Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
- жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын;
- өндіріске қажетті өлшеуіш құралдар сатып алуға кеткен шығын;
- қауіпті аймақтарды қорғауға кеткен шығындар;
- уақытша қондырғылар орнату шығындары т.б;
4) Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығындар;
5) Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
«Үстеме шығындар» бабында құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысты үстеме шығындар көөрсетілгендіктен, ол шығындар 8110 «негізгі өндіріс» шотында дебеттеледі, 8440 «үстеме шығындар» шотында кредиттеледі.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын бірінші жұмыс түрлері арасында, содан кейін құрылыс объектілерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді. Онда есеп келесі кестелер (7,8) түрінде берілген.
Үстеме шығындарды жұмыстар түрлері арасында бөлудің есептері төмендегідей кестелерде жүргізіледі.
7-кесте
| |||||
Жұмыс түрлері | Тікелей шығындар сомасы (мың тг.) | Үстеме шығындар пайызы (гр.3/гр.1*100) | Үстеме шығындар сомасы (мың тг.) | ||
А | 1 | 2 | 3 | ||
Құрылыс жұмыстары |
|
|
| ||
Қоңдырғыларды монтаждау |
|
|
| ||
Капиталды жөндеу |
|
|
| ||
Барлығы: |
|
|
|
Үстеме шығындарды құрылыс объектілері арасында бөлудің есептері. Мысалы:
8-кесте
Құрылыс объектілері | Тікелей шығындар сомасы (мың тг.) | Үстеме шығындар пайызы (гр.3/гр.1*100) | Үстеме шығындар сомасы (мың тг.) |
А | 1 | 2 | 3 |
1) А цехының ғимараты |
|
|
|
2) №1 цехының ғимараты |
|
|
|
3) Цех қоймасының ғимараты |
|
|
|
4) гараж |
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
Механизм басқармасының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын субмердігерлермен келісім бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары арасында бөлінеді және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметтерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды сома бойынша бөлінеді.
Біздің ойымызша, үстеме шығындардың әрбір бабын мүмкіндік болса, объектілер арасында біркелкі базамен емес, әртүрлі базамен бөлу керек. Сонымен қатар, осы үстеме шығындар қатарына жаңадан жасалған бухгалтерлік есептіліктің талаптарына сәйкес өндірістегі орын алатын ақауды қарастырамыз. Жалпы, бұл есеп түрі жеке шотта қарастырылып келсе, бүгінгі күні үстеме шығындар деп танып отырмыз.
Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақау деп техникалық талаптарға сәйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз.
2.Ақаудың пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі:
- жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда;
- сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда;
- жобалық құжаттарда кеткен қателерде;
- конструкциялық құрылым сәйкес келмеген жағдайда.
Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмысының жүріп жатқан процесінде немесе нысанды бас мердігердің өткізу барысында ақау анықталады.
Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кінәлі адамдардан талап етілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен құжаттандырылуы қажет. Әдетте кінә тапсырушылар, жобалық кәсіпорындар, субмердігерлер, жабдықтаушылар, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілер, учаскенің әкімшілік-техникалық қызметкерлері, орындаушы-жұмысшылардан болады.
Ақау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі ақау – мердігер тиісті сметалық мөлшер талаптарын бұзған жағдайда, жұмысшылардың кәсіби төмендігінен, ал сыртқы ақау тапсырушылардан, жабдықтаушылардан және автокөлік кәсіпорындарының кінәсінен болады. Ақау анықталған сәтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының қызметкерлері қатысуы тиіс. Себебі, делелденіп, кінәлі тұлғалардың қол қоюымен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анықталып, өндірілуіне негіз болып табылады.
Ақауға кеткен шығын әрбір актіге жеке жаалынады және оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:
- қайта қалпына кетіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;
- материалдық шығындар;
- төленген қосымша еңбекақы мөлшері;
- қолданылған құрылыс машиналары мен механизмдерге кеткен шығын сомасы.
Бүгінгі күні құрылыс жұмысындағы анықталған ақауға кеткен шығындар есебін 8440 «үстеме шығындар» шотында қарастыра отырып, кәсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген субшоттарға қойылады.
Ақауға кеткен шығынды толтырған актіні негізге ала отырып, бухгалтерлік есептеумен анықталған соң, қалпына келтіруге кеткен қаржы сомасы мен кінәлі тұлғалардан өндіріліп алған сомаларға бухгалтерлік жазбалар жасалады.
8440 субшот* - субшотты белгілеу құрылыс кәсіпорынындағы есеп саясаты арқылы анықталады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Құрылыс-монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға нелер шығындар жатады.
2. Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығындарды атаңыз.
3. Үстеме шығындарға не жатады?
4. Үстеме шығындарды жұмыстар түрлері арасында бөлудің есептері қандай кестелерде жүргізіледі?
5. Ақаудың пайда болуы қандай жайттарда кездеседі?
Негізгі әдебиеттер
1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.
2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство
«Экономика» 2005.- 254 с.
3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010
4.К.Қ.Кеулимжаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика баспасы,Алматы2008 жыл.
5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.
Қосыша әдебиеттер
2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010
3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.
4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-III.
Тақырып 10. Құрылыстағы шығындар есебі және құрылыс-монтаждау жұмыстраының өзіндік құнын калькуляциялау
Дәрістің мақсаты - Құрылыстағы шығындар есебі және құрылыс-монтаждау жұмыстраының өзіндік құнын калькуляциялауды қарастыру
Негізгі ұғымдар- өндіріс процесі, тұрақты шығындар,өндіріс шығындарының аналитикалық есебі,ведомостар.
Дәріс жоспары:
1. Шығындар есебінің мәні және жіктелуі
2. Өндірілген өнімнің өзіндік құны және калькуляциялау әдістері.
1. Шығындар есебінің мәні және жіктелуі
Жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік құны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады.
Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару – күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынны бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.
Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл – шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.
Бірақ, мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағытттары бойыншща шектелген. Біздің ойымызша, өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғышарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар дайындайды.
Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.
Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
- кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;
- болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін мөлшерлі және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
- дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
- құрылымдық бөлімшелерді өндірістік қызметіні экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;
- ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлдерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.