Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бастапқы құн |
Амортизация- ның жылдық сомасы |
Жинақталған амортизация сомасы |
Қалдық құн | |
Пайдалы қызмет мерзімі | ||||
1-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
20000 |
170000 |
2-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
40000 |
150000 |
3-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
60000 |
130000 |
4-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
80000 |
110000 |
5-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
100000 |
90000 |
6-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
120000 |
70000 |
7-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
140000 |
50000 |
8-жылдың соңында |
190000 |
20000 |
160000 |
30000 |
Егер амортизация сомасын
(20000*100%) : 190000 теңге =11%
Негізгі құралдар нысанының қалдық құны жыл сайын жойылу құнына жеткенше өндірістік қуаттылықтың көрсеткішіне тікелей пара-пар (пропорционалды) түрде азайып отырады. Амортизация есептеудің өндірістік бірлік әдісі тиімді болады, егер пайдалану мерзімі техникалық көрсеткіштермен немесе мекеменің шаруашылық қызметіндегі өзгерістермен айрықша шектелсе.
Амортизация консервацияға жатқызылатын негізгі құралдар, кітапхана қоры, өсім, малдары, буйволдар, өгіздер мен бұғылар бойынша есептелмейді. Жалға берілген ненізгі құралдар бойынша жалға беруші амортизацияны жалпы тәртіппен есептейді. Негізгі құралдарға амортизация есептеудің негізі талдамалы есебі тіркелімінің мәліметтері болып табылады, атап айтқанда, филиалда түгендеу карточкасының ( НҚ-6 нысаны) мәліметтері, онда негізгі құралдардың бастапқы құнынан және амортизация нормасынан амортизацияның жылдық сомасы есептеледі. Сонан кейін жылдық сома 12 айға бөлініп, алынған сомаға ай сайын негізгі құралдарға амортизацияны есептеу жөніндегі есептеу жасалады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік
жоспарында негізгі құралдардың
амортизация сомасын жинақтауға
2420 « Негізгі құралдардың
2420 « Негізгі құралдардың
«Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалында әрбір есепті күні негізгі құралдардың мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға міндетті. Кез-келген осындай белгі анықталған жағдайда мекеме негізгі құралдың өтелетін сомасын бағалауға тиіс. Егер негізгі құралдың құнсыздануы мүмкін болатын белгілері бар болса, онда бұл пайдалы қызметтің қалған мерзімін, амортизациялау әдісін немесе активтің жойылу құнын осы активке қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес, тіпті, егер ол жөнінде қандайда болсын құнсызданудан болатын залал танылмаса да, қайта қарау және түзету керек екендігін дәлелдейді. Егер негізгі құралдардың өтелетін сомасы оның баланстық құнынан аз болған кезде ғана, баланстық құн негізгі құралдың өтелетін сомасына дейін азайтылуға тиіс. Бұл азайтылу құнсыздану залалы болып табылады. Құнсызданудан болған залалдың бағалау өлшемі ол жатқызылатын негізгі құралдардың баланстық құнынан көп болған кезде, егер мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты талап етсе ғана, кәсіпорын міндеттемені тануға тиіс. Құнсызданудан болған залалдар танылған жағдайда, кейінге қалдырылған барлық салықтық активтер немесе міндеттемелер 12 - « Пайдаға салынатын салықтар » LAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес негізгі құралдардың өзгертілген баланстық құнын оның салықтық базасы мен салыстыру арқылы анықталады.
Әрбір есепті күнге филиалдың алдыңғы кезеңдерде негізгі құралдарға қатысты танылған құнсызданудан болған залалдың бәлкім, бұдан әрі болмауының немесе кемуінің қандайда болсын белгілерінің бар немесе жоқ екендігін анықтауға міндетті. Осындай белгілердің кез –келгені анықталған жағдайда филиалдың осы негізгі құралдың өтелетін сомасын бағалауға міндетті.
Амортизациялық аударым
2.4 Филиалдың негізгі құралдарының есебі мен амортизациясын жүргізуде ҚЕХС-ын қолдану
Қаржылық Есептілік Халықаралық Стандарттары (ҚЕХС) - №16 "Жылжымайтын мүлік және ғимарат" бөлімінде негізгі құралдар мынандай материалдық активтерді көрсетеді:
-өндірістік ұйымдарда тауарды жеткізу, қызмет көрсету және негізгі құралдарды басқа ұйымдарға жалға беру үшін, әкімшілік мақсаттарды орындау үшін қолданылатын активтер.
