Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 21:56, лекция
Негізгі ұғымдар - Автокөлік, клиент, жабдықтаушы, ТКН(тауарлы көліктік наклодной), негізгі қорлар, шот-фактура,қосылған құн салығы, есептесу ведомості,кіріс кассалық ордер, квитанция, ЖЖМ есебі, аванстық есеп, түгендеу описі, салыстыру ведомості агрегаттар есебі ,түгендеу офисі, акт.
2.Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және құжаттау.
Құрылыстың сметалық құны –жобаланған материалдар негізінде анықталған ақша-қаражат сомасының жиынтығы.Құрылыстың сметалық құны құрылысқа салынған инвеситциялар мөлшерін анықтауға,құрыылс өнімдеріне бағалардың қалыптасуына ,мердігерлік келісім-шартты құру мақсатында тапсырыс берушіге мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алуды жүзеге асыруға,орындаған мердігерлік жұмыс бойынша ҚР-да қолданылып жүрген заң актілеріне сәйкес есеп айырысудың негізі болып табылады.
Сметалық құжаттар құрылымында келесі түсініктемелер қолданылады.Олар:
1.Құрылыстың объектісі-жеке ғимараттар (өндірістік цех,қойма,тұрғын үй және т.б.),оған жататын барлық құралдар,жиһаздар және қосалқы бөлшектер.
2.Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс объектілеріне :сыртқы қосалқы құрылыс жайлары (сумен,газбен,электр энергиясымен,жылумен қамтамасыз ету ,канализация),кіре беріс (подъезд) жолдары,басқа да қоғамдықжұмыстар жатады.
Кейбір құрылыс түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты құрылыс объектілеріне кіретін ғимараттар мен құрылыс жайлары төмендегідей қарастырылады:
-мұнай және газ өнеркәсібінде –мұнай немесе газ скважиналасы,оған жататын барлық құралдар,қосымша құрылыс жайлар мен жұмыстар;
-көмір және тау кен өнеркәсібінде-өткел мен тау өнімдерінің құралдары және жер асты шахтасының құрыылс жайлары;
-орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінде-ағаштарды іріктеу бойынша участок;
-су шаруашылығында –жерлерді суландыру мен құрғату арқылы жердіңм құнарлылығын арттырумен байланысты барлық жұмыс түрлері;
-темір жол құрылысында –темір жол төсемі (полотно) байланыс желілері,энергиямен қамтамасыз ету.
-көлік құрылысында –көлік жол төсемі ,су құбырлары және басқа да құрылыс жайлары. Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың негіздері:
- қолданылып жүрген заңдар;
- қолданылып жүрген сметалық нормативтер
- жобалық құжаттама.
Құрылыстың сметалық құны инвестициялардың құрамына және құрылыс –монтаж қызметін жоспарлау тәртібіне сәйкес келесі жұмыс пен шығындардың түрлері бойынша бөлінеді :
-құрылыс монтаж жұмыстары;
-технологиялық құралдарды ,бұйымдар мен жиһаздарды сатып алумен байланысты шығындар;
-басқа да шығындар.
Құрылыс –монтажжұмысының құрамына төмендегілер кіреді:
-ғимараттар мен құрылыс жайларын салумен байланысты жұмыстар;
-ішкі су желілерін ,канализация ,жылу ,газ желдеткіш пен өткізгіш құбырларын жасаумен байланысты жұмыстар;
-тұрғын және қоғамдық ғимаратттарды электр желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
-көгалдандырумен байланысты жұиыстар.
Құрыылс сметасында көрсетілетін бұйым ,жиһаз және құрал жабдықтардың құнына төмендегілер кіреді:
-сатып алу мен қоймаға жеткізу құны;
- стандартталмаған құрал жабдықтардың ,оның жобалау құнымен қоса есептелген құны;
- күрделі механикалық құрал жабдықтар мен машиналарды құрастыру құны;
- монтаждық құрал жабдықтардың құны.
