Курылыстагы бух есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция

Описание работы

Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.

Работа содержит 1 файл

курылыс.doc

— 801.50 Кб (Скачать)

   Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер етеін өзіне тән ерекшеліктері бар.Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты.Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады,жұмысшылар бригадасы  мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады.Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді.Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау ,не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып,одан кейін тиісті кезеңмен есп объектілеріне бөлінеді.

    Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы ,ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады.Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда ,құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс  құралдарына  бағаның өсу жағдайында  бас мердігерлер  үшін  үлкен тәуекелмен байланысты.

    Құрылыс өндірісінде  өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі,сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

    Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және  көптеген объектілерде бір мезгілде  бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

   Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу  құрылыс  процесіне үлкен әсер етеді.Құрылыс-монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын,материалдар,жылу  және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады,олар міндетті түрде  бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш,құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса ,метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне  байланысты олардың тұтыну құны кемиді.Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі.Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек.Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

     Кейде құрылыс –монтаж жұмысы күрделі жағдайларда ;көлік  жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында ,электр құрылғыларының жерлеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделігімен де ерекшеленеді.Құрылыс алаңдарында  бір мезгілде жалпы құрылыстар ,мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. 

Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрылыс кәсіпорынның басшылығымен жүргізіледі.Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға  келісім- шартқа отырып ,құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі,бұл субмердігерлік деп аталады.Құрылыста тапсырыс берушінің,бас мердігердің және субмердігердің  қатысуы олардың өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесінің  қалыптасуына әкеледі,ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс,әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

      Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлікесепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады,бұл нормативті құжаттарды құру процессі мен оны  қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады.Дегенмен ,дұрыс ұйымдастырылған ,бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі ,яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады.

 

2.Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс     түрлері,келісім –шарт жасау тәртібі.

   Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім –шартқа байланысты.Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады.Яғни ,стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:

-          біріншіден ,түскен келісім бойынша және байланысты болуы;

-          екіншіден,есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.

     Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:

1.Бекітілген баға бойынша келісім,яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;

2.Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап ,пайыздық үлесімен анықтау.

   Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады,бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.

    Капиталды құрылыста  өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.

  Құрылыс өнімінің күрделілігі ,материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі,құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға ,олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне ,яғни лицензиясы бар бас мердігерлерді бөлуге әкеліп соғады.

  Орындалатын жұмыстың түріне байланысты  құрылыс кәсіпорындары  жалпы құрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді.Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынысының сипатына байланысты құрылыс монтажды кәсіпорындар бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі.Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындартұрақты және жылжымалы  субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді.Тұрақт кәсіпорындар ұзақ мерзімді өндірістік байланыста болады.Жылжымалы кәсіпорындар  үнемі қозғалыста болады.Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір жұмыс орындау үшін құрылады.

     Құрылыс – монтаж кәсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді.

а ) құрылыс ,не монтажды жұмыстарды орындаушылар;

б)  жобалау-құрылыс фирмалары;

в) ғылыми жобалау –құрылыс фирмалары:

г) барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер.

 

Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тән.Құрылыс кәсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:

А) негізгі өндіріс –құрылыс –монтажды жұмыстар,ғимараттар  мен қондырғыларды капиталды жөндеу.

Б) Қосымша өндірістеу

В)Өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік сала) .

  Өндірісті бағыты бойынша классификациялау – негізгі және қосымша  өндірістің,әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.

  Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодекісіне  сәйкес  жазбаша түрдекелісім –шарт жасай отырып ,төмендегідей тәртіпте құжат толтырады:

 

 

 

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.       Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы қандай?

2.       Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және басқа да жұмыстардың жүргізілуі мүмкін бе?

3.       Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы болып қандай тәсіл саналады?

4.       Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары қандай түрге бөлінеді?

5.       Лицензия алу үшін кәсіпорындар лицензиялаудың қалалық орталығына қандай құжаттарды тапсыруы тиіс?

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.

2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство

«Экономика» 2005.- 254 с.

3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010

       4.К.Қ.Кеулимжаев  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика        баспасы,Алматы2008 жыл.

     5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева  «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.

      Қосыша әдебиеттер

1.МСФО-11 “Договоры подряда”,2010

2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010

3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.

4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчет­ности» от 28.02.2007г. № 234-III.

 

 

 

 

Тақырып 5. Құрылыс жұмыстарын бағалау

және сметалық құнды анықтау

 

Дәрістің мақсаты -  Құрылыс жұмыстарын бағалау және сметалық құнды анықтауды қарастыру.

 

Негізгі ұғымдар -  Құрылыс құны, смета, жобалы-смета, капиталды құрылыс,келісім бағалар, бағалық саясат.

 

Дәріс жоспары:

1.Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері,келісім шартта қаралған шектелген және еркін баға.

2.Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және құжаттау.

 

 

   1.Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері,келісім шартта қаралған шектелген және еркін баға.

Құрылыс өнімі болып ғимарат ,қондырғылар ,өндіріс күштері,тұрғын үйлер,мәдени -тұрмыстық объектілер және тағы басқалар саналады.Құрылыс құны сметамен анықталады.Смета-объектіні салуға кететін қоғамдық қажетті шығындарды санау ,яғни құрылыс өнімінің құны.

