Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:23, курсовая работа
Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.
КІРІСПЕ .....................................................................................................................5
1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері ..............................................................................................................7
1.2 «ЭЛИКА» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері ......12
1.3 «ЭЛИКА» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұымысы және салық-есеп саясаты ..............................................................................................................18
2 Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
2.1 Жарғылық капитал және оның бухгалтерлік есебі .........................................23
2.2 Резервтік капиталды қалыптастыру және оның есебі .....................................27
2.3 Ұйымның бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зияны) есебін жүргізу......28
3 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
3.1 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілікті дайындау тәртіптері ........34
3.2 Аудитті жүргізу әдістемесі ................................................................................37
3.3 Ұйымның жарғылық және резервтік қоларының есебін аудиттеу ............
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................59
ҚОСЫМШАЛАР ....................................................................................................61
Жауапкершілік деп - қорытынды есеп дайындаушы тұлғалардың жауапкершілігін айтамыз. Жауапкершілік нарыққа қатысушы жақтардың және үкімет органдарының сұранысына, жауап беруі керек. Жауапкершілікке түскен тұлғалар өз әрекеттеріне, орындалған фактілер мазмұнына және осы ұйымда іске асырылынатын экономикалық саясаттың жақсы қалыптасуына, сондай-ақ кабылданған шешімдердің нәтижелігіне жауапты болып табылады.
Сыртқы пайдаланушылар сұранысы үшін жасалынатын қаржылық қорsтынды есеп мәліметтерін алдын-ала ойланған мақсатта бұрмалауға, жалған есеп беруге, есеп ақпараттарын бормалауға болмайды.
Жариялылық пен жауапкершілік қаржылық есептілік жөніндегі ақпараттарды өзара байланыстырушы және бекітуші категорияларға жатады. Өз кезегінде жариялылық категориясы жауапкершілік категориясының деңгейін, ал жауапкершілік категориясы қаржылық қорытынды есептің ашықтық категориясын сипаттайды. Өзара байланыстағы ашықтық, жариялылық және жауапкершілік категориялары жүргізілген есеп ақпараттарының тәртібін анықтауға тікелей әсер етеді. Айтылған категориялардың барлығы да жоғары дәрежеде шешім кабылдаудың сапасын және экономикалық тиімділіктің деңгейін арттыруға, сондай-ақ бұлар инвестициялық саясат жағдайын жақсартуға және қаржылық тәукекелділікті басқаруға арналған.
Қаржылық қорытынды есеп жекелеген есеп объектілерінің түрлерін, бұлардың экономикалық мазмұнына қарай ірілендірілген топтарға жинақтаудан туындайтын ұйымның қаржылық жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер жүйесінен тұрады. Жинақталған есеп объектілері қаржылық қорытынды есептің элементтерін құрайды.
Ұйымдардың каржылық жағдайын өлшеп бағалаушы негізгі элементтеріне активтер, меншікті капитал және міндеттемелер жатады.
Ұйымдардың экономикалык тиімділігін сипаттаушы элементтерге таза пайда немесе шеккен - зиян, ал түскен таза пайданы өлшеу - алынған табыс пен жұмсалынған шығындарды салыстырып өлшеу арқылы жүргізіледі. Қаржылық қорытынды есепті дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементтер есеп ақпараттарын пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауына ыңғайлы болуы үшін арнайы үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы керек.
Капитал нарығына қатысу үшін компаниялар сенімді және ашық дайындалған қаржылық қорытынды есеп арқылы өз меншігіндегі активтерін аса сенімді және әділетті бағалауы керек.
Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi
міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға
тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл
бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл
ұсынылған ақпаратты дұрыс
- есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;
- қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;
- қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;
- 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;
- қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк деңгейi.
Қаржы есептiлiгi көбiнесе ұсынылған валютаның мыңдаған немесе миллиондаған бiрлiктерiнде ақпарат ұсынған кезде неғұрлым түсiнiктi болады.
Бұған қаржы есептілігіне сомалар ұсынған кезде пайдаланылатын дәлдiк деңгейi ашып көрсетiлгенде және елеулі ақпарат жоғалмағанда ғана жол берiледi.
Ұйымның қаржылық есептілігінің ең негізгі нысаны болып бухгалтерлік баланс саналады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге карай жинақтап көрсетеді. Баланс деп - ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады.
Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы ұйымдардың каржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі карастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін көрсетеді.
Демек, ұйым меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
1) бас ұйымның иелеріне және бақыланбайтын пайыздарға тән жалпы сомаларын бөлектеп көрсететін кезең iшiндегi жалпы толық табыс;
2) меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша - 8 ІAS Халықаралық саясатына сәйкес танылған есеп саясатындағы өзгерістердің және қателерді түзетудің ықпалы;
3) меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша, төмендегілердің нәтижесі болатын өзгерістерді бөлектеп ашып көрсететін кезеңнің басындағы баланстық құны мен соңындағының арасындағы салыстырулар: пайда немесе шығын; бөлектеп иелердің жарналары мен оларға үлестірулерін және бақылау құзыретін жоймайтын еншілес ұйымдардағы иелік мүдделерінің өзгерісіні көрсететін иелермен, ие ретіндегі операциялар.
Кәсіпорын үлестегі өзгерістер жөінідегі есептілікте немесе ескертпеде кезең ішіндегі иелерге үлестіру ретінде танылған дивиденд мөлшерін және әрбір акцияға қатысты мөлшерін ұсынуы тиіс.
Ұйымның меншiктi капиталындағы екi есепті күн арасындағы өзгерiстер кезең ішінде оның таза активтерінiң артуын немесе кемуiн көрсетедi. Меншікті капиталдың иелері ретінде әрекет ететін меншікті капиталдың иелерімен операциялар нәтижесінде болған өзгерістерді (капиталға жарналар, меншікті үлестік құралдар және ұйымның дивидендтері сияқты) және осындай операциялармен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды қоспағанда, кезең ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық өзгеріс, ұйымның осы кезең ішіндегі қызметінің нәтижесінде туындаған басқа пайдалар мен залалдарды қоса (кірістер мен шығыстар туралы осы баптар кірістер мен шығыстар туралы есепте танылатынына немесе тікелей - меншікті капиталдағы өзгерістер ретінде танылатынына қарамастан), кірістер мен шығыстардың жалпы сомасын көрсетеді [25].
Қаржылық есеп берудің 8 – ші халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатындағы өзгерістерді көрсету үшін іс жүзінде мүмкін болатын жерлерде ретроспективті түзетулер жасауды талап етеді, бұған басқа стандарттың немесе түсіндірменің тиісті ауыспалы ережелері өзгеше талап ететін реттер кірмейді. 8-халықаралық стандарты сондай-ақ іс жүзінде орындалатын жерлерде қателерді түзету үшін қайта есептеу операцияларын ретроспективті жүргізуді де талап етеді. Қайта есептеу мен түзетулердің ретроспективті операциялары бөлінбеген пайда сальдосына қатысты жүргізіледі, бұған қандай да болсын стандарт немесе түсіндірме меншікті капиталдың өзге компонентіне ретроспективті түзетуді талап ететін реттер кірмейді.
3.2
Ұйымның жарғылық және
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ұйымдардың экономикалық тиімді қызмет істеуіне талдау және жедел бақылаумен қатар бір-бірімен тығыз байланысты сыртқы және ішкі аудиттің де алатын орны ерекше. Себебі аудит арқылы ұйымдардағы қаржылық есептің жүргізілу тәртіптерін сараптай отырып, ішкі бақылау жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар аудит шаруашылық субъектілерді толық ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді, ұйымның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға, қызмет тиімділігін арттыруға және қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының
«Аудиторлық қызметі туралы»
Заңында аудитке мынадай
Экономика ғылымдарының
докторы, профессор С.Д. Тәжібаев өзінің
ғылыми еңбегінде «Нарықтық
Біз де
бұл ғалымның тұжырымдарына
Аудитор көрсеткен қызметтердің жоғары сапалылығы экономикалық субъектілердің болашақта шаруашылық жағдайларының жақсаруына, табыс деңгейінің өсуіне маңызды ықпал етеді.
