Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшінсыйлық беру мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады:еңбек өнімділігіне ,өнім сапасының арттырылуына және өндірістің соңғы нәтижелерінің жақсаруына байланысты.Сыйақылардың мөлшерлері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтарыбойынша сараланып белгіленеді.Сыйлық ,әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.
Басшы қызметкерлерге ,мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру.Бұл категорияларға сыйлық кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі.Кәсіпорын қызметкерлеріне :басшы қызметкерлерге бүтіндей алғанда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін беріледі.
Еңбек жағдайы өзгерген кезде жасалатын қосымша төлемдер.бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде немесе уақытша жұмысқа келмегендердіңміндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады.
Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы.Түнгі уақыт кешкі сағат 22-ден таңғы 06 –ға дейін созылады.
Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбекақы.Нормадан артық жұмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем жасалады.(1,5)
Демалыс және мереке күндерінде жұмыс істегені үшінжасалатын төлем.егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса,онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс. (Екі есе)
Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша ;еңбектері сағаттық не күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндіктөлем мөлшерінің екі еселенген шамасында ;айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні жұмыс істегені үшін айлығының шегінде ,сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбекақы төленеді.
Айырықша жағдайда төленетін еңбекақы.Жеке және ұжымдық келісім шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен ,қара жұмыспен ,қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен,интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қосымша еңбекақы белгіленуі мүмкін.
Еңбек төлемі құрылыс саласында Еңбек туралы заңға сәйкестендірілген жүйе арқылы ерекше түрде төленеді.Бұл дегеніміз –сметалық құжаттағы көрсетілетін жұмыс түрлерінің күрделілігіне байланысты белгіленген шамасына орындалған жұмыстың көлеміндегі үлесі арқылы есептелетін сома.осы сома мөлшері сол жұмыс түріне қатысқан жұмысшыларға нақты еңбекке қатысу коэфицетімен есептеледі.Жаппай –толассыз өндірісте және еңбекті бригадалық әдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемі есебі,әдетте соңғы операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе бригадир толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес есептелінеді.Бұл мақсаттар үшін өндірім рапоттары мен ведомостарын қолданады..
Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің белгілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға белгілейді.Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім,жұмыс істеген уақыты және жұмысшылардың разряды-осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз бола алады.
2.Істелген жұмысқа толтырылатын құжаттар және еңбекақы түрлерін есептеу
Есеп айырысу –төлем тізімдемесінің жасалуы.Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттар,яғни жұмысшылардың істеген жұмысына толтырылған табелдік асептеме тексеріледі де,тек содан соң өңдеуге жіберіледі.
Әрбір жұмысшыға бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін.Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі, аты, табельдік нөмірі, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күні мен нөмірі, сағаттық нормасы, әрбір құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу – төлем тізідемесін жасау үшін пайдаланады. Есепті жүргізу компьютерлендірілген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостар), сондай-ақ есеп айырысу төлем тізімдемелері, әдетте бір ғана жұмыс күнінде жасалады.
Еңбек төлемі бойынша есеп айырысу әртүрлі кәсіпорындарда мынандай құжаттарда: есеп айрысу-төлем тізімдемесінде (оны сонымен қатар жалақы беру үшін де пайдаланады) және жеке толтырылған төлем тізімдемесінде;
әрбір жұмысшығы жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп айырысуларында(бөлек парақтарында); жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімдемелерінде жүргізіледі.
Есеп айырысу төлем тізімдемесі – жиынтық құжат, онда есептелген еңбек төлемінінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да төлемдер, сондай-ақ қолданыстағы заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасайды. Тізімдемеде қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын, оның табельдік нөмірі мен қызмет орнын, разрядын немесе айлық жалақысын көрсетеді.оған кәсіпорын басшысымен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «есептелді» деген бөліміне құжаттар мен негізделген кесім, мерзімнен тыс тағы басқа төлемдердің есептелген сомалары енгізіледі. «Ұсталынды және есепке алынды» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары, несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс және басқа ұсталымдар еңгізіледі. Айдың аяғында тізімдемеге әрбір жұмысшыға берілуге тиістң сомаларды шығарады.
