Негизги куралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа

Описание работы

Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Байтемирова Аксауле негізгі құралдар.docx

— 229.70 Кб (Скачать)

- филиалдың өндірістік - қаржылық қызметтерінің жоспарларын бекіту;

- филиал қызметінің нәтижелері бойынша жылдық есептерді, аудитордың есептері мен қорынтыларын бекіту, пайданы бөлу тәртібі мен шығынды өтеу тәртібін белгілеу;

- филиалдың материалдық қаражаттарының көлемін, нысаның, сондай-ақ оларды бөлудің тәртібін белгілеу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасы мен филиалдың Жарғысында көзделген өзге іс-әрекеттер жатады.

Филиалдың қызметін тікелей басқаруды директор жүзеге асырады, яғни ол филиалдың жұмысын ұйымдастырады және берген сенімхат негізінде оны басқарады. Сонымен қатар, филиалға жүктелген міндеттерді орындау, орындаушылық және еңбек тәртібінің жағдайы және осы Ережемен белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін жауапты болады.

Филиалдың директоры:

- филиал берген сенімхат бойынша белгіленген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді;

- бекітілген жоспарларға сәйкес филиалдың қызметіне басқаруды жүзеге асырады;

- филиалға бекітіліп берілген қаражатқа өзіне берілген құқықтар шегінде иелік етеді;

- берілген өкілеттіктер шегінде филиалдың барлық қызметкерлері үшін орындалуы міндетті болып табылатын бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

- банктерде филиалдың ағымдық шоттарын ашады;

- филиал қызметкерлерінің қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария етілуден қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауын қамтамасыз етіп, құпиялық режимін сақтайды;

- белгіленген тәртіппен өзге де құқықтарға ие болуы мүмкін.

Филалдын директорына бас инженер және қаржы орынбасары  тікелей бағынады. Филиалдың директоры мен оның орынбасары өз құзыреті шегінде шығыс хат-хабарларға қол қояды. Филиалдың мемлекеттік ұйымдармен және өзге де мекемелермен қызмет маселелері бойынша хат-хабар алмасуына тек жетекшілік ететін құрлымдық бөлімшенің немесе филиал басшылығының келісімі арқылы рұхсат етіледі.[2] 

Қаржы орынбасарына бухгалтерия және кадрлар бөлімі кіреді. Филиалдағы бухгалтерия бөлімі бас бухгалтер, материалды бухгалтер, еңбек ақыны есептейтін бухгалтер, кассир-бухгалтерден құралады. Бас бухгалтер өз қарамағындағы жұмысшыларына қызметтік міндеттемелерін бекітеді. Ал, бас бухгалтер филиалдың директорына бағын ады.

Бухгалтерия бөлімінің  мамандар қызметіне жекелеп  тоқталайын:

Бас бухгалтердің міндеттері мен құқығы:

- бухгалтерлік есеп шот жоспарымен және оны қолданудағы нормативті актілер мен бухгалтерлік есеп методологиясы облысында, бухгалтерлік есепті қолданудағы нұсқауларға сәйкес, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының  2007 жылдың 28 ақпанында қабылданған Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді қамсыздандыру;

- өз уақытында және толық бухгалтерлік есептеме беру;

- қаржы-шаруашылық және коммерциялық операцияларды көрсету үшін, есеп жоспарына сүйене отырып, бухгалтерлік есептің жұмыс есеп жоспарын жасақтау;

- есеп  регистрлер жүйесін және оның тізімін құру;

- шаруашылық ішіндегі резевтерді жұмылдыру мақсатында қаржы-шаруашылық қызметін талдап жүзеге асыру;

- резервтерді фактілік қолдануда бағалау.

Бас бухгалтер  тауарлы-материалдық құндылықтарды, ақша қаражаттарын және ақша міндеттемелері мен кредиттік, есептік қаражаттарды қабылдауда қол қоюға құқығы бар. Көрсетілген құжаттар бас бухгалтердің қол қоюсыз күші жоқ, яғни орындалуға қабылданбайды. Филиалды басқарушы жазбаша түрде, уәкілетті тұлғаға қол қою құқығына бұйрық береді. Материалды жауапты тұлғаларлың (кассир т.б.) ауысуы немесе жұмысқа бекітілуі, шығуы бас бухгалтермен мақсатқа сәйкес келісіммен шешім қабылданады. Филиалдың бас бухгалтерге өз бетінше операциялар бойынша құжаттарды дайындап, орындауға шешім қабылдауға тыйым салынады, себебі қаржы тәртібіндегі заңға қайшы. Мұндай құжаттар туралы бухгалтер, филиалдың басшысына жазбаша түрде жеткізіледі, одан кейін осы құжатты есепке алу туралы жазбаша түрде мәлімет берілген жағдайда ғана орындалады. Заңсыз жасалынған операциялардың барлығына филиалдың басшысы толық жауапкершілік етеді.

Материалды  бухгалтер – филиалдың шығындарды есепке алады (журнал-ордер №10), аяқталмаған өндіріс есебін талдау, есеп беруші тұлғалардың есептемелерін (журнал-ордер №7), негізгі құрал-жабдықтардың есептемесін, амортизациялық аударымдарды (журнал-ордер №13), майлы, жанатын материалдар есебін (ГСМ) материалды жауапты тұлғалардан ЖММ бойынша есебін алып отырады.

Еңбекақыны  есептейтін бухгалтер – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын  аударады, бюджеттен тыс қорлармен,  квартал сайын есептесу және тапсыру, басқа кәсіпорынмен есептесу, салыстыру  актілерін жүргізу, жабдықтаушыларлар  мен мердігерлердің есептемелерін  жүргізу жұмыстарын жасайды.

Кассир–бухгалтер  – ақшаны алу және беру, ақша қаражаттарын сақтау, касса есептемелерін құру, қабылдау, есептеу, сақтау және бағалы қағаздарды беру операцияларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, шаруашылық келісімшарттар бойынша салыстыру актілерін жүргізу (акты сверок), айырбас шотына түскен және берілген ақша-құралдарына банк бойынша ақпарат жинау, №2 журнал-ордер бойынша құжаттарды өңдеу, банкке тапсырымдарды өз уақытында жеткізу, төлем тапсырымдарды рәсімдеу, банктен үзінділерді қосымшылармен бірге алу сияқты жұмыстарды жүргізеді.

Кассаға ақша қабылдау кассалық ордермен рәсімделіп, бас бухгалтер мен кассирдің  қолдарымен қойылып толтырылады. Кассаға  ақша түскеннен кейін төлеушіге  бас бухгалтер мен кассирдің  қолы қойылып, мөрімен бекітілген квитанция  беріледі. Кассадағы қолма-қол ақшаны алуда, шығыс касса ордері директор мен бас бухгалтердің қолымен  рәсімделеді. Ақшаны беруде ордер бойынша  кассир қол қояды, ақшаны тұлға да ордерге қол қояды. Ай сайын кіріс  және шығыс кассалық ордерінің реестрі  рәсімделеді. Бухгалтерияда кіріс  және шығыс кассалық ордерлері жылдың басынан аяғына дейін реттік тәртіп бойынша номерленеді де, оларды беруге дейін кіріс және шығыс касса  ордерлері арнайы журналға тіркеледі.

Еңбекақыны  төлеуде, төлем ведомостісі негізінде  кассадан ақша беріледі.  Ведомостпен  берілген еңбекақының барлық соммасы  шығыс касса ордеріне жазылады. Төлем  ведомосінің келесі бетінде фактілік төленген сомма мен алынудан қалған сомма, яғни депотірленген сомма  кассирмен жазбаша түрде толтырылады. Еңбекақысын уақытында кассадан алмаған жұмысшының еңбек ақысы  үш күн ішінде касссада сақталады  да, одан кейін банкке қайтаралылады. Кассадағы ақша айналымын кассир кассалық кітапта есептейді. Касса  кітабының беттері  жұп-жұбымен  нөмірленіп, тігіліп, мөрі қойылады. Кітапқа филиал директоры мен бас бухгалтер қол қояды, сондықтан касса кітабының бетін жыртуға болмайды, қате кеткен жағдайда да тәртіп бойынша түзету керек.

Кіріс және шығыс касса ордерлерін негізге  алып кіріс және шығыс ақшалар  бойынша барлық операцияларды кассир күн сайын касса кітабына тіркеп отырады. Әр операция сайын келесі жазбалар жүргізіледі: құжат нөмері; кімнен алынды; кімге берілді; соммасы. Жұмыс күнінің  соңында кассир, кіріс және шығыс  бойынша барлық айналымды касса  кітабына жазып, келесі күнге касса бойынша қалдық ақшаны шығарады. Касса кітабы екі данада, көшірілім арқылы жасалынады. Бір күн ішінде алынған нәтижеден кейін кассир касса операциялары жөніндегі есептемені бухгалтерияға есеп ретінде береді. Есептемеге кассаға бір күн ішінде түскен барлық құжаттарды қосып береді. Касса операцияларының аз көлеміндегі есептемені үш - бес күнде бір рет тапсырады.[3]

Материалды  бухгалтер, есептеме бухгалтері, кассир-бухгалтер  барлығы бас бухгалтерге тікелей  бағынады.

«Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының  ұйымдық құрылымын төмендегі 1-суреттен көруге болады.

