Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
- шығын мөлшерін азайтудың жолдарын анықтау;
- инновациялық әдістерді қолдану қажеттілігін тану.
Бүгінгі күні қолданылып отырған тәжірибеде көрсетілгендей құрылыс кәсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:
1) материалдар;
2) жұмысшылардың еңбекақысы;
3) құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар;
4) үстеме шығындар.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады.
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі болып екіге бөлінеді. Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция - өнімге және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық калькуляция, бұл – жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады. Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.
Кейінгі калькуляция өнім шығарылғаннан соң, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол кәсіпорынға байланысты жоспарлы себептер бойынша да және оған байланыссыз себептер бойынша да (материалға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына, тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін. Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.
Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады. Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен рөл атқарады.
7 БЕҚС-ның 9-бабының негізінде өнім өндіруге кеткен өндірістік шығындар олардың экономикалық құрылымына сәйкес, келесідей элементтер бойынша топталады:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
Енді құрылыстағы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорын өзіне тән әдісті қолдануы мүмкін. Солардың бірі – тапсырыстық әдіс. Бұл әдіс арнайы тапсырыспен орындалатын жұмыс түрін калькуляциялауға арналған. Бір ерекшелігі – құрылыс саласына негізделген, әрі шығын баптарына жекеленіп, өндірістік тапсырыстың сметалық құрылымына сәйкес, алдын-ала анықталған мөлшері бойынша құрылады. Өзіндік құн тапсырыс орындалып біткен соң анықталады. Тапсырыс орындалғанға дейін барлық шығын аяқталмаған өндіріс болып табылады. Әрбір құрылыс нысанына шығындар жеке-жеке есептелінеді, әрі әрбір есепті кезеңде орындалған жұмыс деңгейін сметалық мөлшермен салыстырып, өзіндік құнын калькуляциялайды. Бағалау тікелей орындалған жұмыс көлеміне жасалады және уақыт аралығына мән берілмейді. Бұл әдістің бір тиімділігі тапсырушы тапсырмасының әрбір есепті кезеңде қандай үлестік салмағы орындалғанынан хабардар болып отырады.
Сметаны құрғанда ресурстық және базистік-өтемдік құрылыстың құнын анықтайтын әдіс қолданылуы мүмкін. Ресурстық әдіс тарифтер мен ағымдағы бағаны қолдану арқылы калькуляциялау, қажеттілікті табиғи көрсеткіштер түрінде: материалдар, өнімдер, құрылғылар, құрылыс орнына жеткізу әдістері және арақашықтықтығы берілген, құрылыс машиналарын іске асыру уақыты және олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығындары т.б.
Базистік-өтемдік әдіс құнды сомалауды көрсетеді, сметалық бағаның базистік деңгейде өтелуі 01.01.1991 жылдан бастап қолданысқа енгізілген және тапсырыс беруші кәсіпорын, сонымен қатар мердігерлік кәсіпорынның қосымша шығындары есеп-айырысу жолымен анықталады, тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі өндірілетін құрылыс ресурстары процесімен байланысты (материалдық, техникалық, энергетикалық, еңбектік, қызмет көрсету т.б.) нақты тарифтер мен ағымдағы бағаның өзгеруі келешектегі осы құрылыстағы есеп-айырысу процесін нақтылауға тәуелді болып табылады.
Алғашқы сметалық құжаттар локальды смета болып табылады., ортақ алаңдық жұмыс көлемі негізінде немесе үйлер мен ғимараттар шығындары және жеке жұмыс түрлері үшін базистік баға деңгейінде жасалынады, жұмыс жобалары және жұмыс құжаттарын өңдеуде анықталады. Локальдық сметамен анықталатын құрылыс жұмыстарының құны өзіне тікелей шығын, қосымша шығын және сметалық пайданы енгізеді.
Базистік баға деңгейіндегі тікелей шығындар еңбекақы төлеу құнымен, материалдар, өнімдер және құрылғылар, құрылыс машиналарын іске қосу есепке алынады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар
1. Өзіндік құн құрамы қалай анықталады.
2. Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындарды есебінің негізгі міндеттері қандай.
3. Үстеме шығындар қалай пайда болады.
4. Калькуляциялаудың қандай түрлері бар.
5. Сметалық (болжамдық) калькуляциялау қандай негізде жасалады.
Негізгі әдебиеттер
1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.
2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство
«Экономика» 2005.- 254 с.
3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010
4.К.Қ.Кеулимжаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика баспасы,Алматы2008 жыл.
5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.
Қосыша әдебиеттер
2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010
3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.
4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-III.
Тақырып 11. Аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану
Дәрістің мақсаты-Аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану
Негізгі ұғымдар- құрылыс-монтаж жұмыстары, аяқталған құрылыс,мердігерлік келісім,мәміле, зияндарды тарату,табыс және шығындар құрамы.
Дәріс жоспары:
1. Аяқталған құрылыс нысанының есептесу тәртібі.
2. Аяқталған құрылыс қорытындысы арқылы табыс пен шығынды тану
1. Аяқталған құрылыс нысанының есептесу тәртібі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырыс беруші мен мердігерлік кәсіпорынның арасындағы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес, жұмыс жүріп жатқан кезеңдегі әрбір ай сайын жасалып отырған есептеулерді ескере отырып, мерзімінде, яғни технологиялық кезеңнің аяқталуына байланысты құрылыс нысанын тапсырыс беруші бас мердігерден қабылдап алуы тиіс.
Келісімдегі шарттардың баптарын бұлжытпай орындап, мемлекеттік қабылдау комиссиясының шешімімен тапсырылған құрылыс нысанына тапсырушы мен бас мердігер арасында қорытынды есептесулер жасалады. Нормативтік заңға сәйкес аяқталған құрылыс нысанына типтік үлгідегі № КС-2 құжаты толтырылады.
№ КС-2 үлгісі
Тапсырыс беруші _________________________
Бас мердігер______________________
Келісім-шарт №__ «__»______________2007
Құрылыс-монтаж жұмысы аяқталған_________нысан бойынша №__ қабылдау актісі.
Айы | Шифр | ||
Құрылыс кәсіпорны |
Учаске атауы |
Нысан | |
| |||
|
|
|
Құрылыс атауы және мекен жайы__________________________
Нысанның атауы және негізгі техникалық сипаты_________________
Аяқталған құрылыс нысанының құрылыс-монтаж жұмыстарының құны__________________
Тапсырдым, мердігер______________________
Қабылдадым, тапсырушы_____________________
Үлгі толтырылып, екі жақтан жауапты тұлғалардың қолы қойылып, мөрмен расталғаннан соң, құрылыс нысаны басталған мерзімнен аяқталғанға дейінгі аралықтағы нысанға қатысты қаржылық операциялар жөнінде құжаттап, қызмет көрсетілген банк филиалына өткізілуі тиіс.
Аяқталған құрылыс нысандары үшін есептесу тәртібіне төмендегілер жатады:
1) Егер ай сайын мердігер тапсырыс берушіден аванс ретінде ақша қаражатын алған болса, онда №3 үлгідегі анықтаманы толтырып, әрбір айдағы алған ақша сомасы көрсетілген банктік төлем құжаттарының тіркемесін өткізуі қажет.
2) Егер алынған соманың мөлшері объектінің бағасынан артық болса, тапсырыс берушіге қалдық ақшаны банк арқылы қайтару керек;
3) Егер алынған соманың мөлшері объектінің бағасынан кенм болса, онда жетіспеген сома мөлшеріне банк арқылы инкассаға төлем талабын қою керек.
Аяқталған құрылыс нысанын тапсырған кезде бухгалтерлік шоттар жазбасы беріледі, яғни 7010 шоттың дебеті 8010 шотының кредитінде қарастырылады.
2. Аяқталған құрылыс қорытындысы арқылы табыс пен шығынды тану
Аяқталған құрылыс нысанының есептеулері қорытындылай келе, табыс пен шығындар құрамын анықтауға септігін тигізеді. Әрине, құрамына мән беретін болсақ келесідей тануға болады.
Табыс және шығындар құрамы – мердігерлік мәмілесі бойынша табыстар:
- құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны бойынша мәміле өзгертілуіне байланысты табыс;
- наразылықтан түскен табыс;
- артық төленген сома (егер табыс әкелетін болса, үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса);
-
Мәміленің өзгертілген сомасы табысқа енеді, егер:
-
-