Сондықтан аудиторлық
фирмалар немесе аудиторлар Қазақстан
Республикасының “Аудиторлық
- шаруашылық
операциялары бойынша алғашқы
құжаттардың дұрыс рәсімделуін
бақылау және олардың
- ұйымның
басқару жүйесіне берілетін
- ұйымның
шаруашылық қызметін, яғни жабдықтау,
өндіріс, сату үрдістерімен қатар
күрделі инвестициялық
- ұйымның
өндірістік қызметі бойынша
- ұйымның
бухгалтерлік есебі мен қаржы
жұмыстарының отандық және
Осыдан шығатын негізгі қорытынды мынадай, яғни аудиттің басты міндеті ретінде субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есептемелердің Қазақстан Республикасының есеп заңдылықтары мен стандарттарына сәйкес жасалуын тексеру және оларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар беру болып саналады.
Ұйымның қаржылық есептемесін тексеруге шешім қабылданнан кейін аудиттің мақсаты мен жүргізу ауқымы анықталады. Жүргізілетін аудиттің тиімділігін және сапалылығын қамтамасыз ету үшін аудитті біліктілігі жоғары мамандар арқылы орындау қажет. Егер аудиттің ауқымы өте жоғары болса, онда тексеруге аудиторлық фирманың басшысы, бірнеше қызметкерлер, сонымен бірге заң және салық сұрақтары бойынша кеңесшілер мен басқа да мамандар қатыса алады.
Тексерілетін ұйым мен аудиторлық фирма арасындағы қарым-қатынас келісім-шарт негізінде анықталады. Кез келген келісім-шарт жасасу алдыменен өзара келісудің нәтижесінде жүзеге асады. Егер аудит жүргізу үшін алдын - ала келісім болған жағдайда екі жақ бір-біріне жұмыс жағдайын көрсетіп жазбаша құжат тапсыруға тиісті. Аудитор ұйымның жұмыс жағдайымен келіскен жағдайда клиенттің қажеттілігін, талаптарын, сондай-ақ аудит жүргізуге байланысты негізгі ұйымдастыру мәселелерін де анықтап алуға болады. Ол үшін тапсырыс беруші ұйым аудиторлық фирманың атына аудитті өткізу жөнінде ұсынысы мен қажетті қызмет түрлерін көрсетіп ресми түрде келісім хат жіберуге тиісті. Бұл келісім хатта аудит өткізудің болжамды мерзімі, оның қажеттілігі, шешімін табуға тиісті сұрақтар мен аудит үшін төлемнің көлемі көрсетіледі. Аудиторлық фирма келісім хатты алғаннан кейін аудитті жүргізуге келісім білдірсе, аудиторлық қызмет көрсету жөнінде келісімшарт жасасады. Бұл келісім-шартта келісім-шарт объектісі; көрсетілетін қызметтің көлемі; екі жақтың құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; төлемнің көлемі мен оның төлену тәртібі; екі жақтың келісіміне байланысты басқа да жағдайлар қарастырылады.
Ұйымдарға қызмет көрсететін аудитор немесе аудиторлық фирма өз жұмысын тексерілетін ұйымның салалық және ішкі ерекшеліктеріне байланысты шаруашылық қызметіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторларды; ұйымның басқару құрылымын; ұйымның негізгі қызмет бағытын; меншікті және тартылған капитал құрылымын; ұйымның пайдасының бөліну тәртіптерін; ұйымның құрылымдық бөлімшелерін; ішкі бақылау жүйесін; жұмысшылардың еңбекақыларын қалыптастыру ұстамдарын анықтайтын толық мәліметтермен танысуы қажет. Бұл мәліметтермен жеткілікті түрде танысу үшін аудитор ұйымның ішкі және сыртқы көздерден алынатын ақпараттарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Информация о работе Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті