Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................5

1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері ..............................................................................................................7
1.2 «ЭЛИКА» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері ......12
1.3 «ЭЛИКА» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұымысы және салық-есеп саясаты ..............................................................................................................18

2 Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
2.1 Жарғылық капитал және оның бухгалтерлік есебі .........................................23
2.2 Резервтік капиталды қалыптастыру және оның есебі .....................................27
2.3 Ұйымның бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зияны) есебін жүргізу......28

3 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
3.1 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілікті дайындау тәртіптері ........34
3.2 Аудитті жүргізу әдістемесі ................................................................................37
3.3 Ұйымның жарғылық және резервтік қоларының есебін аудиттеу ............

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................59
ҚОСЫМШАЛАР ....................................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 127.80 Кб (Скачать)

Табыстардың қорытындылауышы көрсеткіші - таза табыс немесе ззиян болып саналады. Ол әдеттегі қызметтен түскен табыстармен  төтенше оқиғалардың табыстары  сомасының қосындысымен анықталады.

Төтенше оқиғалар ретінде жиі қайталанбайтын құбылыстар түсіндіріледі.

Ұйымның таза табысына төтенше жағдайлар мен  тоқтаған операциялардан болған залалдар, сондай- ақ басқа ұйымдарға үлестік  қатысудан болған залалдар кері әсерін тигізеді.

Тоқтатылған операциялар ретінде заңды тұлғаның жеке бағытын көрсететін филиалын сату немесе тарату түсіндіріледі. Әрбір  төтенше жағдайлардың мәні мен саласы түсіндірме жазуда ашып көрсетілуі тиіс. Әрбір тоқтатылған операциялар  бойынша тоқтатылған операцияның  мәні; салалық құрылымы; операциялардың нақты тоқтатылу күні; тоқтату  әдісі; тоқтатылған операциядан  залал ашылып көрсетілуі тиіс.

Аудитор таза табыстың көлемін тексере отырып, оның бухгалтерлік есепте анықталу әдістемесі салық есебінен ерекшеленетін естен  шығармауы қажет. Өйткені, салық  салынғанға дейінгі табыс салық  есебінде анықталатын салық салынатын  табыспен сәйкес келмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кез-келген өндірістік немесе коммерциялық қызметпен айналысатын  кәсіпорын өзін белгілі бір мөлшердегі капиталмен қамтамасыз ете білуі  керек. Кәсіпорынның меншік иелері, акционерлер  және несие берушілер меншікті капиталдың қалыптасуы мен пайдалануының заңды  және дұрыс жүріп жатқанына көз  жеткізуге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан  олар тәуелсіз экспорт – аудитордың қызметіне жүгінеді.

Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, негізгі мақсатым меншікті капиталдың есебі мен аудиттеу әдістемесін  зерттеу болатын. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегілерді міндеттер өзі  шешімідерін таптыдеп санаймын:

Біріншіден, меншікті капиталдың экономикалық мазмұнына сипаттама  беріліп, оның құрылымы, түрлері, қалыптасуы ерекшеліктері мен олардың пайдалану  жолдары анықталынды;

Екіншіден, кәсіпорындағы  меншікті капиталдың есебінің жүргізу  ерекшеліктері, оның ішінде жарғылық капитал  есебі, қосымша төленген капитал  есебі, резервтік капитал есебі  және өзге де меншікті капитал есебін ұйымдастыру жолдары көрсетілді;

Үшіншіден, ұйымның меншікті капиталын, яғни жарғылық қорынн, резервтік  қорын, бөлінбеген пайдасы мен зиянын аудиторлық тексеру әдістемесі зерттелді.

Сонымен, жүргізілген зерттеу  жұмысымыздың нәтижесінде «Алматы  Пана LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде меншікті капиталдың есебі мен аудиті жетілдіруге байланысты төмендегідей негізгі қорытындылар мен тұжырымдамалаға келіп отырмыз:

1) Жарғылық қор - экономикалық  субъектінің қаржылық жағдайын  сипаттайтын негізгі көрсеткіш  болып табылады. Ол кәсіпорынның  негізгі элементі болып саналады. Себебі ондағы өзгерістер белгілі  бір заңдылықтарға сәйкес жасалынады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы  оның жарғылық міндеттемелерін  орындауға қажетті қаржының құралу  көзі. Жарғылық капитал өндірістік  қызметтің пайда табу мақсатындағы  алғашқы капиталы және де кәсіпорынның  меншік иелерінің алғашында кәсіпорынды  құруға жұмсаған қоры.

Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен  инвестицияларды қайта бағалағанда  олардың құнының өскен сомасынан  және тағы да басқалардан туындайды. Қосымша капиталға кіретін ұйым табыстары ұйымның меншікті капиталын  көбейтеді, бірақ есептілік кезеңде  қоғам қызметінің қаржылық жағдайына  әсер етпейді.

Резервтік қор - болашақта көрінбеуі мүмкін шығыстар мен зияндарды жабатын кәсіпорынның құқтары және құрылтайшылардың құжаттары  арқылы пайда болады. Резервтік капитал  – бұл кәсіпорынның үзіліссіз  жұмысына кепілдік беретін және үшінші жаққа қарайтын қосымша қаржы  көзі болып табылады. Мұндай қаржы  көздерінің болуы кәсіпорындарға өзінің міндеттемелерін жабу мүмкіндігін  береді.

Резервтік қор  капиталы есептік жылдағы баланс шығындарын, облигацияларды жабу және басқа құралдар болмаған жағдайда акционерлік  қоғамның акциясын сатып алу үшін қалыптасқан.

Бөлінбеген пайда дегеніміз  – кәсіпорынның таза табысынан мемлекеттік  бюджетке төленетін салықтарды алып тастағаннан қалатын пайда. Бухгалтерлік есепте бөлінбеген пайда құрамына кәсіпорын  акционерлерінің дивидент түріндегі  пайдасы да кіреді.

2) «Алматы Пана LTD» ЖШС ҚР есеп айырысу шоты, салықтық тіркеу нөмірі, өзінің жарғысы және балансы бар. Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты табыс табу болып саналады. Бұл серіктестіктің негізгі қызметі оның жарғысына сәйкес Алматы қаласы тұрғындарға көтерме және бөлшек сауда арқылы халық тұтынатын тауарлар сату, күзет қызметі, сервистік жөндеу мен монтаждау, автокөлік арқылы жүктер мен жүргінщілерді қалааралық тасымалдау, құрылыс, өндірістік техникаларды жалға берумен айналысады.

Серіктестіктің  жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жағдайын тексеру мақсатында және оны  растау үшін серіктестік, оның директоры  және оның қызметіне басқа да мүліктік мүдделеріне қатысы жоқ тәуелсіз аудиторларды тартуға құқығы бар.

«Алматы Пана LTD» ЖШС Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Серіктестік  өз атынан келісім жасауға, сондай-ақ мүліктік және жеке мүліктік емес мәмілелерді  жүзеге асыруға құқылы. Ұйым өзіне  тиесілі мүлікпен барлық міндеттемелеріне жауапты болады.

Зерттеу жүргізілген  «Алматы Пана LTD»ЖШС 2010 жылғы қаржылық қызмет қорытындысы пайдамен аяқталып отыр. Егер ұйым 2010 жылы жұмыстарды мен  қызметтерді өткізуден түсімді  өткен жылмен салыстырғанда 13 428 450 теңгеге  немесе 16,32 пайызға артық алған  болса, соған сәйкесті өткізілген өнімнің  өзіндік құны да  5 193 870 теңгеге немесе 13,15 пайызға жоғарылап отыр.

Ал кезең  шығындары 19,1 пайызға төмендеген. Ұйымның  таза табысы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 60,7 пайызға дейін төмендеп отыр. Оның себебі, өткізілген өнімнің өзіндік  құны, яғни ұйымның өндірістік шығындары  жоғарылап отырғанымен түсіндіруге  болады. Бұл кестеден зерттеу жүргізілген  ұйымның қаржылық жағдайын жақсы  деңгейде деп айтуға болады. Дегенмен де, ұйымның банктік кредиторлар  алдындағы борышы жоғарылап отыр, соған байланысты олардың алдында  тұрған негізгі міндеттің бірі, ұйымның  қзымет көрсету көлемін ұлғайта  отырып, кредиторлар алдында борыштарын уақытында өтеу болып саналады.

3) Жалпы алғанда  есеп жүргізу барысында жұмыс  істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни  қолданыстағы капиталы және оның  құрамы мен құрылымы бухгалтерлік  баланстың активінде көрсетілсе, ал капиталдың қаржыландыру көздері  баланстың пассивінде көрсетіледі. «Жарғылық қор» ұйымның шығарылған қоры, жарғылық қоры немесе мүліктік (салымдық) қорлары болып саналады. Оның есебі:

5010 «Артықшылықты  акциялар», мұнда акционерлік  қоғамның төленген айналымға  жіберілген артықшылықты акцияларының  номиналдық жиынтық сомасы есепке  алынады.

5020 «Қарапайым  акциялар», мұнда мұнда акционерлік  қоғамның төленген айналымға  жіберілген жай акцияларының  номиналдық жиынтық сомасы есепке  алынады.

5030 «Салымдар  мен пайлар», мұнда серіктестіктердің  жарғылық қорға салған салымдарының  құны есепке алынады.

Ұйымның резвтік қоры қоғамның жарғысында белгіленеді және де резерв жарғылық капиталдың 10 пайызынан кем  болмауы керек. Ақшаның құнсыздануына, өндірістің өркендеуіне, сондай-ақ басқа  жағдайларға байланысты кәсіпорынның жарғылық капиталы көбейген уақыттарда резервтік капиталда соған сәйкес артып отыруы тиіс. Резервтік капиталдағы  жинақталған сома алдын-ала болжалмаған төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалынады.

Резервтік қоры есебі 5410 «Заңмен  белгіленген резервтік қор» және 5460 «Өзге де резервтік қор» шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың кредитінде резервтік қорлардың жасақталуы көрсетілсе, ал дебетінде олардың  жұмсалуы көрсетіледі.

4) Ұйымның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелінетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны болып табылады. Ұйымның «Бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зиянының есебі 5500 бөлімшеге ашылған сәйкесті шоттарда жүргізіледі: 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы» және 5520 «Өткен жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зиян)» шоттарында жүргізіледі.

Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда  болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянның сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған.

5) Жарғылық қорды аудиттеу кезінде бірінші кезекте келесі жағдайлар қарастырылады:

- жарғылық  қор көлемінің құқықтық-нормативтік  акті талаптарына сай болуы;

- жарғылық  қор көлемінің өзгеру ықтималдылығы;

- қаржылық  есепте жарғылық қордың көлеміне  ықпал ететін операцияларды көрсетудің  және бухгалтерлік жазулардың  дұрыстығы.

Жарғылық  қорды аудиттеу кезінде тексеру  төмендегідей тәртіппен, яғни бағдарламамен  жүргізілуі тиіс:

- баланс  көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне  сәйкестігін тексеру;

- жарғылық  қор қозғалысының синтетикалық  және аналитикалық есебін жүргізудің  дұрыстығын тексеру;

- жарғылық  қорды қалыптастырудың дұрыстығын  тексеру;

- құрылтайшылардың  жарнасын кіріске алудың толықтылығы  мен мерзімділігін тексеру;

- жарғылық  қор өзгерісінің негізділігін  және оны құрылтайшы құжаттарға  енгізудің мерзімділігін тексеру;

- кәсіпорынның  жарғылық қорға жарна ретінде  салынған мүліктері мен басқа  да мүліктік құқықтарын тексеру;

- қолданыстағы заңнамамен  салыстырғандағы жарғылық қор  есебінде нықталған ауытқуларды  жою жөніндегі ұсыныстарды дайындау  және негіздеу қажет.

Қорытындылай келе, меншікті капиталды аудиттеу меншікті капиталдың пайдалануы мен қалыптасуының белгілі  бір заңдылықтарға сай екендігіне көз жеткізу, бухгалтерлік есепте жүріп  жатқан операциялардың дұрыстығын тексеру  және бағалау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы»  29.10.2002  жылғы № 542 бұйрығы.
  2. ҚР 26 желтоқсан 1995 жылғы № 2732 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы ( 24.06.02 жылғы өзгерістерімен)
  3. №1 «Қаржылық есептілік: дайындау мен ұсыну» ҚЕХС
  4. ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы    (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
  5. №8 «Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» ҚЕХС
  6. №7 «Ақша қозғалысы туралы есептілік» ҚЕХС
  7. №18 «Кірістер» ҚЕХС
  8. №37 «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» ҚЕХС
  9. № 1, 2 Қаржылық есептің ұлттық стандарттары
  10. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов: Учебник. /Под ред. Н.К. Мамырова.- Алматы: Экономика, 2004. – 298с.
  11. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета М.: Финансы и статистика,1997.- 396с.
  12. Новодворский В.Д. и др. Бухгалтерская (финансовая отчетность). – М.: Инфра-М, 2003. – 464с.
  13. Ержанов М.С., Ержанова С.М. Учетная политика на казахстанском предприятии (практический аспект). - Алматы: Издательский дом "БИКО", 1997.-274с.
  14. Катаев А.Н., Островский О.М. О принципах бухгалтерского учета //Бухгалтерский учет. – 2000. - № 11.
  15. Кеулимжаев К.К. и др. Финансовый учет на предприятии. –Алматы: Экономика, 2003. – 474с.
  16. Принципы бухгалтерского учета. /Б.Нидлз, Х.Андерсон, Д.Колдуэлл: Пер.с англ /Под ред. Я.В.Соколова. –2-е изд., -М.:Финансы и статистика, 1999.- 496с.
  17. Радостовец В.К., Радостовец В.В. Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Изд. 3. доп и переработ.- Алматы: Центраудит- Казахстан, 2002. –728с.
  18. Фрумкин К. Унификация стандартов отчетности – основа современной экономики. //Бюджет. -№4. –2004. С.12-14.
  19. Юрский П.В. Международные стандарты финансовой отчетности. Обзор KPMG//Бухгалтерия и аудит. -№3. -2004. -С.10.
  20. Рахман 3., Шеремет А. Бухгалтерский учет в рыночной экономике. -М.:Инфра, 1996. –С.324.
  21. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебн. пособие. /К.Ш. Дюсембаев, С.К. Егембердиева, З.К. Дюсембаева. — Алматы: Каржы-каражат, 1998.- 512с.
  22. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие – Алматы: «Каржы-каражат», 2002 – 512с.
  23. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (теория и методология) – Алматы: Экономика, 2000 – 293с.
  24. Тәжібаев С.Д. Проблемы организации управления, учета, контроля и аудита природоорхранной деятельности. Диссертация на соискание ученой степени доктора экономических наук. – Бишкек. – 2000. – 320 с.
  25. Адамс Р. Основы аудита. – М.: ЮНИТИ, 1995. – 329 с.
  26. Ришар Ж. Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятия/пер. с франц. Под.ред. Л.П. Белых – М.: Аудит, ЮНИТИ,  – 375с.
  27. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ., Аудит: Оқулық.- Алматы: 2006.-584 б.
  28. Белуха Н.Т., Аудит: Учебник.- Киев: 2000.-496 с.
  29. Суйц В.П., Смирнов Н.Б. основы аудит.- М.:Анкид, 1997.-396 с.
  30. Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирования банкротства – СПб: «Аудит Ажур», 2004 – 164с.
  31. Ермолович Л.Л. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия.- Мн.: БГЭУ, 2001. –253с.
  32. Ефимова О.В. Финансовый анализ. М.: Бухгалтерский учет, 1999. –289с.
  33. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиций, анализ отчетности. - М.: Финансы и статистика, 2000. –328с.
  34. Крейнина М.Н. Финансовое состояние предприятия. Методы оценки.- М.,: Дис, 2004- 224с.
  35. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.- М.: ЮНИТИ, 1999. –523с.
  36. Морозова Ж. А. Международные стандарты финансовой отчетности. -М.: Бератор-Пресс, 2002. - 256 с.
  37. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. –М.: Инфра-М, 2002.- 336с.
  38. Стоун Д., Хитчинг К. Бухгалтерский учет и финансовый анализ: Пер. с англ. -С.-Пб.: АОЗТ «Литера плюс», 1994. – 452с.
  39. Финансовый анализ деятельности фирмы. -М.: ИСТ-Сервис, 2003.- 149с.
  40. Чернов В. А. Экономический анализ: торговля, общественное питание,  туристический бизнес: Учебное пособие для вузов. /Под ред. М.И.Баканова. –М.:Юнити-Дана, 2003. – 614с.
  41. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансовый анализ. - М.: Аудит и финансовый анализ, 2000. – 389с.
  42. Энтони Р., Рис Дж. Учет: ситуации и примеры.- М.: Финансы и статистика, 2003. – 459с.
  43. «Алматы Пана LTD» ЖШС-нің қаржылық есептілік мәліметтері.

 

КІРІСПЕ

 

Меншікті  капиталдағы өзгерістер туралы есеп 1 «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына және Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартына сәйкес жасалады да, мекеменің есепті кезендегі қаржылық есептілігінің жеке нысаны түрінде ұсынылады. Бұл есепте мынандай ақпараттар қамтылады:

    • Меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді;
    • Меншікті капитал иелері ретінде әрекет ететін меншікті капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесінде

Информация о работе Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті