Негизги куралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Байтемирова Аксауле негізгі құралдар.docx

— 229.70 Кб (Скачать)




                                                                                     (мың теңге)

5- кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 2009 жылға қарағанда 2010 жылы едәуір көбейіп отыр. Бұл «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының қызметін жүзеге асыруға қажетті негізігі құралдар сатып алғандығын көрсетеді. Яғни, «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалда негізгі құралдардың өсуі оны сатып алумен байланысты болып отыр.  Негізгі құралдар ішіндегі үлес салмағы жағынан үлкен орынды  үйлер мен ғимараттар 16513,1 мың теңге немесе 238,7% алып отыр. Басқа да негізігі құралдар 526,8% өскен. Филиалдың негізгі қорлары айтарлықтай біршамаға өсті деп айта алмаймыз. 2010 жылға қарағанда 2011 жылы едәуір көбейіп отыр. Бұл филиалдың қызметін жүзеге асыруға қажетті негізігі құралдар сатып алғандығын көрсетеді. Яғни, филиалда қорлардың өсуі оны сатып алумен байланысты болып отыр.  Негізгі құралдар ішіндегі үлес салмағы жағынан үлкен орынды көлік құралдар 8710,8 мың теңге немесе 1120,8% алып отыр. Машина мен жабдықтар 456,5%, үйлер мен ғимараттар 103,1 пайызға, басқа қа негізігі құралдар 660,3% өскен. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының негізгі қорлары айтарлықтай біршамаға өсті деп айта алмаймыз.

Талдау  жүргізудің келесі әрекеттері баланс пассивтерін құрылу көздерін талдау болып табылады. Бұл кезде «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының мүлкінің кетуін, қарызға алған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау қажет. Филиалдың міндеттемелерінің өсуі филиалдың қаржылық жағдайының төмендеуіне, керісінше міндеттемелердің төмендеуі қаржылық жағдайының жоғарлауына әкеледі.

Ал пассивтерді  құрау көздерінің құрамы мен құрылымы баланстың пассив бөлімінің, яғни қысқа  мерзімді міндеттемелері мен ұзақ мерзімді міндеттемелерін талдауды қажет  етеді, бұл көрсеткіштерді біз келесі 6-кестеден көре аламыз:

 

Кесте 6 

2009-2011 жылдар аралығындағы «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының баланс пассивінің құрау көздерінің құрамы мен құрылымы

 

 

 

 

Көрсеткіштер

 

2009

жыл

 

2010

жыл

 

2011

жыл

2009 –2010 жылдар аралығы

2010 –2011 жылдар аралығы

ауытқуы

    (+,-)

өсу қарқыны

%

ауытқуы

(+,-)

өсу қарқыны%

Пассивтің

құны барлығы

106486,6

152063,5

45576,9

45576,9

142,8

-1474,2

69701,9

Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

32968,9

 

82361,6

 

150589,3

 

49392,7

 

249,8

 

68227,7

 

182,8

Ұзақ мерзімді

Міндеттемелер

 

73517,7

 

69701,9

 

0

 

-3815,8

 

94,8

 

69701,9

 

0





                                                                                     (мың теңге)

 

Пассивтің құны барлығы 2009 жылы 106486,6 мың теңге, үлес салмағы 100 % болды. 2010 жылдың соңында бұл сома – 45576,9 мың теңгеге артқан, үлес салмағы 100% құрады. Мұндай жағдайда «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының міндеттемелерінің азайғанын көреміз. Қысқа мерзімді міндеттемелердің 2009 жыл басындағы құны 32968,9 мың теңге, үлес салмағы 30,9% болды. 2010 жылы бұл сома 49392,7 мың теңгеге не 249,8% артқанын көреміз. Ал, ұзақ мерзімді міндетемелер 2009 жылы 737517,7 мың теңгені құраса, 2010 жылы ұзақ мерзімді міндеттемелері – 3815,8 азайған. Бұл көрсеткіштерден, біз «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұзақ мерзімді міндеттемелері 2010 жылы азайғанын, ал қысқа мерзімді міндеттемелерінің біршама көбейгенін байқаймыз. Пассивтің құны барлығы 2010 жылы 152063,5 мың теңге, үлес салмағы 100 % болды. 2011 жылдың соңында бұл сомма -1474,2 мың теңгеге кеміген, үлес салмағы 100% құрады. Бұдан «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының  міндеттемелерінің азайғанын көреміз. Қысқа мерзімді міндеттемелердің 2010 жыл басындағы құны 82361,6 мың теңге, үлес салмағы 54,2% болды. 2011 жылы бұл сома 68227,7 мың теңгеге не 182,8% артқанын көреміз. Ал, ұзақ мерзімді міндетемелер 2010 жылы 69701,9 мың теңгені құраса, 2011 жылы ұзақ міндеттемелері жоқ. Бұл көрсеткіштерден, біз «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұзақ мерзімді міндеттемелерінің өзгермегенін, ал қысқа мерзімді міндеттемелерінің біршама көбейгенін байқаймыз. Сондықтан да «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының үшін ол оң нәтиже деуге болады .

