Негизги куралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Байтемирова Аксауле негізгі құралдар.docx

— 229.70 Кб (Скачать)

- ішкі аудиторлардың жұмысы мен оларды тексеруге қатыстырудың мүмкіндіктерін талдау;

- филиалдарда аудитті өткізудің мақсатқа лайықтылығын зерделеу;

- сарапшыларды қатыстыру қажет пе, қажет емес пе, соны анықтау;

- тәуекелділік деңгейінеи баға беру,аудиторлық тексерулердің көлемін,уақытын және табиғатын анықтау.

 

 

3.2 Зерттелген кәсіпорындағы негізгі  құралдардың аудитін ұйымдастыру

 

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сыртқы қозғалыстарының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.[32]

Негізгі құралдардың сақтау, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:

- негізі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін:

- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншікті қатынасы және өндіріс үрдісін қатысу сипаты бойынша топталандығын;

- есепте негізгі құралдардың дұрыс болғандығын;

- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс опрацияларның 
дұрыс көрсетліп құжатталғандығын;

- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есптеліп құжатталғандығын;

- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланғанын.

Бухгалтерлік есеп пен  қорытынды есепте нақты қолда  бар негізі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Аудитордың тексеру бағыдарламасы  бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға анықтауға сондай - ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағыдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымың кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дәрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжирбиесіне сүйене отырып тест жасауы керек. Тесттің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа да мүдделі жақтарнан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін сауатты және түсінікті жасалу тиіс. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының алынып, техникалық турып талдап, бухгалтерлік есеп және қортындылар қаржылық есеп мәліметтерінің тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып табылады.

Аудитор жабдықтаушы төлейтін ҚҚС-ын есепке ала отырып,негізгі құралдарды өтеусіз алу мен иелікке алуға байланысты операциялардың есептілігі мен есепте көрсетілуінің дұрыстығын жете зерттейді.Осы обьектілер бойынша, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі мәліметтеріне сай журнал-ордерде «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында көрсетілген көрсеткіштердің анықтылығы мен негізділігі тексеріледі. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалында негізгі құралдардың аудиті ең бірінші бағдарлама құрудан басталады, аудит бағдарламасын 13-кестеден көруге болады.

13-кестеде аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия  құру туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алыну көздерін анықтау тиіс. Яғни аудитор негізгі құралдарға байланысты барлық алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуын негізге алады

Кесте 13

Аудит бағдарламасы

 

Аудитордың іс-әрекетті

Ақпараттар көзі

1

Баланс көрсеткіштерінің бас кітап деректерімен сәйкестігін тексеру

Баланс, бас кітап

2

Негізгі құралдардың синтезі және аналитикалық есептердің жүргізудін дұрыстығын тексеру

Бас кітап, №12 және №10 журналордерлер,негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау сомалары есептеу  жөніндегі  жасалған кестелер,бастапқы құжаттар

3

Негізгі құралдардың сақталу және пайдалану орындарындағы барын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру

Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу коммисиясын және материалға материалды жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі және басшысының бұйрығы. Материалды жауапты тұлғамен жасаған шарт, түгендеу тізімдері және салыстыру ведомстары түгендеу актілері, қабылдап тапсыру актілері негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкалары. Негізгі құралдардың түгендеу тізімі, түрған орны пайдалану бойынша карточкалары т.б.

4

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру.

Қабылдау, тапсыру актісі (ОС 1) жөнделген, реконструкцияланған және жетілдірілген объектілер қабылдау тапсыру актісі (ОС 2), негізгі құралдардың тізімнен шығару актісі (ОС 3), автокөлік құралдардың шығару актісі. (ОС 4) негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкасы. Негізгі құралдардың есебі бойынша түгендеу карточкаларының тізімге алу (ОС 10), негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы (ОС 12) жалдаған ұзақ мерзімге негізгі құралдардың есебінің карточкасы (ОС 12-а) негізгі құралдардың түгендеу тізімі, тұрған орны, пайдалануы бойынша(ОС 13)

5

Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б.


 

 

13-кестенің жалғасы

 

1

2

3

6

Негізгі құралдардың бағалаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру

Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау, негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері, ОСІ, ОС2, ОС6 т.б.

7

Негізгі құралдарды кіріске енгізулуінің дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттамалар ОСІ, ОС2, ОС6 т.б. №12 журнал ордерлер, бас кітап

8

Негізгі құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер нормативтік құжаттар №10 журнал ордерлер, бас кітап

9

Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының негізділігін және оларда бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру.

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық жобалық сметалық хаттамалар (ақаулық ведомосі, сметалар т.б.) орындалған жұмыстың қабылдау тапсыру актілерін, мердігерлер мен шарттар, басқа да бастапқы құжаттар, "басқа да белгіленген шығындар" 3220. шот аналитика есебінің деректері "негізгі құралдарды жөңдеу" атауы бірдей 8414 және 8410 шоттар шығынының деректері.

10

Есептеудің және жалдау төлемі шоттарында көрсетілуін негізгі құралдардың жөніндегі операцияның дұрыстығын тексеру

Жалдау шарттары, жалданған "Ұзақ мерзімге жалданған" негізгі құралдардың есебінің карточкасы ОС 12-а

11

Негізгі құралдардың шығарылу есебін көрсетудің дұрыстығын тексеру

ОС 1, ОС 3, ОС 4, ОС 6, шарттар ағымдағы түгендеу нәтижелері №12 журнал -ордерлер, бас кітап.

12

Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебінің және есептелуінің дұрыстығын тексеру

Есептеу, төменгі ведомостары, салық жөніндегі есептеулер,журналдар, 1250, 3130 шоттар бойынша бас кітап


Сондай-ақ, аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:

- күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар жен 
беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және 
оны орнату);

- заңды және жеке  тұлғалардан жаңа және бұрын  пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

- тауарлы-материалдық құндылықтарға айырбастау (бартерлік 
жолымен алынған негізгі құралдарға;

- занды және жеке тұлғалардан  төлем ақысыз тегін алынған  жаңа 
және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;

- құрылтайшыларының жарғылық капиталға  қосқан үлесі ретінде 
алынған негізгі құралдарға;

- түгендеу кезінде анықталған  есепте жоқ (артық) негізгі  құралдарға;

- ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға. 
Аудитор негізгі құралдардың келіп түсу кездеріне қарай дер кезінде кіріске алу құжаттары толтырылып тіркелгендігіне көз жеткізу керек.

Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді негізгі құралдар-қозғалыстарын және техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін

(тозу, жарамдылық, шығысқа  шығару, жаңарту коэффициенттерін) және олардың тиімді пайдаланылғандығын тындаумен аяқтау қажет.

Негізгі құралдардың қозғалысын тексергенде  мыналарға ерекше назар аудару керек:

- мүліктің түрін негізгі құралға жатқызу меноларды тиістілік жағынан (меншікті әлде жалға алынған ); өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша (іс жүзіндегі не жұмыс істеп тұрмаған) , белгіленуі бойынша (өндірістік пен өндірістік емес), өндірістегі рөлі бойынша (белсенді - активті немесе бәсең – пассивті )және тағы басқа жіктеудің дұрыстығы;

- бастапқы құнды , тозуды, келісу немесе сатып алу бағасымен ( ұлттық валютамен сатып алу сәтіндегі қайта есептеу бағамы бойынша шетелдік валюта бойынша ) көрсету тізбесін;

- филиалдың негізгі құрал құрамына кірмейтін, 2523 шотында бітпеген құрылыс ретінде ескерілетін ,уақытша пайдалануды тұрған күрделі құрылыс обьектілері;

- негізгі құралдарды өтеусіз бергенде оларға ҚҚС салынуға тиістілігіне; бұған қндірістік емес сала үшін сол салықпен бірге иелікке алынғанды өтеусіз беру кірмейді ( беретін тарап ҚҚС-ны төлеуші болып табылады.және тағы басқа )

Тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:

- мүлікті жалға беру жал шарты бойынша жасалады және кабылдап- тапсыру актісімен беріледі (жалға алынған обьектілердің қызмет мерзімі және жал төлемнің көлемі);

- жалға беруші мүлікті жалға тапсырудан түскен қаржылық нәтижелер пайдада немесе болашақ кезеңдердің кірісінде толтырылады.

- егер келісімшарттар жалға алушының қаржысы есебінен жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы салу қарастырылса, онда жал мерзімі аяқталған соң жалға берушіге өтеусіз беріледі, негізгі құралдарды өтеусіз беру жайлы бухгалтерлік жазбалармен рәсімделеді.

- ағымдағы жолда жалға алынған негізгі құрал есебі баланстан тыс «Жалға алынған негізді құралдар» шотында жал шартында белгіленген бастапқы бойынша жүргізіледі.

- ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар есебі «Ұзақ мерзімдік жалға алынытын негізгі құралдар» аралық шотында, ал жал төлемі бойынша есептеулер (жалға беруші де) «Түсуге тиісті жал міндеттемелері» шотында жүргізіледі.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін  анықтау тексерудің маңызды процедураларының бірі болып табылады.Бұл үшін аудиторға  әртүрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэфиценттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне  мәнді талдау жүргізу керек.

Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғандығын қорытындайтын көрсеткіш қор қайтымдылығы болып табылады. Аудитор бұл көрсеткіштердің зерттелгендігін, қор қайтымдылығы-жоғарылатуға бағытталған кешенді шаралар жасалып және оның жүзеге асырылғандығын тексеруі тиіс. Сондай-ақ, аудитор негізгі құралдарды пайдаланудың тәртібін бұзушылыққа және сыздыққа жол берілгендігін, өндірістік мақсат үшін сатып алынған шаруашылық мүліктерін және басқа да мүліктерді шаруашылықтың жұмыскерлеріне заңсыз жеке басына пайдалануға берілген жағдайдың орын алмағандығын анықтауға тиіс. Бұндай фактілер кездескен жағдайда мүліктерді пайдаланған тұлғалардан төлем ақы алынғандығын анықтау керек.[33]

Аудитор негізгі құралдардың  белсенді бөлігін пайдаланудын, тиімділігін әкстенсивті жолмен де, интенсивті (екпінді) жолмен де көтеру арқылы жететін талдауға ерекше назар аударуға міндетті.

Негізгі құралдардың нақты бар  жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің  «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын  ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуіші субъект өз бетінше жұйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен  баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде бір рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгелдеу жүргізіледі.

Мүліктік түгендеу міндетіне негізгі  құралдардың нақты барлығы техника  жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтер мен салыстыру  шаралары да жатады. Негізгі құралдардың  нақты бар жоғы және техникалық жағдайы  туралы мәліметтер «Негізгі құрал жабдықтарды  мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін  субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық  аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары беріліуі тиіс. Жалға  берілген немесе алынған, сақталған  немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа қүжаттардың нақты бар  жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгелдеу төменде көрсетілген.

Информация о работе Негизги куралдар