Курылыстагы бух есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция

Описание работы

Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.

Работа содержит 1 файл

курылыс.doc

— 801.50 Кб (Скачать)

-                            талаптар бойынша табыс – келісім-шартта көрсетілмеген қосымша шығындарды өтеу үшін мердігердің тапсырыс берушіден сұрайтын сомасы.

 

Бұндай талаптар табысқа келесі жағдайда ғана енеді:

-егер тапсырыс беруші қосымша шығындарды өтеуге келісімін берсе;

-қосымша төлемнің сомасы үлкен сенімділікпен салыстыратын болса.

 

Көтермелеу төлемдері – келісім-шарттағы талаптар артық орындалғанда төленетін қосымша төлем. Олар табысқа енеді:

-                            егер нормалар артық орындалса;

-                            артық төленетін сома үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса.

 

Табыс пен шығындарды анықтай келе, оны мойындауға тура келеді.

Табыстар мен шығындар 12 БЕС « Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім-шарт» нұсқауы негізінде мойындалады (ХҚЕС 11 «Мердігерлік мәмілелер»).

Мәмілелер екі түрге жіктеледі:

-                             қатаң құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 бойынша нақтыланған құны бар мәміле)

-                             ашық құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 – мәміле  «шығындар қосылғанда»)

-                             стандартта табысты мойындау үшін, 10-кестеде орындалған жұмыс пайызын анықтау нұсқасы ұсынылады.

 

 

10-кесте

 

І – нұсқа

ІІ - нұсқа

 

           Атқарылған жұмыстың пайызын табу үшін, белгілі уақытта шеккен шығындар сомасын сметалық құнға бөлу керек.

 

     Екінші тәсіл бойынша, құрылыс өніміні атқарылған бірлігін мәміле бойынша жалпы бірлікке болу қажет.

           Атқарылған жұмыс пайызы =(шеккен шығын/сметалық құн)*100%

      Атқарылған жұмыс пайызы =(құрылыс өнімінің атқарылған бірлігі/мәміле бойынша жалпы бірлік)*100%

 

Мысалы:

Мердігерлік келісім бойынша бір типті үйлерден тұратын коттеджді қалашықты құру көзделген. Сметалық шығындар 750,0 мың теңгені құрады. Есептік кезеңнің соңында мердігер 25 коттедждің 5-еуін салып бітті. Құруға кеткен шығындар 200,0 мың теңгені құрады. Жалпы келісілген құн - 1000,0 мың теңге. Екі тәсілді пайдалана отырып, мердігердің жасаған жұмысының пайызын анықтаймыз.

1-тәсіл

Орындау пайызы =(200,0 / 750,0) * 100% = 26,6%

2 – тәсіл

Орындау пайызы =(5 / 25) * 100% = 20%

Бірінші жағдайда есепті күні танылатын шығын көлемі 1000,0 мың теңге * 26,6%=266,0 мың теңгені құрады, ал екінші жағдайда 1000,0 мың теңге *20%=200,0 мың теңге.

Кейде құрылыстық-мердігерлік келісімнен нәтиженің шындығын анықтау қиын болады, ондай жағдайда табысты артық бағаламау үшін табысты тану күніндегі шығындар көлемінде тану қажет.

Құрылыстық-мердігерлік келісімнің табысына еніп және қаржы-шаруашылық қызмет туралы есептілікте танылған соманы алуға қатысты белгісіздік пайда болғанда, алынуы үмітсіз сома немесе өтелуі күмәнді сома құрылыстық-мердігерлік келісім бойынша алынған табысқа түзету ретінде емес, шығын ретінде танылады.

Мысалы:

Мердігер қаржылық есептілікте келісім бойынша шығынды тани отырып, тапсырысты орындады және оны тапсырыс берушіге өткізді. Бірақ, бұдан кейін тапсырыс берушінің келісім бойынша (әр түрлі жағдайларға байланысты) төлей алмайтындығы анықталды. Бұл жағдайда есептеу қағидасына сәйкес табыс бұрын танылғандықтан, тапсырыс берушіден алмаған соманы келісім-шарттағы шығындарға қосу керек. Табыс сомасына түзету жасалмайды, себебі толығымен алынбаған табыс туралы ақпарат шаруашылық қызметтің бұрынғы жағдайларын бағалаған, ол ақпарат қаржылық  есептілікті пайдаланушыларға маңызды болып табылады. Мердігерге байланыссыз форсмажорлық жағдайларда алынбаған, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілген табыс мердігердің қызметінің нәтижесі болып саналады және объективті бағалануы тиіс.

Зияндарды тану. Құрылыстық жұмыстарды жасау барысында кейбір жағдайларда және құрылыс жұмысы басталмас бұрын мердігерлік келісім шегіндегі толық шығындардың толық табыстардан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда шаруашылық болжамды шығындар олар пайда болған кезеңнің шығындары ретінде танылуы керек. Қаржылық есептілікте шығындар табыстарға қосылмастан танылады(табыстардың жалпы сомасы болжамды шығындар сомасын жапса да). Осыған орай мысал келтіретін болсақ, төмендегідей тәртіпте қарастырамыз.

Компания құрылысқа үш мердігерлік келісім жасасты: екі келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 50000 мың теңге, үшінші келісім-шарт бойынша болжанған шығынның жалпы сомасы 15000 мың теңге танылды. Мұндай жағдайда қаржылық есептілікте жалпы табыс сомасы жалпы шығын сомасынан асып кетуіне және оны басып қалуына қарамастан, табыстар мен шығындар бөлек-бөлек танылуы керек.

БЕС 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім» және ХҚЕС 11 «Мердігерлік келісім» сәйкес зияндарды тану шарттарында біршама айырмашылық бар екендігін ескеру керек, олар:

11-кесте

БЕС 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім»

-      күрделі құрылысқа жасалған келісім-шарттың нәтижесі алдын-ала дәл есептелінген жағдайда қандай да бір болжамды зиянды шығын ретінде тану қажет етілмейді;

-      күрделі құрылысқа жасалған келісім-шарттың аяқталғаны анықталғанда екі әдістің ғана пайдаланылуы рұқсат етіледі, орындалған жұмыстарды көрсету бағалаудың әдісі ретінде қарастырылмайды.

ХҚЕС 11 «Мердігерлік келісім»

-      күрделі құрылысқа жасалған келісім-шарттың нәтижесі алдын-ала дәл есептелінген жағдайда қандай да бір болжамды зиянды шығын ретінде тану қажет етіледі;

-      күрделі құрылысқа жасалған келісім-шарттың аяқталғаны анықталғанда пайдаланылатын әртүрлі әдістердің бар екендігі белгіленеді, соның ішінде орындалған жұмысты көрсетуде.

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар

1.       Нормативтік заңға сәйкес аяқталған құрылыс нысанына қандай құжат толтырылады.

2.       Аяқталған құрылыс нысандары үшін есептеу тәртібіне не жатады.

3.       Табыс және шығындар құрамы қандай.

4.       Мәміленің өзгертілген сомасы табысқа жатады ма.

5.       Мәмілелер қалай жіктеледі.

 

Негізгі әдебиеттер

1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.

2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство

«Экономика» 2005.- 254 с.

3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010

       4.К.Қ.Кеулимжаев  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика        баспасы,Алматы2008 жыл.

     5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.

      Қосыша әдебиеттер

1.МСФО-11 “Договоры подряда”,2010

2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010

3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.

4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчет­ности» от 28.02.2007г. № 234-III.

 

Тақырып 12. Көмекші өндірістік шығындар есебі және калькуляциялау әдістері

 

Дәрістің мақсаты-Көмекші өндірістік шығындар есебі және калькуляциялау әдістері

 

Негізгі ұғымдар-құрылыс-монтаж жұмысы,қосымша өндіріс,,технологиялық процесс,күрделі өндіріс,түгендеу, қосалқы немесе көмекші өндіріс құрылыс нысаны.

 

Дәріс жоспары:

1. Көмекші өндірістің шығындары

2 .Калькуляциялау әдістері

 

1. Көмекші өндірістің шығындары

Құрылыс-монтаж жұмысымен айналысатын кәсіпорындардың өз қызметінің құрамында қосалқы және қосымша өндірістерін ашуға мүмкіндіктері бар. Себебі, мұндай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс етуіне пайдалы әсер етеді. Қосалқы өндірістік шаруашылықтар өз бетінше бір құрылым болғанмен, мысалы ағаш бұйымдарын жасайтын цех, кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдар цехы тікелей негізгі құрылыс өндірісінің сұранысын толық және уақытында қамтамасыз етіп отыру үшін қызмет жасайды. Сонымен қатар, негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару жұмысына ықпал етіп және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автокөлік және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарын есепке алу «Цехтар шығындары» деп аталатын ведомоста көрсетіледі. Ведомостқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алынып жазылады.

Көмекші өндірістік талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістегі сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіру мақсаты үшін пайдаланылатын буды, суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Қосымша өндірістің күрделеніп, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектісін немесе біртекті емесін көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдіс қолдануға мәжбүр етеді.

Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы ерекшеленеді, өйткені кейбірі бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді, мысалы жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автокөлік цехы жөндеу-механикалық цехына жүк тасымалдайды.

Автомашинаның ағымдағы жөндеу өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда өзіндік құн математикалық, не өзіндік құны бойынша есептеледі. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

Тек жөндеу-механикалық және аспап жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтар болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептеу кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі, ол кезде 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты дебеттеледі де,  8030 «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі. Бұл операциядағы аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп беруде көмекші өндіріске жатқызылады. Тек жөндеу-механикалық және аспап жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл цехтардың ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтар есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі, ол кезде 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты дебеттеледі де,  8030 «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі, бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

Келесі есептік жылдың басында қаржылық есептен өндірістік есепке беріледі, ол кезде . 8030 «Көмекші өндіріс» шоты дебетттеліп, 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шоты кредиттеледі.

Көмекші өндірістің өнімінің санын есептеуіштердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен анықтайды.

«Көмекші өндіріс қызметін таратудың»  талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады:

-                      бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметттердің және көмекші өндірістер шығындарының, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметттердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметттердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемінің өзіндік анықталады;

Информация о работе Курылыстагы бух есеп