- бір жылдан жоғары қолданылатын активтер;
Негізгі құралдар есебін жүргізудегі қиындықтар олардың баланста көрсетілуі мен алғашқы мойындалу кезеңінде басталады.
Негізгі құралдар объектісінің алғашқы құны мынандай жағдайларда ғана актив түрінде мойындалады:
- ұйым болашақта осы негізгі құралдардың есебінен экономикалық пайда табатын болса;
- берілген объектінің құны сенімді түрде бағаланғанда.
Негізгі құралдарды айырбастаудағы, маманданған бағалаушылардың әділ баға белгілеуіндегі, негізгі құралдарды жеткізіп берушілердің шот – фактураларында көрсетілген несиелеріндегі, негізгі құралдарды сатып алу кезінде төленген төлемдердегі ақша сомасы сенімді бағалауда көрсетеді.Өз күшімен активтерді қалыптастыру жағдайындағы шығындар сомасы арқылы да өзіндік құнды нақты бағалауға болады. Негізгі құралдардың құны ұйымда шығарылған активтерді қолдану кезінде де анықталады. Егер ұйым сату үшін біртектес активтер шығаратын болса, онда олардың құны өндірістегі сату құнына тең болады. Осы жағдайға байланысты кез – келген ішкі табыс негізгі құралдар құнымен есептелінеді, өндіріс активтерінің орнына қолданылатын еңбек және басқа да ресурстардың құны, жоғары нормативтік шикізатқа байланысты шығындар негізгі құралдар объектісін жабдықтау және пайдалану шығындарымен байланысты. Мысалыға: монтаждау және сынақтан өткізу құрылғының алғашқы құнына енгізіледі. Егер сынақтан өткізу кезінде құрылғыдан ақау табылса жөндеу шығыны құрылғының алғашқы құнына емес пайдалану шығындарына енгізіледі. Негізгі құралдар объектісі тозғанда және қолданылмай қалған қалдық элементтерін өткізу нәтижесінде пайда болған сома алғашқы шығындарға енгізіледі.[21]
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі есеп жүргізу объектісінің көлемді және күрдел ісі ғана болып қоймайды, сонымен қатар негізгі құралдардың салықтық есебімен ерекшелінеді. Қазақстан Республикасының салық кодексінде негізгі құралдар материалдық емес активтердің және активтердің құрлым бөлімі болып табылады. Қазақстан Республикасының салық кодексінің 105 бабында мына активтер анықталады:"Жиынтық жылдық табысты алу кезінде қолданылатын Бухгалтерлік есеп стандартына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру заңнамаларына сәйкес салық төлеушілердің бухгалтерлік балансында есептелген негізгі құралдар және материалдық емес активтер". Салық заңындағы тіркелген активтерді мойындау бухгалтерлік есептегі тіркелген активтерді мойындаумен сәйкес келеді, бұл бухгалтерлік есепте кейбір активтер негізгі құралдар болып табылмайтындығын және олар тіркелген активтер болып та саналмайтындығын көрсетеді. Осыған байланысты мұндай активтер 2006 жылдың 1-ші қаңтарындағы баланс құнында анықталып есептелінеді. Активтердің тозуы әр түрі бойынша жеке – жеке есептен шығарылады. Негізгі құралдардың ірі және күрделі объектілердегі құрылым бөлімдері әр түрлі қолдану мерзімдеріне ие, мұндай құрлымдарды ауыстыру және жөндеу әр түрлі кезеңдерде болады.[2]
Негізгі құралдарды құруды анықтау нақты жағдайларға тәуелді болады. Жеке түрде көрсетілген активтерді белгілі есеп жүйесіне біріктіруге болады. Егер ұйым негізгі құралдар объектісінің кейбір түрлерін жеке түрде амортизацияласа, онда бұл объектінің басқа бөліктерін де жеке түрде амортизациялайды. 16- Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартында негізгі құрал объектісінің амортизацияланатын құны ұтымды пайдалану мерзімінің ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиіс деп белгіленген. Негізгі құралдардың амортизациясы активті мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болған айдан бастап есептеледі және актив шығып қалған немесе толық амортизацияланған кезде тоқтатылады. Айта кететін жайт – негізгі құрал объектісінің амортизациясын есептеу, негізгі құрал объектісі "Сату үшін ұсталатын айналымнан тыс активтердің шығып қалуы және тоқтатылған қызмет" Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартына сатуға арналған жағдайды қоспағанда, тұрып қалулар немесе пайдалану тоқтатылған кезде тоқтатылуға тиіс.[22]
16 – Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартына сәйкес амортизация мына әдістердің бірін пайдалану арқылы есептеле алады:
- тікелей амортизация. Егер объектінің құны бүкіл қызмет мерзімі ішінде біркелкі тұтынылса қолданылады. Әдетте, үйлер мен ғимараттар үшін пайдаланылады;
- кемитін қалдық әдісі. Көбінесе моральдық жағынан тозуға елеулі дәрежеде бейім және әсіресе қызметтің алғашқы жылдарында белсенді түрде пайдаланылатын негізгі құрал объектілері үшін қолданылады.