 

 

1.2 «ҚТЖ ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының есеп саясаты

 

Қазақстанның Қаржылық  Есептіліктің Халықаралық Стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудін қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір филиалдың техникалық базасына, олардын шешетін міндеттемелерінін күрделілігіне, басқарушы кызметкерлердің біліктілігіне карап нақтыланған.

Филиалдың бастапқы бакылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған корытынды шолу фактілері филиалдың есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Баскаша айтқанда, есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Бухгалтерлік  есеп жүйесін жүргізудің жалпы кағидасы мен ережесі нормативтік-құкықтық кұжаттарда белгіленген.

Оларды  жүзеге асыру барысында накты филиалдың есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

- филиалдың өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (филиалды өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);

- толассыз кызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша кандай да бір қабылданатын шешім, филиал өз кызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қыскартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);

- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын керсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

- шаруашылық кызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне карамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).

Пайдаланатын  есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы –филиалдың кызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы кызметтің тиімділігін реттеу максатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.[6]

Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек яғни әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын.

Әдістемелік аспектісі деп филиалда өнімнің өзіндік кұнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің калай жүзеге аскандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік кызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның филиалды баскару құрылымындағы алатын орнын айтады.

Есеп  саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және халықаралық қаржылық стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен тандап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, филиалдың өзі есеп жүргізудің үрдісін дербес әзірлей алады.

«Атырау магистральдық  желі бөлімшесі» филиалының бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады:

- келіп түскен негізгі кұралдар объектісін бағалау - Қаржылық есептіліктің Халықаралық №16-шы "Негізгі кұралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, пайдалануға берілген және филиалдың сатып алуға төлеген нақты шығындар негізінде, негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны анықталады;

- құрылтайшылардың берген объектілері олардың өзара келісімі бойынша;

- тегін берілген объектілер – эксперттік жолмен немесе алыс-беріс актілерінің мәліметі бойынша; ал филиалдың өзі дайындаған объектілерін –нақты өзіндік кұны бойынша;

- айырбас нәтижесіде алынған объектілер – ағымдағы бағалары бойынша анықталады;

- негізгі құралдың амортизациясы – Қаржылық Есептіліктің Халықаралық №16-шы "Негізгі құралдардың есебінің" стандарттарындағы әдістемелік ұсынысына сәйкес, амортизацияны есептеудің келесідей тәсілдерінің бірін немесе бірнешеуін пайдалануына болады: құнын есептен шығарудың біркалыпты (түзу сызықты) әдісі; құнын есептен шығару үшін орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелінетін әдісі (өндірістік әдіс); құнын есептен шығарудың сандык сомасы бойынша есептелінетін әдісі (кумулятитівтік әдіс); қалдық құнын азайтатын әдісі. Екі және одан да көп әдісті пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтін тәсілін және негізгі құралдың кандай түрі бойынша пайдаланатындығын керсету керек. Негізгі құралдың бір түрі бойынша амортизацияны есептеудің бір ғана әдісі пайдаланады; негізгі кұралдың бір түрі бойынша амортизациялаудың әртүрлі әдісін пайдалануға болмайды; пайдалы қызмет ету мерзімі-кезеңі, негізгі құралды пайдаланудан алынатын экономикалык олжаны жобалау кезеңі; жою құны – есептен шығарылуымен байланысты шығындары, негізгі құралды жою барысында алынған қорлар бөлшектердің, кайтып пайдалануға жарайтын құндылықтардын құнын алып тастағаннан шығады;

- негізгі құралдарды жөндеу – жөндеу жұмысын жүргізудің кезендігі мен жөндеу жұмысының мерзімі; негізгі құралды жөндеуге арналған резерв қорларын жасауы; жөндеуді жүргізудің тәсілі туралы мәселені филиалдың өзі шешеді;

- материалдық емес активтердің амортизациясы – әрбір материалдық емес активтердің әрбір түрінің пайдалануына қарап пайдалы мерзімі және амортизацияны есептеу әдісін әрбір филиал өз бетінше анықтай алады;

- болашақ кезеңнің шығыстары – кезеңдері нақты анықталмаған жағдайда, кезең барысында ол өнімнің (жұмыстың, кызметтің) өзіндік кұнына жатқызылуы мүмкін немесе басқа да көздерінің есебінен (тау-кен дайындық жұмыстарына кеткен шығындарына, жаңа өнім түрін игеруге кеткен шығыстарына, жерді игеруге кеткен шығындарына) есептен шығарылуы мүмкін, бірақ аталған жағдайлардың барлығы да, яғни олардың кезеңін және есептеп шығару тәртібін филиалдың өзі аныктайды;

- алдағы шығыстар мен төлем резервтері – филиалдың кандай резервтерді және қандай көлемде кұруды және олардың пайдадану тәртібін анықтап өзі шешеді (кезекті демалысқа акы төлеу резервтері, көп жылғы сіңірген еңбегі үшін марапаттау шығыстары, маусымдық салаларда дайындық жұмыстарын жүргізуге кеткен өндірістік шығындары және баскалары);

- күмәнді қарыздар бойынша резервтері – филиал түгендеу мәліметтерінің негізінде дебиторлық қарыздардың қандайда күмәнді болып табылмайтындығын, резервтерді кұрудын әдісін және резервтеуге жататын шығындарын өзі тандай алады;

- қаржылық инвестиция–филиалдың ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны есепке алудың жолдарын өзі қарастырады: қайта бағаланатын кұнын ескере отырып, сатып алу құны бойынша немесе ағымдағы мен сатып алу кұндарынан алынған ең кіші бағасы бойынша; ұзақ мерзімді инвестицияның қайта бағаланған сомасын қалай көрсетудің мәселесін шешеді: демек ол табыс ретінде де, немесе таратылмаған табыс ретінде болуы мүмкін.

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясын есептеудің әдісін филиалдың өзі таңдайды: үлестік қатынасу әдісін немесе құндық әдісін.

- табысты тану – деп аталатын Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттына сәйкес (ҚЕХС) табыстар келесідей жағдайларды сақтаған кезде танылады: табыс сомасы барынша дәлденген деңгейі бойынша бағаланады; экономикалық олжа жасалған мәмілемен байланысты, сондықтан оны алу ықтималдығы бар болса ғана, оны субъекті алады. Жалпы қағидасымен қатар, кейбір операциялары бойынша, табысты танудың қосымша жағдайлары қарастырылуы мүмкін:

- тауарды  сату бойынша – субъектінің сатып алушыға меншік құқығын беру; мәміле бойынша күтілетін немесе нақты шығыстар, барынша дәлденген деңгейде бағалануы мүмкін;

- көрсеткен қызметі бойынша – есептік күнге жасалған мәміленің біту сатысын барынша дәлденген деңгейде анықталады; мәмілені жүргізу кезіндегі жасалған және мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары барынша дәлденген деңгейде анықталады;[7]

- дивиденттер, пайыздар түріндегі табыстар – пайыздар активтерден алынатын нақты табыстарды ескеріп уакытша қатынастық негізде танылуы тиіс; роялтилер келісім-шарттың мазмұнына сәйкес есептелген әдісі бойынша танылуы тиіс; дивидендтер акционерлер оны алу құкын белгілеген жағдайда ғана танылуы тиіс. Жоғарыда аталған барлық жағдайда табысты тек есептеу әдісі бойынша танылатындығы қарастырылған. Есеп саясатының техникалық бөлігін әзірлеген кезде келесідей мәселелер қарастырылуы тиіс:

- негізгі құралдарды жөндеу есебі. Негізгі құралды жөндеу бухгалтерлік есепте, оның құнын өсірмейтін сызбасының (схемасының) бірін қолдануы мүмкін. Аталған схемалардың бірін тандау, филиалдың қай салаға жататындығымен де байланысты болып келеді;

- материалдардың есебі. Өндіріске жатқызылатын (немесе өндіріске есептен шығарылатын) материалдық ресурстарының нақты өзіндік құнын аныктау тәсілі туралы шешім кабылдау кажет: орташа өлшенген құны бойынша әдісін, арнайы теңестірілген (ұқсастырылған) әдісін таңдайды. Шаруашылық жүргізуші субъекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс;

Информация о работе Негизги куралдар