Орташа жалақыны есептеу тәртібі.Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген, олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:
- кәсіпорындар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босағандарға компенсация есептеу үшін;
- үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді әскери қатарға шақырғанда;
- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін,
- қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытында төлем жасау үшін;
- шарасыз (яғни,еңбеккерлердің кінәсінен емес )уақытына төлем жасау кезінде;
- басқа әлеуметтік төлем төлемдер жасау үшін.
Орташа жалақы ,бұл-белгілі бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа,күнге,айға,жылға).Оны есептеу үшін күнтізбелік он екі ай және сол айлардағы тиеселі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп айтады.
Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет,мысалы:кәсіпорындар жойылған жағдайда,босанғандарға өтемақы есептеу үшін,жүктілігіне және бала тууыны байланысты жәрдемақыны есептеу үшін,жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б.
Барлық жағдайда ҚР-ның заңымен белгіленген мереке күндері есептеу кезінде есепке алынбайды.
Еңбеккерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік,не орташа сағаттық жалақысы алынады.Орташа еңбекақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған ,әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты,үстемені,қосымшаны және басқа да марапаттау төлем түрлерін ескереді.орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін.Демек,орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар,оның біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбекақы алынса ,ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады .
Орташа жалақыны есептегенде мынандай төлемдер еске алынбайды:
- жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген өтемақы;
- еңбекке уақытша жарамсыздығына ,жүктілігіне және бала тууына ,бала асырап алуына байланысты берілген жәрдемақылар;
- қызмет бабы бойынша іссапарға берілген өтемақылар және оларға қосылып берілетін үстемелер мен қосымша төлемдер;
- дала жұмыстарымен шұғылданатын еңбеккерлердің алатын үлестері;
- басқа жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде алынатын өтемақы;
- тараптардың келісімі бойынша өндірістік мақсат үшін жеке көлікті пайдаланатын кезде төленетін өтемақы;
- арнайы берілген киімдер,аяқ киімдер,алғашқы медициналық көмектер,сабын,сүт,т.б. құндылықтардың құны;
- материалдық көмектер;
- еңбеккерлердің мамандығын көтеру үшін оқумен байланысты шығыстары.
Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлем.Жұмыс беруші 1999 жылы 11 маусымда ҚР-ы Үкіметінің № 731 қаулысымен бекітілген «Жұмыс берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыны төлеу мен тағайындау туралы» нұсқау талаптарына сәйкес ,еңбекке уақытша жарамсыз күндері бойынша әлеуметтік жәрдемақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.Ал,оладың қатарына:
- жалпы ауру бойынша;
- жұмыста мертігу және кәсіби сырқаты үшін;
- тұрмыстық зақым;
- жүктілік және босану жатады.
Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдемақы мына жағдайда төленбейді:
-қылмыс жасау кезіде алған зақымына;
- сот шешімі бойынша анықталған ,мәжбүрлі түрде емделген уақытына;
- алькоголдің,есірткінің ,улы заттардың салдарынан алған зақымдарына.
Сонымен,еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдемақыны есептеу орташа айлық жалақыдан алынады,бірақ орташа айлық жалақы он бес есе еселенген АЕК-тің (айлық есеп көрсеткіш) деңгейінен аспауы керек.
Жеке еңбек шартын бұзу.Жұмыс беруші келесі себептер бойынша еңбек қатынасын тоқтатқан жағдайда орташа айлық жалақының мөлшерінде өтемақы төлеуі тиіс:
- заңды тұлға жойылған кезде,жұмыс беруші өз қызметін тоқтатақан кезде;
- еңбеккерлердің штатын немесе санын қысқартқан кезде;
- үш күннің ішінде ұсынған құжаты бойынша еңбеккерлер әскер қатарына шақырылған кезде.
Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккелердің жалақысына әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұстанымдар жасайды: міндетті зхейнеткерлік жарнасын жинақтаушы зейнетақы қорға аударады, жеке табыс салығын, атқару парақтары (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өз өтініші бой»ынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін тағы басқа ұсталымдар ұсталынады.
Зейнет ақы қоры
Жинақтаушы зейнетақы қорға міндетті зейнеткерлік жарна еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және де басқа табысынан 10 пайыз мөлшерде ұсталады және оны жұмыс беруші аталған қорға аударады. Әр қызметкер жеке код (СИК) (ӘЖК) беріледі.Жарнаны аударуда агент қолма-қол ақшасыз жүргізеді.Жарнаны аудару барысында банкте әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалар тізімі жазылған ,екі немесе үш данадан төлем тапсырмасы беріледі.Онда қызметкердің жеке әлеуметтік коды,аты-жөні,әкесінің аты,туған күні,аударуға жататын жарна сомасы мен кезеңі жазылған.Төлем тапсырмасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады,ал қабылданғаны туралы банктің белгісі қойылған төлем тапсырмасы мен тізімнің екінші данасы агентке қайтарылып беріледі.
Зейнетақыны есептеу формуласы.
Барлық табыс*10%
Зейнетақы қоры 3220 шотында есептеледі,шот пассмвтік қалдық Кредитте жазылады.
Жеке табыс салығын ұстау.
Табыс салығын ұстау. Салықтар ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерле,рдің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан «Салық кодексінің» бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады.Жеке табыс салығын ұстаған кезде 3350 шоттары дебеттеліп, 3140 шоты кредиттеледі.
Жеке табыс салығын ұстау 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-ның «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексінің негізінде жүргізіледі. Табыс салығы есептелген жеке тұлға табысына 10 пайыздық мөлшерде салынады.
Жеке табыс салығын ұстау формуласы.
(Есептелген барлық табыс- Зейнетақы қоры-14392)*10%
Ең төменгі жалақы
Салықты ұстап, бюджетке аудару жауапкершілігін табыс төлеуші жеке және заңды тұлға орындайды. Табыс төлеуші жеке және заңды тұлға салық, соған байланысты айыппұл мен өсімақы төлеуге міндетті.
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салықты төлеу ай сайын айдын екінші жартысы үшін еңбекақы төлемімен белгіленген мерзімде жүргізіледі.
Әлеуметтік салық 3150 шотында есептеледі.Шот пассивтік,кредитте қалдық есептеледі.Салық салу объектілеріне жұмыс берушіге материалдық әлеуметтік игіліктер түрінде және басқа материалдық пайда лар түрінде берілген табыстарды қосқанда жұмыс берушінің қызметкерге ақшалай және заттай түрінде төленетін шығындар жатады.
Әлеуметтік салық 1999 жылы бекітілген.Әлеуметтік салық шаруашылық шығын болып есептеледі.
Әлеуметтік салықтың формуласы
(Барлық табыс-зейнетақы қоры)*10%
Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер.
3120 шотында жазылады,шот пассивтік.
1 қаңтар 2005 жылы ҚР-ның Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер,бұл ұсталынған және төленетін ақшаны әлеуметтік сақтандыру фондына аударылады,ай сайын есептеледі және ол да шаруашылық шығындарына жатады.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша формула:
(Барлық табыс-З.Қ)*4 %
Есептік кезең үшін мемлекеттік кәсіпорындар есептеген салық сомасы Салық кодексінің 320-бабына сәйкес уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша, жүктілік және туу бойынша ҚР-ның әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі заңына орай төленген сомаға кемітіледі.әлеуметтік салық бойынша бюджет пен нақты есеп айырысу есеп беру кезеңі күнтізбедегі 1 ай болып табылады. Еңбекақы бойынша қызметкер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 «қысқа мерзімді еңбекақы боынша берешек» пассивтік шотты жүргізеде.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар
1. Жұмысшылардың негізгі еңбекақыларының құрамы.