Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
Кез-келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан да шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Әдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сәйкес келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет.
Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындар былай топталады:
- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар т.б.) ;
- үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады) ;
- тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей кіреді ;
- жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына әртүрлі әдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффициенттер) жанама жолмен қосылады ;
- кірістік шығындар – қолда бар және сатып алынған ресурстар, келешекте табыс әкелуі ықтимал;
- өткен шығындар, олар келешекте табыс әкелу қабілетін жойған ресурстар.
Тәжірибеде шығындар келесідей топтастырылады:
- құрамы бойынша ;
- түрлері бойынша ;
- өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша;
- өндіріс көлемі бойынша;
- шығындардың тиімділігі бойынша.
Құрамы бойынша бірэлементті және кешенді шығындар деп жіктеледі. Бірэлементті шығындар – бір элементтен тұратын шығындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенді шығындар – бірнеше элементтен тұратын шығындар (барлық элементтер кіретін цехтық шығындар).
Шығындардың түрлері бойынша шығындар екі топқа топтастырылады – шығындар элементі бойынша және калькуляция баптары бойынша.
Шығындардың экономикалық мазмұнына сәйкес, құрылыс кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметтерде орын алатын шығындары келесі элементтері бойынша топтастырылады:
- материалдық шығындар ;
- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар ;
- әлеуметтік қажеттіліктерге ақша аударулар ;
- құрал-жабдықтардың тозуы ;
- басқа да шығындар.
Сонымен, пайда болу орны бойынша жіктелетін шығындар жиынтығы нақты өндіріс көлемінің шығындар сметасын құруға, құрылыс кәсіпорынының қызметінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеуге мүмкіндік береді.
Мердігерлік құрылыс кәсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:
- материалдар ;
- жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар ;
- құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар ;
- үстеме шығындар ;
- өндірістік жұмысшыларының еңбекақысы.
Өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша шығындар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді:
- негізгі шығындар - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты негізгі шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар);
- қосымша шығындар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге оны басқарумен байланысты пайда болатын шығындар. Үстеме шығындар өз кезегінде өндірістік және өндірістік емес, тұрақты және айнымалы шығындар деп бөлінеді.
Өндірістік үстеме шығындарға : өндірістік құрылыс жайлар мен құрылыс-жабдықтарды, ағымдағы күтумен, жөндеумен байланысты шығындар, қосалқы материалды қалпына келтіру бойынша шығындар, жұмысшылардың әлеуметтік салықтық аударымдары бар еңбекақы шығындары, құрылыс кәсіпорынының өндірістік бөлімшелерін жылумен, жарықпен қамтамасыз етумен байланысты шығындар мен ақау жатады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей шығындар - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, материалдар, аударымдар). Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде болып бөлінеді.
Өндіріс көлеміне байланысты айнымалы (өзгермелі) және тұрақты деп бөлінеді.
Айнымалы шығындар – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды өзгеретіндер (өндірістік жұмысшыларының еңбекақысы, технологиялық энергия, т.б.).
Тұрақты шығындар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация).
Осыған байланысты өнімнің өзіндік құнының 3 түрі бар:
- толық өндірістік өзіндік құн – баға белгілеу мен жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады;
- тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құн – белгілі бір жағдайда бағалық саясатты жүргізгенде және жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады;
- жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн – жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады.
Құрылыс өнімдерінің толық өзіндік құнына өндіріске кеткен барлық ресурстар кіреді. Ол есеп объектісіне келетін тікелей шығындардың сомасы мен объектіге қатысты жанама шығындар сомасынан құрылады.
Құрылыс өнімдерінің тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құнын анықтағанда тікелей шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау әдісін қолданғанда, тікелей шығындар дайын өнімдердің өзіндік құнына кіреді, ал жанама шығындар толық ағымдағы жылдың жалпы қаржылық нәтижелеріне апарылады. Осылайша, тұрақты шығындар аяқталмаған өндірісті бағалауға кірмейді.
Құрылыс кәсіпорындарының барлық жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. Негізгі есептің бірлігі мен шығындарды бағалау объектісі ретінде жауапкершілік орталық болып табылады.
Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық объектіге ашылған карточкалар немесе арналған ведомость арқылы жүзеге асады. Осы құжаттарда шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарында айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша ақталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (наклодной) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 «Дайын өнім» шоты дебеттеледі, 8010 шоты кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шоты дебеттеліп, 8010 шоты кредиттеледі.
2. Өндірілген өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау әдістері.
Кәсіпорын қызметін басқару жүйесін қайта ұйымдастыру отандық өндірістік есеп үшін « өндіріске жұмсалған шығындар есебі» және «өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау» ұғымдарын бағалауда жаңа мүмкіндіктер ашады.
