Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
- Бухгалтерлік есеп басқармасы. Осы басқарманың негізгі функциялары – бухгалтерлік есеп беруді және есептілікті ұйымдастыру, бухгалтерлік есептің күйін талдау;
- Өндірісті жабдықтау басқармасы. Осы басқарманың негізгі функциялары – компания филиалдарының қажетті тауарлы-материалдық игіліктермен, қызметтермен және жұмыстармен уақытылы қамтамасыз ету болып табылады.
Филиалдың техника-экономикалық көрсеткіштері деп өндіріс құрал-жабдықтарының даму деңгейінің ұйымдастыру әдісінің және басқарудың қол жеткізген жетістіктерін сипаттауды айтады. Бірақ экономикалық әдебиеттерде техника экономикалық термині «техникалық-ұйымдастырушылық» деп те көрсетіледі. Бұл көрсеткіштердің барлығы да өндіріс деңгейін сипаттайды, сондықтан аталған ұғымдар бір-біріне өте жақын синонимі болып келеді. Техника-экономикалық көрсеткіштер өндіріс аясын барлық қызметін қамтиды, яғни техникалық пен ұйымдастырушылық деңгейімен қатар ол сол филиалдың сыртқы экономикалық, әлеуметтік және табиғи жағдайларын да сипаттайды. Техника-экономикалық көрсеткіштерінің деңгейі артса, онда өндіріс процесіндегі басты үш элементтің (еңбек, еңбек құралдары мен еңбек заттары) жиынтығы артады.
Бұл көрсеткіштердің
барлығы да өндіріс деңгейін сипаттайды,
сондықтан аталған ұғымдар бір-
Енді біз өзіміз зерттеп отырған филиалға, яғни «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалына техника-экономикалық тұрғыда сипаттама берейік.
Төмендегі 1-кестеде «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғандағы техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген:
Кесте 1
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
(мың теңге)
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2010 жыл |
2011 жыл |
2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда | |
Ауытқуы (+, -) |
Өсу қарөыны,% есебімен | ||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
мың теңге |
421114,7 |
539362,4 |
118247,7 |
128,0 |
Өнімнің өзіндік құны |
мың теңге |
384067,2 |
505252,1 |
121184,9 |
131,5 |
Жалпы табыс |
мың теңге |
37047,4 |
34110,3 |
-2937,1 |
92,0 |
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар |
мың теңге |
100,0 |
- |
- |
- |
Таза табыс |
мың теңге |
-3112,4 |
-2077,4 |
1035 |
66,7 |
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны |
мың теңге |
31047,2 |
48086,7 |
17039,5 |
154,8 |
Қор қайтарымдылығы |
% |
13,5 |
11,2 |
-2,3 |
82,9 |
Қор сыйымдылығы |
% |
0,7 |
0,08 |
-0,62 |
11,4 |
Осы берілген 1-кестедегі көрсеткіштерге талдау жасасақ, 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс 118247,7 мың теңгеге немесе 128,0 % өскенін, ал жалпы табыс -2937,1 мың теңгеге не 92,0% кемігенін көреміз. Оның себебі, өнімді өткізуден түскен табыс өнімнің өзіндік құнына қарағанда төмен болуына байланысты жалпы табыс құнының азайғанын көріп отырмыз. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны филиалдың негізгі құралдарының орташа көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша филиалдың негізгі өндірістік қорлардың 17039,5 мың теңгеге, яғни 154,8% артқан.
Ал, қор қайтарымдылығын өнімді өткізуден түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың қатынасы арқылы есептейтін болсақ, қор сыйымдылығын, керісінше, негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын өнімді өткізуден түскен табысқа бөлу арқылы табамыз.
