Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................5

1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері ..............................................................................................................7
1.2 «ЭЛИКА» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері ......12
1.3 «ЭЛИКА» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұымысы және салық-есеп саясаты ..............................................................................................................18

2 Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
2.1 Жарғылық капитал және оның бухгалтерлік есебі .........................................23
2.2 Резервтік капиталды қалыптастыру және оның есебі .....................................27
2.3 Ұйымның бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зияны) есебін жүргізу......28

3 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
3.1 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілікті дайындау тәртіптері ........34
3.2 Аудитті жүргізу әдістемесі ................................................................................37
3.3 Ұйымның жарғылық және резервтік қоларының есебін аудиттеу ............

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................59
ҚОСЫМШАЛАР ....................................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 127.80 Кб (Скачать)

Ішкі ақпарат  көздеріне күнделікті жүргізілетін жедел есептер, алғашқы құжаттар, машина-жазбалар, есеп регистрлері, Бас  кітап, бухгалтерлік баланс, пйада және зиян туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, меншікті капитал қозғалысы  туралы есеп,  келісім-шарттар мен  ұйымның жарғысы, есеп саясаты, бизнес жоспары, заңды ұйым ретінде тіркелу  құжаттары, құрылтайшылар мен басқарушылар отырысының хаттамалары, ішкі бақылау  мен аудит қорытындылары және т.б. жатады.

Сыртқы ақпарат  көздері ретінде мемлекеттік  сататистика агенттерінен, жабдықтаушы  кәсіпорындар мен қызмет көрсетуші  банктерден, бұрынғы аудиторлар мен  инвесторлардан, сондай-ақ іскерлік баспа  және газеттерден алынған ақпараттар саналады.

Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне жүргізілген аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарына  сай орындалуы алдыменен аудитті  алдын-ала жоспарлаудан басталады. Жоспарлау – бұл аудитті неғұрлым жан-жақты орындауға, сонымен қатар  маңызды сәттерді өткізіп алу  тәуекелділігін төмендетуге мүмкіндік  беретін үрдіс. Жоспарлау – бұл  кез  келген тексеруде қайталанатын аудиторлық шаралардың тізімін жасау  ғана емес, сондай-ақ әрбір клиенттің  ерекшелігін де ескеруді қажет етеді [28].

Тәуелсіз  аудитор ұйым қызметкерлері өз міндеттерін  қалай орындайтынын анықтау үшін тексерудің кез келген сатысында  ауызша жауап алуға толық мүкіндігі  бар және оның қорытындысы бақылау  парақтарымен құжатталуы тиіс. Сонымен қатар аудитор немесе адиторлық фирма тексеру барысында ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы мен олардың құжатталу тәртіптеріне бақылау жүргізе алады.

Аудит Қазақстан  Республикасы заңында белгіленген  талаптарға сәйкес кдржылық есеп берудің  дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында завды  түлғалардың қаржылық қорытынды  есебін тексереді.

Аудиторлық  қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен  кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында [29].


Қаржылық  есептілік аудитінің мақсаты - аудиторға  қаржылық қорытынды есепті кұрудың  белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша  қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін  беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты  дегенде аудитордың алдына түтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық  катынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік  және коммерциялық ұйымдар мүлікті  пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды  ақша қаражаттары мен инвестциялардың  займын жүргізу бойынша сан алуан  келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы  мәмілеге қатысушылар арасындағы осы  қатынастардың нақтылығын тексеру  нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор  ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, салымшылар (пай иелері), сонымен  қатар кредиторлар өз қызметтерінің  саласында барлық көптеген каржылық және шаруашылық операциялардың заңға  сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіңцігінен  айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қар-жыландыру, несие беру, инвестициялау және салық  салу саласында қажетті шараларды  қабылдау үшін кажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер  мен ведомстволар, соттар, прокуратураға  және басқаларға қажет.

Аудиттің  маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне  қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық  субъектілердің (фирмалар, акционерлік  қоғамдар);

- салық қызметі  тұлғасындағы мемлекеттің;

- қаржылық  есеп берудегі әр түрлі пайдаланушылардың;

- аудиторлардың  меншік иесі мен мемлекеттің  мүдделерін қорғау, 
сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету 
мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дүрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықар  жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат  қажет.

Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық  білдіреді (банктер - несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар  қоғам).

Аудитке деген  қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды  басқару бөлінген кезде пайда  болады. Бірақ осындай аудитты  жүргізуге деген заң талаптары  жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар  болады.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер  екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту  болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса  ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.

