Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Филиалда негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқатартылады.[18]
2.3 Филиалдың негізгі құралдарының тозуы және амортизациясы
Негізгі құралдардың тозуын "табиғи" және "моральдық"(рухани) тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектсрінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
Негізгі құралдардың моральдық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).
Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.
Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына аталған активтерте тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:
- жерге;
- кітапхана қорларына;
- фильм қорларына;
- архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
- өнімді малдарға;
- мұражайлық құндылықтарға (заттарға).
Сонымен қатар амортизациялық аударым мынандай жағдайларда есептелмейді:
- қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (перевооружения) жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;
- негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.
Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс "амортизация" деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда "өтеу" деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады [19].
Амортизациялық аударым
Филиалдағы жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың (бірінен) бастап есептеледі.Ал филалдың балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:
Біркелкі (бір қалыпты) есептеу әдісі, егер бұл жағдайда оны тарату құны өзгермейтін болса, негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімінің ішінде тұрақты амортизация сомасын есептеу болып табылады.
Азайтылатын қалдық әдісі пайдалы қызмет мерзімінің есептік сомасының азаюына алып келеді.
Өндірістік бірлік әдісі болжамды пайдалану немесе болжамды өнімділік негізінде амортизация сомасын есептеуден тұрады.
«Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалында негізгі құралда жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасын неғұрлым дәл көрсететін әдісті таңдай алады. Таңдап алынған әдіс, осы болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасында өзгеріс болған ретерді қоспағанда, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде қолданыла алады.
Амортизациялау әдісін таңдау және негізгі құралдардың пайдалы қызмет мерзімінің бағалау білікті түрде пайымдау тақырыбы болып табылады. Тиісінше, қабылданған әдістерді және пайдалы қызмет немесе амортизациялау мөлшерінің (нормаларының) есептік мерзімдерін ашып көрсету қаржы есептілігін падаланушыларға басшылық таңдап алған саясатты тексеруге мүмкіндік беретін ақпаратты табыс етеді және басқа мекемелермен салыстырма жасауға мүмкіндік береді. Тап осындай себептер бойынша мыналарды көрсету қажет:
- амортизация шамасын, ол пайда да немесе залалда, немесе басқа активтердің бастапқы құнының құрамында кезең ішінде танылған- танылмағанына қарамастан;
- есепті жылдың соңында жинақталған амортизация шамасынын.
Біркелкі (бір қалыпты) есептеу әдісі бойынша негізгі құралдар нысандарының
құны олардың қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс немесе оралым шығындарына ай сайын біркелкі шама (норма) бойынша жатқызылады. Мұнда амортизация есептеу негізгі құралдар нысандары біркелкі тозады және оларды қызмет ету мерзімі бойына әрбір кезеңде оларды пайдаланудан алынатын кірістер бірдей болады деген шартпен, немесе нысандардың қалған пайдалығы біркелкі азаяды деп есептеледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып танылады да,мұнда амортизациялық аударымдар сомасы нысанның пайдалы қызмет ету мерзімі мен амортизациялық шамасының (нормасының) шегінде қарап анықталады да, нысанныңм амортизацияланатын құны ай сайын бірқалыпты сома бойынша есептен шығарылады. Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын олардың пайдалы қызмет ету мерзіміне қарап анықтау тәртібін келесі мысалда қарастырамыз [20].
Мысалы, филиалдың сатып алған өндірістік жабдықтың бастапқы құны – 54000 теңге, 5 жыл қызмет мерзімі соңында оның жойылу құны- 2400 теңгеге тең болады. Негізгі құралдар нысандарының жыл сайынғы амортизация сомасы біркелкі есептеу әдісі бойынша мына 1 формула негізінде анықталады:
(1)
Ай сайынғы амортизация сомасы 860 теңгеге тең (10320: 12)
Амортизацияны есептеу әдісі мекеменің есеп саясатымен белгіленіп, бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын тезірек жаңартуды ынталандыру үшін мекемелерге жеделдетілген амортизация рұхсат беріледі. Мұнда амортизация нормасы арттырылуы мүмкін, бірақ ол екі еседен артпауы тиіс.
Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын олардың пайдалы қызмет мерзімі ішінде біркелкі есептеу әдісімен анықтау жолы мен төменде 9-кестеде көрсетілген.
Кесте 9
Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын біркелкі есептеу әдісі бойынша анықтау
Бастапқы
|
Амортизация- ның жылдық сомасы |
Жинақталған амортизация сомасы |
Қалдық құн | |
Пайдалы қызмет мрезімі | ||||
1-жылдың соңында |
54000 |
10320 |
10320 |
43680 |
2-жылдың соңында |
54000 |
10320 |
20640 |
33360 |
3-жылдың соңында |
54000 |
10320 |
30960 |
23040 |
4-жылдың соңында |
54000 |
10320 |
41280 |
12720 |
5-жылдың соңында |
54000 |
10320 |
51600 |
2400 |
Егер амортизация сомасын
(10320*100%) : 54000 теңге =20%
Азайтылған қалдық әдісінің мәні – біркелкі есептеу әдісінде қолданылған амортизация шамасы (нормасы) екі еселеніп, әрқашан тек қалдық құнға қолданылады. Мысалы: Жоғарыда айтылған өндірістік жабдықтың пайдалы қызмет ету мерзімі 5 жыл. Біркелкі есептеу әдісі негізіндегі амортизациялық аударымдар шамасы( нормасы) - 20% (100% : 5) болады. Ал азайтылған қалдық әдісінде екі еселенген амортизация нормасы 40% (20% *2) тең болады да, әрбір жылдың соңындағы қалдық құнға белгіленген ставка (40%) ретінде қолданылады. Өндірістік жабдықтың бастапқы құны 54000 теңге және жойылу құны - 2400теңге былай анықталады: Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын азайтылған қалдық әдісі бойынша мәліметтер 10-кестеде көрсетілген:
Кесте 10
Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын азайтылған қалдық әдісі бойынша анықтау
Бастапқы құн |
Екі еселенген амортизация сомасы |
Қалдық құн | |
Пайдалы қызмет мерзімі | |||
1-жылдың соңында |
54000 |
54000*40%= 21600 |
32400 |
2-жылдың соңында |
54000 |
32400*40%= 12960 |
19440 |
3-жылдың соңында |
54000 |
19440*40%= 7776 |
11664 |
4-жылдың соңында |
54000 |
11664* 40%=4666 |
6998 |
5-жылдың соңында |
54000 |
6998- 2400 = 4598 |
2400 |
Ескеру керек, бесінші жылы біз 6998 теңгеден 40% амортизация сомасын есептесек, 2799 теңге тең соманы аламыз. Толық амортизацияланбаған құн сомасына мекеме босалқылар, темір сынықтарын және басқа пайдалануға немесе сатуға мүмкін баға бойынша бағалы қалдықтарды қабылдап алуы мүмкін.
Амортизация есептеудің өндірістік бірлік әдісінің мәні – амортизациялық аударымдар тек нысанды пайдалану кезеңде ғана анықталады, яғни амортизация сомасы мен өндірістік қуаттылығының арасында тікелей тәуелділік бар. Мұнда пайдалы қызмет мерзіміамортизация сомасын анықтау үшін қажет емес. Өндірістік қуаттылығы шығарылған өнім бірлігімен, және т.б. өлшенеді.
Мысалы, жоғарыда айтылған өндірістік жабдықтың техникалық құжаттамасына сәйкес 60000 бірлік өнім өндіреді немесе 5000 сағат бойында жұммыс істеді делік. Нысанның бастапқы құны - 54000 теңге, жойылу құны – 2400 теңге. Енді осы деректердің негізінде амортизация шамасы (нормасы) былай анықталады (2), (3):
(2)
(3)
Егер ай бойына осы жабдықта 5000 бірлік өнім өндірілді, ал жұмыс уақыты осы кезеңде 417 сағат болды делік. Сонда амортизация сомасы осы кезеңде 417 сағат болды делік. Сонда амортизация сомасы осы кезеңде әрбір жағдайда есептеледі.
Өндірісте мекеме негізгі құралдар
нысандарының өндірістік қуаттылығын
сипаттайтын көрсеткіштердің
Жоғарыда көрсетілгендей амортизация есептеудің 3 әдісіне мысал келтірілген. Кез-келген филиал бұл үш әдістің бірін таңдап, негізгі құралдар амортизациясын есептей алады. Ал «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалында келетін болсам, бұл филиалдың амортизация есептеудің біркелкі (бірқалыпты) әдісін қолданады. Мысалы: «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалында сатып алған өндіріске қажетті құбырлар сатып алған, оның бастапқы құны - 190000 теңге, 8 жыл қызмет мерзімі соңында оның жойылу құны – 30000 теңгеге тең болады. Негізгі құралдар нысандарының жыл сайынғы амортизация сомасы біркелкі есептеу әдісі бойынша мына 4 формуламен анықталады:
(4)
Ай сайынғы амортизация сомасы 1666 теңгеге тең (20000: 12)
Келесі кезекте «ҚТЖ ҰК» АК «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалында негізгі құралдар нысандарының амортизациясын есептейміз яғни оны есептеуде біркелкі әдісті қолданамыз.Есептеу нәтижесін төмендегі 11-кестеден көруге болады:
Кесте 11
Негізгі құралдар нысандарының амортизация сомасын біркелкі есептеу әдісі бойынша анықтау