Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
- активтердің негізгі құралдарға жатқызылуының, олардың өндірістік процеске қатысуына байланысты топтастырылуының дұрыстығына;
- есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланатындығына;
- негізгі құралдардың келіп кірістелу және шығысталу операцияларының есепте дұрыс тіркелуі мен көрсетілуіне;
- негізгі құралдардың тозуымен жөндеуін есепте дұрыс есептелгендігіне және көрсетілуіне;
- негізгі құралдарды пайдаланудың дұрыстығымен тиімділігіне;
- негізгі құралдардың бар болуы және қозғалуы туралы мәліметтердің бухгалтерлік есеп пен есеп беруде дұрыс көрсетілуіне.
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орындары филиалға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субьектісінің филиалдың көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Жалпы аудит
туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы
осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды.
Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне
тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит
аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар
мен тапсырушылармен келісім-
Осы орайда аудитор сол филиалдың қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі – ол, шаруашылық субъектілсрі. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар – филиалдың, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иелері. Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор филиалдың немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл белінеді. Оған себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекетке салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттік әлеуметтік қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады.
Шаруашылык. субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгенде, оның негізгі мақсатьі бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жагдайы. Оның нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес оның ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит кызметін атқарушылар - жеке аудиторлар, және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің.кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы кандай жағдайға іске асырылғандығы? - деген сұрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы тұрғыдан карастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Бірншіден, филиалдың басшылары өзінің және кәсіпорын жұмысының оның, қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылык жағдайын білуге құштар. Нарықты қатынас жағдайында салиқалы филиалдың, филиалды нақты жағдайын білмей сыбайлас жемқорлыққа қарым-қатынастыққа бармайды.[28]
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі филиалдың шаруашылығындағы ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқтьі өте қажет жұмыс тәртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Онын, ұйымдастыру ерекшеліктері:
- шаруашылык субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;
- аудитор маманы мен филиал басшылары келісім-шарт жасасып:
а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;
ә) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;
б) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.
Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты - ол, филиалдың шаруашылығы туралы құралган мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты филиалдың экономикалық саясатының, орындалуға бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалуына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі
аудит қызметі қалыптасқан
Қорыта келгенде, ішкі аудит филиалдың саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге ете қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның қүрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемслік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, филиалдың экономикалық саясатына байланысты болады. Ішкі аудит жағдайын өз кезегінде "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, оңда ішкі аудит тобының құпиясы, міндеті бір жағынан, екінші жағынан филиалдың басшыларының, құқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі мақсаты, жұмыс көлемі, ішкі бақылауындағы және анықталган экономикалық қатынастарға жауапкершілігі белгіленген.
Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметксрлері қатысуы қажет, Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, Бұл құжаттың, жоғарғы сатыдан құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп, көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның, құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.
Аудитордың
негізгі қызметі өндіріс
Инвестицияның дұрыс және тиімді пайдалануы, филиалдың мүлкінің, материалының түгелдігін, еңбек және ақша, қаржы ресурсын дұрыс пайдалану, салық саясатын және салық сомасын дұрыс есептеуді бақылау тобы болып; арнайы қаржы ақпаратын бақылау, арнайы тексеруші және тексеру тобы болып бөлінеді. Аудит қызметі барысында бұл ішкі аудит топтары, тапсырушының қойған міндетіне, талабына сәйкес жұмыс жасай береді. Әрине, мамандар біліктілігіне байланысты, олар барлық саланың жұмысына әмбебап болғаннан кейін аудит қызметінің, сапасы да, жоғары орындалуы да жедел болады.
Ішкі аудит тобы шаруашшык субъектілерінің және филиалдарының қаржылық ақпаратын нақты, жүйені тексеріп отырады. Олар, сол филиалдың құрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан өзінің қызметі мен кәсіпорын сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, онын, берген кеңесі, ұсынысы кәсіпорын қаржылық жағдайының, филиалдың тұрақтылығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушылармен есеп айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен, дебиторлармен, кредиторлармен есептесу процесі тексеріледі. Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бақылап, тексеріп отыру, құнды қағаз әрекеттеріне тексеру жүргізеді. Осы орайда құнды қағаз әрекеттерінің ерекше дамуына сәйкес ішкі аудит қызметінде құнды қағаз биржасындағы оның бағасының толқуы, соған сәйкес қүнды қағаз пакетін сатып алу немесе сату барысына жүйелі бақылау жасап, филиал өзінің ұсынысын жасап отырады. Бұл өз бетінше ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.[30]
Әрине, ішкі аудиттің күнделікті жұмысы ол - филиалдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыруына күнделікті дүрыс жүргізілуін, материалдармен және мамандармен қаматамасыз етуін бақылап, қадағалап, тексеріп отыру. Ішкі аудитгің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын бухгалтерлік есеп фирмасын, алғашқы есеп немесе бухгалтерлік құжатгау барысын, есеп кестесін толтыру тәртібін, екі жақты жазудың дұрыстығын, Бас кітапты жүргізуді, бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.
Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, филиалда басқару жұмысының құндылығын, тиімділігін анықтау. Осы тұрғыдан, филиалдың басқару жүйесі, қызметкерлердің міндетін бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау жасап, басқару құрылымын жақсарту, жетілдіру мақсатымен өздерінің ұсынысын жасайды. Мамандар дайындауға олардын біліктілігін, іскерлігін жетілдіруге, қайта дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Қорыта келгенде, ішкі аудит қызметі филиалдың шаруашылығын жан-жақты түгел қамтыйды. Өндірістік бригада, цех, жеке бөлімдер шаруашылығынан бастап олардың мемлекет заңын, нормативтік қүжаттар талабын қалай орындалатынына бақылау жасап, өндіріс техналогиясына талдау жасайды.
Аудиторлық қызметтің ең озық түрлерінің біріне опероциондық аудит жатады .Мұндай аудит кәсіби қызмет көрсетудің ең күрделі түрлерінің бірі әрі ұйымдастырылуы мен әдістерінде,кезеңдерінде оның өзіндік ерекшелігі болады.
Эккаутинг және контроллинг сияқты басқа да белгілі аудит түрлерінен опероциондық аудиттің айырмашылығы: ең алдымен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің жеке операциялары мен белгілі бір процестерін,кезеңдерін циклдерін, бақылау мен талдау,тксеру бойынша өзіндік ерекшелігі бар сала болып табылады.
Функционалдық
аудит шаруашылық жүйесінің
Ішкі
аудит ережесін дайьшдауға шаруашылық
субъектілерінің жауапты
Операциондық аудиттің түрлерін, нұсқаларын және фазаларынын жіктеу 5-суретте көрсетілген:
Сурет 5.Опероциондық аудиттің түрлері, нұсқалары және фазаларынын жіктеу
Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру,жоспарлау, жүйелі зерделеу,мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау,пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.
Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамассыз етуі тиіс:
1)ішкі
бақылаудың тиімділігі,
2)орындалуы
тиіс бақылау процедурасының
көлемі мен өткізу уақытын,
Аудитор жалпы жоспарды тексерілетін филиалдың басшылығымен және қызметкермен ақылдасып талқылауына болады,бұл аудиттің іс-әрекетін күшейтеді әрі кәсіпорын қызметкерінің қызметімен аудиторлық процедураларды үйлестіреді.Аудитор жалпы жоспарды сапалы жасауына және болжалды жұмыс мөлшерін әлдеқайда нақтырақ анықтауы үшін мыналарды орындауы керек:
- аудиторлық тексерулерді өткізу бойынша келісімшарттағы шарттарды зерделеу;
- тексерілетін филиалдың қызметіне қатысы бар жаңа заңдардың, нұсқаулардың және басқа да нормативті актілердің аудитке тигізетін ықпалын тексеру
- өткізілетін аудиттің әлдеқайда маңызды мәселелерін бөліп алу және айрықша назар аударуды қажет ететін жағдайларды түсіну;
- шаруашылық жүргізуші субьектінің ішкі аудиті мен есептік жүйесіне қаншалықты сенетінін анықтап алу керек;