Бухгалтерлік есепте меншікті капиталдың әрбір элементтері бөлек  синтетикалық шоттарда есептеледі. Ондағы өзгерістер, қозғалыстар тиісті заңдылықтармен және нормативтік актілермен реттеледі, шектеледі. Аудиторлық тексеру кезінде  олардың мұқият сақталынуы тексерілуі керек. Меншікті капитал – бұл  қаржы көзі, ол нормативтік актілермен, заңдылық актілермен реттеледі.

Меншікті  капиталды аудиттеудің міндеті  – бұл қаржы есептемесінің  меншікті капиталға байланысты көрсеткіштердің  толықтығы мен шынайылығын тексеру, меншікті капиталдың құралу, төлену, өзгертілу  заңдылықтарына құқықтық баға беру болып  табылады [30].

Меншікті  капиталды аудиттеудің ақпараттық базасына мыналар кіреді:

- меншікті  капиталға салық салу және  бухгалтерлік есепті тұрақтандыру  құжаттары;

- жарғы, құрылтай келісім-шарты, жиналыс хаттамасы, есеп саясаты жөніндегі бұйрық;

- меншікті капиталды құру жөніндегі алғашқы құжаттар;

- есеп регистрлары;

- кәсіпорынның бухгалтерлік есептілігі.

Аудиторлық  тексеру 3 негізгі бөлімнен тұрады: аудиторлық тексеруді жоспарлау  және дайындау, аудиторлық тексеруді  жүргізу, аудиторлық қорытынды жасау.

Аудитті жоспарлау  аудитті дайындаудың соңы және оны  жүргізудің алғашқы кезеңі болып  табылады. Сонымен бірге аудитті  жоспарлау аудиттің әдістемелік  негізінің элементтері, аудитті  жүргізу құралы, инструменті болып  табылады, яғни аудиторлық тексеру  қашанда алдын-ала ойластырылып, жасақталған жоспар бойынша жүргізілуі керек [31]. Мұны, аудиттің негізгі принциптері де талап етеді. Мысалы: тәуелсіздік (аудиторлық тексеруді өз бетімен жүргізеді, алдын-ала белгіленген тәртіп, схема жоқ, өзі анықтайды), объективтілік (бұл аудиторға үлкен жауапкершілік жүктейді), кәсіби құзырлылық (яғни мұқияттылық, ыждағаттылық, жан-жақты ойластыру, әртүрлі нұсқаларды, жолдарды ойластыру). Сондықтан да аудитті жоспарлауға КСА – 7 жоспарлау деп талатын Қазақстандық стандарттардың талаптары қойылады.

Аудитті жоспарлау  – бұл аудиторлық тексерудің масштабын, жалпы стандарттарын алдын-ала  болжау болып табылады.

Жоспарлаудың  мақсаты:

1) Жұмыс көлемін,  қажетті мерзімді еңбек шығынын,  адам санын тағы да басқаларды  анықтау үшін;

2) Қызмет  құнын анықтау үшін;

3) Жүргізілетін  аудиторлық процедуралардың көлемін,  сипатын, ретін анықтау үшін;

4) Мәнділік  және аудиторлық тәуекел деңгейлерін  жоспарлау үшін;

5) Тексеруді  ұйымдастырудың кейбір мәселелерін  субъектінің басшылығы-мен келісу  үшін.

Жоспарлау 3 кезеңде іске асырылады: алдын-ала  жоспарлау; аудитортың жалпы жоспарын дайындау; аудитордың бағдарламасын  жасақтау.

Алғашқы жоспарлау  аудиторлық тексеруге тапсырыс берілгеннен  кейін аудитор тапсырысты орындауды  қабылдауға дейін субъектімен алдын-ала  танысу, зерттеу кезінде аудит  жүргізу мүмкіндігін, аудитордың шарттарын  анықтап, хат міндеттемемен келісім-шартта көрсету үшін жасалынады.

Аудиттің  жалпы жоспары аудиттің мақсатын, атқарылатын жұмыстың көлемін, мерзімі  мен кестесін, жоспарлы мәнділік және аудиторлық тәуекел деңгейін, тексеру  тобының құрамын және олардың  міндеттерін өзара бөлісуді қамтиды. Аудитордың жалпы жоспары субъект  басшылығымен келісуі мүмкін.

Аудиторлық  тексерудің жалпы жоспарында:

- тексерілетін  ұйымның аты;

- тексерілетін  кезең;

- тексерудің  мақсаты;

- еңбек шығыны;

- аудиторлық  топтың мүшелерінің жетекшісі;

- жоспарлы  мәнділік деңгейі (тг);

- жоспарлы  қауіптілік деңгейі (%).

