Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:23, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.
Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.

Содержание

КІРІСПЕ .....................................................................................................................5

1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық маңызы және оны қалыптастырудың ерекшеліктері ..............................................................................................................7
1.2 «ЭЛИКА» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері ......12
1.3 «ЭЛИКА» ЖШС-нің бухгалтерлік есеп жұымысы және салық-есеп саясаты ..............................................................................................................18

2 Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
2.1 Жарғылық капитал және оның бухгалтерлік есебі .........................................23
2.2 Резервтік капиталды қалыптастыру және оның есебі .....................................27
2.3 Ұйымның бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зияны) есебін жүргізу......28

3 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
3.1 Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілікті дайындау тәртіптері ........34
3.2 Аудитті жүргізу әдістемесі ................................................................................37
3.3 Ұйымның жарғылық және резервтік қоларының есебін аудиттеу ............

ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................59
ҚОСЫМШАЛАР ....................................................................................................61

Работа содержит 1 файл

Диплом.docx

— 127.80 Кб (Скачать)

 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Диплом  тақырыбының өзектілігі меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде ұйымның қызмет саласында үлкен мән алады, сонымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажетті материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.

Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік мекемелер  және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану  арқылы келісім шартқа түседі. Бұл  қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет. Ақпараттардың сенімді болуы  аудитормен тексеріліп жүргізіледі.

Коммерциялық  ұйымның, кәсіпорындардың негізгі  мақсаты табыстың көлемі неғұрлым жоғары алу болып саналады. Меншік иелерінің  капиталға салған салымдарының кері қайтарылымы кәсіпорыннан тыс саладан  түскен табыстың көлемінен кем болмауы  керек.

Сонымен қатар, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың  негізгі мақсатының бірі – табыс  көзін сақтап қалу, соның ішінде меншікті капитал. Меншікті капиталдың сол кәсіпорын өзінің әрі қарай  жұмыс жасау қабілетін сақтап қалу үшін орны жоғары.

Меншік иелері, соның ішінде ұжымдық меншік иелері- акционерлер, сонымен қатар кредиторлар  өздігінен көптеген кәсіпорын операцияларының  жүргізілуіне, қорытынды есептердің жүргізілуіне қатысып, бақылай алмайды. Сондықтан олар квалификациясы бар  тәжірибелі мамандардың қызметін пайдаланады. Аудиторлық қызмет – сенімді қаржылық ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді  жүргізуде сақталынатын заңдылықтар  және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарылатады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.

Меншікті  капитал тәжірибе жүзінде аудит  саласында үлкен мән алады. Меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет  материалдық құндылықтардың, ақшалай  қаражаттардың, қаржылық салымдар мен  алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.

Шаруашылық  субъектісі алғаш құрылған кезде  оның капиталы Қазақстан Республикасының  заңында қаралған мөлшерден кем  болмауы тиіс және де ол сол субъект  құрылтайшыларының, акционерлерінің  ақшалай, заттай және басқадай түрде  акционерлік қоғамға қосқан үлестерінен  құралады.

Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі  барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа көздерден, тегін  түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Меншікті  капиталдың есебі және аудиті деп  аталатын дипломдық жұмысымды талдау барысында меншікті капиталдың көптеген түсініктерімен таныстым. Бухгалтерлік есепте меншікті капитал: жарғылық капиталдан, қосымша капиталдан, резервтік капиталдан және өзге де меншікті капиталдан тұрады. Дипломдық жұмысым осылар негізінде  жазылады.

Зерттеу пәні меншікті капитал, сонымен бірге меншікті капиталдың құрылымы, түрлері, пайдаланылуы және оны аудиттеу тіртіптері қарастырылады.

Зерттеу объектісі ретінде «Алматы Пана LTD» ЖШС алынды.   

  Диплом жұмысымның мақсаты меншікті капиталдың есебін, аудитін талдау және анықтау, аудиторлық  қорытынды беру.

Жоғарыдағы  атылған міндеттерге қол жеткізу  үшін дипломдық келесі міндеттер алға қойылды:

- меншікті капиталдың экономикалық мазмұнын ашу;

- кәсіпорындағы жарғылық капиталдың есебін қарастыру;

- кәсіпорындағы резервтік қордың есебін қарастыру;

- ұйымның бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян есебін зерттеу;

- меншікті капитал қозғалысы бойынша операцияларды аудиттеу тәртіптерін қарастыру.

Дипломдық жұмысымның әдістемелік базасы. Дипломдық жұмысты орындау барысында ҚР-ның заңдылық және нормативтік актілері, бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі әдебиеттер мен материалдар, ұйымның есеп-салық саясаты мен бухгалтерлік есеп мәліметтері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 Ұйымдарда меншікті капитал есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері

1.1 Меншікті капиталдың экономикалық  маңызы және оны қалыптастырудың  ерекшеліктері

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық  құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары  мен алажақтары болуы керек. Осы  жоғарыда аталғандардың ақшалай  жиынтығы меншікті капитал болып  саналады. Ал, қаржы есептерін әзірлеп  тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздемеде меншікті капиталға  былайша анықтама береді: меншікті капитал- бұл субъектілердің міндеттемелерін  шегеріп тастағаннан кейінгі  оның активі. Шаруашылық субъектісі алғаш  құрылған кезде оның капиталы Қазақстан  Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс, және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен  құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің  капиталы өзінің қызметі барысында  тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа  да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында  жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың  активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың  пассивінде көрсетіледі.

