Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................5

1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері ..............................................................................................................7
1.2 «ЭЛИКА» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері ......12
1.3 «ЭЛИКА» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұымысы және салық-есеп саясаты ..............................................................................................................18

2 Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
2.1 Жарғылық капитал және оның бухгалтерлік есебі .........................................23
2.2 Резервтік капиталды қалыптастыру және оның есебі .....................................27
2.3 Ұйымның бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зияны) есебін жүргізу......28

3 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
3.1 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілікті дайындау тәртіптері ........34
3.2 Аудитті жүргізу әдістемесі ................................................................................37
3.3 Ұйымның жарғылық және резервтік қоларының есебін аудиттеу ............

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................59
ҚОСЫМШАЛАР ....................................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 127.80 Кб (Скачать)

- жарғылық  қорды қалыптастырудың дұрыстығын  тексеру;

- құрылтайшылардың  жарнасын кіріске алудың толықтылығы  мен мерзімділігін тексеру;

- жарғылық  қор өзгерісінің негізділігін  және оны құрылтайшы құжаттарға  енгізудің мерзімділігін тексеру;

- кәсіпорынның  жарғылық қорға жарна ретінде  салынған мүліктері мен басқа  да мүліктік құқықтарын тексеру;

- қолданыстағы  заңнамамен салыстырғандағы жарғылық  қор есебінде нықталған ауытқуларды  жою жөніндегі ұсыныстарды дайындау  және негіздеу [30].

Ұйым мүліктерінің қалыптасу көздерін тексеру кезінде  резервтік қордың жасақталу заңдылығын да аудиттеу өте маңызды болып  саналады.

Резервтік қор  – іс жүзінде заңмен құрылтайшы құжаттарға сәйкес жоспарланбаған зияндар  мен шығындардың орнын жабу үшін жасақталған қор көзі болып саналады. Басқаша айтқанда резервтік қор  ұйымның үздіксіз қызмет жасауына кепіл  бола алатын, мүдделі жақтардың қызығушылығын  сақтауға негіз болатын каптиталдың  жинақталуы (қорлануы) болып табылады.

Резервтік қорды  аудиттеу кезінде оның қалыптасу  көздерінің заңдылығы және оның заңдарға сәйкес қалыптастыру мөлшерлемесі, оның жұмсалу бағыты және баланстағы сомасы қатаң тексеруге алынады.

Меншікті  каиталдың тағы бір маңызды элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдар мен ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалау  нәтижесінде оларың бастапқы құндарының ұлғайған сомасы болып табылады.

Сондықтан, аудитор қосымша төленбеген капиталды  тексеру кезінде ұйымның қандай активтері қайта бағалануға жатқынын және олардың құндарының жоғарылағанын  немесе төмендегенін басты назарға  алуы қажет.

Жарғылық  капиталды тексергенде аудитор  бірінші кезекте келесі жағдайларды  қарастырады:

1) Жарғылық  капитал көлемінің құқықтық-нормативтік  актілерге сай болуын;

2) Жарғылық  капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдылығын;

3) Бухгалтерлік  есепте жарғы капитал шамасына  ықпал ететін опера-цияларды көрсететудің  және қолданған корреспонденциялардың  дұрыстығын, көбінесе олардың ішінде  төмендегідей бухгалтерлік жазуларға  ерекше көңіл бөлінеді:

1) Дебет 5110 «Төленбеген капитал» шотына  және кредит 5030 «Салымдар    мен пайлар» шотына қатысушылардың  салымдары сомасына;

2) Дебет 2410 «Негізгі құралдар», 1310 «Материалдар», 1320 «Тауарлар», 1030 «Есеп шоттағы  ақаша қаражаттары»; 1010 «Кассадағы  ақша қаражаттары» Кредит 5110 «Төленбеген  капитал».

Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артық  сомасы болып саналады. Аудитор қосымша  төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы  бап бойынша қалдықты 5310 «Қосымша төленген капитал» шоты және осы шот  кредиті бойынша 13 журнал-ордердің мәліметтерімен салыстырылуы қажет.

