, жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдарды; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша - жолдардың түрлері, қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі [25].
Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау әрекет етіп тұрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.
Есепке алынбаған
Егер де комиссия күрделі сипаттағы
жұмыстар немесе ішінара құрылыстар
мен құрылымдардың жойылуы
Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгендеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік мерзімі, арналымы, қуатты және т.б. көрсеткіштерді жеке көрсетіледі.
Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктардың құндары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың мүліктік объектілеріне берілген реттік сандары ешқашан өзгермеуге тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді негізі құралдардың басқа тобына, яғни техникалық - өндірістік мақсатына сай емес топқа жазғанда немесе дұрыс болмаған анықталғанда ғана жүзеге асырылады.
Мүліктік түгелдеу кезінде филиалдаң тыс жерде тұрған немесе негізгі құралдар филиалдаң уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді .
Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге
келмейтін негізгі құрал-
Өз меншігіндегі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа филиалдың аты; жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Мүлікті тізімнің бір данасы филиалдарға жіберіледі. Мүліктік түгелдеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақта техникалық жағдайына қарап белгілейді.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру
деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету
мақсатында шаруашылық субъектісі жылына
кем дегенде бір рет мүліктер
мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу
жүргізеді. Негізгі құралдарды түгендеудің
негізгі міндеті болып
- есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;
- нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;
- жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалану жарамсыз негізгі құралдар объектілерін анықтау;
- негізгі құралдар артық немесе пайдаланылмайтын объектілері қайтадан бөлінуге немесе сатылуға тиіс;
- машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, көлік құралдарын және негізгі құралдардан басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін пайдалануды тексеру.
Есепті жылдағы түтендеудің санын, оларды жүргізу күндерін, олардың әрқайсысында тексерілген мүліктердің тізілімін, түгендеу жүргізу міндетті болған жағдайларды қоспағанда, шаруашылық субъектісі белгілейді.
Түгендеуді:
- жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен;
- филиалдың мүлкін жалға бергенде, өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізу міндетті.
Есепке қабылданбаған
Ескерілмеген объектілерді түгендеу
кезінде анықталған бағалау қолданыстағы
бағалар мен өндіріс жағдайлары
ескеріліп, жүргізілуге тиіс. Түгендеу
комиссиясы осы объектілердің қашан
салынғанын немесе сатып алынғанын,
өндірістік шығындардың қаржылану
көздерін анықтап, оны хаттамада
көрсетуге тиіс. Негізгі құралдар
объектінің негізгі мақсатына сәйкес
атаулары бойынша инвентарлық
4 ФИЛИАЛДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ҒЫЛЫМИ ЖҮЙЕДЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылдың 1 қаңтар айындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуыныңбасты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген және аталған мәселелер алдымыздағы он жылдықта жүзеге асырылуы тиіс стратегиялық маңызы бар іс-шараларға арналған. Осы мерзімдегі ең үлкен бірінші басымдық ел экономикасы индустрияландыру және ұзақ мерзімді активдерді ұлғайту болып табылады.
Демек, нарықтық өзгерістердің жетістіктерін сипаттайтын маңызды факторы ұзақ мерзімді активтерді, соның ішінде негізгі қорларды жаңарту және жаңа технологияларды енгізу үшін меншікті қаражаттарды салу болып табылады. Сонымен алдыңғы бес жыл ішінде қаражаттарды қаржылық емес активтерге салудың негізгі көзі – филиалдардың меншікті қаражаттары болып табылады, яғни негізгі капиталдарға (құралдарға) жұмсалған және жұмсалатын инвестициялар. Соның ішінде жаңа негізгі құралдарға, негізгі құралдарды күрделі жөндеуден өткізуге және басқа да өндірілген (өндірілетін) активтерге жұмсалынатындары. Шын мәнінде соңғы жылдары және келешекте де қаржы емес активтер құрылымында негізгі капиталға жұмсалған қаржы көлемі жылдан-жылға біртіндеп өсуде және өсе бермек. Бұл көрсеткіш қазіргі кезде Республика көлемінде орта шамамен 76-80 % құрайды. Демек, ұзақ мерзімді активтер ұлғаюда.
Кез-келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
№16 ҚЕХС бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтьн мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құрал саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте танылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
- негізгі құралдардьң келіп түсүі,шығарылуын,қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
- негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
- негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жанғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
Моральды және физикалық түрінен ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға жету үшін, маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік-техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Негізгі құралдардың жіктелуі 6 суретте көрсетілген:
Сурет 6. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі:
Ұлттық экономика шикізатты өндіруде техниканың жаңа үлгілерін пайдаланып, автоматтандырылған – механикаландырылған еңбекті қолдансам, шикізатты өңдеуден өнім өндіруге, содан кейін тұтынушыға дейін өнімді жеткізуге дейін барлық технологиялық тізбектілік жаңа техника, технологияға, алдыңғы қатарлы инновациялық жетістіктерге негізделуі тиіс. Жаңа техникамен қаруландыру әртүрлі жолмен филиалға белсенді түрде капиталдарды тарту, инновациялық үрдістерді басқарудың жаңа нысандарын енгізудің қажеттілігі туып отыр.
Еңбек, қор, капиталдың пайдалану деңгейлерін жақсарту еңбек өнімділігінің артуына, өндіріс тиімділігін көтерудің ең басты факторы болып табылады. Өндіріс тиімділігін көтерудің басты шартына өндірістің техникалық деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін шикізат, материал, энергия, тауарлар өндіретін салаларды жедел түрде дамыту жатады.
Негізгі қорлардың ұдайы түрде жаңаруы, филиалда бәсекеге қабілеттілігі жоғары өнім өндіруге ықпалын тигізеді, өндіріске инвестиция салудың тұрақты түрде өсуі өнім өндірудегі ағымдық материалдық шығындардың төмен қарқыны мен капитал және қор сыйымдылықтарының тұрақты түрде өсіп отыруымен тығыз байланысты. Қазқстан экономикасының шикізаттық бағыты капитал және қор сыйымдылығы жоғары саладарды дамытуда экстенсивті дамуға бағытталуы тиіс.
Өндірістік әлеуеттің жағдайы филиалдың қаржылық тұрақтылығының негізгі қызметінің тиімділігін арттырудың негізгі факторы. Кез-келген филиалдың өзінің негізгі құралдарының жағдайын, құрамын және пайдалану тиімділігін бақылап отыру қажет. Өйткені бақылау арқылы негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіруге болады, сонымен қатар филиалдың жақсы жұмыс істеуіне кері әсерін тигізетін жағдайларды ертерек байқауға болады. Сол себептен де филиалдың негзгі құралдарын тиімді пайдалану әрбір филиалдаң маңызды. Негізгі құралдарды тиімсіз пайдалану нәтижесінде өндіріс көлемі азаяды, әрине ол табысқа әсер етеді.
Филиалдың негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін жетілдіру өте маңызды мәселе. Негізгі құралдардың өндірістегі нақты рөлін анықтау арқылы, оны пайдалану тиімділігін арттыруды, шығындарды төмендетуді және өндірісті жоғарылату жолдарын іздестіруге болады.