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары  мен айналымдағы қаржыларының құнын  құрайды. 1-«Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну» қаржылық есеп берудің  халықаралық стандартына сәйкес меншікті капиталға мыналар жатады [1]:

- жарғылық  капитал;

- резервтік  капитал;

- қосымша  төленген капитал;

- бөлінбеген  пайда немесе жабылмаған зиян.

Шаруашылық  субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық  капитал - меншік иесі субъектінің (кәсіпорын) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады. Жарғылық қор  мүшелері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мүшелері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі  мүмкін [2].

Жарғылық капитал экономикалық субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын  негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол кәсіпорынның негізгі элементі болып  саналады. Себебі ондағы өзгерістер белгілі  бір заңдылықтарға сәйкес жасалынады. Кәсіпорынның жарғылық капиталы оның жарғылық міндеттемелерін орындауға  қажетті қаржының құралу көзі. Жарғылық капитал өндірістік қызметтің пайда  табу мақсатындағы алғашқы капиталы және де кәсіпорынның меншік иелерінің  алғашында кәсіпорынды құруға жұмсаған қоры. Кәсіпорынның меншік иелері заңды  және жеке тұлға ретінде қызмет атқара алады.

Жарғылық капиталдың қалыптасуы кәсіпорынның құрылуымен және оның ұйымдық-құқықтық формасымен байланысты болып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында  әр кәсіпорынның жарғылық капиталының  қалыптасу ретін қатаң бақылап  отырады.

Жарғылық капиталдың кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасына сәйкес мынадай түрлері болады: жарғылық капитал, жарғылық қор, жинақ капиталы [3].

Жарғылық  капитал – салымдардың ақшалай  өлшемінің жиынтығы. Шаруашылық қоғамның мынадай түрлері бар: акционерлік  қоғам, ЖШС және тағы да басқалары.

Жинақ капитал  – заңдылықтар бойынша жарғы  қабылданбаған, яғни тек құрылтайшылық  құжаттары бар кәсіпорында қалыптасады. Бұларға толық және сенім шаруашылық серіктестіктері жатады. Жинақ капитал  құрылтайшылардың салымдары негізінде  құрылады.

Жарғылық  қор – кәсіпорын меншік иелерінің  кәсіпкерлік қызметін іске асыруға  қажетті мүлігі болып саналады. Жарғылық қор мемлекеттік және жергілікті кәсіпорында жарғылық капитал немесе жинақ капитал есебінде жүреді.

Қазіргі кезде  кәсіпкерлік қызметтің ең көп  тараған түрі олар акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер болып табылады.

Акционерлік қоғамның заңды меншігі оның акционерлеріне тиісті емес. Егер акционерлік қоғам  дағдарысқа ұшыраған жағдайда және олардың  қарыздары қолда бар мүліктің құнынан жоғары болса, онда акционерлер  қарыздық міндеттемелер мен қарыздық шығындар бойынша жауап бермейді. Жарғылық капитал кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігіне кепілдік беретін  мүлкінің ең аз мөлшерін анықтайды.

Акционерлік қоғамдар ереже бойынша ұйымдық  немесе корпоративтік меншікке ие болады. Меншік иелері болып заңды тұлға, жеке тұлға, салымшылар ұжымы және акционерлер  корпорациясы табылады. Жарғылық капитал  меншікті капиталдың қалыптасуының  негізгі аспектілеріне әсер етеді.

Акция –  құнды қағаз, акция иелері акционерлер  жиналысына қатысуға және одан белгілі  бір сомадағыпайда, яғни дивидент алуға  құқылы. Шығарылған акциялар тіркеуден  өтуге тиіс.

Акционерлік қоғамның жиналысы құрылтайшылармен шешіледі. Құрылтайшылар жиналысында жарғы, құрылтай келісім-шарты және де акцияның ақшалай құны бекітіледі. Жарғыда  аталуы, өткен орны, көлемі, акцияның түрі және номиналдық құны, жарғылық капиталдың құны, қызмет түрі, құрылымы, қоғамды  басқару органдары және олардың  шешімдері, тағы да басқалары. Жарғылық капиталдағы елеулі өзгерістер акционерлердің қатысуымен шешіледі және мемлекеттік  органдарда тіркелуі керек [2].

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталына кіретін  мүлкін ақшалай бағалау жалпы  қатысушылардың өзара келісімімен  жүзеге асады, ал төленуге тиіс қосымша  акциялар мен өзге де бағалы қағаздар қоғамның директорлар кеңесімен  бекітіледі. Осыған сәйкес директорлар  кеңесі мүліктің жарғылық капиталға  кіретін нарықтық бағасын белгілеу керек. Акционерлік қоғамның мекемеге кіретін мүліктік құны жалпы қатысушылармен төленетіндігіне көңіл аудару қажет. Бұл кезде осы қоғамның жарғылық капиталға кіретін мүлкі директорлар  кеңесінің құны басым даусымен анықталады (директорлардың жартысынан кем емес даусы).

Шаруашылық  қызмет үрдісінде қоғамда жаңа мүліктер пайда болуы мүмкін немесе активтер көлемі ұлғаяды.

Мұндай мүлік  көздерінің есебі немесе құнының  өсуі бухгалтерлік есепте қосымша капитал  деген ұғыммен енгізілген. Ол есеп объектісі сияқты инфляциялық процедураның болуына байланысты қоғамның бухгалтерлік есеп стандарттарындағы бағалау  әдістерінің өзгеруінен пайда болады.

Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан (номиналдық) артық құнымен сатқаннан пайда  болған құн айырмашылығынан туындайды [4].

Информация о работе Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті