Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
Жалпы бас мердігердің есебінде аяқталмаған құрылыс жұмыстарының көлемімен бірге, субмердігердің өткізілген жұмысының көлемі бірге болуы бас мердігердің құрылыс-монтаж жұмысын тапсырушыға өткізген күнге дейін жұмыс көлемінде тұруы шарт.
Егер бас мердігермен жасаған келісімде тапсырушы кезең ішіндегі аяқталмаған жұмысты аяқталған жұмыс түрінде қабылдаса, онда ол тапсырыс берушінің есебінде аяқталмаған өндіріс болып табылады. Аяқталмаған өндіріс өндіріс есебіне құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігердің еркімен қойылған көтеріңкі бағасы немесе келісімде жоқ жұмыс көлемінің құны жатқызылмайды. Бұл жағдай құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып өткізілген кездегі қорытынды есепте қаралады. Ал кезең ішіндегі құрылыстағы ақау үшін шеккен зиян сомасы бөлек есептелу керек, өйткені ол сома сметалық құнның ішінде қаралмаған. Әрбір құрылыс кәсіпорыны аяқталмаған өндіріс сомасының көлемін нақты бағасымен есептейді. Осыған байланысты бас мердігер аяқталмаған өндірісті әртүрлі бағамен есептеуі мүмкін. Яғни, өз күшімен істелген жұмыс бағасымен, субмердігерден қабылданған бағасымен және сметалық бағасымен есептейді.
Егер құрылғы желілері немесе монтаждау жұмыстары басталып, есепті кезеңде аяқталмаған жағдайда құрылыс-монтаж жұмысының аяқталмаған өндірісіне түгендеу актісі толтырылып, құрылғы желілері немесе монтаждау жұмыстарының түрлері көрсетіледі. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары жөніндегі оперативтік есепті және түгендеу актісін негізге ала отырып сол кезеңге №3 үлгідегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнына анықтама толтырылады. Анықтамада есепті кезең ішіндегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы көлемі және есепті айдағы көлемі әрбір құрылыс нысандары бойынша таратылып көрсетіледі. Бұл анықтаманы әрбір ай сайын субмердігер бас мердігерге, бас мердігер тапсырушыға есеп жүргізу тәртібіне орай, келісілген мерзімде өткізіп отыруы шарт. Анықтаманы, яғни №3 үлгіні төменде көрсетіп отырмыз.
Тапсырыс беруші_______________
Бас мердігер ___________________
Құрылыстың атауы_____________
2007 жыл қаңтар ____________айларындағы орындалған
Жұмыс пен шығынның сметалық құны туралы анықтама
Мың тг
|
Сметалық баға бойынша орындалған жұмыс құны
| |||
Жылдың басынан бастап есепті кезеңді қосқанда | Оның ішінде есепті кезең бойынша
| |||
Құрылыс жұмысы |
Құрылғыларды монтаждау |
Құрылыс-монтаж жұмысының құрамында қарастырылмаған басқа шығындар | ||
Барлығы: Құрылыс бойынша
Оның ішінде: Нысан №1 Нысан №2 Нысан №3 |
|
|
|
|
«___»______________2007 жыл
Мердігер___________________
Тапсырушы_________________
Жалпы негізгі құрылыс нысанындағы аяқталмаған құрылыс есебі бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының жұмыс жоспарындағы 2-бөлім – «Ұзақмерзімді активтер» бөлімінің құрамындағы 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотында жүргізіледі.
Бұл шотта аяқталмаған құрылыс шығындарын төмендегідей бухгалтерлік жазбада көрсетеміз.
№
| Операцияның мазмұны | Дебет | Кредит
|
1
|
Мердігерге төленетін тапсырушының шығыны |
29 30
|
33 10
|
2 |
Шот-фактура негізіндегі ҚҚС |
29 30 ,14 20 |
33 10 |
3
|
Нысанның құны көтерілгенде |
24 10, 23 10 |
33 10 |
4
| Аяқталмаған құрылысқа жатқызылған босалқылар | 29 30
| 13 10 , 13 30 |
5
| Жөңдеу жұмысына қатысқан жұмысшылар еңбекақысы |
29 30 |
33 50 |
6 | Әлеуметтік салық | 29 30 | 31 50 |
7 | Нысанның құнына жатқызылған шығындар |
24 10, 23 10 |
29 30 |
2. «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабы бойынша шығын есебі.
Құрылыс жұмыстарының қарқындылығы оның механизациялануы мен автоматизациялануына тәуелді. Технологиялық процестің өсуіне байланысты құрылыс объектілерінің жалпы өзіндік құнында жұмысшылардың еңбекақысының азаюы есебінен құрылыс машиналарын ұстау мен пайдалану үлесі өседі.
Осының бәрі құрылыс машиналарын пайдалану бойынша шығындарды бөлек бапта есептеуді талап етеді. Құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстау және пайдаланудың есебін бөлек жүргізу осы мақсатқа жұмсалған шығындарды қадағалап отыру мен оларды объектілер арасында дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдаланудың әртүрлі формалары бар. Құрылыс машиналарыв мен механизмдері құрылыс кәсіпорындарының жеке меншігі болып, оның балансында саналуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды пайдаланудың шығындары 1 ай ішінде жиналып, 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «құрылыс машиналары мен механизмдері» деген субшотында - әр құрылыс бөлімшелерінде, ай соңында осы құрылыс бөлімшелерінің орындаған жұмыстарының өзіндік құнына апарылып, « Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша қор» деген бапта есептеледі.
Кейбір мердігер кәсіпорындарда құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін басқа, өз бетінше жұмыс атқаратын құрылымдық бөлімше құрылады. Осындай машиналар құрылыс-монтаждау бөлімдеріне берілгеніне қарамастан, машинистер механизация бөлімшесіндегі персоналдар құрамында болып саналады. Сондықтан, машиналарды пайдалану бойынша шығындар деңгейіне механизациялау бөлімі жауапты.
Құрылыс-монтаждау бөлімшесі оған берілген техниканы толығымен пайдаланып, оның сол объектіде болу уақытын азайтуға тырысады, сонда ол бөлімше машиналарды пайдалану бойынша өз шығындарын азайтады. Бұл жағдайда 8030 шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында соған сәйкес шығындар жиналып, сол бөлімнің құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына, олар механизация бөлімінің қызмет көрсетуі ретінде жоспарлы өзіндік құны түрінде апарылады. Ең соңында жоспарлы өзіндік құн болып жазылады.
Құрылыс машиналарын қолдануды жақсарту мақсатында олар механизация басқармасына (трест) біріктірілуі мүмкін.
Мердігер кәсіпорындар механизация басқармасының қызметінің құнын 8010шотының дебетінде «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабында, 3310 шоттың кредитінде көрсетеді.
Егер мердігер кәсіпорын машиналарды жалға алса, онда жалдың есебі 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында және басқа шығындарына қосылып, осы машинаның қызметінің құнына апарылады.
Егер механизация жұмыстарын субмердігер орындаса, онда олар машиналарды пайдаланумен байланысты барлық шығындарды өз шотында есепке алады. Құрылыс кәсіпорындары механизмдерді басқару шотының негізінде, оның қызметінің құнын 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде, 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының кредитінде, «Субмердігерлерден қабылданған жұмыстың құны» бабында есепке алады.
Жеке меншік құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарын басқа жақтың механизмдерінің қызметінің құнын объектілерінің өзіндік құнына тікелей апаруға болады. Бірақ, кей кездері құрылыс машиналары мен механизмдері бір мезгілде бірнеше объектіде немесе бір объектіде бірнеше жұмыстарды атқаруы мүмкін. Мысалы, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, материалдарды тасу, грунт, қарларды шығару және т.б. Бұл жағдайда құрылыс машиналары мен механизмдерін объектілер және шоттар бойынша жанама жолмен бөлу қажет. Оның бөлу негізі нақты орындалған жұмыс көлемі немесе смета құны, кейде жұмыстардың нормативті құны не машиналардың жұмыстарының сағат саны алынады. Материалдарды тасу шығыны дайындау-қойма шығындары ретінде оның құнының деңгейін көтереді.
Сметалық анықтама бойынша жұмыстары есептелмейтін машиналарды пайдалану шығындары объектіде әр машинаның түріне машина-смета құнын қоса жұмыс істеген машиналардың жұмыстарының ұзақтығы туралы механиктің есебі негізінде бөлінеді.
1985 жылға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын «Басқа тікелей шығындар» деген бап бөлек алынған. Бұл бапта құрылыс соңында қоқыс пен қарды шығару, грунттарды тасу және де құрылыс ішіндегі конструкцияларды, детальдар мен материалдарды объект қоймаларынан жұмыс орнына дейін апару шығындары есепке алынған. Сметада бұндай баптар бөлінбейді. Жоспрарлау мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын есептеу (1985 жылдан бері қарай енгізілген ережелердің негізінде бұндай бап қарастырылмаған) үшін шығындар құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарының құрамында болуы шарт.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар
1. Құрылыс-монтаж жұмысындағы аяқталмаған өндіріске қандай жұмыс түрі жатады.
2. Аяқталмаған өндіріс құрамы қандай көрсеткіштермен байланысты.
3. Құрылыс машиналары мен механизімдерді пайдаланудың қандай формалары бар.
4. Ақапу жеке шотта қарастырылады ма және оны үстеме шығындарға жатқызуға болады ма.
5. Үстеме шығындар қандай түрлерге бөлінеді.
Негізгі әдебиеттер
1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.
2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство
«Экономика» 2005.- 254 с.
3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010
4.К.Қ.Кеулимжаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика баспасы,Алматы2008 жыл.
5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.
Қосыша әдебиеттер
2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010
3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.
4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-III.
Тақырып 9. Үстеме шығындарды бөлу және оның есебі
Дәрістің мақсаты - үстеме шығындарды бөлу және оның есебін қарастыру.
Негізгі ұғымдар - құрылыс-монтаждау, техникалық қауіпсіздік, цех, амортизациялық шығындар, мердігер, өндіріс, үстеме шығындар, механизм, ақау.
Дәріс жоспары:
1. Құрылыс-монтаждау жұмысындағы үстеме шығындар.
2. Ақаудың пайда болуы.
1.Құрылыс-монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға жұмысшыларға көрсетілген қызмет шығындары, құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады.
Жалпы алып қарайтын болсақ, орындалып жатқан жұмыс барысында өндіріске тән ерекшелігі бар қосымша шығындарды кездестіреміз. Бірақ, біз оны шығындар төмендегідей түрге бөлінеді:
1) Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
- учаске басшыларының, аға шеберлердің, қосалқы және көмекші өндіріс басшыларының, механиктердің негізгі және қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;
- құрылыс-монтаждау жұмысындағы жұмысшылардың қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;
2) Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
- тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу және жууға кеткен шығындар;
- заң бойынша қарастырылған денсаулыққа зиян цех жұмысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар;
- техникалық қауіпсіздікке арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кеткен шығындар;
3) Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
- амортизациялық шығындар, бірнеше мердігерге қызмет көрсетіп тұрған негізгі құралдарды пайдалануға немесе жөндеуге кеткен шығындар;