Құжаттамалардың сметалық құрамы дайындалған жобалық сметасы мен объектінің техникалық күрделілігінің тәуелділігімен анықталады.
Жобаның құрамына келесілер енеді:
-шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса);
-жиынтық сметалық есеп;
-құрылыс құнының сметалық есебі;
-объектінің және жергілікті (локальды )сметалар;
-объектінің және жергілікті сметалық есептер
-жеке шығындар түрлерінің сметалық есебі.
Жұмыс құжаттамасының құрамына келесілер енеді:
-объектінің және жергілікті сметалар
-жергілікті сметалар бойынша ресурстық ведомостар.
Сметалық құжаттамада бір мезгілде құрылыс объектісінің сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жұмыстар және объектінің сметалық құнының ведомосты дайындалады.
Жобаның құрамындағы сметалық құжаттамаға түсініктеме жазбалар ұсынылады,онда келесілер көрсетіледі:
-құрылыс орналасқан ауданға сілтеме;
-құжаттарға сәйкес дайындалатын сметалық құжаттамаға сілтеме;
-басқа да шығындарды құрастыруға негіздеме.
Сметалық құжаттамаларды құрғанда сметалық –нормативтік негіз (база) қолданылады,онда құрылыс қызметкерлеріне еңбек-ақыны берумен байланысты шығындар,материалдық-
Құрылыстың сметалық құжаттамасындағы сметалық құны базистік-индекстік әдіспен анықталады.Құрылысты сметалық құнын анықтайтын базистік-индекстік әдіс ағымдағы индекстің 2001 жылғы базистік деңгейде анықталған құнға қатынасынпайдалануға негізделген.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар
1. Құрылыс құны қандай негізде анықталады.
2. жобалы-сметалы құжатты жасағанда қандай мәліметтер қолданылады.
3. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
4. Құрылыс сметасында көрсетілген бұйым.
5. Жобаның құрамындағы сметалық құжатқа не кіреді?
Негізгі әдебиеттер
1.В.Назарова “Как вести учет в строительстве”. Алматы. Изд.Дом. “БИКО” 2010 г.
2.Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях: Учебник – Алматы: Издательство
«Экономика» 2005.- 254 с.
3.В.В. Радостовец О.М.Шмидт Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета.,2010
4.К.Қ.Кеулимжаев «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп»,Экономика баспасы,Алматы2008 жыл.
5.Е. Төлегенов ,А.К.Бейсенбаева «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп», алматы 2008 ж.
Қосыша әдебиеттер
2.О. Сергеева “Как вести учет в строительстве” Алматы. Изд.Дом. «БИКО”.,2010
3.Дьячков М.Ф. и др. “Бухгалтерский учет в строительстве” Учебник М: Фин. и стат., 2005 г.
4.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28.02.2007г. № 234-III.
Тақырып 6.. Құрылыстағы еңбек ақы есебі.
Дәрістің мақсаты - жұмысшылардың негізгі еңбекақылары ,құрылыс ,монтаж және басқа да құрылысқа қатысқан жұмысшылардың еңбекақысын қарастыру.
Негізгі ұғымдар - кесімді,мерзімді, тарифтік, тарифсіз, жанама-кесімді, кесімді-сыйлық, тікелей-кесімді еңбекақы түсінігі.
Дәріс жоспары:
1.Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері.
2.Істелген жұмысқа толтырылатын құжаттар және еңбекақы түрлерін есептеу.
1.Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері.
Бұл бапта жұмысшылардың негізгі еңбекақылары ,құрылыс ,монтаж және басқа да құрылысқа қатысқан жұмысшылардың еңбекақысы есептеледі.
Құрылғыны монтаждауда бұл бапта монтажшылардан басқа,монтаж алаңында металды конструкцияларды жасауға ,құрылғының боялмаған жерлерін бояуға,оны тасуға немесе көтеруге ,құрылғыны қорабынан алуға ,тазалауға және тексеріп көруге қатысқан жұмысшылардың еңбекақылары көрсетіледі.
Жұмысшылардың негізгі еңбекақылары уақытша және біржолғы түрде жұмыс атқарғаны үшін төленген төлемнен ,жұмыстан тыс уақытта жұмыс жасағаны үшін төленген төлемнен,жұмыс беруші кінәсінен бос тұрған уақытқа төленген төлемнен ,ақау үшін төлемнен,жаңа процесті меңгеруге,жұмыстың күрделілігі үшін төленген қосымша төлемнен ,өндірісте оқушыларды оқытқаны үшін және басқа төлемдерден құралады.
Бұл бапқа құрылыс машиналары мен механизімдерін басқаратын және оған қызмет ететін жұмысшылардың ,қосымша өндірістегі уақытша қондырғыларды орнатуға ,құрылыс алаңын жайлы жағдайға келтірген жұмысшылардың еңбекақысы жатпайды.Тағы да бұл бапқа құрылғыны монтаждауға қатысқан жұмысшылардың да еңбекақысы қосылмайды.
Негізгі еңбекақы 8110 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде және 3350 «Қысқа мерзімді еңбекақы бойынша берешек» шотының кредитінде көрсетіледі.
Еңбек төлемінің нысаны.Жалақы-бұл еңбек үшін төлем,оны еңбеккерлер еңбек келісім –шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар,атап айтқанда:сыйлық,үстеме,
Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады-кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).
Мерзімді еңбек ақы деп,нақты істеген уақыты үшін еңбекақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады.Мерзімдік еңбекақының нысаны жай мерзімдік және сыйақылы мерзімдік болып бөлінеді.
Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептеледі және осы жүйеге сандық,апталық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы мерзімдік төлем түрінде төленеді.
Тариф мөлшерлемесін және әкімшілік саладағы еңбеккерлердің,қызмет иесінің айлығын белгілеген кезде жалақының төменгі деңгейін және бірыңғай тариф кестесін пайдаланады.
Тарифтік кесте
Тариф кестесінің бірыңғай разряды | Тарифтік коэффицент | Тариф кестесінің бірыңғай разряды | Тарифтік коэфициент |
1 | 1,0 | 12 | 2,20 |
2 | 1,07 | 13 | 2,37 |
3 | 1,15 | 14 | 2,55 |
4 | 1,24 | 15 | 2,74 |
5 | 1,33 | 16 | 2,95 |
6 | 1,43 | 17 | 3,17 |
7 | 1,54 | 18 | 3,41 |
8 | 1,66 | 19 | 3,67 |
9 | 1,78 | 20 | 3,94 |
10 | 1,91 | 21 | 4,24 |
11 | 2,05 |
|
|
Жұмысшы мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі,ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік кесте бойынша тарфикацияланады.Тарифтік –мамандандырылған
анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өгндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады.Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселені ұжымдық келісім-шарттың негізінде дербес түрде шеше алады.Тарифтік –мамандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.
Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалғанжұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана,тк\м,кг).кесімді еңбекақы нысаны келесіде еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
-тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;
- кесімді сыйлық,бұл- қосымша марапаттау төлемін қарастырады,белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
-кесімді прогрессивті еңбек ақы төлемі.Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады.Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді,ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;
-жанама кесімді еңбек ақы төлемі.Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің,цехтың негізгі жұмысшыларының төлемақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
-еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі.Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды.Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда ,олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады.Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары,өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді,ал олар болмаған жағдайда ,осы тәріздес жұмыс үшін қолданылып жүрген нормативтік тапсырмалар мен баға (расценк) бойынша белгіленеді.Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімнен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.
-Ынталандыру сипатындағы төлемдер.Өндіріс тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлықпен марапаттау жүйесін енгізу керек,ал ол жыл соңының нәтижесі бойынша және басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.