Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 11:47, курсовая работа
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан оқшауланатын – бухгалтерлік есеп саласы.
Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында филиалдың әлеуметтік-эканомикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылды. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б. Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылмдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін бірі түсінбес еді»- деген болса, оның әріптесі П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз- машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»,-дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки «Есеп- бұл барлық бизнестің арожданы, ұяты», -деп жазған. Бухалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады.
Сондықтан қазіргі танда кез-келген филиалды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол филиалдың қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында филиалдың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін филаилды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету үрдісінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың филиалдық қабілеттілігі. Өндірістің заттанған құралдары филиалдын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі
өндірістік қорлардың заттай мағынасын
құрайды, яғни негізгі капиталды, ал
еңбек заттары айналым
Экономиканың барлық саласындағы филиалдың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, филиалдың материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен филиалдың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, филиал қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Дипломдық жұмысқа енгізілген жаңалықтар және тәжірибиелік маңыздылығы: негізгі құралдарды игеруде, сақтауда және есептеуде толтырылатын құжаттарды анықтау және тозған негізгі құралдарды есептен шығару, есептеу әдістеріне талдау жасау,амартизацины,сонымен қатар аудит мәселелерін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мәселесі: негізгі құралдарды есептеудің тиімді әдістерін қарастыра отырып, олардың филиалға әкелетін пайдасы мен тиімділігіне қарай салыстыру.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - негізгі құралдар түсінігі, филиалдағы оның маңыздылығы есебі мен аудитті жүргізу және жетілдіру жолдарын қарастырылды.
Диплом жұмысының міндеттері:
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған филиалдың негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, үшінші бөлімде - аудит жүргізу тәсілдері, ал төртінші бөлімде ұжымның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін ғылыми негізде жетілдіру жолдары қарастырылады.
1 «ҚТЖ ҰК» АҚ «АТЫРАУ МАГИСТРАЛЬДІК ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ» филиалының бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуы
1.1 «ҚТЖ ҰК» АҚ «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалының ұйымдастырушылық құрылымы және техника-экономикалық көрсеткіштері
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамның жерде орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Филиал
Қазақстан Республикасының
Филиал
өз қызметін Қазақстан
Филиал заңды тұлға болып табылмайды.
Филиалдың тіркелуі туралы деректер: мемлекеттік қайта тіркелуі туралы 2004 жылы 02 сәуірдегі № 11867- 1901-АҚ куәлігі.
Филиалдың атауы:
- толық:
Мемлекеттік тілде - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Атырау магистральдік желі бөлімшесі» филиалы;
Орыс тілінде - филиал Акционерного общество «Национальная компания «Қазақстан Темір жолы» - «Атырауское отделение магистральной сети»
- Қысқартылған:
Мемлекеттік тілде –«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «НЖС Атырау» филиалы;
Орыс тілінде – филиал АО «НК»КТЖ»-«НЖС Атырау».
Филиалдың орналасқан жері: 465021, Қазақстан Республикасы,Атырау обылысы, Атырау қаласы, С.Датов көшесі,42.
Филиалдың
жеке теңгерімі болады. Филиал өз қызметін
ұйымдастыру және жургізу үшін заңнамада
белгіленген тәртіппен
Филиалдың өз атауы, тауарлық белгісі және филиал атауы бар мөрі, мөр таңбасы және бланкілері болады.
Филиалдың қызмет мерзімі шектелмеген.
Филиал қызметінің мәні:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісінің құрылысын, күтіп ұсталуын және жаңғыртылуын жүзеге асыру;
- тасымалдау процесін бақылау;
- магистральдық темір жол желісіне қызметтер көрсету;
- теміржол көлігімен жүктердің, оның ішінде қауіпті жүктердің тасымдалдануын жүзеге асыру;
- темір жолдың жылжымалы құрамын, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
- жүк жіберушілердің, алушылардың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру, тасымалданатын жүктердің сақталуын және олардың белгіленген пункттеріне дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз ету;
- маркетингтік қызмет;
- әр түрлі көлік түрлерін пайдалана отырып тікелей және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының тасымалдау әлеуетін барынша толық пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникациялар министірлігімен келісу бойынша темір жолдың транзиттік-көліктік коридорларын қалыптастыру жөніндегі шараларға қатысу;
- сыртқы экономикалық қызмет және шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтасты дамыту;
- өнімдерді, қызметтерді экспорттау (импорттау);
- ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын,ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, құрастыруды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, сервистік қызмет көрсету және жөндеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызмет;
- филиалдың қызметі туралы материяларды әзірлеу және қорыту, филиалдың жарнамалық қызметін жүзеге асыру үшін кітаптар, альбомдар, журналдар, буклеттер, анықтамалар, фотоальбомдар, бейнефильмдер шығару;
- ақпараттық қызметтер көрсету;[1]
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады.
Филиал оған бекетіп берген қаражаттан, сондай-ақ филиалдың жалпы теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдардан, шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған құнды қағаздар мен материалдық емес активтерден тұратын мүлікке ие болады. Филиал теңгерімінде есептелетін мүлік филиалдың меншігі болып табылады.
Филиал
осы Ережеде белгіленген
Аудиторлық
және аудиторлық ұйымдар өздері
жүргізген тексерулердің
Филиал магистральдық теміржол желісінің қолданыстағы құрылғыларын, құрылыстарын және объектілерін пайдалану, дамыту, жаңғырту, алдында қойылған міндеттерге сәйкес техникалық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ өзінің қызмет аясының шекараларында орналасқан және магистральдық темір жол желісі дирекциясына тікелей бағынатын филиалдарының экономикалық және қаржылық қызметін жоспарлау, талдау және бақылау мақсатында құрылған. Филиал жалпы басқаруды жүзеге асырады.
Филиалды басқару құзіретіне мыналар жатады:
- филиал туралы Ережені бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- филиал қызметінің негізі бағыттарын белгілеу, оның жоспарларын және олардың орындалғаны туралы есептерді бекіту;
- филиал директорымен, оның орынбасарымен, бас инженерімен және бас бухгалтерімен жеке еңбек шарттарын жасау, өзгерту және бұзу;
- штаттық кестені бекіту және құрылымын белгілеу;
- филиалдың келісімі бойынша жүргізілетін лауазымдар номенклатурасын бекіту;