Филиалдың қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – филиалдың барлық мүліктерінің және оны жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Филиалдың активтерін активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш-мобильді қаражаттар қатынасының коэффиценті. [4]
Баланс мәліметтері (қосымша 1) бойынша активтерінің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құралады. Филиалдың соңғы 3 жылдағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдаймыз. Осыған сәйкес, төмендегі 2-кестеде 2009-2011 жылдардағы филиалдың активтерінің құрылымы мен құрамы туралы көрсеткіштері берілгенін көре аламыз:
Кесте 2
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы баланс активтердің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 Жыл |
2009 –2010 жылдар аралығы |
2010 –2011 жылдар аралығы | ||
ауытқуы (+,-) |
өсу қарқыны % |
ауытқуы (+,-) |
өсу қарқыны% | ||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Активтердің құны, барлығы |
115600,8 |
158065,3 |
154513,6 |
42464,5 |
136,7 |
-3551,7 |
97,7 |
Ұзақ мерзімді активтер |
31836,2 |
31228,6 |
57994,9 |
-607,6 |
9,8 |
26766,3 |
185,7 |
Ағымдағы активтер |
83764,7 |
126836,7 |
96518,7 |
43007,2 |
151 |
-30318,0 |
76,0 |
Осыған сәйкес, жоғарыдағы 2-кестеде «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы баланс активтердің құрамы мен құрылымының көрсеткіштерін төмендегі 2-суретте көрсетілген:
Сурет 2. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы баланс активтердің құрамы мен құрылымының динамикасы
Берілген 2-кесте және 2-сурет мәліметтерін ескере отырып, «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009 жылғы активтерінің құны 115600,8 теңге болатын, 2010 жылы 158065,3 теңгеге артқанын байқаймыз. Бұл филиалдың әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. 2011 жыл соңында оның сомасы 154513,6 мың теңге, яғни 97,7% немесе -3551,7 мың теңгеге кемігендігін көреміз. Бұл филиалдың әрі қарай дамуы деңгейінің төмен екендігін көрсететіндіктен, оның жұмысының теріс нәтижесін сипаттайды. Бірақ та, ұзақ мерзімді активтердің құны 2010 жыл басында 31228,6 мың теңгені, үлес салмағы 20% құраған болатын. Ал, 2011 жыл бұл сома 62%, яғни 185,7% немесе 26766,3 мың теңгеге өскенін көреміз, бұл филиал үшін оң нәтиже болып табылады .
Ағымдағы активтердің 2009 жыл басындағы сомасы 83764,7 мың тенге, ал үлес салмағы 72,5 құраған еді. Ағымдағы активтердің 2010 жыл басындағы сомасы 126836,7 мың тенге, ал үлес салмағы 80% құраған еді. 2011 жыл соңында бұл көрсеткіш сомасы 76,0%, яғни -30318 мың теңгеге төмендегенін көреміз. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда ғана филиал ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізеді. Сондықтан да, әрі қарай келесі аналитикалық кестені құрастыра отырып, «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ағымдағы активтер түрінінің құрамы мен құрылымын талдаймыз. Оны келесі 3-кестеде көреміз:
Кесте 3
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер |
2009 Жыл |
2010 Жыл |
2011 Жыл |
2009 –2010 жылдар аралығы |
2010 –2011 жылдар аралығы | ||||
ауытқуы(+,-) |
өсу қарқыны% |
ауытқуы(+,-) |
өсу қарқыны% | ||||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 | ||
Активтердің активтер, соның ішінде: |
83764,6 |
126836,7 |
96786,8 |
43072,1 |
151,4 |
-30049,9 |
76,3 | ||
Тауарлы - матер- иалдық қорлар |
50077,2 |
84672,3 |
60099,8 |
34595,1 |
169,1 |
-24572,5 |
70,9 | ||
Дебиторлық борыш |
25794,9 |
41893,1 |
24967,2 |
16098,2 |
162,4 |
-16925,9 |
59,5 | ||
Ақша қаражаттары |
7858,1 |
271,4 |
11719,8 |
-7586,7 |
3,4 |
11448,4 |
4318,2 |
Осыған сәйкес, жоғарыдағы 3-кестеде 2009-2011 жылдардағы филиалдың ағымдағы активтерінің құрылымы мен құрамы туралы көрсеткіштерін төмендегі 3-суреттен көре аламыз:
Сурет 3. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымының диаграммасы
Келтірілген мәліметтер негізінде, филиал активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. 2009 жылғы филиалдың ағымды активтеріне қарағанда 2010 жылдағы ағымды активтерінің едәуір көбейіп отыр. Бұл филиалдың қызметін жүзеге асыруға қажетті қорларды сатып алғандығын көрсетеді. Яғни, филиалда қорлардың өсуі оны сатып алумен байланысты болып отыр. Келтірілген мәліметтер негізінде, филиал активтерінің жалпы алғанда орташа деңгейін көрсетіп отыр. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындылары жасауға мүмкіндік береді: ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары 11448,4 мың теңгеге немесе 431,8% көбейген. Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, соның ішінде айналым қаражаттар сомасының көбеюі және айналым қаражаттарынның мобильдік коэффициентінің жылдам жоғарлауы филиалдың төлеу қабілетінің деңгейін жақсаратынын көрсетеді. Яғни, бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталған қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.
Филиалдың ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, филиал міндеттемелері кепілдірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың деңгейі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициенті артық болуы керек. Жалпы, филиалдың мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл филиалдың материалды-техникалық базасын құрайтын қорлары болып табылатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. [5]
Енді, филиалдың ағымдағы активтердің ішіндегі, тауарлы-материалдық босалқылары, яғни қорларының және оның құралуы көздерінің жағдайына, филиалдың олармен қамтамасыз етілуі талдайық. Оны төменгі 4-кестеде көруімізге болады:
Кесте 4
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы тауарлы-материалдық қорлармен қамтамасыз етілуі
Көрсеткіштер |
2009 Жыл |
2010 Жыл |
2011 Жыл |
2009 –2010 жылдар аралығы |
2010 –2011 жылдар аралығы | ||
ауытқуы(+,-) |
өсу қарқыны% |
ауытқуы(+,-) |
өсу қарқыны % | ||||
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Шикізаттар мен материалдар |
365,4 |
32156,8 |
31236,6 |
31791,4 |
88,0 |
-920,2 |
97,1 |
Дайын өнім |
3740,4 |
5376,8 |
25236,6 |
1366,4 |
143,7 |
19859,8 |
469,3 |
4 - кестенің жалғасы
Тауарлар |
545,4 |
23470,5 |
208,5 |
22925,1 |
43,0 |
-2139 |
0,8 |
Аяқталмаған өндіріс |
44539,7 |
15122,5 |
2325,7 |
-29417,2 |
33,9 |
-127966, 8 |
15,3 |
Басқа да қорлар түрлері |
886,5 |
8545,6 |
1092,4 |
7659,1 |
96,3 |
-7453,2 |
12,7 |
Барлығы |
50077,4 |
84672,3 |
60099,8 |
34594,9 |
169,1 |
-24572,5 |
70,9 |
4-кесте мәліметтеріне сәйкес, 2009-2010 жылдар аралығындағы филиалдың тауалы-материалдық қорларының қамтылуын талдайтын болсақ, бұл жылдардағы қорлар көрсеткіштері жағымды десек те болады. Себебі, толықтай барлық қорлар жиынтығы 2009 жылға қарағанда 2010 жыл 34594,9 теңгеге, ал өсу қарқыны 169,1%артқанын көре аламыз.
4-кесте мәліметтеріне сәйкес, 2010-2011 жылдар аралығындағы филиалдың тауарлы-материалдық қорларының қамтылуын талдайтын болсақ, бұл жылдардағы қорлар көрсеткіштері жағымсыз десек те болады. Себебі, толықтай барлық қорлар жиынтығы 2010 жылмен 2011 жыл салыстырғанда -24572,5 мың теңгеге 70,9% азайғанын байқаймыз. Бірақ та, дайын өнім 19859,8 мың теңгеге немесе 469,3% көбейген. 2010 жыл көрсеткіштерінен 2011 жыл көрсеткіштері, яғни шикізат пен материалдары, тауарлар сомасы төмен, артпағанын көреміз.
Филиалдың негізгі құралдармен қамтылуын, оның мүлігінің, құралу көздерінің жағдайына талдау жасайық. Филиалдың негізгі құралдардың қозғалысы туралы мәлімет 2009-2010-2011 жылдар үшін 5-кестеде көрсетілген:
Кесте 5
«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 2009-2011 жылдардағы негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі
Көрсеткіштер |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 жыл |
2009 –2010 жылдар аралығы |
2010 –2011 жылдар аралығы | ||
ауытқуы (+,-) |
өсу қарқыны % |
ауытқуы (+,-) |
өсу қарқыны% | ||||
Үйлер мен ғимараттар |
11899,6 |
28412,7 |
29315,8 |
16513,1 |
238,7 |
903,1 |
103,1 |
Машина мен жабдықтар |
10941,3 |
1254,5 |
5727,9 |
-9686,8 |
11,5 |
4473,4 |
456,5 |
Көлік құралдары |
8828,3 |
853,3 |
9564,0 |
-7975 |
9,7 |
8710,8 |
1120,8 |
Басқа негізгі құралдар |
100,0 |
526,8 |
3478,9 |
426,8 |
526,8 |
2952,1 |
660,3 |