Аудитордың  бағдарламасы – бұл аудитордың жалпы  жоспарының одан әрі жұмыстың түрлеріне, жүргізілетін аудиторлық процедуралардың  әдістері мен тәсілдерінің түрлеріне, тексерілетін құжаттар мен аудиторлық жұмысшы құжаттардың түрлеріне  қарай нақтылануы болып табылатын  құжат. Тексерудің бағдарламасы жоспарлаумен қатар жұмысты орындаушы тексеру  тобының әрбір мүшелеріне берілетін  тапсырма, нұсқаулар, сондай-ақ оны  бақылайтын аудиторлық топ жетекшісі мен аудиторлық ұйым басшысының құралы болып табылады. Аудиторлық тексеру бағдарламасының тәжірибеде қалыптасқан мынадай түрлері бар.

Субъектінің ішкі бақылау жүйесін және бухгалтерлік есеп жүйесін бағалау үшін ондағы мәнді қателіктерді анықтап бақылау  тәуекелін нақтылау үшін және аудиторлық дәлелдемелер жинақтап, пікір қалыптастыру үшін бақылау тестілері жасақталынады. Бақылау тестілері – бұл субъектінің  ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесінің ұйымдастырылуы және тиімділігі жөнінде аудиторлық дәлелдемелер алу  үшін пайдаланылатын тестілер болып  табылады. Бақылау тестілерін жазба  түрде жасау міндетті емес, ол қашанда  аудитордың ойында жүреді. Бірақ оқып үйрену үшін және жұмысын жаңа бастаған тәжірибесіз аудитор үшін бақылау  тестілерін жазбаша жасау керек [32].

Аудиторлық  тексеруді жүргізудің сатылары –  бұл шартты сатылар болып саналады. Олар әдетте қатар, аралас, бірнешеуі  бір кезде жүреді, ал жіктеу тек  қана оқып үйрену үшін.

Аудиторлық  тексеруді мынадай шартты кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:

- аудиторлық  дәлелдемелер жинау, аудиторлық  тексеру процестерін жүргізу    аудиторлық тексеру әдістері, тәсілдері,  жолдары;

- аудиторлық  тексеруді құжаттау, аудитордың  жұмыс құжаттарын дайындау;

- аудиторлық  тексерудің сапасын бақылау. Алынған  аудиторлық дәлелдемелерді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау. Олардың шынайылығы  мен сәйкестігін бағалау;

- жинақталған  аудиторлық дәлелдемелер бойынша  аудиторлық пайымдау;

- ішкі бақылау  жүйесін алғашқы бағалауды растау, нақтылау немесе жоққа шығару, тиісінше қайта бағалау;

- клиент  ісін білу, тереңірек зерттеу;

- мәнділік  деңгейі менаудиторлық тәуекелді  және оның құрамдас бөліктерін  алғаш бағалауды растау, нақтылау  немесе жоққа шығару және тиісінше  қайта бағалау;

- жинақталған  аудиторлық дәлелдемелердің жеткіліктілігін  бағалау және қажет болса, қосымша  тексеру процедурасын жүргізу;

- жоғары  дәрежелі сенімділік пен пікір  қалыптастыру,

- аудиторлық  қорытынды, аудиторлық тексерудің  нәтижесі туралы есептемені жасақтау  және беру.

Жарғылық  капитал кәсіпопын мүлкіне оны  құрған кездегі қатысушылардың салымының  жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің  іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне байланысты. Жарғылық қор кәсіпорын құрған кезде оның мүлкіне қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық қорды белгілеу және қалыптастыру тәртібі ұйымның құқықтық нысанына байланысты болады.

Жарғылық  қорды аудиттеу кезінде бірінші  кезекте келесі жағдайлар қарастырылады:

- жарғылық  қор көлемінің құқықтық-нормативтік  акті талаптарына сай болуы;

- жарғылық  қор көлемінің өзгеру ықтималдылығы;

- қаржылық  есепте жарғылық қордың көлеміне  ықпал ететін операцияларды көрсетудің  және бухгалтерлік жазулардың  дұрыстығы.

Жарғылық  қорды аудиттеу кезінде тексеру  төмендегідей тәртіппен, яғни бағдарламамен  жүргізілуі тиіс:

- баланс  көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне  сәйкестігін тексеру;

- жарғылық  қор қозғалысының синтетикалық  және аналитикалық есебін жүргізудің  дұрыстығын тексеру;

Информация о работе Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті