Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
- басқарушы есеп. Есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен қоса, оның есеп беру талабына сай келетін үйлестірілген регистрлері де жоқ, сондықтан оны ішкі бақылау мен жоспарлау мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, филиал ол үшін шоттардың Бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын қолдануына болады. Бірақ ол кезде филиалдың құрамы, құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі;
- өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебінің әдісі. Филиалды калькуляциялау мен есеп объектісін, шығындарды жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Филиалдың өзінің негізгі қызметінің сипатына байланысты өзіндік құнның калькуляциялауы мен өндіріске кеткен шығынын есептеу үшін нормативтік немесе тапсырыстық, немесе белістік әдістерінің бірін немесе бір нешеуінің үйлескен түрін тандай алады.
Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шалафабрикаттық немесе шалафабрикатсыз нұсқасымен жүргізілуі мүмкін.[8]
- үстеме шығыстарын есептеу және тарату. Филиалдың "Тауарлы-материалдық қорлардың" Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарында келтірілген әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс кызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымшалар мен езгерістерді енгізуге құқылы; кұрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай кеп болмаса, онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалық мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне пара-пар (пропорционалды) етіп, тікелей материалдық шығыстарына пара-пар етіп, тікелей нақты еңбек ақы шығыстарына пара-пар етіп, немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалға, бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффициенттері бойынша;
- мүліктер мен міндеттемелерді түгендеу. Міндетті түгендеумен қоса, құндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде филиал олардың кезектілігін, түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді.
2 «ҚТЖ ҰК» АҚ «АТЫРАУ МАГИСТРАЛЬДІК ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ» ФИЛИАЛЫНЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ МЕН АМОРТИЗАЦИЯСЫ
2.1 Филиалдың негізгі құралдарын бағалау және оның есебін ұйымдастыру
16 «Негізгі құралдар» IAS Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттына сәйкес негізгі құралдар - өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді.
Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады. [9]
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а ) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалары);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;
ғ) құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);
е) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер
(ұйымның сатып алған жер
и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары) [10].
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер филиалдар мен филиалдар негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, оңда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол филиалдың атқаратын қызметі саласыңдағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни филиалдың өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Филиал уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс
Негізгі құралдардың бастапқы кұны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл филиалдың белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады. Ағымдағы құн бұдан әрі құрылыс пен өндірістің құны өзгеруі негізінде, еңбек өнімділігін артуына байланысты, инфляцияға және тағы басқа факторларға байланысты бағаның өзгеруі негізінде белгіленуі қажет.
Нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесінде филиал активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан негізгі құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл филиалдың бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады. Негізгі құралдар нысанының баланстық құнына шығындарды тану, ондай нысан керек жерге жеткізіліп, мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде тоқтатылады.Сөйтіп, негізгі құралдар нысанын пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы нысанның баланстық құнына қосылмайды. Негізгі құралдар нысанының баланстық құнын тану мынадай жағдайда міндетті түрде тоқтатылуы тиіс: шығып калғаннан кейін; оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі
құралдардың пайдалы қызмет атқаратын
мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай
оның жалпы жағдайына әсер ететіндей
қосымша күрделі қаржы
ә) Қазақстан Республикасы Үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда. [11]
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау
(индексациялау) кезінде оның осы
кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп
шығаруға кететін құны анықталады.
Бұл негізгі құралдардың
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі.
Қайта бағалау жүргізілген күні
ұйымда негізгі құралдарға есептелінген
тозу сомасы негізгі құралдардың
құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі.
Қайта бағалау сомасы негізгі
құралдардың пайдалану
7- кестеде «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша шаруашылық операциялар көрсетілген:
Кесте 7
Негізгі құралдарды қайта бағалау барысында бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№№ 1 |
Операциялар мазмүны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
2 |
3 |
4 | |
1 1 |
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының өсуі |
2411.00-2417.07 |
5420.01 |
2 2 |
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың бағасының кемуі |
5420.01 |
2411.00-2417.07 |
33 |
Қайта бағалау негізінде негізгі құралдардың тозу сомасына енгізілетін түзетулер |
5420.01 |
2421.01-2425.06 |
Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыруы - тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.[12]