- амортизацияны өндіріс көлеміне қарай есептеу. Әдетте, амортизацияның осы әдісін қолдануды пайдалануы компания өндірісінің көлеміне тікелей байланысты өндірістік жабдық үшін орынды болады
Негізгі құралдардың алуан түрлі объектілері үшін амортизацияның әр түрлі пайдаланылуы мүмкін. Әрбір кезең үшін амортизациялық аударымдар, егер олар басқа активтің баланстық құнына қосылмаса, шығыс ретінде танылуы тиіс. Сондай – ақ Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартының мына қағидасына да назар аудару қажет: жылжымайтын мүлік объектілерінің, үйлердің және жабдықтардың әрбір елеулі бөлігі жеке амортизациялануға тиісті. Алайда ұтымды пайдалану мерзімі мен амортизация әдісі бірдей активтердің елеулі бөлігі амортизация бойынша шығыстарды есептеу мақсатында топтарға біріктірілуі мүмкін.
Активтің
амортизациясы актив
Сөйтіп, негізгі критерийлер бойынша Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты бойынша негізгі құралдардың амортизациясы бөлігінде есепке қадамдар қазақстандық бухгалтерлік есептің стандарттарына онша көп ерекшеленбейді. №16 – “Жылжымайтын мүлік және ғимарат” Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартында амортизация есептеу әдістерінің неғұрлым ашық анықтамалары көзделген, мұның өзі олардың мәнін түсінуді оңайландырады.
Мысалы, амортизация есептеудің тіке сызықты әдісінің мәні неғұрлым толық ашық көрсетілген: тіке сызықты әдіс жылжымайтын мүлік объектілерін, үйлерді және жабдықтарды пайдаланудан алынатын табыстар оны пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде әрбір кезеңде бірдей болады, яғни объектінің пайдалылығының кемуі біркелкі жүргізіледі деп тұжырымдауға болған жағдайда пайдаланылады. 16 –Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартының 49 – тармағына сәйкес негізгі құрал объектілерінің ұтымды қызмет мерзімі кезең сайын қайта қарастырылуға тиіс және егер ұсыныстар алдыңғы бағалаулардан елеулі түрде ерекшеленетін болса, ағымдағы және болашақ кезеңдердің амортизациялық аударымдарының сомасы түзетілуге тиіс. Активтің қолданысы кезеңінің ішінде оны ұтымды пайдалану мерзімін бағалау дәл болмауы мүмкін. Мысалы, ұтымды қызмет мерзімі негізгі құралдардың жағдайын бастапқыда есептелген нормативтерден тыс жақсаратын кезекті шығындардың нәтижесінде ұзартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда ұтымды қызмет мерзімі және тиісінше амортизация нормасы ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін түзетіледі. Іс жүзінде кәсіпорындардың негізгі құрал объектілерін пайдаланудың ұтымды мерзімі өсу жағына қарай қайта қарастырылады.
Ұтымды
пайдалану кезеңінің ұзақтығын
бағалау есептілікті
Бірден айта кететін жайт – компанияның негізгі құралдардың күтілген қызмет мерзімі туралы шешімі маманның активті пайдалану процесінің бүкіл ерекшеліктерін біле алмайтындығына орай бір маманның шешімі болып табыла алмайды. 16 – Халықаралық Есептіліктің Қаржылық Стандарты активті пайдаланудың ұтымды мерзімін анықтаған кезде негізгі құрал объектісінің қолданыс мерзімінің ұзақтығына ықпал ететін мынадай факторлардың кешенін назарға алуды ұсынады:
- активті пайдаланудың күтілетін қарқындылығы (активтің қуаттылығы және оны пайдалана отырып өндірістің жоспарлы көлемі);