 








 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

Сурет 1. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұйымдық құрылымы

 

Мақсаттар мен міндеттерді атқару үшін филиал мына қызмет түрлерін көрсетуі қажет:

  • филиалдың пайдалануда техникалық түзу күйде және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде қызметтерді;
  • филиалдың бригадаларының демалысын ұйымдастыру жөнінде қызметтерді;
  • маркетинг қызметді;
  • сыртқы экономикалық қызметтерді;
  • темір жол жылжымалы құрамының қос доңғалақтарын куәландыруды, қос доңғалақтарын жөндеуді және техниклық қызметтерді;
  • темір жол жылжымалы құрамын қысқа кезеңде жұмыс істеуге дайындау бойынша қызметтер көрсетуді.

 «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалы бұл магистральді және станциялық жолдарды және олардың пайдалануын қамтамасыз ететін электрмен жабдықтау, сигнал беру және байланыс объектілерін қамтитын магистральді темір жол инфрақұрылымы болып табылады. «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалы жекешелендіруге жатпайды және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының құрамында қала береді.

Негізгі міндеті  – поезд ағындарын өткізу болып келетін басты жолдарын және жасанды құрылыстарын, аралықтағы электрмен жабдықтау құрылғыларын, аралықтары байланыс және сигнал берудің техникалық құрылғыларын қамтитын магистральдік инфрақұрылымды жүзеге асыру.

Филиалдың негізгі  міндеттеріне төмендегілер жатады:

- магистральді торапты пайдалану қызметтерін көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау;

- магистральды торап объектілерін пайдалану және жөндеу талаптарын және күтіп ұстау нормаларын реттейтін нормативтік техникалық құжаттамаларды жетілдіру;

- поездардың белгіленген жылдамдықты толассыз және қауіпсіз қозғалысына кепілдік беретін, магистральді торап құрылыстарын, құрылғыларын және басқа да объектілерін тиісті күйде сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру;

- поездар қозғалысының қауіпсіздігін көтеруге, техникалық жабдықтардың сенімділігін арттыруға және магистральді темір жол торабының құрылыстары мен құрылғаларын Қазақстан Республикасының техникалық пайдалану талаптарына сай келтіруге арналған техникалық шараларды жетілдіру және іске асыру;

- материалдық ресурстарды үнемдеу, жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын қайта пайдалану, жол шаруашылығы үшін бөлшектер жасау және олардың қалпына кертіру, техникалық жабдықтарды күрделі жөндеу және оларды ең тимімді пайдалану жөніндегі шараларды жетілдіру және іске асыру;

- электрмен жабдықтау құрылғыларын, телемеханика, автоматика, сымдық және радио байланыс құралдарын және темір жолды пайдалану, дамыту және қайта құру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру;

- байланыс, сигнал беру және электрмен жабдықтау құрылғыларын, жолды күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын бақылау.[3]

Филиалдың құрамына кіретіндер:

- Жол дистанциясы. Жол басқармасының негізгі функциялары темір жолды, инженерлік құрылыстарды, белгіленген жылдамдықты және жарамды сенімділікпен жұмыс істейтін, қажетті өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін күйде сақтау болып табылады;

- Белгі беру және байланыс дистанциясы. Белгі беру және байланыс басқармасының негізгі функциясы – телемеханика, сымдық және радио байланыс механикалыдырылған сұрыптау дөңестерінің, табу аспаптарының, букстардың апаттық қызуын анықтау құрылғыларының жарамдылығын қамтамасыз ету болып табылады;

- Электрмен жабдықтау дистанциясы. Электрмен жабдықтау дистанциясының негізгі функциясы – қызметі белгіленген категориясы бойынша темір жол тұтынушыларының электр энергиясын жабдықтау;

- Техникалық басқарма. Техникалық басқарманың негізгі функциясы магистральді тораптың ғылыми-техникалық дамуын жетілдіру және компания филиалдарының техникалық өркендеуін қамтамасыз ету болып табылады;

- Магистральдік торапты дамыту басқармасы. Дамыту басқармасының негізгі фунциялары магистральдік темір жол торабының даму бағыттарын анықтау, инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жетілдіру және енгізілген инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау;

- Технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы. Бұл басқарманың негізгі функциясы апаттардың алдын алуға бағытталған жаңа техникалық құралдар мен технологияларды енгізу арқылы технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі арттыру болып табылады;

- Экономика және қаржы басқармасы. Бұл басқарманың негізгі функциялары – бюджетті құру, жалпы дистанцияның басқармалардың магистральдік темір жол торабы бөлімшелерінің және басқа да дирекцияға қарасты құрылымдық бөлімшелердің негізгі көлемдік және сапалық көрсеткіштерінің орындалуын талдау болып табылады;

Информация о работе Негизги куралдар