Меншікті  капиталдың тағы бір элементі –  қосымша төленбеген капитал, ол негізгі  құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде  бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып  табылады. Бұл шоттардың кредиті  бойынша негізгі құралдар мен  ұзақ мерзімді инвестициялардың бастапқы құны 2400 бөлімшенің «Негізгі құралдар», 1400 «Инвестициялар» тиісті шоттарының дебетімен бірге корреспонденция  жасалынған қайта бағалау нәтижесінде  ұлғаю сомасы көрсетіледі, ал кредит бойынша 5410 шоты көрсетіледі.

5410 «Қосымша  төленбеген капитал» шоты бойынша  кредиттік айналымдар 13 журнал-ордерде  көрсетіледі. Тексеру барысында  баланстың «Қосымша төленбеген  капитал» бабы бойынша қалдықты  бас кітаптың 5410-5430 шоттарымен және 13 журнал-ордердің мәліметтермен  салыстырылуы керек.

 

Жарғылық  капиталды тексеру бағдарламасына мынадай аудит процедуралары  кіреді.

 

9 кесте - Жарғылық капитал аудитінің бағдарламасы

 

Аудит процедуралары
Ақпарат көздері

1. Баланс көрсеткіштерінің Бас  кітап мәліметтеріне сәйкестігін  тексеру

Баланс, 5010, 5020, 5030, 5110, 5210 шоттары бойынша  Бас кітап

2. Жарғылық капитал қозғалысының  синтетикалық және аналитикалық  есебін жүргізудің дұрыстығын  тексеру

Бас кітап, 13 журнал-ордер, акционерлердің тізім, акционерлердің есеп карточкалары, құрылтайшы құжаттары, НҚ менМЕА қабылдау-тапсыру  актілері, төлем тапсырмалары, кіріс  касса ордерлері және тағы басқа.

3. Жарғылық капиталды қалыптастыру  дұрыстығын тексеру 

Қолданылып жүрген заңнама, құрылтайшы құжаттар, бухгалтерлік анықтамалар

4. Құрылтайшылардың жарнасын кіріске  алудың толықтығы мен мерзімділігін  тексеру

НҚ мен МЕА қабылдау-тапсыру  актілері, ТМҚ қабылдау актілері, жүк  құжаттар, төлем тапсырмалары, кіріс  касса ордерлері, бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазулар

5. Жарғылық капитал өзгерісінің  негіз-ділігін және оны құрылтайшы  құжаттарға енгізудің мерзімділігін  тексеру

Құрылтайшылардың және акционер-лердің жалпы жиналысының шешім хаттамалары, эмиссия жобасы мен құрылтайшы шарты

6. Кәсіпорынның жарғылық капиталға  жарна ретінде салынған мүлікті  және басқа да мүліктік құқықтарды  түгендеу

Түгендеу актілері, түгендеу тізімдемесі, салыстыру тізімдемесі және тағы басқа

7. Қолданыстағы заңнамамен салыстыр-ғандағы  жарғылық капитал есебінде анықталған  ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды  әзірлеу мен негіздеу

Аудитордың тұжырымдары, есеп-теулері  және ұсыныстары.

Ескерту – кесте 35 әдебиеттің негізінде  дайындалынды


 

Резервтік капиталдың жиынтық есебі есебі 13 журнал-ордерде  жүргізіледі. Аудитор резервтік  капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша жыл басы мен соңындағы  қалдықтардың 13 журнал-ордердің мәліметтері  бойынша Бас кітапта келтірілген 5410 шот қалдықтарымен сәйкестігін  міндетті түрде анықтауға тиіс.

Аудит жүргізу  барысында ең алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру  кезең басындағы және соңындағы  қалдықтары Бас кітаптың 5610 «Есепті  жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» және 5620 «Өткен жылдардың  бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»  шоттары арқылы және бұл шоттардың  кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал-ордер мәліметтерімен салыстыру  қажет. Тексеру соңында аудитор  бөлінбеген табыстың шамасын бағалау  қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін өткен есепті кезеңдермен салыстыру  жолыменжүргізіледі. Талдау үшін әртүрлі  ақпарат көздері тартылады, бұған  бастапқы құжаттар, бухгалтерлік регистрлермен  соңғы 2-3 жыл ішінде қаржылық есептілік  формалары да кіреді.