  Сметаны жасауда құрылысқа қажетті материалдар шығындарының,конструкцияның,детальдардың,еңбекақы шығындарының,материалдық нарықтық бағасының сметалық нормалары және үстеме шығындардың нормалары қолданылады.Жобалы-сметалы құжатты жасағанда бухгалтерлік есептің мәліметтері қолданылады.

  Капиталды құрылыста ереже бойынша құрылыс өнімінің келісім бағасының екі моделі- шектелген және еркін (ашық) бір мезгілде қолданылады.

   Бекітілген келісім құнын анықтауға – келісімнің нақты жағдайлары ескеріле отырып ,сметалық нормативтердің жүйесі мен пайдаланылатын ресурстардың бағасының өзгеру индексі болады.

    Құрылыс өнімінің еркін (ашық)  келісім құны мердігерлердің тапсырысты өткізгенде барлық процедураларды сақтай отырып ,мердігер кәсіпорын арасындағы бәсекелестік жағдайында қолданылады.

      Мердігер кәсіпорындар мен тапсырыс берушілердің  келісім-шартының құрамында көрсетілген құрылыс ,өнімдеріне келісім бағалар ведомостын рәсімдейді.Аталған келісім бағалар ведомостының формасы №1 формада көрсетілген.

     Құрылыс өнімдерінің келісім бағаларының құрамында мердігерлердің орындаған жұмыстарының құны көрсетіледі.Сонымен қатар ,келісім бағаларының құрамына келісім бойынша мердігерге берілген басқа да жұмыстармен байланысты шығындар кіреді,атап айтсақ белгілі бір объектілерді салғанда ,оны қажетті құрал –жабдықтар мен т.б. материалдармен қамсыздандыру.

   Құрылыс процесіндегі орындалған жұмыстарды қабылдау мен есеп айырысуды жүзеге  асыру мерзімі  мен тәртібі кеісім-шартта тараптардың келісімімен бекітіледі.

    Кәсіпорындар мен мердігерлер арасындағы орындалған құрылыс –монтаждық және құрылыс жөндеу жұмыстарының есебі конструктивті элементтері бойынша, келісілген шарттың кезеңдері бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.

     Ай сайынғы орындалған құрылыс монтаждық  жұмыстардың есебі кәсіпорын мен мердігерлердің өзара келіскен формалары бойынша ,яғни нақты орындалған жұмысқа толтырылған наряд бойынша жүргізіледі.

        Құрылыс кәсіпорындарындағы басқару есебінің негізгі мақсаты әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге дұры шешім қабылдау үшін ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

  Бағалық саясат (ценовое предложения) – құрылыс кәсіпорындарындағы басқару есеп жүйесінің маңызды элементтерінің бірі,ол орындалған құрылыс жұмыстарына баға белгілеп қана қоймай,сонымен қатар әртүрлі нарықтық жағдайдағы бағаларды басқару үрдісін атқарады.

   Құрылыс кәсіпорындарындағы бағаны белгілеу жүйесінің алдына қойған мақсаты-нақты орындалған құрылыс жұмыстарына төлеуге дайын тапсырыс берушінің ең тиімді бағасын анықтау ,сонымен қатар күтілетін пайдамен байланысты баға бойынша көрсету мүмкіншіліктерін зерттеу.Осылайша ,басқару есебінің болашағы құрылыс өнімдерінің өзіндік құнын анықтаумен ғана емес ,сондай-ақ құрылыс өнімдерін өткізуде маңызды орын алатын босату бағасымен тікелей байланысты.

Құрылыс кәсіпорындарында баға белгілеу әдістемесін келесі факторларды негізге ала отырып қалыптастырады.Олар:

Ішкі              -қалыптасқан бағалар

                     -шығындар құрылымы ,тікелей және жанама

                     -құрылыс кәсіпорындарының жалпы және нақты мақсаты

                     -сатып өткізу нарығын зерттеу деңгейі

                     -сатып өткізу бөлімінің қызметкерлерінің іс әрекеті (реакциясы).

Сыртқы         -бәсекелестік деңгейі және оның бағаға әсері

                       -өнімге деген сұраныстың жағдайы

                       -материалдық жабдықтаушылар мен мердігерлерге тәуелділігі

                       -сұраныстың құрамы мен оның бағаларға сезімталдығы

                         -Мемлекеттің саясаты

 

Құрылыс өнімінің немесе көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын анықтау барысында өнімнің жеке түрі  мен көрсетілетін қызметтің арасында бөлінетін тікелей және жанама шығындардың деңгейін анықтау өте маңызды.

Құрылыс саласының ерекшелігіне байланысты өндірістің қосымша шығындары негізінде белгіленген баға тиімді болып табылады.Себебі,құрылыстағы сұраныс тапсырыстың көлемімен өлшенеді,ал босату бағасын анықтағанда сұраныстың көлемі есепке алынады.Сонымен қатар ,өндірістің қосымша шығындары негізінде белгіленген баға бәсекелестіктің тұрақты деңгейін және оның бағаға әсерін көрсетеді.

Информация о работе Курылыстагы бух есеп