Есепті ұйымдастыру жүйесі келесі кезеңдерде қарастырылады:
1) өндірістік қызмет процесіндегі пайда болу мезгіліне қарай алғашқы шығындардың бейнеленуі;
2) өндірістік шығындар туралы мәліметті қызмет түріне, өндіріске, құрылымның бөлімшелеріне, шығындардың пайда болу орындарына, жауаптылық орталығына, өнімдерге, жұмысшыларға қарай оқшаулау;
3) өндірістік шығындарды пайда болу уақытына және өзіндік құнға қосылуына қарай, сонымен қатар басқа да уақыт кезеңдері, өткен шығындар, есепті кезең және болашақ кезең шығындарына қарай оқшаулау;
4) кәсіпорынның жалпы шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында бөлу: жалпы өндірістік шығындарды аяқталмаған, дайын өнімнің өзіндік құнына қосу жолымен өтеу;
5) қызмет көрсетуші өндірістің өндірістік шығындарын оның аяқталмаған және дайын өнімдері арасында бөліп, шығындарды өндірістік бөлімшелері қызмет көрсетуші өндірістінің өнімдерін, жұмысшылары мен қызметтерін тұтынушылары бойынша қайта бөлу.
Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жиынтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық:
- шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады;
- шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстардың санын сипаттайды;
- шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнім өндірісі, қандай да бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлшеміндегі шамасы.
Шығындар есебінің объектісі әртүрлі өндірістік шеңберде анықталуы мүмкін. Бұл ақпараттарды пайдаланушылар мен басқарудың мақсатына байланысты болады. Шығындар есебінің нақты объектісінің сипаттамасы шығындарды бағалау әдісі мен өндірістегі есеп жүйесінің түрін анықтайды.
«Әртүрлі мақсат үшін - әртүрлі өзіндік құн» негізгі принципі өзіндік құнның 3 түрімен жүзеге асырылады:
1) толық өндірістік өзіндік құн, ол қалыпты жағдайда оперативті шешімдер қабылдау және бағаны белгілеу үшін қолданылады;
2) тікелей өндірістік өзіндік құн арнайы жағдайларда оперативті шешімдер қабылдау және баға белгілеу үшін қолданылады;
3) жауапкершіліктің орталығы бойынша өзіндік құн. Ол жауапты атқарушылардың қызметін бақылау және жоспарлау үшін қолданылады.
Толық өзіндік құн өндіріске жұмсалған барлық ресурстарды құрайды. Ол шығындар есебінің объектісіне жұмсалған тікелей шығындар мен соған қатысты жанама шығындардың қосындысынан тұрады. Жанама шығындар 2 кезеңге: жауаптылық орталығына қарай, алдын ала таңдалған базалар мен коэффициенттер бойынша дайын өнімдерге бөлінеді. Бұл бөлініс өндіріс көлемі мен аяқталған және аяқталмаған болып анықталады.
Толық өзіндік құн бойынша бағалау жүйесін жетілдіру қалыпты шығын мөлшерін бағалау болып саналады.
Нормаларға сәйкес, келешекте пайда болуы тиіс шығындарды бағалау нормативті шығындар жүйесі деп аталады. Бұл жүйенің шығындарды бағалауының қолданылуының бастапқы кезеңінде шығындардың тікелей және жанама түрлерге бөлінуі жүзеге асырылатын, ал шығындардың тұрақты және айнымалы түрлеріне бөлінуі қарастырылмайды. Мұндай жүйе стандарт-кост деп аталады. Өндіріс барысында қалыптасқан ауытқулар тікелей нормалардан артық шығындалуы және бағаның өзгеруі деп бағаланады. Тұтастай алғанда жүйе технологиялық бақылау үшін қолданылып, өндірістік куаттарды пайдалануды бақылаумен байланыссыз болған. Нормативті шығындар олардың жоспарланған деңгейі қазіргі заманға сәйкес жүйелер тікелей шығындар үшін стандарттарды, ал жанама шығындар үшін сметалар қарастырады. Шығындарды бағалауды қарастырып отырған жүйенің мүмкіндіктерін кеңейту өндіріс қуаттарының нақты пайдалануына келешек нормативті шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жанама шығындар тұрақты және айнымалы бөліктерге бөлінеді де, ол нақты өндіріс көлеміне сай жанама шығындарды анықтауға жол ашады.
Нормативтер бойынша шығындарды бағалау жүйесі кәсіпорынның ресурстарын пайдалану деңгейін сипаттап, басқарушылық шешімдерді жеңілдетеді.
Сметаны жасау құрылыс объектілерінің өзіндік құнын нормативті калькуляциялауға негізделген, осы мақсатта материалдардың, еңбек және қаражат шығындарының сметалық көлемі анықталады. Құрылыс жұмыстарының сметалық өзіндік құнының негізі, ол құрылыс материалдарын пайындауға сметалық калькуляция, құрылыс машиналарын пайдалану және еңбек шығындары болады. Сметалық нормаларды жасағанда орташа шарттар мен барлық кешенді құрылыс жұмыстары ескеріле отырып, құрылыс жұмыстарының тәсілдері қолданылады. Калькуляциялау мақсаты – шығындар түрін жүйелеп, құрылысты ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдауға әрекет ету.
Бұл мақсат төмендегідей бағытты қамтуы шарт:
- ішкі аудитті жүргізу;
- жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бағалау;
- жұмыс түріне қарай тиімділігін анықтау;