Аудиторлық  тексеру жүргізу туралы келісім-шартқа қол қойылып, тексеру шарттары анықталып, тексерудің жалпы жоспары мен  бағдарламасы жасақталғаннан кейін  тексеру процесіне, яғни аудиторлық дәлелдемелерді жинақтауға кіріседі. Аудиторлық дәлелдемелер қаржы есептемесінде  әрбір бекітілімдер бойынша жинақталады. Бухгалтерлік баланстың, қаржы есептемесінің кез-келген көрсеткіші, статьясы бұл сол субъект басшысының бекітілімдері болып табылады. Субъект басшылығы қаржы есептемесін жасақтай, қол қоя отырып, оның әрбір көрсеткішін көрсетуі, жариялауы, бекітуі керек [35].

Меншікті  капиталды аудиторлық тексеру кезінде  негізгі және жалғыз тексеру әдісі  қолданылады. Ол құжат бойынша тексеріп, құқықтық экспертиза жасау. Меншікті капиталды  аудиттеу кезінде тәжірибеде жиі  кездесетін төмендегі сипатты кемшіліктерге  баса назар аударылуы керек:

Алғашқы аудит  кезінде:

- шаруашылық  жүргізуші субъектінің құрылуына,  қайта құрылуына, тіркелуне, қайта  тіркелуіне, құрылтай және тіркеу  құжаттарына енгізілген өзгерістер  мен қосымша тіркелуіне байланысты  процедураның заңдылығына құқықтық  баға беру;

- кәсіпорынның  құрылуына, ұйымдық-құқықтық формасына,  жарғылық капиталының көлеміне, құрылтайшылардың санына байланыстағы  қолданыстағы заңдылық актілерде  белгіленген шектеулер мен нормалардың  сақталынуын тексеру. Мысалы: шаруашылық  серіктестіктерінің құрыттайшылары  мен қатысушыларының саны 50 ден  артық болмауы керек;

- жарғылық  капиталдың құрылуын, төленуін, төлену  мерзімінің сақталынуын тексеру.  Мысалы: қолданыстағы заңдылықтарға  сәйкес акционерлік қоғамның  жарғылық капиталы тіркелгеннен  кейін 30 күннің ішінде төленіп  болуы тиіс. Шаруашылық серіктестігінің  жарғылық капиталының 25% төленгеннен  кейін ғана мемлекеттік тіркеуден  өткізіледі. Бұл шектеулер сақталмаса  заңсыз деп есептеледі. Шаруашылық  жүргізуші субъектінің тіркеу  және құрылтай құжаттарына кейін  енгізілген өзгерістер мен қосымшаларда  мемлекеттік тіркеуге, ал кей  жағдайда субъектінің толық қайта  тіркелуіне жатады.

Кейінгі аудит  кезінде:

- құрылтай  және тіркеу құжаттарында көрсетілген  жарғылық капиталдың көлеміне  бухгалтерлік баланста есепке  алынған жарғылық капиталкөлемінің  сәйкестігі;

- меншікті  капиталдың жекеленген, құрамдас  элементтерінің бухгалтерлік баланста  жіктелініп, синтетикалық шоттарда  дұрыс есептелінуін тексеру

- қатысушылардың, акционерлердің үлесінің дұрыс  тіркелуін, анықталуын тексеру;

- акционерлер  реестрінің немесе акционерлерді  тіркеу журналының жүргізілу  тәртібін және дұрыстығын тексеру.  Акционерлерді тіркеу журналы,  егер акционерлердің саны 500-ден  асса, онда акционерлерді тіркеу  тәуелсіз депозитарийлерде (тәуелсіз  арнайы тіркеу ұйымдарында( жүргізілуі  керек. Оларда акционерлер реестріне  дейін құжат жүргізіледі;

- жарғылық  капиталдың дұрыс өзгертілуін  (азайтылуын, көбейтілуін), оның құжатталынуын  бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуін  тексеру;

- резервтік  капиталдың дұрыс құрылуын және  жұмсалу заңдылығын тексеру;

- акцияларды  тарату, орналастыру, үлестерді бөлу, қайтарып алу, қайта сатып алу  заңдылығының сақталынуын тексеру;

жарғыға енгізілген өзгерістердің заңдылығын, олардың  тіркелуін, қайта тіркелуін тексеру;

- қосымша  төленген және төленбеген капиталдағы  өзгерістердің, шоттар корреспонденцияларының  дұрыстығын, дұрыс есепке алынуын  тексеру;

- бөлінбеген  таза табыстың өзгерістерінің, пайдасының  дұрыстығы мен заңдылығын тексеру;

- кәсіпорын  жарғысының мазмұнына, ондағы  ережелердің қолданыстағы     заңдарға сәйкестігіне экспертиза  жасау;

- жылдық  және төтенше жалпы жиналыстарға  шақыру және өткізу;  

- шешім қабылдау  заңдылықтарының сақталынуын тексеру  (15 күннен     бұрын хабарлануы  керек);

- аудиторлық  тексеру кезінде әртүрлі ұйымдық-құқықтық  формадағы кәсіпорынның меншікті  капиталы өзгерістері ескерілуі  керек.

Осыған байланысты аудитордың міндеті - өзінің тұжырымдары  мен пікірін қалыптастыру үшін аудиторлық дәлелдемелер мен қаржы есептемесінің  әрбір бекітілімін растау немесе жоққа шығару болып табылады. Аудиторлық дәләлдемелерді жинақтау кезінде аудитор  олардың сәйкестігін, шынайылығын  және жеткіліктілігін бағалап отыруы керек. Дәлелдемелердің сәйкестілігі олардың сапасын, яғни жиналған дәлелдемелердің  дәлелденуге тиіс бекітілімге сәйкестігін  анықтау болып табылады. Дәлелдемелердің  шынайылығы олардың дұрыстығын, нақтылығын, дәлелділігін, сайып келгенде тағы да сапасын, жарамдылығын анықтау болып  табылады. Ал дәлелдемелердің жеткіліктілігі, яғни дәлелденуге тиісті бекітілімді  растау және жоққа шығарылуға тиісті бекітілімді сан көлемі жағынан  жеткіліктілігін анықтау болып  табылады. Әртүрлі көздерден және әртүрлі ретпен алынған дәлелдемелер сенімдірек болады.

Аудиторлық  дәлелдемелерді жинау кезінде аудитор  үнемі дәлелдемелер жинау үшін кеткен шығындар (уақыт, ақша) мен олардың  пайдалылығын салыстырып, анықтап отыруы қажет. Бірақ аудиторлық дәлелдемелерді алудың қиындығы, шығындылығы пайдалы  дәлелдеме алудан бас тартуға  негіз болуға тиісті емес. Аудиторлық тексеру кезінде ең бастысы, маңыздысы  шаруашылық субъектісінің есепті мерзім ішіндегі қызметіне шаруашылық және қаржы операцияларына растау жасау  үшін дәлелдемелер жинау болып табылады. Бірақ алғашқы аудитте немесе алдыңғы аудиторлық тексеруді басқа  аудитор атқарған жағдайда кезңнің  басындағы, яғни 5010, 5020, 5030 шоттарының қалдығының шынайылығын растаудың, дәлелдеудің  мәні үлкен. Себебі, кезеңнің басындағы  шоттардың қалдығында субъектінің  есепті мерзім ішіндегі қызметіне мәнді  әсер ететін кемшіліктер, қателіктер болуы  мүмкін.

Аудиттің  Қазақстандық 11-ші «Алғашқы аудиторлық тексеру және кезеңнің басындағы  шоттардың қалдығы» деп аталатын стандарттарына сәйкес алғашқы аудит  және алдыңғы аудитті басқа аудитор  жүргізген жағдайда аудитор кезеңнің басындағы шоттардың қалдығына  байланысты мынадай жеткілікті және сәйкесті аудиторлық дәлелдемелер жинауға  тиісті:

- есепті  кезеңнің қаржы есептемесіне  мәнді әсер ететін қателіктердің  жоқтығына;

- алдыңғы  есепті кезеңнің аяғындағы шоттардың  қалдығы аудиттелініп отырған  кезеңнің басына дұрыс көшіріліп  отырғандығына;

- өткен есепті  кезеңнің ішінде қолданылатын  есептеу саясатының өзгеріссіз  қолданылып келе жатқандығында

Информация о работе Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті